Сабақтың тақырыбы: 1-қыркүйек-Білім күні. Сабақтың мақсаты



бет9/14
Дата04.07.2018
өлшемі2,91 Mb.
#46435
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Сабақ жоспары
Күні Пән: қазақ тілі Сынып 4

Сабақтың тақырыбы: Жолбарыс
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша диалог арқылы сөйлесуге, сұрақтарға жауап беруде өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Білімділік: «Жолбарыс» тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Жолбарыс туралы түсініктерін тереңдету. Септіктерді қаншалықты деңгейде меңгергенін тиянақтау.
Дамытушылық: Жұмбақ оқытып, шешкізу арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Туған өлке табиғатына, онда өмір сүретін жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: суреттер, оқулық.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Сабаққа кіріспе.
- Балалар, алдымен барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Мұғалімді көргенде,
Сәлеметсіздер ме? – деп, сәлемдесіп аламыз.
4. Сыныпта психологиялық ыру.
- Бүгін кезекші кім?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Бүгін сабаққа деген көңіл-күйлерін қандай? (смайлик көрсету)
- Көңілді өтсін,Сәттілік тілейміз!
II. Үй жұмысын тексеру.
«Сандарды сөйлет» тапсырмасы бойынша аңдар туралы айту.

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Ой қозғау. Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. Жолбарыс қай жерлерде болуы мүмкін? - деген сұраққа жауап алу.

Күтілетін жауаптар: орманда, тауда, хайуанаттар бағында, биологиялық орталықта.


2. Сөздік жұмысы.
Мұғалім оқып, жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталайды.Сөздік дәптерлеріне жазады. Сөз тіркестерін құрап үйретеді.

жолбарыс – тигр

оңай - легко
күшті – сильный

өлтіреді - убивает


жыртқыш – хищник

ертеде – давным-давно


қабан – дикая свинья

қамысты жағасында – в прибрежных камышах

оңай-легко

өлтіреді-убивает

ертеде-давным-давно

қамыстың жағасында-в прибрежных местах




3. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.

1. Мұғалім мәтінді түсінікті етіп оқып береді.


2. Оқушылар мәтінді кезектесіп оқып, түсініп оқиды.

3. Мәтін бойынша бір-біріне сұарқтар қойып, жауап береді.



Жолбарыс

Жолбарыс-өте күшті жыртқыш аң. Ол 9-10 метр жерге секіреді. Жолбарыс қабанды, сиырды, жылқыны оңай өлтіреді. Ол аюды да өлтіре алады. Жолбарыс сағатына 120 км жүгіре алады. Ертеде Қазақстанның Іле, Балқаш, Шу, Сырдария, Зайсан сияқты өзен, көлдерінің қамысты жағасында жолбарыс көп болған.


Жаңа мәлімет беру
Терісі пайдалы. Бағалы киімдер тігіледі.

4.Жануарлардың балаларының атауларымен таныстыру.
Аққудың баласын-көгілдір.
Еліктің баласын-еңілік.
Аюдың баласы-қонжық.
Бұғының баласын –бұғышақ.
Түлкінің баласын-түлкішек,мыршай.
Қоянның баласы-көжек.
Барыстың баласы-алан.
Киіктің баласы-құралай.
Жолбарыстың баласын-шөнжік.

5. Сергіту сәті.
Лексика-грамматикалық тақырып. Септіктерді қайталау.
1. І қатар «Жануар » ІІ қатар «жолбарыс» деген сөзді септеу.
2. Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырып жаз.
Өте күшті, жолбарыс , аң, жыртқыш.
Орманда, жүреді, ол, тауда.
Хайуанаттар, мен, көрдім, жолбарысты, бағынан.
Аюды, жолбарыс, қабанды, оңай, өлтіреді , жылқыны.


3. «Сен білесің бе?» мәліметтермен таныстыру. 179-бет, 3-тапсырма.

Ең ірі маймыл-горилла

Ең ірі-бақа-голиаф

Ең кіші кенгуру-валлаби

Ең жүйрік сүтқоректі-гепард

Ең ірі қолтырауын-Нил қолтырауыны

Ең ірі көбелек-агриппина

ІҮ. Бекіту:
«Жолбарыс» тақырыбына байланысты сөз тіркестерін теріп жазыңдар.


Жыртқыш аң, үй құстары,хайуанаттар бағы, кішкентай аң,қамыста тіршілік етеді, төрт түлік, аюды өлтіреді, сүт береді, торда тұрады.

Ү. Қорытындылау:
Тест сұрақтарына жауап беру арқылы сабақ қорытындыланады.

1. Жолбарыс қандай аң?


2. Ол неше метр жерге секіреді.
3. Қандай жануарларды оңай өлтіре алады?
4. Жолбарыс сағатына неше км жүгіре алады?
5. Ертеде қай жерлерде болған?
6. Жолбарыстың баласын қалай атайды?

ҮІ.Бағалау:



ҮІІ.Үй тапсырмасы:
1. Жаңа сөздерді жаттау.
2. «Жолбарыс» мәтінін оқу, мазмұндау.
ҮІІІ. Рефлексия.


  • Бүгін сендерге сабақ ұнады ма?

  • Не қиын болды?

  • Не білдіңдер?



Жолбарыс

Сөздік жұмысы.
жолбарыс – тигр

оңай - легко


күшті – сильный

өлтіреді - убивает


жыртқыш – хищник

ертеде – давным-давно


қабан – дикая свинья

қамысты жағасында – в прибрежных камышах


Мәтінмен жұмыс.

Жолбарыс

Жолбарыс - өте күшті жыртқыш аң. Ол 9-10 метр жерге секіреді. Жолбарыс қабанды, сиырды, жылқыны оңай өлтіреді. Ол аюды да өлтіре алады. Жолбарыс сағатына 120 км жүгіре алады. Ертеде Қазақстанның Іле, Балқаш, Шу, Сырдария, Зайсан сияқты өзен, көлдерінің қамысты жағасында жолбарыс көп болған.


Жануарлардың балаларының атауларымен таныстыру.
Аққудың баласын - көгілдір.
Еліктің баласын - еңілік.
Аюдың баласы - қонжық.
Бұғының баласын – бұғышақ.
Түлкінің баласын - түлкішек,мыршай.
Қоянның баласы - көжек.
Барыстың баласы - алан.
Киіктің баласы - құралай.
Жолбарыстың баласын - шөнжік.

Лексика-грамматикалық тақырып. Септіктерді қайталау.
1. І қатар «Жануар » ІІ қатар «жолбарыс» деген сөзді септеу.

2. Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырып жаз.
Өте күшті, жолбарыс , аң, жыртқыш.
Орманда, жүреді, ол, тауда.
Хайуанаттар, мен, көрдім, жолбарысты, бағынан.
Аюды, жолбарыс, қабанды, оңай, өлтіреді , жылқыны.
3. «Жолбарыс» тақырыбына байланысты сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

Жыртқыш аң, үй құстары,хайуанаттар бағы, кішкентай аң,қамыста тіршілік етеді, төрт түлік, аюды өлтіреді, сүт береді, торда тұрады.



Сабақ жоспары
Күні Пән: қазақ тілі Сынып 4
Сабақтың тақырыбы: Піл - ең ірі жануар
Сабақтың мақсаты: Берілген сандарды сөйлету арқылы мәтінді әңгімелей алуға жетелеу, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету.
Білімділік: «Піл» тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Піл туралы түсініктерін тереңдету. Септіктерді қаншалықты деңгейде меңгергенін тиянақтау.
Дамытушылық: Жұмбақ оқытып, шешкізу арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Туған өлке табиғатына, онда өмір сүретін жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, компьютермен жұмыс, ой қозғау. Көрнекілігі: суреттер, оқулық.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Сабаққа кіріспе.
- Балалар, алдымен барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Мұғалімді көргенде,
Сәлеметсіздер ме? – деп, сәлемдесіп аламыз.
4. Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру.
- Бүгін кезекші кім?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Бүгін сабаққа деген көңіл-күйлерін қандай? (смайлик көрсету)
- Көңілді өтсін, сәттілік тілейміз!
II. Үй жұмысын тексеру.
«Сандарды сөйлет» тапсырмасы бойынша аңдар туралы айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ой қозғау. Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. Піл қай жерлерде болуы мүмкін? - деген сұраққа жауап алу. Күтілетін жауаптар: орманда,, хайуанаттар бағында,Үндістанда, циркте.
Сөздік жұмысы.
Мұғалім оқып, жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталайды.Сөздік дәптерлеріне жазады. Сөз тіркестерін құрап үйретеді.

Піл - слон

Құрлықтағы - на суше

Ересек - взрослый

Азу тіс - коренной зуб

Үндістанда- в Индии

Өсімдік - растение

Ми - мозг

Бүйрек - почки

Ішек - кишки



Мәтінмен жұмыс.

1. Мұғалім мәтінді түсінікті етіп оқып береді.


2. Оқушылар мәтінді кезектесіп оқып, сөздікке сүйене отырып, аударма жасайды.
3. Жақсы меңгерген 1–2 оқушы мәтінді әңгімелеп береді.
Піл

Піл - құрлықта ең ірі, ауыр салмақты жануар. Оның салмағы 9 тоннадай болады. Азу тісінің салмағы 220 кг .Ересек пілдер бір күнде 140 кг өсімдік жейді. Пілдер тәулігіне 100-200 литр су ішеді. Олар 70-80 жыл өмір сүреді. Миының салмағы 4,5 кг. Бүйрегінің салмағы 16 кг. Ішегінің ұзындығы 30 метр. Піл баласын 22 ай күтеді. Пілдің отаны –Африка мен Үндістан.


ІҮ. Лексика-грамматикалық тапсырмалар.

  1. Тәуелдік жалғауын қайталау.
    1. І қатар «Жануар » ІІ қатар «піл» деген сөзді тәуелдеу. Компьютермен жұмыс.
    2. Берілгенсандарды сөзбен жазып,сөйлемді толықтырыңдар.
    «Сандарды сөйлет» ойыны


--9 тонна, 30 метр, 70-80 жыл, 16 кг, 4,5 кг, 140 кг, 100-200 литр, 220 кг, 22 ай.
3. 3 тапсырма «Біліп ал»

Африка пілдері ағашқа немесе үйдің қабырғасына сүйеніп ұйықтайды. Арыстан мен аю шалқасынан жатып ұйықтайды. Шимпанзе тәулігіне 12-13 сағат ұйықтайды. Жарқанат басын төмен салбырата ағашқа асылып ұйықтайды. Тиіндер бұтаққа асылып ұйықтайды.



Ү. Қорытындылау:
1. Құрлықтағы ең ірі жануарды білесіңдер ме?

2. Салмағы неше тонна?

3. Азу тісінің салмағы қанша?

4. Неше литр су ішеді?

5. Піл баласын қанша уақыт күтеді?

6. Пілдің отаны қай елдер?

7. Сен пілді көрдің бе, ол қандай?

ҮІ.Бағалау:



ҮІІ.Үй тапсырмасы:
1. Жаңа сөздерді жаттау.
2. «Піл» мәтінін оқу, мазмұндау.

ҮІІІ. Рефлексия.


  • Сабақ сендерге ұнады ма?

  • Не білдіңдер?

  • Не үйрендіңдер?


Піл

Сөздікті оқыңдар.

Піл - слон

Құрлықтағы - на суше

Ересек - взрослый

Азу тіс - коренной зуб

Үндістанда – В Индии

Өсімдік – растение

Ми - мозг

Бүйрек - почки

Ішек - кишки


Мәтінді оқу, түсіну.

Піл

Піл - құрлықтағы ең ірі, ауыр салмақты жануар. Оның салмағы 9 тоннадай болады. Азу тісінің салмағы 220 кг. Ересек пілдер бір күнде 140 кг өсімдік жейді. Пілдер тәулігіне 100-200 литр су ішеді. Олар 70-80 жыл өмір сүреді. Миының салмағы 4,5 кг. Бүйрегінің салмағы 16 кг. Ішегінің ұзындығы 30 метр. Піл баласын 22 ай күтеді. Пілдің отаны – Африка мен Үндістан.


Лексика-грамматикалық тапсырмалар.

1. Тәуелдік жалғауын і қайталау.
1. І қатар «салмақ » ІІ қатар «піл» деген сөзді тәуелдеу.
2. Берілген сандарды сөйлем етіп толықтырыңдар.
«Сандарды сөйлет» ойыны

Піл - 9 тонна, 30 метр, 70-80 жыл, 16 кг, 4,5 кг, 140 кг, 100-200 литр, 220 кг, 22 ай.


3 тапсырма «Біліп ал»

  1. Африка пілдері ағашқа немесе үйдің қабырғасына сүйеніп ұйықтайды.

  2. Арыстан мен аю шалқасынан жатып ұйықтайды.

  3. Шимпанзе тәулігіне 12-13 сағат ұйықтайды.

  4. Жарқанат басын төмен салбырата ағашқа асылып ұйықтайды.

  5. Тиіндер бұтаққа асылып ұйықтайды.



Сабақтың тақырыбы: Жәндіктер.                                         4-сынып

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру, мазмұны мен идеясын ашу.


2.Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, барлық тіршілік иелеріне деген қамқорлық сезімге  тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық кезең.

  2. Қайталау.

  1. Септіктер мысал келтіру.

  2. Аң атауларын қайталау.

  3. Малдардың пірін атаңдар.

     3.  Жаңа тақырыпты анықтау. Сөзжұмбақты шешіп, бүгінгі сабақтың тақырыбымен танысамыз.

1-медвежонок, 2-петух, 3- заяц, 4-свинья, 5-зебра, 6-лиса, 7-лев, 8-жираф,

9-барсук.

Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатымен таныстыру.

Сөздікпен жұмыс. 

Фонетикалық жаттығу:

Тер – тер – тер – жәндіктер

Лек – лек – лек – көбелек

Лік – лік – лік – инелік

Ңыз – ңыз – ңыз – қоңыз

Ке – ке – ке – шегіртке

Қа – қа – қа – құмырсқа

Са – са – са – маса

Ра – ра – ра – ара

Бын – бын – бын – шыбын

Ші – ші – ші – өрмекші

      Көбелек қандай?



  • Көбелек әдемі, кішкентай, қызыл.

  1.  Үй тапсырмасы:

Жаңа сөздерді жаттау.  Жұмбақтарды жатқа айту. 111-бет. 

   Сабақтың соңында оқушылар «Көбелек» өлеңін жатқа оқып, үйде дайындап келген «көбелектерін» ұшырады.



Жәндіктер

Қоңыз – жук

Шегіртке – кузнечик

Инелік – стрекоза

Шыбын – муха

Ара – пчела

Маса – комар

Құмырсқа – муравей

Өрмекші – паук

Қанқыз – божья коровка


Кімге қандай ойын ұнайды?

  • Келіңдер, бір-бірімізді сүзіп ойнайық!- деді мүйізді қоңыз Саратан (майский жук).

  • Сүзіскені несі, бұқа болып кеттік пе? Одан да бір-бірімізді теуіп ойнайық! - деді көк Шегіртке.

  • Тебісу деген не пәле?! Сол да ойын болып па?! Одан да бір-бірімізді шағып ойнайық! - деді Сона.

1-жаттығу. Жұмбақтарды шешіп, көшіріп жазыңдар.

1)Ойнамақ боп еркелеп,

Әдейілеп ерте кеп

Гүлге қонды қалықтап,

Кіп-кішкентай тікұшақ.  (................)

2)Торын құрып қояды,

Шыбындарды жояды.   (....................)

БҰЛ ҚЫЗЫҚ!

       Жәндіктердің ішкі қаңқасы жоқ. Денесіне жеңіл және берік заттан құралатын сыртқы жабын тірек болады.

       Африкадағы кейбір құмырсқалар акация бұтақтарының тікендерінде өмір сүреді.

       Аяғындағы жабысқақ таяныштардың көмегімен шыбындар төбеде жүре алады.

       Қарақұрт өрмекшісі ұрғашысының уы сұр жылан уынан 15 есе күштірек.

       Жасыл азық іздеу жолында ұшатын көкқасқа шегіртке жүздеген, тіпті мыңдаған километрлер ұшуы мүмкін.



Сұрақ-жауап

Қандай жануарларды білесіңдер? .................................................



  1. Қандай жәндіктер еңбекқор? ............................................................

  2. Қай жәндік адамға бал береді? .........................................................

  3. Қай жәндік тікұшаққа ұқсайды? ............................................................


Сабақтың тақырыбы: Еңбекқор  жәндіктер

Сабақтың мақсаты:


1. Білімділік: Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру, мазмұны мен идеясын ашу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, барлық тіршілік иелеріне деген қамқорлық сезімге  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:  аралас   сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
1. Венн диаграммасы.
2. “Ой қозғау” стратегиясы.
3. “Т кестесі” стратегиясы.
4. “Рафт” стратегиясы.
5.  Бес жолды өлең.
6. “Топтау” стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бейнежазба,оқулық.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
I.  Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық: Көңіл күй сыйлайық!
Жүректен – жүрекке

Әр оқушы кішкене жүрекшелер бір – біріне тілек жазып, «Ғажайып ағашқа» іледі.


2. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр топ өрмекші,құмырсқа, қарлығаш  туралы мәлімет жинап, топ бойынша  жұмыстарын қорғайды. Бір – бірін қайталамайды.
Жаңа сабақ.
ІІ. Мағынаны тану.
Венн диаграммасы.
-Сонымен балалар өрмекші,құмырсқа, қарлығаш 3  жәндікке ортақ ,ұлы қасиет не екен?
-Еңбекқорлық екен .Бір сөзбен айтқанда оларды  “Еңбекқор жәндіктер”деп айтамыз.
-Балалар, дұрыс айтасындар бүгінгі сабақта біз Балалар әдебиетінің атасы -Ы.Алтынсариннің  еңбекқор жәндіктер   жайлы айтылатын мәтінмен танысамыз.
Сөздікпен жұмыс.

Нанның уағы – нанның үгіні, қиқымы


ғибрат-үлгі, өнеге
тұзақ
Сөйлем құру.(ауызша)
Бейнекөрініс көру.
“Жарас”студиясы ұсынған мультфильм.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді рольмен оқу.
Мәтін бойынша сұраққа жауап құрастыру.
(3 топ бірін-бірі қайталамай,сұрақтарға толық жауап керек.)

Халық болжамдары туралы мәлімет беру.

-Балалар,бізге бұл еңбеккор жәндіктер бізге қонаққа келіпті.Бірақ, құр қол келмей, сендерге қызықты тапсырмалар әкеліпті.Қанеки,бәріміз бірігіп білімді, ақылды,алғыр  екенімізді тағы байқатып көрейікші.
Қарлығаштың  хаты
“Ой қозғау”
3 топқа  1 сұрақтан бөліп беріледі. (Әр оқушы өз жауабын,өз айту керек.)
-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
– Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
-Еңбекқор  деп қандай адамды айтамыз?
Құмырсқаның хаты
“Т кестесі” стратегиясы.
Әр топ  жағымды қасиеттер туралы жазып  оларға қарам-қарсы жағымсыз қасиеттер тауып жазады.
еңбекқор- жалқау
мейірімді – қатыгез …т.б.
Жағымды қасиеттерді барлығымыз хормен дауыстап оқимыз.
-Көрдіңдер ме,балалар,бойымызға жағымды қасиеттерді сіңіріп, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуымыз керек.
Өрмекшінің  хаты
“РАФТ”стратегиясы.
Оқушылар өздерін осы жәндіктердің орнына қойып,олардың қасиеттерін еске түсіріп, солардың атынан сөйлемдер айтады.
Сабақты қорытындылау.
ІІІ. Ой толғаныс.
Sinkuein немесе «5 жолды өлең» стратегиясы
Дәптермен жұмыс.
5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Балама сөз.
Топтастыру стратегиясы.
«Еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау.

Мұғалім сөзі:


Қазақ ұстаздарының атасы Ыбырай Алтынсариннің дәл осы бір шағын әңгімесінен кейін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің ел халқын еңбекке баулыған жолдауы есіме түсіп тұр.Елбасымыз  халқымызды  еңбекке, өнерге, мейірімділікке шақырды, жалқаулықтан жирендірді. Қарасаңыз, Алтынсариннің балаларға арнаған насихатын бүкіл халыққа бір-ақ бағыттады. Елбасы жолдауы ғұлама ұстаздың «Өрмекші, құмырсқа, қарлығашымен» үндес шықты.
-Әлсіз жәндік, жұдырықтай құс демей, олардан да алар сабақ, үйренер үлгілеріміз көп секілді.
Тәуелсіз -еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда. Сондықтан да өрмекшідей өнерлі, құмырсқадай тәртіпшіл, қарлығаштай қайырымды , еңбекқор,ұйымшыл болыңдар-деген тілекпен сабақты аяқағым келіп тұр.
Кері байланыс.  (Рефлексия)
Тақтаға барып смайліктерін іледі.
-Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік?
-Сабақ ұнады ма?
-Қай сыныптасыңның жауабы ұнады ?
-Қандай қиындықтар болды?
Үйге тапсырма: Мәтінді әңгімелеу.Сөздік жаттау.
Бағалау.

Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет