Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсаринің «Кел, балалар,оқылық!»



бет5/5
Дата22.06.2017
өлшемі0,82 Mb.
#19729
түріСабақ
1   2   3   4   5
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Әңгімені оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Атадан қалған асыл мұра бойынша біз қандай әлеммен таныстық? (ертегілер әлемі)

- Онда ертегілердің қандай түрлері мен таныстық? (жануарлар туралы, қиял – ғажайып, шыншыл ертегілерімен таныстық)

- Атадан қалған асыл мұраның келесі саласы аңыздар мен танысамыз.

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– аңыз туралы түсінік алу, мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға мазмұнын айта білуге дағдылану

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Өмірде болған адам басынан құрылған әңгімені аңыз дейді.

2. Оқып, талдау.

Мәтінді түсініп оқу, талдау.

Сұрақтарға жауап алу.(суретпен жұмыс)

- Мәтінге сүйеніп, суреттен кімдерді көріп тұрғандарыныңды айт.

- Қонақтың қалтасына шай құйып отырған кім деп ойлайсың? Неліктен?

- Мәтін неге аңызға жатады деп ойлайсың?

3. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық.

Ұшып – ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:

іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

- «Қонақта», «Қонақ күту», «Қонаққа бару» деген тақырыптардың біріне әңгіме құрату. (ауызша)

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Аңызды оқып мазмұндап келу.

Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:\

Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр мен Алдаркөсе. Үш сом

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге

дағдыландыру

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Әдепті болуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) дайындығын қадағалау

б) психологиялық дайындық:

Амансың ба алтын күн?

Амансың ба көк аспан?

Амансың ба достарым?

Сендерді көрсем қуанамын !

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Әңгімені оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Алдаркөсе деген кім?

- Ол қандай кісі болған?

- Қожанасыр деген кім?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– «Қожанасыр мен Алдаркөсе», « Үш сом» мәтінімен танысу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

Мәтінді оқып, талдау, мазмұнын ашу.

Сұрақтарға жауап алу.

- Әңгіме не туралы?

- Алдар қойшыны қалай алдады?

- Ол неліктен алдынғы заттарын қосып, көбейтіп айтты?

- Аңыз кейіпкерлерін ата

- Екі аңыздың ұқсастығы неде?

- Екі кейіпкерге де қандай қасиет тән деп ойлайсың?

2. Сергіту сәті.

Көк аспанды шарлаймыз,

Ұшқан құсты санаймыз

Үшбұрыш боп тырналар,

Көк жүзінде жорғалар.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:

іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Аңызды оқып мазмұндап келу.
Сабақтың тақырыбы: Өтірік өлең

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға өтірік өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Әңгімені оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Қандай аңыздармен таныстық?

- Қай аңыз көбірек ұнады?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– өтірік өлеңді түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдылану.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

Өтірік жаңылтпашты оқыту, жаңылмай айтуға жаттықтыру.

Ши тоқыдым шиеден.

Теңіз кештім түйемен.

Күйме жасап шиеден,

Үй тұрғыздым түймеден.

- Мәтін неге өтірік жаңылтпашқа жатады деп ойлайсың?

Өтірік өлеңді оқытып, талдау, мазмұнын ашу.

Сұрақтарға жауап алу.

- Бірінші оқушы қандай өтірік өлең айтты?

- Екінші оқушы ше?

- Қай оқушының өлеңі көбірек күлкі шақырды?

Суретпен жұмыс.

- Суретте не көріп отырсыңдар?

-Суретке қандай ат қоюға болады?

- Суретке қарап өтірік өлең құрастыр.

2. Сергіту сәті.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:

іштей, дауыстап – тізбектей.

Өлеңге әуен ойлап тауып орындау.

2. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Өтірік өлеңді жаттап келу.


Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Үш арыстың үлгілері

Сабақтың мақсаты: 1. Үш би туралы түсінік беру. Шешендік сөздерді түсініп оқуға

дағдыландыру.

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Өтірік өлеңді жатқа сұрау. ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Үш би, үш арыс дегенде көз алдылаңа кімдер елестейді?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– Үш би туралы түсінік алу. Шешендік сөздерді түсініп оқуға

дағдылану.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.( портреттерін көрсетіп отырып олардың өмірлері туралы түсіндіру)

Төле би Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданы Жайсаң жайлауында дүниеге келген.Төле би 15 жасынды билікке аралысып, әділдігімен елге танылады.Ол кезде Қазақ пен Жоңғар хандықтары ұдайы жауласуда еді.

Қазыбек би аумалы – төкпелі, күрделі, қилы заманда ғұмыр кешкен. Қаз дауысты Қазыбек Жоңғар хандығына үш рет елшілік, мәмлегерлік жолмен барған.

Әйтеке би 12 жасына дейін ұлы әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып,ел басқару мен әскери өнерді үйренді.Бұхара мен Самарқан медреселерінде араб-парсы тілдерін үйренген

2. Оқып, талдау.

Берілген шешендік сөздерді оқып талдау, мазмұнын ашу.

Сұрақтарға жауап алу.

- Шешендік сөздерді айтқан кімдер?

- Билердің суреттеріне зер сал, олардың бейнесінен не байқадың? ( Байсалдылық, сабырлылық, ақыл мен паррасат, т.б.)

3. Сергіту сәті.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:

Іштей, дауыстап – тізбектей.

Берілген мәтінді сахналық қойылым ретінде көрсетеді.

2. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Билердің сөздерін жаттап келу.

Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталауға арналған тест

Сабақтың мақсаты: 1. Атадан қалған асыл мұра бөлімін қайталау

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Билердің сөздерін жатқа сұрау ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Қандай бөлімді өттік?

- Онда не туралы айтылады?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– өткенді қайталау.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Бөлімнен өткенді еске түсіру.

Атадан қалған асыл мұра


Ертегілер Төрт түлік жырлары Аңыздар Өтірік өлеңдер



Аңқау арыстан Қой, Торы құлын Қожанасыр

Байлық пен ақыл Сиыр, Түйе Алдаркөсе

Қасқыр мен түлкі

Ұр, тоқпақ. Сақина

Шибұт, Қылмойын,Қарынбас
2. Сұрақтарға жауап алу.

- Ертегілердің қандай түрлері мен таныстық?( қиял – ғажайып, жануарлар туралы, шыншыл )

- Төрт түлікке не жатады?

- Аңыз дегеніміз ?

3. Тест жұмысын ұйымдастыру.

Мысалы: 1. «Көзі моншақтай,

Өзі жұп – жұмыр.

Құйрығы шашақтай,

Ерні жып – жымыр»

деген жолдарда қай төл туралы айтылған?

А) Лақ Ә)Бұзау Б)Қозы В Құлын
2. Қойдың төлі қалай аталды?

А) Лақ Ә)Бұзау Б)Қозы В Құлын

4. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру:

Ана тілі 2 сынып Бөлімді қайталауға арналған тест (№2)

Атадан қалған асыл мұра

1. «Көзі моншақтай,

Өзі жұп – жұмыр.

Құйрығы шашақтай,

Ерні жып – жымыр»

деген жолдарда қай төл туралы айтылған?

А) Лақ Ә)Бұзау Б)Қозы В Құлын
2. Қойдың төлі қалай аталды?

А) Лақ Ә)Бұзау Б)Қозы В Құлын
3. «Мүйізі айдай иілген

Мұрны көкке шүйірген» не?

А) Жылқы Ә) Сиыр Б) Түйе В) Қой
4. «Маң – маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан» не?

А) Жылқы Ә) Сиыр Б) Түйе В) Қой
5. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады?

А) Жұмбақ Ә) Жаңылтпаш Б) Аңыз В) Мысал
6. «Еңбек байлыққа жеткізер» деген негізгі ойға құрылған ертегіні айт.

А) Қасқыр мен түлкі Ә) Аңқау арыстан Б) Ұр, тоқпақ В) Байлық пен ақыл
7. Жан – жануарлар, аңдар жөніндегі әңгімеленген ертегіні ата.

А) Байлық пен ақыл Ә) Аңқау арыстан Б)Шибұт, Қылмойын, Қарынбас В)Ұр, тоқпақ
8. Қиял – ғажайып ертегілеріне жататын мәтінді ата.

А) Байлық пен ақыл Ә) Аңқау арыстан Б) Ұр, тоқпақ В) Қасқыр мен түлкі
9. Шыншыл ертегілер тобына жататын мәтінді ата.

А) Байлық пен ақыл Ә) Аңқау арыстан Б) Ұр, тоқпақ В) Қонжық пен көжек
10. « Жаңбыр жаумаса – жер бітім» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?

А) Қазыбек би Ә) Әйтеке би Б) Төле би В) Халық
11. «Алтын ұяң - Отан қымбат» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?

А) Қазыбек би Ә) Әйтеке би Б) Төле би В) Халық
12. «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін.....» деп бата берген кім?

А) Қазыбек би Ә) Әйтеке би Б) Төле би В) Халық
Неткен сұлу, неткен көркем , Осы менің туған өлкем

Сабақтың тақырыбы: Қартқожаның туған жері Ж. Аймаутов

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге

дағдыландыру

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Туған жерді сүйюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сөзжұмбақ шештіру.





О


















Т



















А
















Н















1. Қалың ағаш өсетін нулы жерді қалай атайды?

2.Отбасындағы әке атауы.

3. Ел сөзін басқаша қалай атауға болады?

4. Мемлекеттік рәміздердің бірі.
Сұрақтарға жауап алу.

  • Отан сөзін басқаша қалай атауға болады?

Көп нүктенің орнына сөздерді қойып дауыстап айтады. Отаным, туған жерім.

Менің .... - Қазақстан.
IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Ж. Аймауытов туралы білетіндерін еске түсіру.

2. Оқып, талдау.

Қартқожаның туған жері туралы әңгімесін оқу, талдау, мазмұнын ашу.

Сұрақтарға жауап алу.

- Қартқожаға не нәрсе қатты әсер етті?

- Мәтіндегі қандай сөздер ерекше әсерлі болып көрінді?

- Берілген мәтінді неше бөлікке бөлуге болады? Әр бөлікке ат қояды.

Суретпен жұмыс.

- Суретте не бейнеленген?

- Сурет мазмұны қай бөлікке сайкес?

3. Сергіту сәті.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.

Мәтіннен жазушының туған жеріне деген сезімін білдіріп тұрған жолдарын тауып, дауыстап оқиды.

2. Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмыс: Үй басы - әр үй Ет бауыр жақын - жақын туыс

Ашамай - балаға арналған ер Шерсіз - қайғы - мұңсыз

3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Оқып мазмұндап келу.


Сабақтың тақырыбы: Отан Ж. Смақов

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Туған жерді сүйюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Әңгімені оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сөзжұмбақ шештіру.

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы.








О





















Т






















А













Н






2. Мемлекеттік рәміздердің бірі.

3. Ұлттың аты.

4. Сені өмірге әкелген мейірімді жан.
Сұрақтарға жауап алу.

- «Отан» деген не?

Бұл сұраққа Ж. Смақовтың Отанға деген ыстық сезімі қандай екенін келесі өлеңнен білеміз.

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға дағдылану.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

Өлеңді оқып, талдау, мазмұнын ашу.

Сұрақтарға жауап алу.

- Осы өлең қандай көңіл күймен жазылған?

- Ақын Отанды неге теңейді?

Сызбаны толықтыру.

2. Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,

Ұшқан құсты санаймыз

Үшбұрыш боп тырналар,

Көк жүзінде жорғалар.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:

Іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Дәптермен жұмыс.

Өлеңді пайдаланып, Отанға, аспанға, тауға, гүлге қатысты көркем сөздерді тауып, оларды дәптерлеріне жазып алады.

Мысалы: Гүлдердің ертемен , мөп –мөлдір аспанын, тауларыдың қол жетпес асқарын.

3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттап ал.


Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Сағатты шортан» 36

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру.

2. Білімін,есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– мазмұндама жазамыз.

Тақырыбы: Сағатты шортан

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мазмұндаманы оқып, талдау.

Сағатты шортан

Бір жұмысшы шортан ұстап алды. Жұмысшы шортанды үйіне алып келеді. Әйелі балықты тазалайды. Балықтың ішінен қол сағат шықты. Жұмысшы сағатты бұрады. Сағат жүріп кетті.

2. Сұрақтарға жауап алу.

- Мазмұндама не туралы?

- Жұмысшы үйіне не алып келеді?

- Оның ішінен не шығады?

- Сағат істей ме ?

3. Тірек сөздер мен сөз тіркестері:

Қол сағат, сағатты бұрады.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға мазмұндату.(3 – 4 оқушы.)

2. Дәптермен жұмыс.

Мазмұндаманы жазу.

2 – 3 оқушыға мазмұндаманы оқыту.

3. Қорыту.

- Сабақта не істедік?

VIII. Үйге тапсырма беру: Қайталау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет