Сабақтың тақырыбы Адам әрекетінің экожүйеге жағымсыз әсері Сабақтың мақсаттары



бет9/15
Дата20.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#103831
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
11сын спец жоспар
академиялық дискурс, академиялық дискурс, family, Sample Answer 1, Sample Answer 1, Primerny Perechen Voprosov Kotorye Mogut Zada, Talkative разговорчивый, 1 !26-ОШ ТЖБ Химия 8-сын қаз, 5кл-4 кмж, 5 сын ҚМЖ 4тоқсан
Мұғалімнің аты-жөні: Актокалова Ж.Е.

Сынып:11

Қатысқандар:

Қатыспаған-дар:

Сабақтың тақырыбы

Ауыр металдардың әсері (сатуризм,ита-ита т.б аурулары)

Сабақтың мақсаттары


  • Қазақстандағы ауыр металдар өндіру мен өңдеу туралы анықтама беру.

  • Ауыр металдардың адам денсаулығына әсері мен тудыратын ауру түрлеріне тоқталу.

Пәнаралық байланыс

экология

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы


Ұйымдастыру кезеңі

Психология ахуал «Өрмекші торы»әдісі

Оқушылардың бір-біріне жылы лебіз айту.
Жаңа сабақ

Ауыр металдар – тығыздығы темірдің тығыздығынан (7,874 г/см3) артық болатын түсті металдар тобы. Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий жатады.

Қазақстандағы ауыр металдарды өндіру, өңдеу


Ауыр металды кендердің құрамы өте көп болып келеді. Оларды тиімді пайдалану үшін шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар құрылған. Шымкентте қорғасыннан басқа 14 түрлі өнім алады.

Ауыр металдарға күкірт ілесіп жүреді. Оның кендегі мөлшері 40% -ға дейін жетеді (Шығыс Қазақстандағы Николаев кешені). Балқыту кезіде улы күкіртті газ пайда болады. Газды бөліп алып, оны күкірт қышқылына айналдырады. Бұның қоршаған ортаға тигізетін зияны мол.

Ауыр металдардың тағы бір ерекшелігі - құрамында пайдалы компоненттердің аз болуы. Сондықтан балқыту зауыттары шикізат көзіне таяу орналасады. Бұл - оларды орналастырудағы негізгі принцип.

Ондай кендерді байыту үшін , әр компонентті біртіндеп ала отырып, көп кезеңді флотация қолданады. Концентратты арнаулы пештерде балқытып, тазартылмаған металл алады. Оны шақпақтап (зиянды қоспалардан тазартып), таза шақпақталған металл алады.

Біздің елімізде ауыр түсті металдарды - мыс пен қорғасын-мырыш (полиметалл) өндірісі салалары шығарады.

Концентраттағы металдың аз мөлшері (20-30%) мен энергияны аз қажет етуіне байланысты, мыс өндірісінің зауыттары шикізатқа таяу салынады. Мыс қоры Қазақстанның барлық аудандарында бар, ең үлкендері Орталық пен Шығыста орналасқан.

Қазіргі кезде елімізде мыс негізінен Жезқазған мен Балқаштың кен-металлургиялық комбинаттарында (КМК) өндіріледі. Бұл қос кәсіпорнында мыс алудың барлық сатылары бар.

Қорғасын және мырыш өнеркәсібінің ортақ шикізат базасы - полиметалл кендері бар. Ұзақ уақыт бойы олардың қоры жөнінен Шығыс пен Оңтүстік алда болды. Шығыстың кенінде қорғасынға қарағанда мырыш көп. Керісінше, Оңтүстіктің кенінде мырышқа қарағанда, қорғасын көп. Қорғасын, мырыш өнеркәсібінде концентраттың құрамында металл көбірек болады (45-65%).

Біздің мемлекетіміздегі полиметалл өндірісінің басты ауданы - Кенді Алтай. Мұнда 3 ірі орталық бар - Алтай ауданы, Риддер және Өскемен. Олардың арасында өзіндік "еңбек бөлінісі" қалыптасқан. Оны Өскемен СЭС-ның арзан қуатына байланысты орналастырған. Бірақ ол қорғасын өндірісімен құрамдастырылған.

Риддерде қорғасын мен мырыш өнеркәсібінің барлық кезеңдері - кенді өндіруден бастап, металл және қорытпа алуға дейінгі кезеңдер түгел қамтылған.

Еліміздің оңтүстігіндегі полиметалл өнеркәсібінің ірі орталығы - Шымкент. Мұнда да Өскемендегі сияқты "өндірістің жоғарғы қабаттары" жолға қойылған.



Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.Сынап. Қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың т. астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады. Металдық (элементарлық) сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары.

Сынаптың металлорганикалық қосылыстары (әсіресе метил сынап) ағза үшін өте улы және қауіпті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет