Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, балалармен асық түрлерін таныстыру



бет10/10
Дата08.06.2018
өлшемі2,84 Mb.
#42074
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10





Қазақ тілі сабағынан «Үй жануарлары» тақырыбына түсінік хат

Қазақ тілін үйретуде алдыма қоятын негізгі мақсатым – балалардың сөздік қорларын патриоттық тәрбиені ілестіре отырып молайту, асық ойындары мен асық құндылығы арқылы балаларды ұлттық мұрамен таныстыра отырып, күнделікті сөйлеу тілін қалыптастыру, көне сөздерді қайта жаңғырту, меңгерген жаңа сөздерін күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Осы мақсат орындалған жағдайда балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі артады, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынады. Ал осы мақсатқа жету үшін балалардың ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру міндеті басты назарда болу қажет. Мен сабақты қатынас бағытында жүргіземін. Менің сабағымда ұйымдастырылған «Үй жануарлары» тақырыбы бойынша оқу іс-әрекетінде жоғарыда аталған жұмыстарды дамыту мақсатында сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрсету, түсіндіру, көрнекілік сияқты әдіс-тәсілдермен қатар, интерактивті әдіс те қолданылды. Сондай-ақ берілген тақырыпқа сай көрнекі құралдарды қолданып, әр түрлі дидактикалық ойындар ойнаттым.

Сабақта жаңа технологиялар қолданылды. Балалар үйренген сөздерін күнделікті өмірде қолдана білу үшін, оларды меңгерту ойын түрінде берілді. Балалар асықпен, олардың үлкен-кіші түріне байланысты қай жануардан алынған асық екендігін білді. Атауларын ұқты. Көрнекі материалдар да ересектер тобымен байланыстырылған. Ересектер тобында барлығы жиырма төрт бала. Ол балалардың барлығы сабаққа қызығушылықпен қарап, үнемі сұрақтарға толық жауап беруге тырысып отырады. Әсіресе сабақ ойын түрінде өткізілсе.

Сабаққа сәйкес «Сұрақ-жауап», «Тыңда, көрсет, қайтала», «Суреттер сөйлейді», «Есіңе сақта», «Суреттерді жина», «Бұл қандай асық» т.б ойындарды қолдандым.

Оқу іс-әрекеті барысында балалардың жасы мен даралық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілген жұмыс нәтижесінде:

-балалар мұғалімнің нұсқауларын түсініп, орындай алуға;

-жекелеген заттардың атауларын қазақ тілінде айта білуге;

-заттардың түрін, түсін, санын дұрыс ажырата алуға;



-өзі туралы қысқаша мағлұмат бере алуға;

-тақырыптар бойынша қарапайым сұрақтарға жауап бере алуға үйренеді.
Каталог: uploads -> doc -> 1339
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1339 -> Сабақ жоспары «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі
1339 -> Сабақтың тақырыбы : Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам. Қазақстан Республикасы суверенитеттік унитарлы мемлекет
1339 -> Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет