Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету



Дата07.02.2022
өлшемі417,54 Kb.
#83095
түріСабақ
Байланысты:
alzhapysh-pen-oramaldy-syzbasyn-tryzu-m1-4-m1-1.
61751326-a10b-454e-8277-b3fbb6cef334, a16031547

Күні:
Пәні: Технология
Сыныбы: 6
Тақырыбы: Алжапқыш пен орамалдың сызбасын тұрғызу М1:4, М1:1.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету.
Дамытушылық: оқушыларға сызба құрастырудың маңызын түсіндіру, өлшемдердің мағынасын ашу, теориялық білімдерін іс жүзінде қолданудағы шығармашылық ой қиялын дамыту.
Тәрбиелілігі: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу,алжапқыш түрлері арқылы басқа да сәндік алжапқыштар жасау дәрежесіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету
Пән аралық байланыс: сурет, сызу, математика.
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, үй тапсырмасын тексеру сұрау.
Жаңа сабақ
Сызба- бұйымның шынайы көлемінің кішірейтілген немесе үлкейтілген түрдегі жазықтағы графикалық бейнесі. Бұйымның қанша есеге кішірейтілгенін немесе үлкейтілген көрсететін мөлшер «маштаб» деп аталады.
Маштаб екі санның өзара байланысы түрінде, біріншісі сызбаға, ал екіншісі бұйымға қатысты жазылады. Маштаб 1:4 бұйым сызбасы 4 есе кішірейтіліп берілгенді білдіреді.
Кішірейтілген маштаптағы сызбаны сызу үшін пішуші сызғышы қолданылады. Бұл сызғыштың әрбір сантиметірі төртке бөлінген, әр бөлігі сантиметрге тең, мұндай сызғышты қолданғанда, пішімі 1:4 маштабта кішіріліп сызылады.
Адамның дене бітімі симметриялы (егер ойша екіге бөліп көрсең, дене бітімінің оң жағы мен сол жағы бірдей). Сондықтан киім пішімінің сызбасы дене бітімінің жартысына сызылады. Киімді конструкциялауда барлық кесінділер конструктивті сызыққа сәйкес келетін әріппен, мысалы, К-кеуде, Б-бел, Қ-қалта және т.б. белгіленеді.

Алжапқыштың М 1:4 сызбасының құрылымы
Сызба сызу үшін киім пішушінің сызғышы, бұрыштық, қарындаш, өшіргіш болуы керек.
Алжапқышпен сызбасын сызу реттілігі .
Сызба торын құру

  1. Оң жақ жоғары бұрышты Ж нүктесінен тік бұрыш сызыңдар. Ол үшін Ж нүктесінен солға қарай көлденең, төмен қарай тік екі сызық жүргізіңдер



  1. Ж нүктесінен көлденең сызық бойынан алжапқыш енін өлшеп, Ж1нүктесін белгілеңдер:

ЖК1=Мжа:2+6

  1. Ж нүктесінен төмен қарай тік сызық бойынан алжапқыш ұзындығын өлшеп, Т нүктесін белгілеңдер:

ЖТ=Кұ+Тбұ

  1. ЖЖ1 және ЖТ екі жағы бойынша Ж1ЖТТ1 тікбұрыш сызыңыздар.

  2. Ж нүктесінен төмен қарай көкірекше ұзындығын өлшеп, Б нүктесімен белгілеу. Б нүктесінен солға қарай тік сызық жүргізіп (бел сызығы), Ж1Т1 сызығымен қиылысқан жері Б1 нүктесімен белгілеңдер.

ЖБ=Кұ

Көкірекше сызбасын сызу

  1. Ж нүктесін солға қарай көкірекше енінен өлшеп, Ж2 нүктесін белгілеңдер:

ЖЖ2=7 см

  1. Б нүктесінен солға қарай бел сызығы бойынан көкірекше енін өлшеп, Б2 нүктесін белгілеңдер. Көкірекшенің бүйір сызығы Ж2 және Б2 нүктелерін қосыңдар.

ББ2=9 см
Қалта сызбасын сызу
8.б нүктесінен төмен қарай 7 см өлшеп, Қ нүктесін белгілеңдер; Қ нүктесінен солға қарай 7 см өлшеп, К1 нүктесін белгілеңдер.
БҚ=7см
ҚҚ1=7 см
9. Қ1 нүктесінен солға қарай қалта енінен тең көлденең сызық жүргізіп, Қ2 нүктесімен белгілеңдер.
Қ1Қ2=14 см
10. К нүктесінен төмен қарай қалта тереңдігіне тең тік сызық жүргізіп, Қ3 нүктесімен белгілеңдер.
Қ1Қ3=15 см
11. Қ1Қ2 және Қ1Қ2Қ3Қ4 тікбұрышын сызыңдар.
12. Көкірекше, төменгі бөлшек және қалта контурын айналдыра сызыңдар.

Үшкіл орамал сызбасын сызу
1. Төбесі Б нүктесі болатын тік бұрыш сызыңдар.
2. ББ1 =ББ2=35 см үшкіл орамалдың тік жақтары үштарына дейінгі ұзындық.
3. ББ1 Б2 үшбұрышын сызыңдар.


Белдік сызбасын сызу
1. Белдік ені-ББ1=5см
2. Білдік ұзындығы-ББ2+30 см
3. ББ2 Б3 Б1 тікбұрышын сызу және оны жиектеп айналдыра сызып шығыңдар.
Аспабау сызбасын сызу
1. Аспабау ені- АА1=5 см
2. Аспабау ұзындығы- АА2=50 см
3. АА2 А3 А1-тікбұрыш сызып, оны жиектеп сызыңыздар.


Қорытынды: бүгінгі сабақта алжапқыштың свызбасын сызуды үйрендік.
Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.
Үй тапсырмасы: алжапқыш сызбасын аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет