Сабақтың мақсаты Көлеңкені пайдалану жолдарын біледі, көлеңке театрын жасаудағы жарықтың рөлін түсіндіреді



Дата27.01.2022
өлшемі22,96 Kb.
#115195
түріСабақ
Байланысты:
1 3-сабақ. Көлеңке театрын қалай жасайды
ГРЕК жаңғағы

Қысқамерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Табиғат физикасы. Жарық

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні




Тақырыбы

Көлеңке театрын қалай жасайды? 1-сабақ

Оқу мақсаты

3.5.2.1 көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру;

3.5.2.2 денелердің жарықты шағылдыру қасиетін түсіндіру;

3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу.


Сабақтың мақсаты

Көлеңкені пайдалану жолдарын біледі, көлеңке театрын жасаудағы жарықтың рөлін түсіндіреді

Бағалау критерийі

Көлеңкені пайдалану жолдарын сипаттайды

Көлеңке театрын жасайды



Тілдік мақсат

Көлеңкені пайдалану жолдарын атайды

Құндылықтар

Шығармашылық, қоршаған ортаны танып білу, өзара көмек.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, әдебиеттік оқу

Алдыңғы меңгерілген білім

Жарықтың шағылуын, көлеңкенің пайда болуын түсіндіре алады.

Сабақ барысы


Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


5 минут


Сабақтың мақсатын, тақырыбын анықтау.

Көлеңке театрын көрсету (бейнетаспа немесе сурет)

Бүгінгі сабақта біз


Кіріспе тапсырма. Көлеңке театры.

Топтық жұмыс.

Оқулықтағы суретті пайдалана оты­рып, сұрақтарға түсіндірме суреттер түрінде жауап беру.

Жұмыстың соңында әр топтың тақтаға өз жұмысын ілуі, оны қысқаша түсіндіруі.

Сұрақтар:

1. Заттың көлеңкесі қай кезде пайда болады? (Зат жарық көзінің таралуына кедергі жасағанда).

2. Көлеңке неліктен заттың арғы жағында пайда болады? (Жарық жолында зат кедергі болып, оның артындағы кеңістікке түспей қалады).

3. Қандай заттар көлеңке түсіреді? (Мөлдір емес).

Талқылау. Сыныпқа сұрақ:

Көлеңке жарықтың қандай қасиетінің арқасында пайда болады? (Жарықтың түзусызықты таралуы).



ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы

https://www.youtube.com/watch?v=DsGBmrk7J6c

А5 көлемдегі парақтар (топ санына қарай);

фломастерлер немесе қарындаштар


Сабақтың ортасы

25 минут


Хайуанаттар бағы.

Сынып бөлмесін қараңғылау.

Бірнеше үстел шамын немесе қолшамдарды қосып, жарығын қабырғаға бағыттау.

Оқушыларды бес топқа біріктіру. Әр топқа оқулықта берілген жануардың көлеңкесін түсіруді тапсыру.

Өздігінен басқа жануарлардың көлеңкесін жасау. Басқа топқа көлеңкесі бойынша жануарды атауды ұсыну.

ҚБ. Топтардың бірін бірі бағалауы.

Зерттеу жұмысы.

Зерттеу сұрағы: Заттың көлеңкесі пішініне байланысты бола ма?

Оқушылардың болжауы.

Экспериментті жоспарлау.



Зерттеу жүргізуге нұсқау:

  • Қатты қағазда салынған сұлбаларды қию.

  • Оларды таяқшаларға скотчтың көмегімен бекіту.

  • Ақ парақтан экран жасау.

  • Қолшам жарығын сұлбаға бағыттау.

  • Экранға түскен көлеңкені заттың сұлбасымен салыстыру.

Зерттеу нәтижесін анықтау, сұраққа жауап беру:

  • Көлеңке заттың пішініне байланысты ма?

  • Бір заттың көлеңкесі әртүрлі пішінді болуы мүмкін бе?

Оқушылардың жауабын тыңдау. (Дененің көлеңкесі пішінін қайталайды деген жауапты назарда ұстау)

  • Топтарға параллелепипед, конус, пирамида тәрізді фигуралар тарату.

  • Фигураларды әр бүйіріне бұра отырып, жарық түсіру.

  • Экранға түскен көлеңкені бақылау, өзара салыстыру.

  • Заттың көлеңкесі пішінімен бірдей бола ма?

Қорытынды жасау. Зерттеудің бірінші кезеңінде жазық дененің көлеңкесі пішінін қайталады. Ал екінші кезеңде көлемді денелердің әр бүйірінен түсіріген жарықтан пайда болған көлеңкелер әртүрлі пішінді болды.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Ойлан. Терезеден ағаш көлеңкелерін бақылау (немесе оқулықтағы су­ретті пайдалану). Әңгімелесу.

  • Ағаштың көлеңкесі күні бойы осындай бола ма?

  • Таң атқаннан кеш батқанға дейінгі аралықта ағаштың көлеңкесі неліктен өзгеріп отырады?

Оқушылар көмектесу үшін, қандай да бір затты тігінен қойып, әр қырынан, түрлі қашықтықтан жарық түсіру. Көлеңке қозғалады және өзгереді. Көлеңке жарық көзінің орналасуы­на байланысты өзгеретінін түсіндіру. Осылай­ша, ағаштардың да көлеңкелері өзгереді, себебі Күн – жарық көзі болып табылады әрі тәулік бойы аспандағы орнын өзгертіп отырады.

Сен білесің бе? Оқушылардан қандай елдерге, қалаларға саяхаттап барғанын сұрау.

  • Уақыт жергілікті жерге қарағанда өзгеше болды ма (мысалы, шет елде)?

Глобусқа (немесе доп) қолшаммен жарық түсіріп көру.

Жарық түзусызықты таралған кезде жер бетінде күндіз болады. Ал Жердің екінші жағына көлеңке түседі. Осылайша Жердің бір бетінде күндіз, екінші бетінде түн болады.


үстел шамы


оқулықтағы суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=BF_YAJf4slk


https://www.youtube.com/watch?v=UVKRbsRca84
https://www.youtube.com/watch?v=_qFKRbLvAdo

Сурет салынған қатты қағаз парағы;

скотч;

қайшы;


таяқшалар;

қолшам, ақ парақ;


параллелепипед, конус, пирамида
https://www.youtube.com/watch?v=prQxWNTEf1I

көлеңке театрын жасау

қолшам

шам, глобус



Сабақтың соңы

10 минут

Өзіндік жұмыс

43-жұмыс парағы. Түрлі көлеңкелер

Ненің көлеңкесі?

Сызбадағы мәліметтерге сүйене отырып, жасырылған затты табу. Көмекші сөздерді пайдалану: шкаф, доп, бос шыны стақан, қыш құмыра.



42-жұмыс парағы. Зат пен көлеңке.

Көлеңкесін тап. Суреті бойынша зат пен оның көлеңкесін тауып, сызық арқылы қосу.

Затты бүйіріне жатқызса, оның көлеңкесі қалай өзгеретінін анықтау, суретін салу.



ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

Есте сақта!

Шеңберге тұру. Сөз тіркестерін толықтырып, бүгінгі сабақ туралы кері байланыс беру.

Бүгін мен..... білдім.

Маған ... қызық болды.

Маған ... қиын болды.

Мен ... тапсырманы ... орындадым.

Мен ... түсіндім.

Менің қолымнан ... келді.

Мен енді... аламын.

Мен ... сездім.

Мені ... таңғалдырды.

Мен ... жасап көремін.

Менің ... жасағым келеді.

Мен ... орындай алмадым.

Мен ... үйренгім келеді.

Мен ... қосар едім.









Саралау


Бағалау

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмалар арқылы саралау

Сұрақтар арқылы саралау

Топтық жұмыс


Мұғалімнің ауызша және жазбаша кері байланысы;

Топтардың бірін бірі бағалауы




Қауіпсіздік ережелерін сақтау;

Сабақтағы іс әрекетті жиі ауыстыру



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?






Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет