Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының бағыттары. Адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері Сабақтың мақсаты



Дата04.08.2017
өлшемі253,57 Kb.
#22714
Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының бағыттары. Адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға адам эволюциясының бағыттары және адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері жөнінде мағлұмат беру, өздігімен ізденуге баулу;

2. Дамытушылық: Оқулықпен және кестемен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту;

3. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас (бекіту сабағы)

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау

Көрнекіліктер: кесте

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:



  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын сұрау

«Адамдардың пайда болу кезеңі: Антропоген

  1. Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін зерттейтін ғылым саласы: антропология

  2. Алғашқы қылқанжапырақтылар шықты: Палеозой

  3. Алғашқы құс – археоптерикстің шыққан кезеңі: Юра

  4. Алғашқы құрлық өсімдіктері: Псилофиттер

  5. Алғашқы прокариоттар пайда болды: Архей

  6. Алғашқы құс – көнеқұс пайда болды? Мезозой

  7. Ежелгі заманның атауы: Архей

  8. Ерте палеозойға жатады? Кембрий

  9. Ең ұзақ мерзімге созылған заман: Архей

  10. Жер бетіндегі алғашқы организмдер: Протобионттар

  11. Жер бетінде тірі ағзалар қай заманда пайда болды? Архей

  12. Көпжасушалы балдырлар өсті: Протерозой

  13. Қай дәуірде жалаңаш тұқымдылар кеңінен таралды? Мезозой

  14. Қай дәуірде өсімдіктер судан құрлыққа шықты? Палеозой

  15. Органикалық дүниенің даму кезеңдері: Архей, пртоерозой, палеозой, мезозой, кайнозой

  16. Палеозой кезеңі: Девон

  17. Парапитектің пайда болуы: Кайназой

  18. Палеозой эрасының қай дәуірінде өсімдіктер құрлыққа шықты: Силур

  19. Папоротник тәрізділердің жер бетінде кеңінен таралу дәуірі: Палеозой

  20. Псилофиттерден пайда болды? Папоротниктер

  21. Приматтардың миы және сезім мүшелері дамыды? Кайнозой

  22. Силур, девон кезеңдері жататын заман: Палеозой

  23. Теңіз ішекқуыстылары, буылтық құрттар, ұлулардың басым көпшілігі дамыған заман:Протерозой

Сынақөтем сұрақтары:

  • Тіршіліктің ежелгі, өліп біткен формаларын зерттейтін ғылым

  • Таужыныс жасын дәлмедәл анықтауға жәрдемдесетін осы заманғы әдіс

  • Таужыныстар әлі шығып қалыптаспаған кездегі Жердің даму кезеңдері

  • Ғаламшарымыздың геологиялық және биологиялық даму тарихы бейнеленетін шкала

  • Өткен тіршіліктің ғалымдар тапқан барлық іздері нені жасауға жәрдемдесті?

  • Архей және протерозой замандарының эонға бірігуі

  • Мезозой және палеозой замандырының эонға бірігуі

  • Жер тарихында қай заман бірінші болып бөлінеді?

  • Жер тарихында қай заман ең ұзақ болып бөлінеді?

  • Тірі ағзалар қай заманда пайда болды?

  • Фотосинтез қай заманда пайда болды?

  • Эукариоттық және көпжасушалық қай заманда пайда болды?

  • Төменгі сатыдағы өсімдіктер қай заманда пайда болды?

  • Архей заманында қанша кезеңдер болды?

  • Палеозой заманында қанша кезеңдер болды?

  • Протерозой заманында қанша кезеңдер болды?

  • Мезозой заманында қанша кезеңдер болды?

  • Кайнозой заманында қанша кезеңдер болды?

  • Тас көмір қай заманда (кезеңде) қарқынды түзіліп жинақталады?

  • Жоғары сатыдағы өсімдіктер қай заманда пайда болды?

  • Омыртқасыз жануарлардың барлық типтері қай заманда пайда болды?

  • Тірі ағзалар қай заманда құрлыққа шықты?

  • Ашық тұқымды өсімдіктер қай заманда пайда болды?

  • Жабық тұқымды өсімдіктер қай заманда пайда болды?

  • Алғашқы нағыз омыртқалы жануарлар қай кезеңде пайда болды?

  • Алғашқы өрмекші тәрізділер қай кезеңде пайда болды?

  • Алғашқы бунақденелілер қай кезеңде пайда болды?

  • Алғашқы қосмекенділер қай кезеңде пайда болды?

  • Алғашқы бауырымен жорғалаушылар қай кезеңде пайда болды?

  • Алғашқы құстар қай кезеңде пайда болды?

  • Алғашқы сүтқоректілер қай кезеңде пайда болды?

  1. Жаңа тақырып

Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидыңсалмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.

Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады.



  • Оларға ежелгі адамдар (архантроптар),

  • ертедегі адамдар (палеоантроптар) және

  • қазіргі адамдар (неоантроптар) жатады.

Бас сүйек: 1. Дриопитек 2. Аустралопитек (ми көлемі: 450 - 650см3) 3. Питекантроп ( ми көлемі: 750 - 1100см3) 4. Неандерталь адамы(ми көлемі: 1400см3) 5. Кроманьон адамы (ми көлемі: 1400 - 1500 см3) 6.Саналы адам (ми көлемі: 1600см3)



Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынантасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эжен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos" — маймыл және"anthropos" — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен.

 Архантроп

Питекантроп

Питекантроптың ортан жілігінің құрылысы адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға, ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты оған маймыладам (питекантроп) деген ат берілді. Кейіннен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Питекантроптың қаңқа қалдықтары табылған кезде, әлі де аустралопитектердің де, епті адамдардың да қаңқа қалдықтары табылмаған еді. Сондықтан көп уакытқа дейін питекантроптар адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік. Питекантроптар иесі саналып келді. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға) немесе тік жүретін адамға ("ноmо erectus") жатқызады. Ежелгі адамдардың сыртқы дене құрылысының едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрін бір ғана түрге жатқызады. Архантроптар жер бетінде бұдан 1 млн жыл мен 500 мың жылдар аралығындағы кезеңде тіршілік еткен. Бұларды қаңқа қалдықтарының табылған жерлеріне сәйкес питекантроп, синантроп (қытай адамы), гейдельберг адамдары деп те атайды. Ежелгі адамдардың сыртқы белгілері аустралопитектермен, епті адамдармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсас әрі миының салмағы да үлкен. 750, 900 г, кейде 1000—1100 г-дай. Архантроптардың бойының ұзындығы 165—170 см, бұл белгілердің бәрі де олардың қазіргі адамдарға едәуір ұқсас екендігін дәлелдей түседі. Дегенмен архантроптардың қас үсті доғасы айқын байқалады әрі маңдайы тайқы және жазық, иегі алға қарай шығыңқы емес. Ежелгі адамдардың жақ сүйектері ірі, бас сүйегінің бет бөлімі жақсы дамыған, ал ми сауыты әлі де кішілеу.

Архантроптардың бір тобы — синантроптар (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. Синантроптардың көп белгілері питекантроптармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсайды. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғалымдар Гейдельберг адамы деп атап,архантроптарға жатқызды. Архантроптардың тіршілік әрекеттерінде де күрделі өзгерістер болғандығы байқалады. Олар көбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген. Тастан құралдар жасауды жетілдірген. Тұрмыс қажетіне қарай тастардың шеттерін өткірлеп, үшкірлеп шапқыға, кескіге, қашауға ұқсас құралдар жасай білген.Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктің бірі— сөздің пайда болуы. Сөз ежелгі адамдар арасындағы басты қарым- қатынас құралы болған. Өйткені олардың миының маңдай және самай бөліктерінің жақсы дамуы, дыбыстық ақпаратты қабылдау қабілетінің жақсы жетілгендігіне дәлел болады. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық және Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропа мен Алдыңғы Азия өңірінен де көптеп табылған. Бұл аймақтардан кейіннен архантроптар бірте-бірте Еуропа мен Азияның басқа да жерлеріне таралған деген пікірлер бар. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс мекендері, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа калдықтары көптеп табылды. Басқалардың қаңқа калдықтары табылған емес. Соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары соны дәлелдейді. Тас дәуіріне қатысты тастан жасалынған құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл облысыҚызылту елді мекенінен де табылды. Осындай зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қазақстан жерінде ежелгі адамдардың қоныс мекендері шоғырланған бірнеше аймақты анықтады. Ондай аймақтарға Маңғыстау, Үстірт, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Солтүстіктегі ұсақ таулы Көкшетау және Нарын- Бұқтырма, Ертіс маңы жатады. Архантроптар, негізінен, үңгірлерде өмір сүрген. Көптеген ғалымдар орталық немесе солтүстік Африка жеріндегі архантроптардың топтарынан казіргі адамдар пайда болған деген пікірді қолдайды.Архантроптардан бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясында ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану — эволюцияның басты бағыттары болды. Дегенмен де архантроптардың эволюциялық дамуында биологиялық факторлар, соның ішінде табиғи сұрыпталу басты рөл атқарған.



  1. Жаңа тақырыпты бекіту

Сұрақ-жауап:

Адам эволюциясында қандай кезеңдерді ажыратады?

Синантроптарға сипаттама беріңдер.

Архантроптардың қандай топтары тіршілік еткен?

Архантроптардың эволюциясындағы бағыттарды атаңдар.

Архантроптардың дене құрылысындағы негізгі белгілерді сипаттаңдар.

Питекантроптардың қандай белгілері маймылдарға, қандай белгілері маймылдарға ұқсас болған?

Архантроптардың жеке топтарының миының көлемінің артуын және соған сәйкес тұрмыс салтын сипттаңдар.

Архантроптардың қоныс мекендері және пайдаланған еңбек құралдары Қазақстанның қандай аймақтарынан табылған?

Архантроптардың жеке топтарының қаңқа қалдықтары дүние жүзінің қандай аймақтарынан табылды?

! Ежелгі адамдардың негізгі топтарына сипаттама беріңдер.


  1. Оқушыларды бағалау

  2. Үйге тапсырма беру: §29, бет118-121

Сынып: 6 А Сабақ№55

Пән: биология

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Вирустық жұқпалармен зақымдану және таралуы. Вирустық жұқпалардың алдын – алу және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Вирустық жұқпалармен зақымдану және таралуы, вирустық жұқпалардың алдын-алу және күресу шаралары туралы түсінік беру,

Дамытушылық: оқытудың беленділігін арттыру,оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту,

Тәрбиелік: санитарлық – гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың әдісі: баяндау, кестелер толтыру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: сызбанұсқа, карточкалар, суреттер

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • оқушылармен сәлемдесу

  • оқушыларды түгендеу

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Жаңа сабақты игеру.

Вирустар тудыратын ауру түрлері. Вирус агзаның жасушаларына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады. Олар: тумау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ұшық, ИТИС (иммунитет тапшылығын иемденген синдром). Бұл ауруларды емдеу өте киын. Вирустарға антибиотик дәрілер әсер етпейді. Көбіне ағзаның иммунитет жүйесі гана ауру туғызатын вирустардың шамадан тыс көбейіп кетуін тежейді.

Иммунитет - ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті. Ағзаның өз

тұтастығын және биологиялык даралылығын қорғайтын жасуша иммундық жасуша деп аталады. Ауру тудыратын ұсақ ағзаларды кармап, тіршілігін жою арқылы иммундык жасуша ағзаны кауіпті жұқпадан (инфекциядан) сақтандырады.

Өсімдіктерде вирустар тудыратын аурулар. 100 топка бірігетін вирустар мыңнан астам өсімдік ауруларын қоздырады. Вирус зақымдаған өсімдіктердің жапырағында, басқа мүшелеріңде түрлі түсті дактар, жолақтар пайда болады. Вирустардың әсерінен кейбір өсімдіктің бойы өспей, пішіні өзгереді. Астық дақылдарын зақымдаған вирустар оның түсімін төмендетеді. Бактериофаг бөліктерінің пішінін алты топқа бөлуге болады. Ал көбею үдерісі өте күрделі.

Өсімдік, жануар, адам ағзасында ғана вирус кебейе алады. Кейбіреуі бактерия жасушасын ерітіл жібереді. Вирустар тек тірі жасушада ғана тіршілік етеді. Вирус ұзақ уақыт топырақта, суда және өзге де жерлерде сакталады. Бактерия жасушасына енетін вирус фаг немесебактериофаг (грекше «бактерион» - таяқша, «фагейн» - жебір, жеп кою, жою деп аталады. Зерттеу нәтижесінде өсімдікте 400 және жануарда 500 вирус түрлері тіршілік ететіні анықталған.

- Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.
- Бұл не деп ойлайсыңдар?

Вирустық аурулардың таралу жолдары әртүрлі болуы мүмкін, олардың негізгі жолдары мыналар:



  1. Тамақ арқылы –микроағзалар асқазан – ішек жүйесіне тамақпен, сумен немесе тамақты кір қолымен жеу арқылы түседі. Осылай барлық ішек инфекциялары беріледі.

  2. Ауа тамшылы –қоздырғыш адамнан – адамға ауа арқылы сілекей тамшыларымен түшкіргенде , жөтелгенде, күлгенде , сөйлегенде беріледі.

  3. Жанасу арқылы – науқас адаммен жанасу арқылы беріледі. Осылайша көптеген тері аурулары, кейбір ішек аурулары таралады.

  4. Тасымалдаушы жануар арқылы.

  5. Тазартылмаған медециналық инструменттер арқылы берілетін аурулар.

  6. Жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар.

Вирустық жұқпалардың таралуы, зақымдану жолдары және алдын алу шаралары.

Қызылша,


Желшешек

Ауалы, бірақ тамшылы жолмен емес

Жеке бас ережесін сақтау, жұқпалыларға жанаспау, мақта дәкелі таңғыштар

5

Мидың қабынуы (энцефалит)



Таратушылар – қан сорғыш кенелер

Әсіресе табиғи ошақтарда және қарқынды кезеңде (наурыз – мамыр айларында кененің шағуын болдырмау.



1 тапсырма Вирустарға қатысты төмендегі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екендігін анықтаңыз. (Оқушылар қағазға «Дұрыс», «Дұрыс емес» деп жазып алып мұғалімнің келтірген мәліметтерін анықтап жауап көтереді.).

  • Тұмау - Стерилденбеген маникюрлық және медициналық құрал – жабдықтарды пайдаланғаннан жұғады.( Дұрыс емес)

  • Вирустар – бұл жасушасыз ерекше тіршілік формасы. (Дұрыс)

  • Вирустар – тек ғана жасуша сыртында көбейеді.(Дұрыс емес)

  • Мидың қабынуы (энцефалит) - таратушылар – қан сорғыш кенелер(Дұрыс)

  • Науқас жатқан бөлмені күн сайын ылғалдап тазалау. Еденді жуған кезде жуғыш заттар қосу керек.(Дұрыс)

  • Жанасу арқылы –қоздырғыш адамнан – адамға ауа арқылы сілекей тамшыларымен түшкіргенде , жөтелгенде, күлгенде , сөйлегенде беріледі. (Дұрыс емес.

2-тапсырма.Вирустар туралы  дұрыс берілген пікірлердің рет санын торкөздерге жаз

 1.Нуклеин қышқылынан және нәруызды қаптамадан тұрады

2.Прокариоттарға  жатады

3.Тірі жасушаға еніп алып,оны зақымдайды

 4.Көлемі жағынан бактериялардан аз ғана үлкен

5.Біржасушалы ағзалар

6.Микроскоппен ғана көрінетін жасушасыз бөлшектер

7.Жасушаның ішінде және сыртында көбейеді

8.Жасуша ішінде өмір сүретін паразиттер


  1. Споралардың көмегімен көбейеді

10.Тірі жасушада көбейеді

11.Жоғары температураға,құрғақшылыққа төзімді



3-тапсырма

Биологиялық  диктант

1.................. - тірі организмдердің жасушасыз тіршілік иесі.
2.Оның құрлысы............... және............... тұрады. 
3.Вирустарды  1892жылы ..................  ашты.  

4.......................ғана көрінетін  жасушасыз  бөлшектер  



5...................... ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті    

IY. Жаңа сабақты бекіту.

Y. Рефлексия.

Білемін Білмеймін Білгім келеді



Үйге тапсырма. оқу, «Мен елімді вирустық аурулардан қорғаймын» тақырыбында эссе жазу.

YI. Бағалау. Сабақты қорытындылау

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы

Жоспар:

1.Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама.

2. Өсімдік шаруашылығы

3. Мал шаруашылығы

4. Көлік географиясы 

Сабақтың мақсаты: Ауыл шаруашылығын және көлік географиясын қарастыру 

Теориялық мәлімет:

1.Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты.Ауыл шаруашылығы Ресейдің экономикасын дамытудағы аса маңызды буын болып саналады.Өйткені ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық – түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай – ақ өнеркәсіптің көптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіріледі.Сонымен қатар өндірілген өнімдерді дер шағында сапалы өндеп, дәл уақытында халыққа жеткізуде де қажет.Осы шараларды орындау мақсатында ауыл шаруашылығы шаруашылықтың көптеген салаларымен тығыз қарым –қатынас орнатады.Осы байланыстар негізінде агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасады.

Ауыл шаруашылығы екі маңызды саладан құралатындығы сендер білесіңдер, олар: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ресейде ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі жөнінен өсімдік шаруашылығы жетекші орында , яғни жалпы өнімнің 55%-ы тиесілі. Ал қалған 45%- ы мал шаруашылығына тиесілі. Жоғарғы дамыған елдерде , керісінше мал шаруашылығы өнімдерінің үлес салмағы төмен. Сондықтан да Ресей ауыл шаруашылығы алдында тұрған басты міндеттерінің бірі – мал шаруашылығын мүмкіндігінше өркендету.

2.Өсімдік шаруашылығы. Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктеріне дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ және жүзім,малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі . Жалпы жыртылатын жердің 56%- ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша , 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.

Дәнді дақылдардан бидай, қарабидай,арпа, сұлы, жүгері, тары, қарақұмық, күріш өсіріледі.Астық өндіруден Ресей дүниежүзінде Қытай, АҚШ және Үндістаннан кейінгі 4-орында, әсіресе қарабидай,арпа, сұлы және қарақұмық жинаудан озық көрсеткіштерге ие. Негізгі өсірілетін дақыл – бидай (жалпы өнімнің 50%), климат қаталдығына байланысты жаздық бидай басым егіледі. Күздік бидай алқаптары неғұрлым оңтүстікке қарай ығысқан. Аса ірі астықты аудандар қатарына Волга бойы, Орал, Орталық қара топырақты аудан, Солтүстік Кавказ және Сібірдің оңтүстік бөліктері жатады.

Аумағы мен өнім көрсеткіші жөнінен 2-орында арпа тұр, ол жалпы өнімнің 20% -ын құрайды. Арпа сыыртқы орта өзгерістері мен топырақ құнарлылығына барынша төзңмдң өсімдік болғандықтан, кең таралған дақыл бол ып саналады. Арпа негізінен, малазықтық дақыл ретінде өсіріледі, сондай-ақ жарма жасауда, сыра қайнатуда кеңінен пайдалагылады. Егіс алқаптары Волга бойы, Орталық қара топрақты аудан мен Солтүстік Кавказ жерінде кең тараған.

Өнім көрсеткіші жөнінен 3- орында қарабидай (жалпы өнімнің 9%-ы), алады. Суыққа төзімді, тіпті қышқыл топырақта да өсе беретін болғандықтан, қарабидай алқаптарын орман зонасы таралған аймақтардан да кезсдестіруге болады.

Төртінші орындағы сұлы (жалпы өнімнің 9%-ы) да соншалықты күй талмайтын болғандықтан орман зоналарына дейін таралған, алайда сұлы ылғалды сүйгіш өсімдік. Малазықтық мәні зор, сонымен қатар тағамдық сұранысқа да ие. Одан сұлы үлпектері мен жармасы дайындалады.

Қарақұмық, тары және күріш алқаптары аумағы жағынан шағындау болып келеді. Қарақұмық негізінен, Орталық қара топырақты аудан мен Волга- Вятка, Орталық ауданның оңтүстік бөліктерінде, тары құрғақшылыққа төзімді болғандықтан, Солтүстік Кавказ бен Волга бойының құрғақ аудандарында, ал күріш Кубань,Волга,Дон өзендерінің атырауларындағы суармалы алқаптарда ғана өсіріледі.

Сонымен қатар Ресей жерінде малазықтық және тағамдық мәні зор бұршақ тұқымдастардан кәдімгі бұршақ, үрмебұршақ, жасмық және қытайбұршақ өсіріледі.



3.Мал шаруашылығы. Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылығы жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2-3 есеге дейін кеміп кетті. Мал шаруашылығының өркендеуінде мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқ ымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.

Ірі қара шаруашылығы өнім түріне қарай сүтті-етті, етті және етті-сүтті бағыттағы шаруашылықтарға жіктеледі. Сүтті, сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы өте құнарлы, шүйгін шөптер тән орман және орманды дала зоналарында , етті, етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы ылғал аздау түмсетін дала мен шөлейт зоналарында кеңірек таралған. Сонымен қатар сүтті, сүтті-етті бағыттағы мал өсіру ірі қалалар мен агломерациялар төңірегіндегі тауарлы мал фермаларында шоғырланған.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет