Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Екі немесе бірнеше сандарды жіктей отырып олардың ең үлкен ортақ бөлгішін таба білу



бет5/38
Дата07.07.2017
өлшемі4,74 Mb.
#20724
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

III. Алау жағу


Тау шаңғысы.

1.Бөлшекті бөлшекке көбейту?

2.Натурал санды бөлшекке көбейту дегеніміз??

3.Жай бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымда.

4.Санның бөлігін табу дегеніміз?

5.Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?

6.Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?

7.Аралас сан дегеніміз не?

8.Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?

9.Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай азайтылады?

10. Өзара кері сандар дегеніміз не?

Мақсаты: есепті «елестете» білуге, таңдау жасауға дағдыландыру, үйрету.


Жауабы:


Қазақстанда қандай өзендер кездеседі? 30

Дүние жүзіндегі ең биік шың?

40


Қазақстандағы тұзды көл 50

Қазақстандағы кәрі тау 30

Дүние жүзіндегі ең терең көл?
40

Қазақстанның ең биік жері?
50




Еділ , Сырдария, Ертіс

Гималай тауындағы Джамалунгма шыңы,

1848 метр



Балқаш көлі

Қаратау

Байкал

1620 м


Тянь-Шань тауындағы Хан –тәңірі шыңы,

6995 метр






Биатлон

Мақсаты: оқушыны математикалық тілде сөйлеуге, ойын жеткізе білуге дағдыландыру



  1. Натурал санға кері сан-алымы1, ал бөлімі сол натурал санның өзі болатын бөлшек сан

  2. 1 саны өзіне-өзі кері сан

  3. 16 м шаманың ½ жартысы неге тең?

  4. Өзара кері екі санның көбейтіндісі 1-ден кіші болуы мүмкін

  5. Нөлге бөлуге болмайтындықтан, 0 санына кері сан жоқ

  6. 600 г шаманың ¼ бөлігі неге тең?

  7. Кез келген санға кері сан бар

  8. Нөлден басқа кез келген санға кері сан бар

  9. 24 сағаттың ½ бөлігі қаншаға тең болады?




Жауабы:



1 -дұрыс

4 – мүмкін емес

7 – ия

2 – жоқ

5 – ия

8 – ия

3 – 8 метр

6 – 150 грамм

9 – 12 сағат


Эстафета

  • 226 бетте

  • 788 (оқулықпен жұмыс)

  • 871 (оқулықпен жұмыс)

  • 872 (оқулықпен жұмыс)


Бекіту:

Бой сергіту: а) Азиаданың қысқаша тарихы туралы мәлімет

ә) қысқаша мәлімет

Қорытындылау: марапаттау, бағалау.
Үйге тапсырма: бақылауға дайындық, тарау бойынша қысқаша тірек сызбаны көрсету.

Бағалау парағы.


Оқушының аты-жөні

Азиадаға жолдама

Алау жағу

Тау шаңғысы

Биатлон

Эстафета

Азиаданың жабылуы




















































































5 –сынып

Тақырыбы : Ең үлкен ортақ бөлгіш.

Өзара жай сандар.

Мақсаты : -ең үлкен ортақ бөлгіш туралы;


  • өзара жай сандар туралы түсінік беру.

  • берілген құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей отырып, олардың ең үлкен ортақ бөлгішін таба білуге дағдыландыру

Дамытушылығы : оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі : оқушыларды инабаттылыққа , сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : интерактивті тақта, топтама.

Сабақтың түрі : аралас сабақ .
Сабақ барысы : 1. ұйымдастыру.

2. ұй тапсырмасын тексеру.

3. жаңа сабақты түсіндіру.

4. есептер шығарту.

5. бекіту.

6. үйге тапсырма.

7. білімін бағалау.
Пысықтау сұрақтары :

1. Натурал сандар деп қандай сандарды айтамыз ?

2. Натурал санның бөлгіші дегеніміз не ?

Жаңа сабақты түсіндіру

18 санының бөлгіштері : 1,2,3,6,9,18.

30 санының бөлгіштері : 1,2,3,5,6,10,15,30.

18 және 30 сандарының ортақ бөлгіштері ; 1,2,3,6; ең үлкені 6 саны, яғни ЕҮОБ(18,30)=6
Берілген натурал санның ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың әр қайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады.
Мысалы № 1. 8,14,22 сандарының ЕҮОБ-ін табайық.
8-дің бөлгіштері : 1,2,4,8.

14- тің бөлгіштері : 1,2,7,14.

22-нің бөлгіштері :1,2,11,22.

ЕҮОБ(8,14,22)=2


Мысал №2. 25, 12 санының ЕҮОБ-ін тап.

25 –тің бөлгіштері : 1,5,25.

12-нің бөлгіштері : 1,2,3,4,6,12.

ЕҮОБ(25,12)=1


Ең үлкен ортақ бөлгіші 1-ге тең натурал сандар өзара жай сандар деп аталады.
Есептер шығарту.

Сыныпта : № 299,300,302,303,304,308,310,313.


Үйге : № 306,307.
№ 299.
ЕҮОБ(35,60)=5 ЕҮОБ (31,93) =31 ЕҮОБ (6,16) =2

ЕҮОБ (75,90)= 15 ЕҮОБ (54,66)=6 ЕҮОБ (50,200)= 50

ЕҮОБ (30,45) =15 ЕҮОБ(27,81) =27 ЕҮОБ(32,48)=16

№ 300


ЕҮОБ (12,16)= 4 ЕҮОБ (36,90)= 18 ЕҮОБ (27,54,81)=27

ЕҮОБ(21,98) =7 ЕҮОБ (140,56)= 28 ЕҮОБ(18,120,138)=6

ЕҮОБ(42,56)=14 ЕҮОБ(110,154)=22 ЕҮОБ(11,22,44)=11

№301


ЕҮОБ(35,21,14)=7

Жауабы : 7тонна көмір әкелінді.


№ 304.

ЕҮБО (90,150,210) =30

Жауабы : 30 балаға жетеді
Бекіту : «жалауға кім бұрын жетеді ?»
Ойынға екі команда қарысады.
Ойын шарты баспалдақтағы санардың ЕҮОБ –ін табу керек, ол сандар баспалдақтың ең төменгі сатысында тұр.





48 және 64







26 және 65




36 және 72







32 және 40




34 және63







12 және 36




15 және 45




6және16




9 және 15

12, 9, 16, 3, 7, 5, 13, 17, 15, 1, 36, 2, 8, 6.

Үйге тапсырма : № 306. №308


Сабақтын тақырыбы:Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Сабақтың мақсаты:1)Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу-оны тек қана жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу

2)Оқушыларды ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу

3)Математика пәніне қызығушылығын дамыту

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Плакаттар, карточкалар

Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Есептер шығару

V Сабақты бекіту

VI Сабақты қорытындылау

VII Үйге тапсырма

Сабақтың мазмұны:

1)15=3*5; 28=2*2*7 ; 99=3*3*11;

90=2*3*3*5;

84=2*2*3*7 құрама сандарды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу

2) 420 2 36 2

210 3 18 2

70 2 9 3

35 5 3 3

7 7 1 362=22*32


  1. 420=2*2*3*5*7

100 2


50 2

25 5


5 5

  1. 100=22*52

Баған түрінде жіктеу

№263


1)14=2*7 26=2*13 35=5*7 38=2*19

2)4=2*2 9=3*3 25=5*5 32=2*2*2*2*2*=25

№269

88 2 136 2 222 2



44 2 68 2 111 3

22 2 34 2 37 37

11 11 17 17 1

1 1


88=23*11 136=23*17 222=2*3*37

№278


10=2*5 100=22*52

1000=23*53 10000=24*54


Үйге:№264, №267, №270

74-75 бет



Сабақтың тақырыбы: Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік: көбейтіндінің бөлінгіштігі, қосындының бөлінгіштігі, айырманың бөлінгіштігін анықтай отырып,есептер шығару

2)Тәрбиелік:оқушылардың өзін-өзі тану белсенділігін жетілдіру,математикалық мәдениетке тәрбиелеу

3)Дамытушылық: пәнге қызығушылығын дамыту, тез ойлап, нақты нәтижеге жету қабілеттерін қалыптастыру

Сабақтың тақырыбы:дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабаққа кажетті көрнекілік:тапсырма жазылған карточкалар, плакаттар

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Есептер шығару

V Сабақты бекіту

VI Сабақты қорытындылау

VII Үйге тапсырма

Сабақ мазмұны: 1-мысал

I.24*19*7 көбейтіндісінің 8-ге өлінгіштігін анықтайық

24*19*7=(8*3)*19*7=8*(3*19*7)=8*399

Егер көбейткіштердің біреуі берілген санға бөлінсе, онда көбейтінді де сол санға бөлінеді№

24саны 8-ге бөлінетіндіктен, 24*19*7 көбейтіндісі де 8-ге бөлінеді№ Бөлінді 399-ға тең

8585+51қосындысының 17-ге бөлінгіштігін анықта

II8585+51=17*505+17*3=17*(505+3)=17*508

Егер қосылғыштардың әрқайсысы жеке-жеке берілген санға бөлінсе, онда қосынды да сол санға бөлінеді.

117-65 айырмасының 13-ке бөлінгіштігін анықта

III.117-65=13*9-13*5=13*(9-5)=13*4

Егер азайғыш та, азайтқыш та берілген санға жеке жеке бөлінсе, онда айырма да сол санға бөлінеді.

№176


1)15a:3=(15:3)*a=5a 2)32x:8=4x

21b:7=(21:7)*b 60y:12=5y

42c:6=(42:6)*c=7c 72x:18=4x

№190


(18x+45y):9=18x:9+45y:9=2x+5y

(24x+30y):6=24x:6+30y:6=4x+5y

(195a-65b):13=195a:13-65b:13=15a-5b

(145a+87b):29=5a+3b

Үйге:№175 ; №175; №181

52-53 бет

5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеру.Оқушылар ережелерді айта білімдерін тексеру.Оқушылар ережелерді айта білулері,есертер шығару барысында қолдана білулері тиіс;

2.Шыдамдыққа, ұйымшылдыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;

3.Іскерліктерін,өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.

Сабақты түрі: Қорытындылау сабағы.

Оқыту әдістері:Деңгейлік тапсырмалар арқылы құрастырылған дидактикалық ойындар.

Көрнекілігі:Карточкалар, « балықтар», «тұймедақ» гүлі.Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеу,сабаққа дайындығын тексеру. Ойынды өткізу үшін оларды 4 топқа (экипажға) бөлу. Әр үстелде 5оқушыдан.Әр экипажга әр түрлі деңгейлік тарсырмалар беріледі.Мысалы, 1-ші үстелге А тобының есептері,4-ші тек қана С тобының (қиынырақ) есептері беріледі.

2. « Раллиға» дайындық жүргізу, теориялық материалды қайталауға арнадған бірінші кезең:

Мектеп аулысын тексеру.

1. Ережелер турниры. Соңғы өтілген ережені оқушылар кезекпен бәрі қайталайды. Тәртіп мыдай: бірінші 4-ші экипаж, 3-ші ,2-ші, 1-ші.

2. Ойын «Ойлап, тап!»(тақтада).

I. Бөлшек сандардың ондық жазылуы 1 2 3

II. Ондық бөлшектерді салыстыру 1 2 3

III. Ондық бөлшектерді қосу, азайту 1 2 3

IV. Әр оқушы қалайтын тақырыпты тандап, тапсырманы алады.

1- деңгей ( жеңіл есептер)

2- орташа деңгей

3- қиынырақ



Тапсырмалар.

I. Бөлшек сандардың ондық жазуылуы.

1. Ондық бөлшек түрінде жаз: 14 бүтін жүзден тоғыз

2. Ондық бөлшек түрінде жаз: 27:100

3. Ондық бөлшек түрінде жаз: 16 13

II. Ондық бөлшектерді салыстыру. 20

1. 2,7* 3,6. Жұлдызшаның орынына тиісті теңсіздік белгісін қой.

2. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, салыстыр 0,75 пен 2/5

3. Жұлдызшаның орынына қос теңіздікті қанағаттандыратын цифрды қойып жазындар:

3,374<36*61<36*45.

III. Ондық бөлшектерді қосу азайту.


  1. Қосуды орында:85,07+3,03



  1. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, алып есептендер2 3/10-(1,5-0,7)

3. Ондық бөлшекпен өрнектеп алып,амалдарды орындандар.

Сағат есебімен:3сағ 45мин-1сағ 30мин+2сағ 15мин

IV. Ондық бөлшектерді көбейту, бөлу.

1.2,5*4

2. 2,5*2,5

3. 1,44: 1,2

Раллидың келесі кезеңіне көшеміз.



3. Карта жасау. Ол үшін қиылған картаны жинау керек.



1

3

2

4
Әр экипаж өзінің тапсырмасын орындағаннан кейін, бос орынға оратының бөлігін қойып, суретін келтіріп карта құрастырады.
Тапсырмалар. 1) 6,3*7; 2) 1,2*20; 3) ( 2,6+3,7)*5;

4) тиімді тәсілмен есепте: 8,3*7+4,5*7+1,7+5,5*7.



4.Бәйге.

1. 17,12+5,08=

2. -7=

3. *4=



4. :20=

5. Жол бөгеті. Машинаны жөңдеу үшін, мына есептерде қатені тауып, түзеу керек.

1.8,15 2. 17,5 3. 1,87<1,807 4.5:100=2,5


*163,0/2 17/5
Дұрыс жауаптары:
1)16,3; 2)12,5; 3) 1,87>1,807; 4)0,25.

«Балықтар» ойыны.

Балықтар жіпке байланған магниттер арқылы аулау. Әр балықты тапсырма.

6. Сабақтың қорытындысы. Оқушыларды бағалау.

Үйге №1226

5сынып


Тақырыбы:Теңдеу.

Мақсаты: 1.Білімділік:

Оқушыларда теңдеу туралы және оның түбірі туралы

түсініктер қалыптастыру.

2.Дамытушылық :

Оқушыларды теңдеудің түбірін дұрыс таба білуге,ойлау қабілеттерін арттыруға үйрету.

3.Тәрбиелік:

Ұқыптылыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі:карточка

Сабақтың әдісі:Деңгейлік оқыту

Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Еске түсіру:

1)теңдеу дегеніміз не?

2)теңдеудің шешімі дегеніміз не ?

3)түбірдң дұрыстығын қалай тексереміз?

Мысал:(45-х)*3=93 (х-13):7=2

45-х=93:3 х-13=2*7

45-х=31 х-13=14

Х=14 х=14+13

(45-14)*3=93. х=27

31*3=93

93=93. (х-13):7=2

14:7=2


2=2

Жаттығулар,А.№74(1,2,3),№75(1,2,3).№76(1,2,3).

B.№83.

29х-15х+16=100



14х=100-16

14х=84


Х=84:14

Х=6


14*6+16=100

100=100


Үйге:№73,№85

5 сынып


Тақырыбы:Мүмкін нұсқаларды іріктеу

Мақсаты:1.Білімділік:

Өмірде кездесетін қайсібір процестерде «тиімді» нұсқаны таңдай білу.

2.Дамытушылық :

Ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:

Ұқыптылыққа тәрбилеу.

Сабақтың көрнекілігі:сызбалар

Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың барысы:1Ұйымдастыру

2Өткен сабақты еске түсіру.


Сабақтың мазмұны:

Өмірде кездесетін қайсібір процестер бірнеше немесе көптеген нұсқауларда орындалады.Сол нұсқаулардың барлығы анықталып,солардың арасынан тиімді деп есептелетін нұсқа таңдалып алынады, демек мүмкін нұсқаулар іріктеліп алынады.

1-есеп.Тік төртбұрышты тең үш бөлікке бөліп,оның бөліктерінің әрқайсысын қызыл, жасыл және сары түсті фломастермен бояу керек.Осы тік бұрышты қызыл,жасыл және сары түсті фломастермен неше нұсқада бояуға болатынын көрсетейік.

Есеп шешуіні мүмкін нұсқаларын іріктеп табуда,нұсқалардағы шамалар (объектілер) келісілген шартты белгілермен жазылады.Мысалы, есеп мазмұынындағы қызыл, жасыл және сары түстерді олардың бас әріптерімен белгілеуге болады,қызыл-Қ, жасыл-Ж, сары-С.Көбінесе нұсқадағы элементтер цифрлармен де кескінделеді.Мүмкін нұсқалардағы іріктеу схемасы бұтақтары жайылған ағаш тәрізді кескінделеді.Схемадағы ағаштың неше бұтағы болса, есептің шешуінің сонша нұсқасы болады. Ол ағаштың түбі жұлдызшамен (*)белгіленіп негізгі объектіні кескіндейді .Мысалы ,есептегі тік төртбұрышты схемада жұлдызшамен кескінделген.Есеп шешуінің мүмкін нұсқалары ;ҚЖС,ҚСЖ,ЖСҚ,ЖҚС.СҚЖ,СЖҚ.Есеп шешуінің 6 нұсқасы бар.Мүмкін нұсқаларды іріктеудің мұндай тәсілін”мүмкін нұсқалар ағашы”деп атайды.

№361

ХV,VI,IX,XV



№365

0,1,2,4 сандарынан жұп сандарды жазу.



Каталог: uploads -> doc -> 0446
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0446 -> Түрі: конференция-сабақ. Әдісі
0446 -> Еліміздің ертеңі тілімізде «Тілден артық қасиет жоқ, тілден артық қазына жоқ» деп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет