Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Биология және оған тығыз байланысты ғылымдыардың зерттейтін саласымен таныстыру


Кайнозой. Жаңа өмір заманы (үзақтығы 66



бет3/18
Дата02.07.2018
өлшемі2,63 Mb.
#45554
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Кайнозой. Жаңа өмір заманы (үзақтығы 66 млн жыл) Антропоген (төртінші) (1,8 - біздің күндер)Мұздьң алаңының мезгіл-мезгіл кеңеюі. Қырымға және Еуропанын ортасына дейін жеткен 3-5 ірі мүз басу. Мұздыққа таяу климаттың ылғалдығы жөне мұздықтан алыс климаттық құрғақ болуы. Мұхит деңгейінің 80-120 м төмендеуі- Суыққа төзімді формалардың (зілдер, жүндес керіктер, солтүстік бұғылары), шөл формаларының өте көп мөлшерде дамуы. Ірі жыртқыштар, шөпқоректілер және гоминидтер.

Жылы климатта гүлді өсімдіктер, мұздақтарда тундралық өсімдіктер және солардың аралығындағы қылқанды өсімдіктер. Адамның жаралуы және пайда болуы. Жоғары жүйке әрекетінің (ойлау, ес) пайда болуы



Неоген (үшінші) (25-1,8)Альпі, Карпат, Гималаи, Кавказдар қалыптасты. Теңіздің өте құрғауы, Антарктиданы мұз басу. Солтүстік жөне Оңтүстік Америка арасында фаунаның алмасуы. Сонынан олтүстік және Оңтүстік Америка арасындағы алмасу. Австралияда - қалталылар. Жәндіктер мен өсімдіктердің түрлік құрамы қазіргі замандағыларға жақындаған. . Жабық тұқымды өсімдіктер және сүтқоректілер: аю, мысық, керік, бұғы, жайлаң (жи­раф), жоғары сатылы приматтардың (адамтөріздестердің) үстем болуы. Австралопитектің пайда болуы. Тайга және тундра флорасы қалыптасты. Адантектес приматтарда қарапайым естілік әрекеттің пайда болуы

Палеоген (66-25)Теніздердің сансыз көп көтерілуі және қайтуы, тау түзілу. Теңіздерде косжактаулы ұлулар, мүкденелілер, сүйекті балықтар тіршілік етті. Континенттік сукоймаларда құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер, тәмсактар (крокодил) болды. Құрлықта тасбакалар, кесірткелер өмір сүрді. Төменгі сатылы приматтар (лемурлар) өркендеді. Бунакденелілер алуан түрде кездесіп, жабықтұқымды өсімдіктер үстемдік етті. Өте ежелгі маймылдар (парапитектер), кұстардын осы замангы тұқымдастары, тұяқтылар болды. Приматтардың миы жөне сезім мүшелері дамыды

Мезозой Орта өмір заманы (ұзақтығы 165 млн жыл) Бор (ұзақтығы 70 млн жыл)Су өте күшті жайылып, теңізді су басты және су қайтумен араласты және ауа райы салкындады. Анд және жартасты таулар өсті. Ұлулар, мүкденелілер, саусаққанатты балықтар, жорғалаушылар болды. Тісті және желпуіш құстар, қалталылар және қағанақты сүтқоректілер п.б. Алғашкы жабық\т өсімдіктер өмір сүріп. буынаяқты бунакденелілер (тозаңдандырғыштар) қаптап кетті. Қосжактаулылардын 70%-ы, теңіз кірпісінің 50%-ы, аммониттердің 100%-ы, белемниттер, динозаврлар, ихтиозаврлар, қарапайым сүтқоректілер және бірқатар балдырлар өліп бітті. Гинкголылар (ашық\т өсімдіктер класы) көбейді. Құстардың мишығында, сүткоректілердің алдыңғы миында сайлар пайда болды, кұрсақта даму, гүлдер және жемістер пайда болды

Юра (ұзақтығы 60 млн жыл) Атлант мұхиты, қатпарлық (жер кабығының) қалыптасты. Климат бастапкыда ылғалды, кейінірек құрғақ болды. Теңіздерде ұлулар (белемниттер, аммониттер, қосжақтаулылар, бауыраяктылар), сары балдырлар өмір сүрді. Құрлықта жорғалаушылар, ихтиозаврлар, плезиозаврлар, динозаврлар пайда болды. Қырыкжапырақтар және ашық\т өсті. Көмірдің жинақталуы жалғасады. Алғашкы құс - көнекүс (археоптерикс) пайда болып, бейімділік жетіле түсті.

Тирас 30-40 млн .Гондвана ыдырауы, құрғақшыылық климат, көмір түзудің азаюы. Косжактаулылар, тікентерілілер, бауыраяқтылар, балықтар, жорғалаушылар, қылшабуынұрпаттылар, қырықжапырақтылар, қырық буындар, қылқанжапырақтылар өмір сүрді. Алты сәулелі маржандар, тасбақалар, тәмсақтар, ихтиозаврлар, алғашқы қарапайым сүтқоректілер болды. Ірі космекенділер ж\е балықтардың көптеген топтары өліп бітті. Баласын сүтпен Коректендіру, төрт бөлікті жүректін пайда болуы.

Палеозой. Перм кезеңі (50 млн жыл)Орал жөне Тәңіртау (Тянь-Шань) тауларының калыптасып болуы, теңіздін кері қайтуы, тұйық континенттік айдындардың қалыптасуы. Климат суықтан ыстыққа дейін, құрғаққа аймақталған. Көмір түзілу жалғасуда. Жәндіктер (омырткасыздар) кластарында отрядтар мен тұкымдастар өте көп мөлшерде өліп біткен. Жорғалаушылар, қырықжапырактөріздестер және ашықтүкымдылардың (кылкан жапырактылардың) үстемдік етуі. Аңға ұқсас қасиеттері бар алғашқы жорғалаушылардың пайда болуы. Тістің саралануы

Карбон (тас көмір) кезеңі (65 млн жыл)Негізінен жылы және ылғалды климат. Осы заманғы континенттік жылы теңіздердің көлемі кеңейді, құрлықты су басты. Қазақстанда Орал жене Тәңіртау (Тянь-Шань) қалыптасты. Географиялық белдемділік айкындалып, анықтала бастады. Көлемді тас көмір түзілуі. Балықтар, аммониттер жөне өзге ұлулар, мүкденелілер, тікентерілілер, маржандар, қосмекенділер өмір сүрді. Өсімдіктерден қылшабуындар (плаундар) және әр түрлі қырықжапырақтар өсті.

Алеашқы қылқанжапыраңтылар, ұшатын бунақденелілер, жорғалаушылар пайда болдьи Бунакденелілер ұшуға бейімделді, жоргалаушылар жұмыртқалады, ұялы өкпе, өсімдіктерде тұқым п.б.

Девон кезеңі (55 млн лет)Кезеңнің басында теңіз кейін жылжыды, ортасында - қатты шегініс болды, сонында құрлықтың көп тағы су басты. Сансыз жәндіктер (омырткасыз­дар) және жақсүйексіздердін көпшілігі өліп бітті. Балықтардың барлық формалары: шеміршекті, саусаққанатты, сүйекті (сәулеқанатты) және қостынысты балықтар пайда болды. Аммониттер пайда болып, үстемдік жасады. Құрлық игерілді. Өрмекшілер, кенелер, құйрықаяқтылар өмір сүрді. Алғашқы қосмекенділер болды. Споралардың негізгі топтары: қылшабуындар, қырықжапырақтар және нағызтұқымды өсімдіктер өсті. Риниофиттер өліп бітті, топырақ жабыны қалыптасты. Өсімдіктерде ұлпалар және мүшелер бөлініп, спора түзу іске асты. Өкпе және тері арқылы тыныс алып, аяк пайда болды.

Силур кезең (35 млн жыл)Теңіз шегініс жасады. Саян, скандинавиялық таулар түзілді. Балдырлар үстемдік етті. Ішекқуыстылар, ұлулар, мүкденелілер, иықаяқтылар өмір сүрді. Алғашқы ауамен тыныс алатын жануарлар - кұршаяндар, сондай-ақ көне балықтар пайда болды. Кұрлыққа өсімдіктер - ринифиттер шықты. Өсімдіктерде алғашқы ұлпа ризоидтар және жануарларда атмосфералық тынысалу пайда болды.

Ордавик кезеңі (55 млн жыл)Осы заманғы континенттін үлкен бөлігін теңіз алып жатты, олар соңынан шегініс жасады. Буынаяқтылар: трилобиттер мен иық аяқтылар үстемдік жасады. Тікентерілілер басаяқты ұлулар, маржандар, суда тіршілік ететін өрмекшітәріздестер, омыртқалылардан балықтар, өсімдіктерден балдырлар болды. Күрекаяқты ұлулар, мүкденелілер өмір сүрді. Басаяқтыларда және балықтарда ми пайда болды

Кембрий кезеңі (80 млн жыл)Теңіздердің көтеріліп, шегшуі, соңынан шегінуі, көлемшің ұлғаюы байқалды. Ми-нералданған қаңқалары бар ағзалар пайда болды. Балдырлардың, трилобиттердін, шаянтәрізділердін, ұлулардың, тікентерілілердін әр алуан типтері өмір сүрді. Желілілер, жақсүйексіз омырткалылар тіршілік етті. Әр алуан қарапайым тікентерілілер және т. б. өліп бітті. Екінші реттік ауыз және ішкі қаңқалы болды.

Протерозой. 2500-570+20 Венд (ежелгі славян тайпа-сының атауымен аталган) (80 млн лет) 650 или 690-570)

Жәндіктердің алуан түрлігі орасан көбейді. Ішеккуыстылар; құрттардың барлық типтері: жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар; буынаяқтылар (шаянтәріздестер, трилобиттер), мүмкін тікенектерілілер өмір сүрді. Көпжасушалы балдырлар өсті. Жануарларда мүшелер жүйесі пайда болды. Жоғарғы немесе Рифей Төменгі немесе Карелии

Сан алуан прокариоттар, әсіресе цианбактериялар кен таралды. Эукариоттар, строматолиттер, балдырлар болды. Көпжасушалы эукариотты ағзалар, жыныстық үдеріс пайда болды.

Архей 3,5-2,5 млрд жыл ±100 млн (900 млн жьиідан көбірек) Тарих өміріндегі ең ұзын заман Жанартау іс-әрекетінің белсенділігі байқалды. Тіршіліктің дүниеге келуі. Прокариоттың пайда болуы. Микроағзалардың, әсіресе бактериялар түріндегі сан алуан топтары қалыптасты. Строматолиттер - цианбактериялар, бәлкім шоғырлы формалар Жасушалық гетеро- және автотрофтық, пигменттер ж\е фотосинтез көрініс берді

ІV. Үйге§ 2оқу.


Биология 9-сынып 22.12

Cабақтытың тақырыбы.Тірі организмдер көптүрлілігі . Сүтқоректілер эволюциясы.

Сабақтың мақсаты: 1. Тірі организмдердің пайда болу эволюциясымен таныстыру.

2. Оқушылардың тірішіліктің даму эволюциясын оқи отырып,дүинетанымын арттыру. Тарихи ғылыми көзқарас қалыптастыру.

3. Адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих.география

Сабақтың түрі: ролдік.

Сабақтың көрнекілігі: Өсімдіктер мен жануарлардың шежіресі сызбы, сурет.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. 1. Вирустар мен фагтардың ерекшелгі қандай ?

2. Прокариодың миқроорганизмдердің құрылыс ерекшеліктері қандай ?

3.Өсімдіктер дүнисі құрылыс ерекшеліктері қандай ?

4.Саңырауқұлақтардүнесінің құрылыс ерекшеліктері қандай ?

5.Жануарлар дүниесінің құрылыс ерекшеліктері қандай ?

6. Сүтқоректілер эволюцисы қалай дамыды?



Айтарлыктай ұзаққа созылған эволюциялык процестің нөтижесінде тірі табиғатта жануарлардың, өсімдіктердщ., саңырау-құлақтар мен микроорганизмдердің орасан зор көптеген түрлері пайда болды. казіргі кезде жер бетінде организмдердщ 2 млн-нан астам түрі тіршілік етеді. Олар­ың 1,5 млн-нан артығы жануарлар дүниесін кұраса, 500 мынға жуығы есімдіктер әлемі больш табылады. Ал саңыраукұлактар мен микроорганизмдер түрлері ең алдына бірнеше миллионды құрайды. Қазіргі кезде жер бетінде тіршілік ететін организмдер үлкен екі империяға клеткалық емес ж\е клеткалық құрылымды организмдер.

1-топТіршіліктің клеткалық емес формасы — вирустар жене фаг-тар. Вирустарды 1892 жылы орыс ғальгмы Д.И,Ивановский ашқан. Олар кез келген сүзгіден өтіп кететін майда, мелшері 12-ден 500 мкм-ге дейінгі организмдер. Вирустар — клеткадан тыс тіршілік ете алмайтын, клеткаішілік паразиттер. Бактерия клеткасында болатьш вирустарды фагтар немесе бактериофагтар деп атайды. Вирустардың біркатары адамның тұмау, энцефалит, т.б. жұкпалы ауруларының қоздырушылары Вирустардың баска организмдерден тағы бір ерекшелігі кұрамын-да нуклеин кышкылдарының біреуі ғана, не РНҚ, не ДНК ғана болады. Олардың шығу тегі белгісіз.

2-топКлеткалық құрылымды организмдер. Жер бетінде тіршілік ететін организмдердін вирустар мен фагтардан баска барлығы дерлік клеткалық құрылымы бар орғанизмдер. Олар — ядросы жоқ прокариоттар және ядросы бар эукариоттар болып екіге бөлінеді.

Прокариоттар қүрылысы өте карапайым, клеткасында ядросы жоқ организмдер. Оларда тұкым қуалау ақпараты жазылған ДНҚ цитоплазмада сақина тәрізденіп бос күйінде орналаскан. Көк жасыл балдырлар мен бактериялар табиғаттағы зат айналымында үлкен рөл атқарады. Микроорганиз-ң шаруашылык салаларьшдағы маңызы да өте зор. Олардың көппгілігі өнеркәсіп пен медицинада пайдалануға қажетті заттарды түзеді. Тамак өнеркәсібінде нан ашыту, спирт, кейбір органикалык кышқылдар алу, шарап жасау микроорганизмдердің қызметіне негізделген. Адамның түрлі жұқпа-лы ауруларын емдеуге қолданылатын антибиотиктер де осы микроорганизм.

Эукариоттар — сыртынан қабықшамен қоршалған клеткасын­да цитоплазмасы және айқын көрінетін ядросы бар организмдер. Ядрода тұқым қуалау ақпараты орналаскан. 3-топ.Өсімдіктер дүниесі. Бұған автотрофты қоректенуге қабілетті өсімдіктер жатады. Өсімддктердің ерекшелігі клеткаларында пластидтер және сыртқы қалың целлюлоза қабықшасы болады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырлар жатады. Табиғатта балдырлардың бір клеткалы және көп клеткалы түрлері кездеседі. Алғашкы қарапайым жыныссыз кебеюмен катар эволюция барысында жыныстык көбею қалыптасьп, клеткалардың түкым қуалау материалдары қосылып, құрылысы күрделенді. Мүның өзі организмдердің алуан түрлілігіне бастама беріп, көпклеткалылықтьщ шығуына жол ашты. Бұл жағдай өсімдіктер әлеміндегі ірі ароморфоздарды көрсетеді. Көп клеткалы организмдерде клеткалардың жіктелуі, яғни түрлі қызмет аткаруға беймделуі байқалды. Нәтижесінде ұлпалар, мүшелер түзіліп, жоғары сатыдағы өсімдіктердід қалыптасуына мүмкіндік туды.

Алғашқы құрлыкка шықкан цсилофиттер жоғары сатыдағы спорамен көбейетін мүктер, плаундар мен кырыкбуындар және папоротниктердің шығуына бастама берді. Кейін келе түкыммен көбейетін папоротниктерден барлык вегетативті мүшелері жетілген жалаңаш тұқымды ж\е жабық түкымды өсімдіктер шықты.



4-топ.Саңырауқрлақтар дуниесі. — гетеротрофты коректенуге қабілетті эукариоттардың ерекше тобы. Олар сапрофиттік немесе селбесіп паразиттік тіршілік етуге бейімделген организмдер. Табиғатта саңыраукүлақтардың пайдалы жөне зиянды түрлері ете көп. Бұлардың барлығы да ертедегі қарапайым кұрылысты гетеротрофты эукариоттардан шыққан дейді.Төменгі сатыдағы эукариоттарға сонымен қатар кыналарды жаткызады. Қыналар — саңыраукүлактар мен көк жасыл және жасыл балдырлардың селбесіп тіршілік етуінен түзілген организмдер.

5-топ.Жануарлар дуниесі. Жануарлар — даяр органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Олар өздерінін қорек заттарын іздеп жүріп тауып жейді. Сондықтан қозғалу мүшелері түрліше бағытта жақсы дамып жетілген. Мысалы, қарапайымды-ларды алсак, амебада жалған аяктары, инфузорияларда кірпікшелері, бунакденелілерде қанаттары мен аяктары, балықтарда жүзу қанаттары, т.б. Құрлыктағы омыртқалылар жақсы жетілген алдыңғы, артқы аяқтарының қаңқасы мен бұлшық еттерінің болуына байланысты түрлі тіршілік орталарына бейімделіп кеңінен таралған. Жануарлардың өсімдіктерден негізгі айырмасы — осы козғалғыштығында. Қозғалуға байланысты жануарлар клеткасында бірқатар ерекшеліктер калыптаскан. Атап айтканда, жануарлар клеткасының сыртында козғалуға кедергі жасайтын қалың целлюлоза қабықшасы болмайды, клетка тек жұқа цитоплазмалық жарғақшамен қапталған; жануар клеткасында суда ерімейтін тығыз крахмал дәндерінін орнына жақсы еритін гликоген қорға жиналады.

Жануарлар дүниесі қарапайымдыларға (бірклеткалылар) жене көпклеткалыларға бөлінеді. Қарапаиымдылар — тіршіліктің клеткалық деңгейдегі көрінісі болып табылады. Қарапайымдылар клеткасының әрбір құрам бөлігі арнайы бір қызмет атқарып, тұтас бір организмнің тіршілігі камтамасыз етіледі. Көпклеткалылар — құрылысы мен аткаратын кызметі алуан түрлі ұлпалар мен мүшелерден тұратын күрделі құрылысты организмдер. Олар көптеген типтерге және кластарға бөлінеді.



6-топ.Сүткоректілердің эволюциясы. Сүтқоректілерді өте ертеде ме­зозой заманында тіршілік еткен аңтісті жорғалаушылардан шыққан деп есептейді. Сүткоректілердің жер бетіне кең таралып тіршілік етуі дене құр-ң, ж.ж. күрделеніп, жылықандылыққа ие болуына байланысты жүрді. Ал жылықандылық түкті жамылғының болуы, жүректің төрт бөліктен түруы, кіші жөне үлкен қанайналым шеңберлерінің түзілуіне байланысты қалыптасқан. Сүткоректілер үш класс тармағына болінеді: жұмытртқа салушылар, қалталылар және ұрықжолдастылар.

Мезозой заманынын соңына жақын пайда болтан ұрықжолдастыларды жогары сатыдагы сутқоректілер деп атайды.

Бертін келе кайнозой заманында тірніілік еткен жәндіктермен коректенетін сүтқоректілерден приматтар отряды бөлініп шықты. Осы приматтар отрядына жататын адам төрізді маймылдардан биологиялықжәне әлеуметтік факторлардың өсеріне байланысты адам пайда болды.

ІІІ. + Қазіргі кезде жер бетінде тіршілік ететін организмдердін алуан түрлілігі туралы пікір алмасу.

ІV. §28. Тірі организмдердің көптурлілігі. Сүтқоректілердіңэволюциясы

V. Тест жұмысы.

Биология 9-сынып
Cабақтытың тақырыбы: Адамның шығу тегі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды адамның шығу тенгі эволюциясымен таныстыру.

2. Оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілетін арттыру. Тарихи ғылыми көзқарас қалыптастыру.

3. Адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих.география

Сабақтың түрі: Семинар.

Сабақтың көрнекілігі: маймылдар миының,қолының моделдері, сызба-нұсқа, сурет.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, топтастыру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Антропология деген не?

2. рудимент,атавизм сөзін мағанасын түсіндіру.

3.Адамдардың жануарларға ұқсас құрылыс дене мүшелерін атау.

4. Адамның әлеуметтік факторлдарына тоқталу.

Адамнын шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы антропология деп аталады. Адам мен жануарлардың дене құрылысында көптеген ұксас белгілер бар. Швед ғалымы К.Линней өзінід "Табиғат жүйесі" атты еңбегінде адам мен маймылды сүтқоректілер класының өкілі ретінде бір туыска жатқызған (1735). XIX ғасырдың бас кезіыде француз галымы Ж.Б.Ламарк адамның жерде жүруге бейімделген маймыл тектес ата-тектен шықкандығын айтты. Ағылшын ғалымы Ч.Дарвин 1871 ж."Адамның шығу тегі ж\е жыныстық сұрыпталу" атты еңбегінде: "Адам — тіршіліктің тарихи даму сатысындағы ең жоғары әрі соңғы буыны" деп көрсетті. Ол: "Адам мен адам тәрізді маймылдардың арғы ата тегі бір»— деген тұжырым жасады. Адамның жануарлар дүниесі жүйесіндегі алатын орны. Адамның жануарлар дүниесінің өкілі екендігі оның ұрықтык дамуы кезіндегі калыптасатын белгілерінен айкын көрінеді. ұрықтың алғашқы даму кезеңі — зигота бір клеткалы қарапайымдыларға ұқсаса, дамуының келесі бластула кезеңі вольвокске ұқсайды. Ұрық біртіндеп күрделеніп гаструлаға айналғанда, денесі екі қабаттан түратын ауыз қуысы ж\е ішек қуысы бар гидрага ұқсайды. Міне, осылай даму барысында ұрықтың құрылысы күрделеніп, мүшелер жүйесі калыптаса бастайды. Адам ұрығының дамуының алғашқы кезеңінде барлык хордалылар (желілілер) типінің өкілдеріндегі сияқты ұрыктық арқа жағында жүйке түтігі, оның астында хорда (желі), ал хорданың астын ала ас қорыту мүшелері орналасады. Ас корыту мүшелерінің алдыңғы кеңейген жұткыншақ бөлімнің екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары болады. Адам хордалылар типінің ішіндегі омырткалылар тип тармағына жатады. Өйткені даму барысында омыртка жотасы, екі қолы мен аяқтары қалыптасып, денесінің бауыр жағында жүрек, жүйке түтігінің алдыңғы жағынан мидың бес бөлімі түзіледі.

Адам сүтқоректілер класына жатады. Себебі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, құрылысы күрделенеді, балаларын сүтпен асырайды.тістері (азу тіс, ит тіс ж\е күрек тістер), дене қуысындағы көкет, құлак қалканы мен ортаңғы құлақтағы үш дыбыс сүйектері (төс, үзеңгі, балға) тек сүтқоректілерге тән белгілер екенін керсетеді. Адамның да ұрығы анасының жатырында дамып жетіледі, ұрықтың қоректенуі ұрықжолдасы (плацента) арқылы жүреді. Адамның қолындағы бас бармактың қалған 4 саусаққа карама-қарсы орналасуы ж\е саусактарда жалпақ тырнақтың болуы, бұғана сүйектерінің жақсы жетілуі, сәбилердегі сүт тістердің кейінірек тұрақты тістермен алмасуы адамның приматтар отрядына, оның ішіндегі адам тәрізді маймылдар отряд тармағына жататынын көрсетеді. Адам осы отряд тармағының тартанаулы маймылдар тобына жатады. Бүл топтан адамдар түқымдасы бөлініп шыгып, өз алдына адамдар туысын құрайды. Бұл туыстың қазіргі түрі — саналы адам (Homo sapiens).

Адамның жануарлар дүниесіндегі орны

Хордалылар типі Омыртқалылар тип тармағы Сүткоректілер класы

ұрьщжолдастылар класс тармағы

Приматтар (маймылдар) отряды .

Адам тәрізді маймылдар отряд тармағы

Адамдар туысы Саналы адам түрі

Адамның жануарлар дүниесінің өкілі екендігін дәлелдейтін рудименттік ж\е атавизмдік белгілер бар.



Рудименттік деп ата тегінен қалған қалдық белгілерді айтады. Рудименттік белгілерге, мысалы, соқырішек, құлақ айналасындағы бұлшық еттер, терідегі түктер, құйымшақ, т.б. жатады. Бұлардың қызмет аткармайды.

Атавизм деп арғы ата-тектін белгілерінің қайталануын айтады. Ондай белгілерге сирек жағдайда байқалатын денесін қалың түк басқан баланың дүниеге келуі немесе көп емшекті, құйрықты нәрестелердің туылуы мысал болады.

Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары. Антропология ғылымы адамның ежелгі адам тәрізді маймылдардан шығып, осындай дәрежеге дейін көтерілуі биологиялық ж\е әлеуметтік факторларға байланысты деп түсіндіреді. Адамэволюциясына әсер еткен биологиялык факторлар: тұкым куалайтын езгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сүрыпталу. Алайда "саналы адам" түрінің пайда болуында әлеуметтік факторлар шешуші рол атқарды. Олар: еңбек, сөз, қоғамдасып тіршілік ету, әлеуметтік заңдылықтардың қалыптасуы ж\е т.б.

Адам эволюциясында еңбектіц рөлі зор. Адамның еңбек етуі еңбек құралдарын жасаудан басталады. Адамның маймылға ұқсас ата тегі еңбек құралын өзі жасап, оны бірте-бірте күрделендіріп, пайдаланып, өзінің тіршілік ортасына бейімделе келе түрлі морфол-қ және физиол-қ өзгерістерге ие болды. Мұның себебі: су тартылып, орман алқаптарының көлемі азайып, ашық далалы жерлер пайда болды. Ағаш басында тіршілік еткен маймылдар енді жерге түсіп, ашық алаңкай жерлерде қоректерін тауып жеп, күн көре бастады. Ашық далада жауының козіне бірден түсетін болғандыктан, олардан қашып қорғануға тура келді. Қоректік заттары өзгеріп басқа өсімдіктермен, майда жәндіктермен қоректене бастады. Осыған байланысты еңбек құралдары қажет болды. Ол құралдарды іздеп табу немесе жасау керек еді. Міне, осынын бәрі бірте-бірте екі аяқпен тік жүріп қозғалуды кажет етті. Тік жүру адамнын дене құрылысын біршама өзгертті. Бүкіл салмақ омыртка жотасына түсетіндіктен, оган солқылдактық қасиет беретін иілімдер пайда болды. Аяктың басы жүруге серпімділік беретіндей болып өзгерді, жамбас қуысы кеңейді. Қорегінің өзгеруіне байланысты жақ сүйектері кішірейді. Тік жүрудін нәтижесінде адамның екі қолы босап, қолдың көмегімен қоректік заттарын іздеп тауып жеп, түрлі кұрал-саймандар жасап, жауынан корғана білді. Ендеше, кол — еңбек құралы ғана емес, ол — еңбектің жемісі. Ал еңбек — адам эволюциясының негізгі факторы.



Қоғамдасып тіршілік ету. Еңбек коғамдасып тіршілік етуге бастама берді. Адам төрізді маймылдардың кейбір топтары енбек құралдарын жасай алмады. Ондай топтардың көбісі тіршілік ортасының қолайсыз жағдайларына төзе алмай н\е өздері сияқты басқа топтармен бәсекеде жеңіп шыға алмай, жер бетінен жойылып кетіп отырды. Бейімділік кабілеті жоғары топтар бірлесіп еңбек құралдарын жасап, аң аулап, қоғамдасып жауларынан қорғанып, өз балаларына қамкорлық жасап күн көрді. Топтардың үлкендері еңбек құралдарын жасау жолдарын ж\е аңшылықтың. әдістерін кнпілеріне үйретті. Тәжірибе алмасу алғашында бір-бірімен ымдасу арқылы болса, бара-бара дыбыс шығарып белгі беру — сөз аркылы қарым-қатынас жасауға жол ашты. Қоғам Мүшелерінің соз арқылы қарым-қатынас жасауы ойлау қабілетінін дамуына әсер етті. Бұл жағдай мидың одан ары жетіліп, құрылысы мен қызметіеің күрделенуіне себеп болды. Осы кезенде тіршілік еткен адамдарда жануартектес азықтармен қоректену ж\е отты нәтижесінде шайнау бұлшық еттері жетіліп, жақ сүйектері кішірейді, ішектері біршама қыскарды. Аң аулап, жыртқыштардан қорғануда отты пайдалану тиімді болды. Сонымен бірлесіп еңбек етудің нәтижесінде адамдар жануарлар табынынан бөлініп, өз алдына адамзат қоғамын қалыптастырды. Адам өз еңбегі арқылы табиғатты өзгертіп, оны тиімді пайдалана алатын дәрежеге жетті.

. ІІІ. Мына кестені толтырыңдар.



Антропогенездің қозғаушы күштері

Биологиялық факторлар




әлеуметтік факторлар

§30. Приматтар және адам эволюциясының негізгі кезеңдері

Приматтар (маймылдар) эволюциясы. Антропологиялык деректер бойынша, осыдан 30—35 млн жыл бұрын өте ертедегі жәндікқоректі сүткоректілерден жануарлардың бір тобы бөлінш, приматтарга бастама берген. Приматтар жоғары сатыдағы сүткоректілер болғандыктан, құрылыс ерекшеліктері едөуір күрделі, миы жаксы жетілген, көздері катар орналасып, алға карай бағытталған, аяқ башпайларында тырнактары бар жөне емшектері екеу болған. Приматтардың бір тармағынан адам төрізді маймылдардың ата тегі — парапитектер шыкдан. Олар ағаш

1. Адамнын жануарлар дүниесіндегі орнын көрсетіп, оны ғылыми түрғы-дан дөлелдендер. 2. Антропогенездін кандай биологиялык факторларын білесіадер? Біздің ата тегімізге олардың қандай өсері болды? Мысалдар келтіріп, түсіндіріңдер. 3. Әлеуметтік факторлар деген не? 4. Маймыл-дан адамға өтудегі еңбектін рөлі кдндай? 5. Қоғамдасып тіршілік етудің мөні неде? 6. Сөз жөне ойлау аса маңызды өлеуметтік факторлар екендігін түсіндіріндер





39-сурет. Дриопитек (З.Буриан бойынша)

ясәне жөндіктермен қоректенген.

ДОак сүйектері мен тістерінщ күры-

лысы адам төрізді маймылдарға

ұксаған. Кейінірек парапитектерден

казіргі гиббондар мен орангутан жене

ертеректе жойыльш кеткен дриопи-

тектер тараган (39-сурет). Дриопи-

тектер осыдан 25 млн жыл бүрын

Азия мен Еуропаньщ оңтүстік

аймактарында, Африкада тіршілік

еткен деген деректер бар. Олар

алдыңғы аяктарының көмегімен

аташтарға өрмелеп шығып, бүтак-

тан-бүтакка секіріп, коректерін

тауып жеп күн көрген. Ауа райы-

ньщ салқындал, ормандардьщ онтүстікке қарай ығысуына байла-

нысты ашык далалы жерлер пайда болған.

Маймылдардың кейбір топтары ағаштан түсіп, жерде тірншгік етуге көшкен. Түрлі мекен ету орталарына бейімделу барысында дриопитектерден 3 тармак бөлініп шьп-ады. Олардың біреуінен казіргі горилла, екіныіісінен шимпанзе, ал үшіншісінен адамньщ аргы ата

теіі — австралопитектер пайда болтан (40-сурет). Австралопитектер

екі аяғымен тік жүрген, бойының биіктігі — 100—120 см, дене

салмағы 20—50 кг шамасында болған. Олар біздің ежелгі арғы ата

тегіміз больш есептеледі. Австралопитектер ашьж далалы жерлерде

тіршілік етіп, өсімдіктектес жөне

жануартектес азықтармен корек-

тенген. Тістерінщ күрылысы адамның

тістеріне үқсас болтан. Еңбек күралы

ретінде малтатастарды (галечник)

жөне ірі түяқты жануарлардың

үзын сүйектерін өндеп пайдаланған.

Миының массасы 550 г-ға жуык

болған.

Ғылыми мөліметтерге қарағанда,



кейішрек, шамамен, осьщан 2—3 млн

жыл бүрын австралопитектерге кара-танда адамға жакындау тұрған ата-

тек әкілдері өмір сүрген. Олардьщ миы

біршама жаксы жетілген, массасы —

650 г. Малтатастардан алуан түрлі

қүралдар жасай білген, аяк-кол

саусактарынын орналасуы өзгеріп,

адамдарға көбірек ұксаған. Мүны

ғылымда епті адам (Homo habUis) деп

атайды.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет