Сабақтың тақырыбы : Ыбырай әңгімелері тәлім тәрбие құралы



бет1/4
Дата25.01.2022
өлшемі64,5 Kb.
#114483
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Ыбырай әңгімелері – тәлім тәрбие құралы.
15 урок, Однофазные выпрямители, 7 сабақ, Термодинамика негіздері, 11 урок, Smart – обучение. Поисковые системы и машины Интернета., Шалкиіз және Доспамбет жыраулар, 11 сабақ, Электр энергиясын беру және тарату, 18 Зертханалық жұмыс, 18 Зертханалық жұмыс, 18 Зертханалық жұмыс, 1 Зертханалық жұмыс, 1 Зертханалық жұмыс, Габиден Мустафин, 16 сабақ, Микроэлектроники негіздері, Аксес лабораторные, 9-сабақ Құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемнен айырмашылығы, СРСП 31.05.2021

Күні: 20.05.2021 ж. Топ: УКЯ-1-19

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай әңгімелері – тәлім тәрбие құралы.

Сабақтың мақсаты: Ыбырай әңгімелері тақырыбы, идеясына жан-жақты талдау жасау, адами құндылықтарды бойларына сіңіру.

Қарастырылатын сұрақ:

  1. Ыбырай – әңгіме жанрының шебері

(Бұл өткен сабақта берілген тапсырма: https://bilimland.kz/kk - сілтемесі бойынша өтіп, әңгімелердің аудионұсқасын тыңда, мазмұны бойынша постер құр).


Сабаққа қатысты қосмыша дәріс мәтіні:

Ыбырай əңгімелерін үш топқа бөлуге болады: оның бірі — новелла; екінші тобы — ауыз əдебиетінде қалыптасқан ертегі-аңыз үлгісіндегі əңгіме; үшінші тобы — шағын көлемді мысал үлгісіндегі өнеге сөздер.

Мазмұны жағынан Ыбырай əңгімелері өз кезінің келелі мəселелерін қамтыған. Ғұламаның шығармаларының барлығы дерлік оқырманын адамгершілікке, кішіпейілділікке, еңбек-сүйгіштікке, əділдікке, жақсылыққа, өнерпаздыққа, зеректікке, кəсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады. Жақсылыққа əуестеніп, жамандықтан аулақ болуға баулиды.

Жазушы «Бақша ағаштары» атты белгілі əңгімесінде тəрбиенің не екенін қарапайым ағаштармен салыстыру арқылы былайша сипаттап береді: Жаздың əдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? — деп сұрады баласы.

Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, — деді атасы.

Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, — деді баласы.

Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе əбірет алсаң болады; сен жас ағашсың, саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетімен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің [1; 70, 71].

Бұл əңгіменің ата-аналар үшін де, оқушылар үшін де тəрбиелік мəні зор. Балаға жас күнінен дұрыс тəрбие беру оның болашақ өмірі үшін өте қажет. Есейіп кеткен соң оның қисығын түзеу қиынға түседі. Ыбекеңнің бұл əңгімесі мектеп балаларын тəрбиелеуде қазір де басшылыққа алатын басты ұстаным болып саналады.

Жазушының шығармаларының ішінде сюжеті қызықты «Таза бұлақ» атты əңгімесі. Мұндағы үш жолаушының бірі — саудагер, екіншісі — молда, үшіншісі — жай бір келбетті жігіт. Бұлардың əрқайсысының өзінше түсінігі, өмірге деген көзқарасы бар. Олар жолдағы бір таста жазылған. Ей, жолаушы таза болсаң, осы бұлақтай бол» деген сөзді өздерінше ұғынады: «...Үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң, жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:



  • Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, — деді.

Екінші жолаушы мүсəпір молда екен, басын шайқап:

  • Жоқ, мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дəметпейді; бұлай болса адамға да əбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір əдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» — деп сұрады.

Жігіт айтты:

  • Менің ойыма бөтен бір нəрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп- шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып түрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сəулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.

Автор бұл туындысында кісі еңбегін қанайтын саудагерді де, елге жалған үтіт тарататын алдамшы молданы да жақтамайды. Ол еңбекші халық өкілі — жас жігіт ниетін жақтап, соның ойын құптайды.

Ы.Алтынсариннің шығармашылығында еңбекке тəрбиелейтін бірнеше əңгімелері бар. Солардың ішіндегі ең биік шыңы — «Бай мен жарлы баласы».

Бұл туындыда Асан — өмірдің қиыншылығын көрмеген бай баласы, ал Үсен — өмір мектебінен өткен кедей баласы. Жазушы үйрек ұстап, шақпақ тұтатып, тамақ пісірген, қармақ иіп балық аулап, түнімен от жағып, қамаған қасқырдан да қорықпай, Асанды көшіп кеткен елге аман-есен алып жеткен Үсеннің ұстамдылығын байыппен баяндай келіп, түрлі ситуацияны қисын тауып қосып отырып ашады. Қызықтыру, елітіп, енді не болар екен дегізіп қоятын тосын оқиға желісі, айнала табиғат, жанды-жансыздың жаратылыс суреті, баланың жай-күйі, суда ойнаған балық көрінісі — Ыбырайдың жазу өнеріндегі тіл шеберлігі, дүние құбылысын көркем бейнеге көшірудегі қаламгерлік дарыны.

Бір сөзбен айтқанда, Ы.Алтынсарин қыр өміріндегі балалықтың қым-қуыт шиеленіске құрылған бір күнін классикалық əңгімеге айналдырған. Оның бұл шығармасының тəрбиелік түйіні егер өзіңді- өзің еңбекке, ұқыптылыққа баулып, шынығып өссең, Үсен сияқты өмірге икемді, қиыншылыққа мойымайтын, өршіл боласың. Ал еңбексіз арамтамақтықпен өссең, Асанға ұқсап қабілетсіз, икемсіз, енжар боласың деген тұжырымға келіп тіреледі.

Жазушы жасөспірімдерді адал еңбек етуге шақырады. Бұл ойын «Қыпшақ Сейітқұл» əңгімесінде өте қызықты əрі тартымды етіп өрбітеді. Онда егін егіп, халықты соңына еріте білген Сейітқұл мен оның ұрлықпен күнелткен баукеспе ағасын салыстыра отырып баяндайды. Оңай олжаға қызыққан ұры ағасы біреулердің қолынан қаза табады: ...Сейітқұлдың ағасы аттаныс-түсіспен жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, Қоңырат жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті; қалған мал-жанын ұрының малы деп Түркістан əкімдері талап алып, жамағаттарын Сейітқұл көп жылдар іздетіп, таптырып, қасына алыпты-мыс.

Сейітқұл болса ақ адал еңбегінің арқасында мол дəулетке ие болады. Оның халық арасындағы беделі артады. Əңгіме түйіні осындай.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет