Сабақтың тақырыбы: Адам нәсілдері. Нәсілшілдікті және әлеуметтік дарвинизмді сынау. Сабақтың мақсаттары



Дата22.06.2017
өлшемі64,83 Kb.
#19883
түріСабақ
Атырау облысы Атырау қаласы
ММ «Жалпы білім беретін Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектебі»

Биология пәні мұғалімі: Жұмабаева Збайра Биғалиқызы.

Пәні: Биология 11 б класс

Сабақтың тақырыбы: Адам нәсілдері. Нәсілшілдікті және
әлеуметтік дарвинизмді сынау.

Сабақтың мақсаттары.

Білімділік: Адамның тарихи даму кезеңдерінің ерекшеліктерін , олардың өмірі мен шаруашылықтағы маңызы, мекен ету орталықтары жайында білімін кеңейту, тереңдету.

Дамытушылық: Оқушыларды қосымша материалдарды
пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен білім алып, тақырып мағынасын ашуға, ой түйіндеуге, адамды ғылыми тұрғыдан ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер,
слайдтар, глобус.

Сабақтың пәнараалық байланысы: тарих, география, әдебиет, медицина саласы.

Сабақтың типі. Білім мен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап әдістері.

Сабақтың кілт сөзі. «Адамды адам еткен – еңбек».

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгендеу.

Тренинг. «Көңіл-күй»

Баян әуен қойылып, қатысушылар қол ұстасып, бір минут алақандар арқылы бір-біріне жылы импульстер жібереді және бір-бірінің көздеріне қарап, күлімсірейді.

Қатысушылар бүгінгі күнгі жаттығуға дайындықтарын шартты белгілермен көрсетеді.

а) екі алақандарын ашып, жаттықтырушыға көрсету. Бұл белгі «мен бүгін белсенді жұмыс істеуге дайынмын»;

ә) екі алақанды өзіне қарату. «Мен бүгін белсенді жұмысқа дайын емеспін»;

б) бір алақаны ашық, екіншісін өзіне қарату. «Мен жаттығуға дайынмын, бірақ көңіл күйім онша емес», дегенді білдіреді.



Ой сергіту сұрақтары:

1. Қазіргі кезде адамның шығу тегін, дамуын және қазіргі кезге дейінгі қалыптасуын зерттейтін ғылым. (Антропология)

2. Адам пайда болған заман (Кайнозой)

3. Адамның тарихи дамуы (Антропогенез)

4. Адамның қазып алынған сүйек қалдықтарын зерттейтін ғылым (Палеоантропология)

5. Крамоньондықтар кімдерге жатады? (Саналы адамға)

6. Қандай адамтәрізді маймылдың бас сүйек құрылысы мен көкірек бөлігінің жазықтығы адамға ұқсас болады? (Гиббон)

7. Қандай адамтәрізді маймылдың 385 анатомиялық белгілері адамға ұқсас? (Горилла)

8. 1871 жылы шыққан «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» еңбегінің авторы кім? (Ч.Дарвин)

9. Өте ертедегі адам – Қытай адамы (Синантроп)

10. Еңбек әрекеті, сөз, ойлау антропогенездің қозғаушы күшінің қай факторына жатады? (Әлеуметтік)

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Адам нәсілдері

  2. Нәсілтану ғылымы

  3. Әлеуметтік дарвинизм

  4. Қосымша мәліметтер

  5. Қорытындылау

  6. Проблемалық сұрақтар



Жер бетінде қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың бәрі де бір ғана түрге жатады. Оны биологиялық жүйелеуде саналы адам деп аталады. Бұл атаудан адамның басқа организмдерден ақыл – ой, сана арқылы ажыратылатыны айқын байқалады.

Француз ғалымы Ф. Бернье 1684 жылы «нәсілдер» терминін енгізді.

1. Негроидтық нәсіл : Шаштары бұйра, қара түсті, терісінің түсі де қара, сақал – мұрты баяу өседі. Мұрны жалпақ, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады.

2. Европоидтық нәсіл: Ұзын бойлы, шашы ұзын салалы, әрі ,ашық терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды, жұқа ерінді болып келеді.

3. Монголоидтық нәсіл. Шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдығы орташа болып келеді.

Моноцентризмдік тұжырым.

Гректің «monos» «бір» деген мағынаны білдіреді.

Латынның «Centrum» «орталық» деген сөзді білдіреді.
Полицентризмдік тұжырым Гректің «Polys» деген мағынаны біліреді.

Сызықтық диктант. 1 топ Дұрыс болса+, қате болса, — белгісі қойылады.

  1. Адамның шығу тегі мен тарихи дамуын зерттейтін ғылым саласы антропология деп аталады. +

  2. Жануарларды омыртқалылар және омыртқасыздар деп екіге бөлген, «эволюция» және «биология» терминін енгізген Ч.Дарвин.-

  3. Епті адам « Homo erectus» деп аталады. –

  4. Ата-тектің белгілерінің қайталануы рудименттік белгі деп атайды.-

  5. Ч. Дарвин «Адам- тіршіліктің тарихи даму сатысындағы ең жоғары әрі соңғы буыны» деп көрсетті.+

  6. Еңбек- адам эволюциясының негізгі факторы.+

  7. Антропогенез адамның шығу тегін зерттейтін ғылым.+

  8. Тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу әлеуметтік фактор.-


Биологиялық диктант. 2 топ

  1. Қазіргі кездегі барлық адамдар.......................түріне жатады.

  2. Адамдардың табиғи орта жағдайларына бейімделу процесінде қалыптасқан алуан түрлі морфологиялық белгілері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін топтары ............................

  3. Негізгі адам нәсілдері – бұлар .................

  4. Нәсілдер туралы ілім....................................................................................

  5. Барлық нәсілдер биологиялық тұрғыда....................жағдайларға байланысты деп түсіндірілуде.

Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:

А. 1.Нәсіл деген не? Нәсілдердің шығу тегі туралы не білесіңдер? Нәсілшілдіктің кертартпалық мәні неде? В. 1. Негроидтық нәсілге тән морфологиялық белгілерін атаңдар. Олардың бейімділік сипаты қандай? 2. Еуропоидтік нәсілге тән ерекше белгілерді тіршілік ортасы мен байланысты сипаттаңдар. С. 1. Моңғолоидтік нәсілдің адамдарын алғашқы екі нәсілден қалай ажыратуға болады? Салыстыра сипаттаңдар. 2. Адам нәсілдерінің бірлігін қалай дәлелдеуге болады?



Қорытындылау.

Қанатты сөздер ұғымын талдау.

1 топқа «Адам бола білу – ең қиын мамандық» Х.Марти.

«… Дүниеде адамнан қызық ештеңе жоқ» В. Гумбольдт.

2 топқа «Мен адамнан артық , одан күрделі , одан қызықты ештеңені білмеймін. Ол-нағыз құдірет» М. Горький.

Ұлттың жаманы болмайды, Адамның жаманы болады.

Проблемалық сұрақтар.

1 топ.


Жаманнан жақсы туады

Адам айтса нанғысыз.

Жақсыдан жаман туады

Бір аяқ асқа алғысыз.

2 топ.

Қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуына, ұлдарымыздың шет елден келін алуына, аралас некеге қалай қарайсыз?



Айтуға оңай телевизиялық шоу. (видео Қазақстан телеарнасы «Шетелдік күйеу бала» 1 ақпан 2017 жыл)

«Алақан тренингі»

-Енді, түрлі-түсті қағазға алақанымызды салып, қайшымен қиып, ортасына есімімізді жазамыз. Осы аты жазылған алақандарды көздерін жұму арқылы таңдайды, қай есім келсе, соның атын атап, тілегін білдіреді.

Рефлекция

Бағалау (Бағалау парақшасын толтыру)



Үйге тапсырма. § 22

Кестені толтыру.



Тақырыпты оқып түсінік айту.

Қосымша ақпараттар дайындау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет