Сабақтың мақсаты: Қалау райдың жасалу жолдарын үйретіп, оның ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару



бет3/8
Дата28.06.2017
өлшемі1,18 Mb.
#20208
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

ІY тоқсан – 24 сағат

63

Сөздердің байланысу түрлері

3

64

Сөз тіркесі және  күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер

1

65

Диктант

1

66

Сөз тіркесінің синтаксистік қатынастары . Анықтауыштық қатынас

1

67

Толықтауыштық қатынас

1

68

Пысықтауыштық қатынас

1

69

Синтаксисті қайталауға арналған жаттығулар



70

Диктант

1

 

Тіл мәдениеті (10 сағат)

 

1

Жаттығу жұмыстары

2

2

Диалог

1

3

Монолог

1

4

Шығармашылық жұмыстар: хат

1

5

Мақала

1

6

Бақылау  диктант

2

7

Көркем шығарма

1

8

Портрет, мінездеме, суреттеу

1

9

Пікір

1

10

Іс қағаздар стилі

1

11

Тіл ұстарту

1

12

Жылдық қайталау

1

 

БАРЛЫҒЫ

102 сағат

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуін қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: зат есімнің түрленуінен алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып,талдауға баулу.

  2. Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық,өнегелік ортасын қалыптастыру.

  3. Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы зат есімнің түрленуінен алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі: «Бәйге» ойын сабағы (топтық сайыс).

Сабақтың әдісі: қайталау,сұрақ-жауап,сынақ,шығармашылық жұмыс тест сұрақтары.

Сабақтың көрнекілігі: схема-таблицалар,қима қағаздар,тест сұрақтары,графопроектор,сурет салынған слайдтар,кестелер,кеспе карточкалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,ән-күй,бейнелеу.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Қайталау сұрақтарын графопроектордан көрсете отырып,оқушылардың білімін тексеру.

1.Қазақ тілінде қанша жалғау бар?

2.Тәуелдік жалғау дегеніміз не?

3.Септік сұрақтарын айтшы.


Морфо-

логия
4. «Атбегі», «дәрігер» сөздері қалай жіктеледі?

5. Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?

Қайталау мақсатында мына сызбаны толтыру.

«Бәйге» ойыны.Өтілген сабақтарды еске түсіргеннен кейін оқушылар төрт топқа бөлініп,әр топқа «Көптік тобы», «Септік тобы» , «Жіктік тобы» , «Тәуелдік тобы» деген аттары жазылып қойылады.

Ойынның шарты: бес бөлімнен өтіп «Зат есімге» бірінші жету.



Бірінші бөлім: «Ой толғау» (тест).

1.Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер

а) мектеп,қыз,оқушы; ә) үй,киім,бала; б) отан,бөлме,дәрігер; в) мұнай,газ,тары.

2.Жалқы зат есімді тап.

а) орман,көл,өзен; ә) Алатау,Екібастұз; б) бала,бойжеткен; и) ұзынды-қысқалы,үлкен-кіші.

3.Зат есім атау септікте тұрса сөйлемде қандай қызмет атқарады?

а) бастауыш; ә) толықтауыш; б) пысықтауыш; в) баяндауыш.

4.Жуан,жіңішке буындарға бірдей жалғана беретін және бір ғана дыбыстан тұратын жалғау қай септікте?

а) табыс ә) жатыс б) атау в) көмектес

Екінші бөлім «Ойлан тап».

Кеспе карточкаларындағы сұрақтарға жауап беру.Тез әрі нақты жауап берген топ есепке алынады.




1.Төмендегі өлең шумақтарынан жай септіктерді тап.Әнімен айт.

Ақ көгершін,көгершін,

Қолғанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Бақыт болып қоншы деп

Ұшырамын қолымнан

4.Мақалдардан жай және тәуелді септеулі сөздерді тап.

Жақсы ат аяғынан қалады.

Жақсы адам тамағынан қалады.

Аққу құстың төресі

Жалғыз жүріп оттамас.

2.Мына өлең шумақтарынан жіктік жалғаулы зат есімді тап.Қай ақынның өлеңі?

Мен қазақпын мың өліп мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тілімен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

3.Зат есімнің жай септеу,тәуелді септеу түрлерін тап.

Айдағысыз малды бол,

Ағайынның алды бол,

Отыз ұлды орда бол,

Оман жұрттың басы бол.

Лұқпандай мың жаса.

Береке болсын асыңа,

Құт дарысын басыңа!




Үшінші бөлім: поэзия бөлімі.

Слайдқа салынған сурет графопроектордан көрсетіледі.Сол бойынша өтірік өлең құрастыру.Мысалы.



Құмырсқа мен арыстан,

Жер бетінде алысқан.

Тасбақа мен қарлығаш,

Көк жүзінде жарысқан.

Оқулықпен жұмыс.

55-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын жалғап жазу.

Төмендегі сөздерге сатылай кешенді талдау жасау.

Көлдің,оқушылар,атбегі,елім (әр топ бір сөзді алады).

Үлгі


Зат есім

1.Құрамына қарай: бір,екі,үш құрамды

2.Тұлғасына қарай: негізгі,туынды

3.Құрылысына қарай: а) дара ә) күрделі

4.Лексикалық мағыны

5.Грамматикалық мағыналары

6.Сұрағы

7.Мағыналық топтары: а) жалқы,жалпы ә) деректі,жартылай

деректі,дерексіз

б) нақты,нақты емес.



Төртінші бөлім: перфокарта.

1

2

3

4

3

2

4

1

1.Көптік жалғау. 2.Септік жалғау. 3.Жіктік жалғау 4.Тәуелдік жалғау.

1.Сенің атың тұра тұрсын,менің атым жүре тұрсын.

2.Орманда өрт бұрқ етті.

3.Қонақтар шайларын ішті.

4.Шамдансам жығар асаумын.

Шамырқансам сынар болатпын.



Бесінші бөлім: «Венн диаграммасы».

Айырмашылығы Айырмашылығы

Ұқсастығы



Көптік тобы: 1.Зат есім мен сын есімнің айырмашылығы.

Септік тобы: 2.Жіктік жалғауы мен тәуелдік жалғауының ерекшелігі.

Жіктік тобы: 3.Көптік жалғауы мен тәуелдік жалғауының айырмашылығы.

Тәуелдік тобы: 4.Тәуелдік жалғауы мен септік жалғауының ерекшелігі.

Қорытынды. Зат есім және мәресіне бірінші жеткен топтың оқушыларына жақсы жауап бергені үшін жұлдызшалар

үлестіру.



Бағалау.

Үйге тапсырма: қайталау,сабақтан алған әсерлері туралы өз пікірлерін жазып келу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Қосымша түсінік

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә) Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту ;

б) Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз болып екіге бөлінеді.




Сөйлем мүшелері



тұрлаусыз

Пысықтауыш:

Қашан? Қалай?

Қайтіп?

Не үшін?


Толықтауыш

Кімді? Нені? Кімге? Неге? Кімнен? Кіммен?



Анықтауыш:

Қандай? Қай? Қанша? Неше?



Баяндауыш: не істеді?

Қайтті? Т.б



Бастауыш: кім? не? кімің? Нең? Несі? Қайсысы? Қаншасы?

тұрлаулы


Жаттығумен жұмыс: 51-жаттығу. Мәтінді оқып құрамындағы зат есімдердің қай септікте тұрғанын және қай сөйлем мүшесі екенін айтыңдар.

Жеке оқушылармен жұмыс: Мына сөздерді жекеше,көпше түрде жіктеңдер.

Дәрігер,Азамат, Инженер,Оқушы



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сөйлем мүшесі неше түрге бөлінеді?

2. Тұрлаулы мүшесіне қайсысы жатады?

3. Не себепті тұрлаусыз мүшесі сөйлем құрай алмайды?



Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 54-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып.оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Тіліміздегі мыңдаған сөздерден ойға лайықты сөз таңдап, оны басқа сөздермен тіркестіріп дұрыс сөйлем құрау оп-оңай іс емес. Оған ұқыптылық, сауаттылық қажет және үнемі жаттығу керек. Түрлі ғылым салаларына байланысты ғылыми әдебиеттерді,тарихи және педогогикалық әдебиеттерді көп оқыған кісі ойын дәл жеткізуге икемді болады.



Жаттығумен жұмыс: 60-жаттығу. Төмендегі аңыз әңгімелерді оқып шығып,шешендердің сөз қолданысына назар аударыңдар.

Шығармашылық жұмыс: Зат есімдерді түрлендіре отырып,мәтін құраңдар және оған тақырып қойыңдар.

Туған өлке. Таулы жер. Хош иісті гүлдер. Өзен. Жазғы демалыс. Күзгі жиын-терін.Жасыл. Жапырақ. Ағаш. Қазақстан. Республика. Кең. Халық. Суретші. Өмір. Сурет Дала. Малды ауыл Ыстық. Ел. Тіршілік. Отан

Тақтамен жұмыс: Бірнеше сөйлемдерді синтаксистік талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 63-жаттығу. Құрамындығы сын есімдерді тауып. Олардың жасалу жолы мен мағыналық ерекшілігін түсіндіріңдер.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің түрленуі

Сабақтың мақсаты :

а) Сын есімнің түрленуі туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә) Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеу машықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту ;

б) Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сөйлем мүшесі неше түрге бөлінеді?

2. Тұрлаулы мүшесіне қайсысы жатады?

3. Не себепті тұрлаусыз мүшесі сөйлем құрай алмайды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сын есімнің шырай формасына енуі түрленуі деп аталады.

Бір тектес сапалақ сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін ,әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп аталады.

Сын есім мағынасына қарай: 1- сапалақ, 2- қатыстық

Сын есім құрамына қарай: 1- негізгі, 2- туынды, 3- күрделі.

Жаттығумен жұмыс: 64 -жаттығу. Мәтінді өзіндік диктант етіп жазады. Құрамынан сапалық сын есімдерді тауып ,ерекшелігін түсіндіреді..

Жеке оқушылармен жұмыс: Берілген сын есімдердің бір тектес сапалық белгілерін көрсететін жұрнақтарды жалғап жазады.

Мысалы: қызыл-қызғылт,қызғылтым, қызылдау, қызылырақ,тым қызыл, өте қызыл



Қызыл. Көк. Қымбат. Ақ. Ұзын. Кіші. Ащы. Биік. Жуас.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сын есім дегеніміз не?

  2. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Сын есім құрамына қарай?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 66-жаттығу. Сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратыңдар.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Салыстырмалы шырай

Сабақтың мақсаты :

а) Сын есімнің шырайлары туралы түсінік беру .Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып.оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. Сын есім дегеніміз не?

  2. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Сын есім құрамына қарай?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай деп аталады Мысалы: үлкен-үлкенірек, жақсы-жақсылау, терең-тереңірек, көк-көкшіл т.б

Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады.


  1. –рақ,-рек,-ырақ,-ірек

  2. –лау,-леу,-дау,-деу

  3. –аң,-қай,-ша,-ше

  4. –шыл,-шіл,-шылтым,-шілтім

Жаттығумен жұмыс: 67-жаттығу. Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңдар. Салыстырмалы шырай тұлғасындағы сын е,сімдерді қатыстырып сөлемдер құраңдар.

Толық.Биік.Сұр. Жаман.Жеңіл.Тар. Мықты. Кіші. Қатты. Жақсы.

.Жеке оқушылармен жұмыс: Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді тауып,жұрнақтарын дефис арқылы бөліп жазыңдар.

Ақылды, от, ауырлау, сиректеу, көргіш, жинақы, сергек, қоңырқай, сарғыштау, ақшылтым, таяз, қышқылтым, тереңірек, тәуірлеу.



Тақтамен жұмыс: Бірнеше сөйлемдерді синтаксистік талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сын есім қалай түрленеді?

2. Сын есімнің шырайы дегендіміз не?

3.Шырай нешеге бөлінеді?

4. Салыстырмалы шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 69-жаттығу. .

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Күшейтпелі шырай

Сабақтың мақсаты :

а) Күшейтпелі шырайдың салыстырмалы шырайдан айырмашылағын түсіндіру.Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып.оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Сын есім қалай түрленеді?

2. Сын есімнің шырайы дегендіміз не?

3.Шырай нешеге бөлінеді?

4. Салыстырмалы шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады Мысалы: үп-үлкен, тым үлкен



  1. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: биік-біп-биік,ұзын-ұп-ұзын.

  2. Күшейтпелі шырай сапалық негізгі сын есімдерге өте,тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан,кілең күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады.

Каталог: uploads -> doc -> 0379
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0379 -> Аққұдық негізгі мектебі Педагог -психолог Альжанов Ербулат Сабровичтың
0379 -> Сабақтың тақырыбы: Туған жерін ән еткен Е. Хасанғалиев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет