Сабақтың тақырыбы Адам әрекетінің экожүйеге жағымсыз әсері Сабақтың мақсаттары



бет11/15
Дата20.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#103831
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
11сын спец жоспар
академиялық дискурс, академиялық дискурс, family, Sample Answer 1, Sample Answer 1, Primerny Perechen Voprosov Kotorye Mogut Zada, Talkative разговорчивый, 1 !26-ОШ ТЖБ Химия 8-сын қаз, 5кл-4 кмж, 5 сын ҚМЖ 4тоқсан
Мұғалімнің аты-жөні: Актокалова Ж.Е.

Сынып:11

Қатысқандар:

Қатыспаған-дар:

Сабақтың тақырыбы

Пестицидтер және тыңайтқыштармен ластанудың қауіптілігі

Сабақтың мақсаттары


Барлығы : - Қоршаған орта мен адам денсаулығына пестицидтердің әсерінайқындайды.

Көпшілігі : Пестицидтердің биосферадағыәсер ету ерекшеліктерін ажыратады.

Кейбіреуі:Қоршаған ортаға түскен пестицидтер абиотикалық және биотикалық улы заттардың жануарларға әсерін анықтап, талдайды.

Пәнаралық байланыс

География, химия

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы



Ұйымдастыру кезеңі

Психология ахуал «Өзіңді мақта!» әдісі.

Қазір біздер балалар, шеңберге тұрамыз. Сіздермен өте қызықты жаттығу орындаймыз. Атауы да ерекше – «Өзіңді мақта!». Өзімізді мақтауға бізге сиқырлы доп көмектеседі. Әрбір оқушы қолына сиқырлы допты алғаннан кейін өзін мақтауы керек. Бұл жаттығу оқушыларда өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамытады.

Жаңа сабақ

Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай талдап алу керек.

Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:



  1. хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.

  2. Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.

  3. Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.

  4. Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.

  5. Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.

Калифорнияда пестицид шашу



Тапсырма-1

Интербелсенді тақтада көрсетілген пестицид түрлерінің ерекшеліктері мен қолданылуын ажыратып,жазыңыздар.







Түрлері

Ерекшеліктері

Қолданылуы

1

Акарицид







2

Биопестицид







3

Гербицид







4

Дефолиант







5

Инсектицид







6

Зооцид







7

Моллюскоцид







8

Редонтецид







9

Нематоцид







10

Фумигант







11

Фунгицид










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет