Сабақтың мақсаты: Білімділік: Табиғаттың сырларын аша отырып, саңырауқұлақтардың түрлерi туралы бiлiмдерін


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі



бет2/7
Дата26.08.2017
өлшемі1,93 Mb.
#27934
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі

(мақсатымен таныстыру)

Кiрiспе

Мұғалiм : Оқушылар бүгін сабағымды «Табиғат» туралы өлеңмен бастағым келiп отыр :
Табиғаттың арайлансын ажары

Болмаса екен тартар оның азабы

Табиғатқа тазалықты тарту ет

Тарқамасын аң мен құстың базары – дей отырып Табиғат –Ананы қолымыздан келгенше аялап, сақтасық болашағымыздың үлкен келешегi деп түсiнiп, бүгiнгi сабағымызды бастаймыз.



Жеуге жарамды саңырауқұлақтар – қозықұйрық( шампиньон) құрамында қарашiрiгi мол, ылғалды топырақта өседi, орманда, шалғындықта, бақша өсiмдiктерiнiң арасында кездеседi. Сондықтан оның кәдiмгi қозықұйрық, шалғындық қозықұйрық, орман қозықұйрығы деген түрлерi бар. Қалпағының үстiңгi бетi ақ, астыңғы жағы қатпарлы, қызғылт түстi. Қалпағының диаметрi 15 см, дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, енi 2-2,5 см-ге жетедi. Құрамында 20-30% нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, микроэлементтерден – темiр, кальций, мырыш, йод, калий, фосфор бар, сондықтан жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 300-ге жуық түрлерi белгiлi.

Ақ саңырауқұлақ қайың, емен, шырша, қарағай, шамшат, қарағаш, шаған ағаштарының астында өседi. Қайың маңында өскен саңырауқұлақ қалпағының үстiңгi бетiақшыл- сұрғылт, астыңғы жағы –ақ, хош иiстi. өсiп тұрған жерiне қарай түстерiде құбылмалы. Дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, қалпағының диаметрi 20 см.

Қайың саңырауқұлағы – қайыңды орманда топырақтың жылылығы 10 – 16 0 С-да, ылғалдылығы 53 – 98 % - ға жеткенде дами бастайды. Дiңгегiнiң биiктiгi 4 -15 см, жуандығы 1-3 см, қалпағының диаметрi 5 -15 см, 10 күн iшiнде терiп алмаса жеуге жарамсыз болып қалады. Қайынның тамырымен селбесiп микроза түзедi, ағашқа пайда келтiредi. Кептiрiлген саңырауқұлақтың қуаттылығы баклажан мен қарабидай нанының қуаттылығымен тең түседi. Қайың саңырауқұлағын кептiргенде қараяды.

Күзгi түбiртек ( осенний опенок) - өте тез өседi, құрамында су – 91,4 % ,

нәруыз -2,6 %, крахмал, қант-3,8 %, май-0,4%, тұз – 0,8%, жасунық -0,9%. Түбiртегiнде ақтүстi жарғақты белдеушесi бар. Қуаттылығы сәбiз, орамжапырақ, қияр, қызаннан әлдеқайда жоғары саналады, ол айранның қуаттылығымен парапар келедi.


Жеуге жарамсыз улы саңырауқұлақтар – Улы саңырауқұлақтарға шыбынжұт ( мухомор), боз арамқұлақ ( поганка), жалған түбiртек ( ложный опенок), жалған түкiжем ) ложная лисичка) және т.б.

Шыбынжұттың түрлерi: қызыл шыбынжұт, сұрғылт- қоңыр шыбынжұт, порфир шыбынжұты, ақ қалпақшалы сасық шыбынжұт, бозғылт – сары шыбынжұт және т.б.

Шыбынжұт саңырауқұлағының құрамында шыбынды өлтiретiн улы зат « мускарин» алкалоиды болатынын анықталды. Көбiнесе шырша, қарағай, балқарағай ормандары мен қайың ағаштарының жарық көп түсетiн ашық алаңдарда өседi. Қызыл шыбынжұттың диаметрi 20 см-дей, қалпағы күңгiрт – қызыл түстi, әр жерiнде сүйел тәрiздi ақ дақтары жуылып кетедi.



Уы тез әсер етедi, адам тұншығып, тыныс алуы нашарлайды, сiңiрi тартылып, талып қалады. Ертеде шыбынжұттан жасалған препараттарды бездiң iсуi, өкпе ауруы, жүйке жүйесi ауруларына қарсы пайдаланған және шыбын, қандала, бүрге сияқты зиянды жәндiктердi өлтiру үшiн қолданған. Қазiргi кезде медицинада түрлi препараттар әзiрлеу үшiн шикiзат көзi болып табылады.

Боз арамқұлақ ( бледная поганка) – ақ, сарғыш, жасылдау, сұрғылт – ақшыл түстi қалпағының үстiнде мақта тәрiздi қабыршақты ақ жарғақтары бар. Дiңгегiнде жарғақты белдеушесi болады. Түп жағын қалта тәрiздi жамылғы қаптайды. Көбiнесе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман шетiнде өседi.. Құрамында « фаллоидин» алкалоиды болғандықтан өте улы саңырауқұлақтардың қатарына жатқызады.

Паразит саңырауқұлақтар- тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді.Жазда әр түрлі өсімдіктердің жапырақтарына аппақ ұн сеуіп тастаған сияқты болады. Оның күздік бидай, қара бидай сабақтарынан емен жапырақтарына мақта тәрізді болып тұрғанын байқауға болады. Бұл ақұнтақсаңырауқұлақтарының жіпшумақтары.Олар өсімдіктің жапырақ,сабағына жіпшелерін жіберіп, жасушаның ағзалық заттарымен қоректенеді.Саңырауқұлақтардың көптеген түрі адамға және шаруашылыққа зиян келтіреді. Тірі ағзаның денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенетін саңырауқұлақтар паразит саңырауқұлақтар деп аталады.

Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрлысы




  1. – қалпақша

  2. –қалпақша асты

  3. – белдеуше сақина

  4. – түбiртек

  5. – түбiртек жiпшесi

  6. – жiпшумақ

  7. – жiпше



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет