Сабақтың тақырыбы: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер



Дата20.12.2021
өлшемі1,53 Mb.
#103848
түріСабақ
Байланысты:
1513934771-1
1513934771-1, 1513934771-1, СРСП-1, СРСП-1, СРСП-1, СРСП-1, СРСП-1, 1617251265, 1513444344, 1513444400, 4 пр (1), Сараптама материалдары 111 Буентаева

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі-жөніндегі

орынбасары міндетін уақытша атқарушы: ________Телходжаева М
Қысқа мерзімдік жоспарлау


Сабақтың тақырыбы: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер.


Мектеп: « Болашақ»




Пәні: математика




Күні: 28.01.17.ж

Мұғалімнің есімі: Мусабекова Д




СЫНЫП: 6 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылардың айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер бойынша алған білімдерін тереңдетіп жинақтап жүйелеу.




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Санды теңдіктер .Тура санды теңдіктер, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін қолданып есептер шығара алады.




Оқушылардың басым бөлігі: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

ережесін және мысалдарды дұрыс пайдалана отырып ,есептерді шығарады.






Кейбір оқушылар: өзіндік сыни пайымдаулар арқылы айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығара алады. Есептер шығаруда ережелерді дұрыс пайдалана отырып өз жауаптарын дәлелдейді.




Тілдік мақсат

Оқушылар ... (істей) алады:

Өз ойын нақты жеткізе алады.



  • Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу ережелерін қолдана отырып есептер шығара алады.







Негізгі сөздер мен тіркестер : . Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу есептерін шығара алады.







Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:







Талқылауға арналған тармақтар:

Санды теңдіктер.

Тура санды теңдіктердің қасиеттері.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу қасиеттері.

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу ережелері.








Сіз неліктен ауызша тілдің жазба тілден оңай екнін айта аласыз ба?







Жазылым бойынша ұсыныстар:берілген тапсырмаларға сай есептерді дұрыс рәсімдеу




Алдыңғы оқу

Санды теңдіктер .

Тура санды теңдіктердің қасиеттері.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.





Жоспар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар




Басталуы

1.Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

2. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

3. Топқа бөлу

Сыныпты үш топқа бөлу. Шаттық шеңбер бойында «Есім теңеу...»

Фигуралар арқылы топқа бөлу



4. Үй тапсырмасын тексеру, (Оқушылар бір-бірінің дәптерлерімен алмасып, бағалайды)



I. « Ойлан, тап!» 
Теңдеудің шешімін табыңдар: 
У. 33-5х=15-8х; 
І. 4х-2(3+х) = 9-х; 
К. 4х-7=2х+15; 
Ж. -15х+31=-7+4х; 
О. 7(2+у)-3у=5у-6; 
Ә. 3х+12=0; 
В. 7х-12=10х-3; 
Т. 3а+5=8а-15. 
Кестедегі жауаптың тұсына оған сәйкес теңдеудің жанындағы әріпті қойыңдар. Сонда кестеден физика –математика ғылымдарының доктары, профессорының тегі шығады. 
2 -4 -6 4 5 11 6 -3 
Ж Ә У Т І К О В 




Бағалау

«Смайликтер» арқылы




Ортасы

Ой қозғау

II кезең. Қайталау сұрақтары 
« Миға шабуыл» 
1. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды? 
2. Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп атайды? 
3. Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер? 

4.
2-мысал. 2│х│-4=│х│+2 
2│х│-│х│=2+4 
│х│=6 
х=6, х=-6. 


Қызығушылықты ояту.

III. «Тосқауыл мен шабул » ойыны

  1. Әр топқа есептер жазылған екі картчкадан беріледі ,оны мыжып домалақтап ,топтан бір оқушы шығып ,шеңбердің ішінде тұрады ,келесі топтан бір оқушы шығып,шеңбердің сыртында тұрып шеңберге лақтырады,шеңберге түссе шеңбердің ішіндегі оқушы есепті шығарады, сыртына түссе ,сыртындағы оқушы шығарады.

  2. Тапсырмалары:

  1. │у│=9; 3) │у│=5/9; 
    2) │х│=1,6; 4) │х+5│=10; 
    5) │у-5│=5; 
    6) │у-1,7│=4. 
    Үлгі: │х-3│=4. Шешуі: 1) х-3=4; 2)х-3= -4; 
    х=4+3; х= -4+3; 
    х=7; х= -1. 
    Жауаптары: 



№ 841. 
1) у=9, у= -9. 
2) у=1,6, у= -1,6. 
3) у=5/9, у= -5/9. 
4) у=5, у=-15 
5) у=5,7, у=-2,3. 

IV.Мағынаны тану

V. Оқулықпен жұмыс.
№857. Теңдеуді шешіңдер. 
1)│у│+2=6; 
2) 3│х│-2=2│х│+3; 
3) 9+2│х│=12-│х│; 
4) 4│х│-7=-2│х│+5. 
Үлгі: 3│х│-8=│х│+4; 
Шешуі: 3│х│-│х│= 4+8; 
2│х│=12; │х│=6; х=6; х=-6. 
№ 875. Мәндес теңдеулерді теріп жазыңдар: 
1) │у+2│=7 мен (у-5)( у+9) =0; 
2) │2у+5│=3 пен (у+1)(у+4) =0; 
3) │5х-11│=4 пен (х-8)(х-3) =0; 
4) │8-х│=2 мен (х-6)(х-10) =0; 

Жауаптары:

№857. 
1)│у│=4, у=4, у=-4; 
2)│х│=5, х=5, у= -5; 
3)│х│= 1, х=1, х= -1; 
4)│х│=2, х=2, х=-2. 




№875. 
1)│у│=5, у=5, у=-9; 
у-5=0, у=5, у+9=0, у= -9 
(мәндес теңдеулер) 
2)2у+5=3, 2у=-2, у=-1, 
2у+5=-3, 2у=-8, у=-4; 
у+1=0, у=-1, у+4=4, у= -4. 
(мәндес теңдеулер) 


интерактивті тақтада.

Бағалау


«Смайликтер»

Бағалау:





Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын смайликтер бойынша бағалайды. Бағалау шкаласы бойынша және балалардың әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылап, өлшем бойынша оқушыларға жиынтық бағаны мұғалім қояды.


рефлексия




Сынып оқушыларының сабақты бағалауы

Сабақтағы тапсырмалар:

Жеңіл:----------Орташа:---------- Қиын:------------

Оқушының осы тақырып бойынша білім дәрежесі

Толық меңгердім, есептер шығара аламын------------------

Толық меңгердім, бірақ есеп шығаруда қиналамын---------------------

Қандай да бір бөлігін түсіндім-----------------------------------

Ешнәрсе түсінген жоқпын, қосымша сабақ керек--------------------------

Сабақ бойынша рефлексияСабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе неліктен?



Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет