Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы мағлұмат беру



Дата23.08.2017
өлшемі278,81 Kb.
#25339
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: көрсете отырып түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын әдісі

Көрнекіліктер: оқулық, интерактивті тақта, компьютер, таратпа қағаздар, электронды оқулық, бағалау парағы, видео, қалпақшалар (қызыл, сары, жасыл)

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Ойлан тап!

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты бекіту

І. Электронды оқулықпен жұмыс

ІІ. Деңгейлік тапсырмалар орындау

ІІІ. Модельдер сыры

ІV. Сиқырлы фигуралар

V. Шыңға шығу!

Бағалау


Үйге тапсырма беру.
Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу

  • кезекші есебін тыңдау

  • оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

  • сабақ мақсатын айту.

Сабақ басталғаннан кейін оқушыларға бағалау парағы беріледі. Әр оқушының сабақтың кезеңдерінде өздерінің алған ұпайларын бағалау парағына жазып, соңында қорытынды баға шығарады. Оқушылардың әрбір дұрыс жауабы үшін оқушыларға қалпақшалар таратылады. Қызыл қалпақша – 3 ұпай (өте жақсы), жасыл қалпақша – 2 ұпай (жақсы), сары қалпақша – 1 ұпай (қанағаттанарлық)
Бағалау критерийі

«5» - 30 - 36 балл (100%-89%)

«4» - 25 - 20 балл (75%-88%)

«3» - 15 - 13 балл (61%-74%)

«2» - 0 - 11 балл (60%-дан төмен )


Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы сұрақ – жауап әдісі арқылы сұралады. Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе жауаптың алғашқы әріптерінен сөз құрау арқылы жаңа тақырыптың атын шығарамыз.


1.Қағаздағы кескінді компьютер экранына шығаруға арналған құрылғы - МӘТІНАЛҒЫ

2. батырмасының қызметі - ОРАУ

3. «Электрондық есептеу құрылғысын, логикалық құруды алдын – ала қарастыру» идеясының авторы - ДЖОН ФОН НЕЙМАН



4. Санау жүйесіЕКІЛІК

5. Ең алғашқы программалаушы – ЛАВЛЕЙС

6. Жіңішкелік белгісі - Ь
1960 жылы пайда болған ЭЕМ қалай аталды ? - МИКРОСЫЗБА

Компьютердегі ең қызықты ақпарат - ОЙЫН

Ақпараттың қасиеті - ДӘЛДІК

Жартылай өткізгіш транзисторлар ЭЕМ қай буынында пайда болды? – ЕКІНШІ

1673 жылы арифметикалық машина жасап шығарған неміс математигі – ЛЕЙБНИЦ

Жіңішкелік белгісі – Ь

Құрылғылар арасында деректер алмасу үшін жауапты шина – ДЕРЕКТЕР ШИНАСЫ

1946 жылы пайда болған есептеуіш машина – ENIAC

ЭЕМ – ның ІІ буынында ақпарат тасығыш ретінде қолданылған магинттік таспа – УРАЛ -14
«Модель және модельдеу»

Сабақ электронды оқулықтан түсіндіріледі.



Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі нақты түрде бейнелеп көрсету.

Әрбір адамның күнделікті іс - әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.



Модель – көрнекті түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады.

Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді

болады.



Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз.Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта жаңарту болып табылады.

Модель – кез-келген нысанның қарапайым кейіпі. Нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдер материалдық түрде, яғни бар болуы мүмкін. Кей жағдайларда модельдер құрамы бойынша нағыз нұсқаны ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қуыршақ қыздың модель. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтікі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық.

Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель – адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады. Математикалық модельдерді математика сабағында сандарды және символдарды пайдаланып құрамыз.






Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.

Модельдеу кезеңдері


Жаңа сабақты бекіту

Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау
2 тапсырма

Дәптермен жұмыс (оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі, оны дәптерге орындайды)


Төмендегі объектілердің ақпараттық моделін құрастыру


Нысан атауы

Пішіні

Түсі

Құрамы

Әрекеті

Қарындаш

Ұзын

Түрлі - түсті

ағаш

Сурет салу

Тасбақа













Шар













Гүл













3 тапсырма



«Модельдер сыры»

Шарты: Берілген модельдерді материалдық және ақпараттық бағытқа топтаңыздар.



  1. Глобус

  2. Театр қойылымының декорациялық безендіру макеті

  3. Театр спектаклінің костюмдер эскизі

  4. Адам қаңқасының макеті

  5. Химия рекацияларының теңдеуі

  6. Шыңғыс хан жанұясы ұрпақтарының сызба түріндегі моделі

  7. Қуыршақ

  8. Су молекуласы құрылымының моделі (макеті)

  9. Автобус қозғалысының кестесі

  10. Паровоз ойыншығы

  11. Метроның сызбасы

  12. Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласы

  13. Чарльз Бэббидж суреті

Жауабы:

Материалдық модельдер 1, 2, 4, 7, 8,10

Ақпараттық модельдер 3, 5, 6, 9, 11, 12 ,13
4 тапсырма

Интерактивті тақтада шеңбер, зигзаг, тең бұрышты төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш фигуралары көрсетіледі. Оқушылардың әрқайсысы өздеріне ұнаған бір фигураны таңдап, компьютерде Paint графикалық редакторында салады. Суретті салып біткеннен кейін нәтижесі келесі слайдтарда көрсетіледі.



Шеңбер – Өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісе алады. Көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.

ЗигзагШығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүреді, ойын-сауыққа құмар, шығармашыл, болашаққа талпынысы жоғары, білімге ынталы адам.

Тең бұрышты төртбұрыш – Лидер, ақпаратқа байқампаз, ұқыпты, еңбексүйгіш, жазуға ынталы, достары және таныстары шағын, көп сөйлегенді ұната бермейтін адам.

Үшбұрыш – Өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына жеткізетін, көшбасшы, саясаткер, өз-өзіне сенімді адам.

Тік төртбұрыш – Жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш, батыл, көңіл-күйі өзгермелі, өзін көпшілікке көрсете бермейтін адам.

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Модельдеу дегеніміз не?

  3. Модельдеу кезеңдерін атаңыз?

  4. Модельге мысал келтіріңіз.

  5. Модельдеуге мысал келтіріңіз?



Бағалау

Оқушылар өздерінің жинаған ұпай сандарын санап, қорытынды баға шығарып, өз – өздерін бағалайды. Бағалар журналға қойылады.


Шарты: тақтаға төмендегі үлгідегі кері байланыс парағы ілінеді. Оқушылар қойылған сұрақтарға өз ойларын айтып, кері байланыс парағына жазады.


Сабақта не ұнады немесе жақсы болды?

Не ұнамады немесе жаман болды?

Сабақта нені өзгерткің келеді? Сенің қалауың.











Үйге тапсырма беру

  1. §13 оқу, ереже жаттау

  2. Түйін 76 – бет дәптерге көшіріп жазу және 75 – беттегі 27 – суретті «Модельдеу кезеңдері» кестесін сызу.

  3. Сыныптың графикалық моделін сызу

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет