Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты



бет2/6
Дата04.05.2017
өлшемі1,26 Mb.
#15548
1   2   3   4   5   6

Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санға жазбаша бөлу алгоритмін игеру, оны бекіту; есептеу қабілеті мен дағдыны жетілдіру; әртүрлі есептерді шешу қабілетін нығайту.

Сабақтың барысы

Тірек білімін, білік дағдыларын жетпілдіру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. «Білім сандықшасы» деп аталатын ойын (оқушылар сабаққа дейін өздерінің параққа жазылған сұрақтарын қорапка салады, оларды шығарып, кезекпен оқиды. Қалғандары жауап береді).

  2. Ауызша есепті «Үндемес» немесе «Компьютер» ойындары түрінде өткізуге болады:

800 + 600 - 1 200 • 8 - 900 + 6 • 10 - 60 (7 000)

66 : 22 • 15 - 8 • 5 + 15 • 7 - 20 : 2 (600)

640 :8 + 5 + 2:3 •10+ 6 + 4:2•3 (450)

3. Жалпылама жұмыс.



• Тәуліктің бөлігі неше сағатқа тең?

  • дм неше метрге тең?

  • Ғасырдың бөлігі өтті. Бұл неше жылға тең?

  • Сағаттың бөлігі неше сағатқа тең?

  • Жүзімнің бөлігі канттан тұрады. 90 кг жүзімде қанша қант бар?

  • Адамдар тәуліктің бөлігін ұйқымен өткізеді. Адам қанша сағат ұйықтайды?

№1. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға немесе дөңгелек санға қалдықпен бөлуді баған түрінде орындайды. Оқушылар мүғалімнің жетекшілік етуі мысалдарын бағанға жазып, олар­ды шешеді. Оқушыларға қалдықтың бөлгіштен кем болатынын ескертеміз.

Жаңа материалмен танысу.

Есептеу тәсілін қарастырып (№2), бұл мысалдарды қалай шешу керектігін түсіндіру.



Алғашқы бекіту.

№2 - тақтада түсіндіру және дәптерде тексеру арқылы орындалады (1-ші және 3-баған).



Өткен материалмен жұмыс.

№3 тапсырма ауызша орындалады.



1) 95 + 66 - жақындау жылдамдығы;

2) 95 - 66 - екінші пойыздың жылдамдығы біріншісінің жылдамдығынан қанша артық;



3) 66 • 6 - бірінші пойыз жүріп өткен қашықтық;

4) 95 • 6 - екінші пойыз жүріп өткен қашықтық;

5) (66 + 95) • 6 - қалалар арасындағы қашықтық.

Бірінші бағандағы (№6) теңдеулерді шешпес бұрын балалар өрнектерді ықшамдайы (барлық амалдарды орындау қажет), содан соң жай теңдеудің түбірін табады. Ал екінші бағандағы теңдеулер күрделірек. Амалдардың белгісіз компонентін (белгісіз компоненті бар амал ең соңынан) анықтап, содан соң, табу ережесін қолдануға болады. Басқаша пайымдауға да болады. Егер өрнектің оң және сол жақ бөлігінен бірдей санды азайтсақ (қоссақ), бірдей санға бөлсек (көбейтсек) теңдік тура болады. Теңдеулерді шешкен кезде осылай пайымдау керек.

№8 есеп «мұны білу пайдалы» шартты белгісімен берілген. Ол 3 пен 9-ға бөлінгіштік белгілерімен таныстырады. Бұл материал бағдарламаға кірмейді, бірақ амалдарды барынша тиімді орындау және бағанмен бөлу барысында бөліндінің байқау цифрын таңдау үшін өте пайдалы.

Өзіндік жұмыс.

№5 тапсырма — мысалдар тізбегі.



Үй тапсырмасы: №2 (2, 4-баған), №4 (есеп).

Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: №5 тапсырмадағыдай мысалдар тізбегін құрастыру.

№7 (а). Алдымен шаршының ауданын тауып, оның қабырғаларының ұзындығын есептейді. Содан соң шеңбер сызады. Оны дәптердің төрт торкөзін пайдалана отырып теңдей төрт бөлікке бөлуге болады. Диаметрі ауданы 16 см2 болатын шаршыға тең шеңбер сыз. Шеңберді бірдей 4 бөлікке бөл. Олардың біреуін боя.

№7 (ә) есепті шешудің бірнеше жолы бар. (Тіктөртбұрыштың ауданы 20 см2. Осы тіктөртбұрыш үшін қабырғаларының ұзындығы 3 см болатын шаршы қиып алуға бола ма? Дәлелде.)

Шешуі = 20см2. Ендеше оның қабырғалары 10 және 2 см, 5 және 4 см, 1 және 20 см-ге тең болады. Шаршыны тіктөртбұрыштың қабырғалары 5 және 4 см болған жағдайда ғана қиып ала аламыз.


Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санға бөлу мен көбейту қабілетін дамыту; әртүрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру.

Сабақтың барысы

Өткен материалмен жұмыс.

Ауызша есептеуге №1 тапсырманы қосыңыз (есептеу міндетті емес, тек бөліндідегі цифр санын анықтау қажет).



Алғашқы бекіту.

Екі таңбалы санға бөлу мен көбейту қабілеттерін бекіту үшін төмендегі тапсырманы орындатып, содан соң тексеру қажет:

1-нұсқа:

136 • 24 = 3 264 621 • 58 = 36018

249 • 36 = 8 964 476 • 63 = 29 988


  1. 404 : 52 = 27 7 705 : 67 = 115

  2. 028 : 78 = 26 8 502 : 39 = 218

2-нұсқа:


304 • 72 = 21 888 352 • 42 = 14 784

875 • 49 = 42 875 235 • 93 = 21 855



  1. 364 : 44 = 31 9 711 : 83 = 117

  2. 576 : 28 = 92 20 045 : 95 = 211


Өткен материалмен жұмыс.

№2 есеп сыныппен орындалады.

- Автобус 6 сағатта 300 км жүріп өткені белгілі, осы арқылы нені таба аламыз?

1) 300 : 6 = 50 (км/сағ) - автобустың жылдамдығы.

- Автобустың жылдамдығы сағатына 50 км, ал машинаның жылдамдығы сағатына 10 км артық. Осы арқылы нені табуға бо­лады?

2) 50 + 10 = 60 км/сағ - машинаның жылдамдығы

- Машинаның жылдамдығы мен уақытты білеміз, сол арқылы нені табуға болады?

3) 60 • 6 = 360 км - машинаның 6 сағатта жүріп өтетін қашықтығы.

№3 есепті теңдеу арқылы шешеміз.


  • Есепте нені анықтау қажет? (Неше қыз қайтып оралғанын).

  • Қыздардың санын х деп белгілейміз.

  • Есепке қатысты өрнектердің барлық нұсқасын жазамыз.

52 • 10 - барлық бала саны.

х + 319 - барлығы осынша қыз бен ұл бала барды. х + 319 = 52 • 10

Балалар ары қарай теңдеуді шешіп, оны өз бетінше тексереді. №4 сызба бойынша оқушылар бәрі бірігіп есеп құрастырады және оны өз беттерінше шығарады.



  1. 25 - 20 = 5 шалбар артық.

  2. 10 : 5 = 2 (м) - 1 бұйымға жұмсалған мата.

Есепті сұрақтармен толықтыруға болады: Белдемше тігуге қанша мата кетті? Шалбар тігуге қанша мата кетті? Содан соң есепті әрі қарай шешеміз:

  1. 2 • 20 = 40 (м) - белдемше тігуге жұмсалған мата.

  2. 2 • 25 = 50 (м) - шалбар тігуге жұмсалған мата.

№8 есепті орындау барысында шешудің түрлі жолдарын қарастырған жөн:

№6 сыныппен бірлесіп орындалады.

№7 тапсырма тиімді тәсілмен есептеуге үйретеді. Оқушылар өрнектің мәнін дәптерге жазып шығарады және түсіндіреді.

№2 (ә) логикалық есеп. Сал сағатына 3 км жылдамдықпен жүзді, бұл 3 000 м/сағ-қа тең. Ендеше, ол 3000 м жолды 1 сағатта жүріп өтті.



Үй тапсырмасы. №4.

Шығармашылық деңгейге арналған тап­сырма: өз бөлмеңдегі немесе сынып кабинетіндегі еденге қанша метр линолеум қажеттігін есептеп шығар.



Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: бөлінді, көбейткіш пен бөлінгіште нөл болған жағдайда екі таңбалы санға бөлу және көбейту тәсілдерімен таныстыру; есептеу қабілеті мен дағдыны жетілдіру.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбын хабарлау.

- Бүгін екі таңбалы санға көбейту мен бөлу тақырыбын жалғастырамыз. Бүгінгі сабақта сендер бөлудің күрделірек түрімен танысасыңдар.

Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.

1. Математикалық диктант.

  • 6 центнерде неше килограмм бар?

  • 59 бен 6 сандарының қосындысынан 13 есе кем санды жазыңдар.

  • 1 км сымның массасы 150 кг. Осындай 100 км сымның массасын анықтаңдар.

  • 7000-нан 5 есе кем санды жаз.

  • 321 мен 3-тің көбейтіндісін 60 бірлікке азайт.

  • 100 000 санын 2 бірлікке азайт.

  • Шаршының кабырғалары 80 дм. Оның периметрі нешеге тең?

  • Балабақшада 40 бала бар. Балалардың бөлігі келмей қалды. Балабақшада неше бала қалды?

  • 30 оқушыға таңғы асқа 25 грамнан май берді. Барлығы қанша май берілді?

  • 10000 саны 5000-нан неше есе артық?

  • 3000 санын 420 мен 70 сандарының бөліндісіне бөл.

Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық: №1.

- Бөліндінің неше цифрдан тұратынын қалай анықтаймыз?

Жаңа материалмен танысу.

- Окулықтағы (№2 (а) мысалдарды өткен сабақтарда шығарған мысалдармен салыстырыңдар. Қандай өзгеріс байқадыңдар? (Бөліндінің жазуында нөлдер пайда болды).

Неге олай болғанын түсіндіріп көруге тырысайық.

Алгашқы бекіту.

2 (ә) тапсырманы түсіндіре отырып орындап, соңынан тексереді (тапсырма тақтаға және дәптерге орындалады).



Өткен материалмен жұмыс.

Өз бетінше орындап, кейін оқушылар өзін-өзі тексереді (мұғалім жауаптарды тақтаға жазады).

1-нұсқа

273 • 15 = 4 095 394 • 64 = 25 216 315 • 89 = 28 035
768 : 64 = 12 492 : 82 = 6 686 : 49 = 14


2-нұсқа

665 : 35 = 19 992 : 16 = 62 784 : 98 = 8
318 • 87 = 27 666 547 • 96 = 52 512 717 • 42 = 30 114

5 есеп сыныппен бірге орындалады. Қысқаша жазбаны кесте түрінде орындаймыз:



1 сағаттағы шығын

Уақыт

Жалпы шығын

15 л

8 л

5 сағат, бірдей

?

? артық

?


1 тәсіл: 15 • 5 - 8 • 5 = 35 (л) 2 тәсіл: (15 - 8) • 5 = 35 (л)

Төсілдерді жазуға болады.

3 есеп ауызша орындалады.



4 т 590 кг : 15 кг - қанша жәшік алма бар; 3 т 660 кг : 12 кг -неше жәшік алмұрт бар; 4 т 590 кг : 15 кг + 3 т 660 кг : 12 кг - алма мен алмұрт салынған жәшіктер нешеу; 4 т 590 кг : 15 кг -3 т 660 кг : 12 кг - алма жәшігі алмұрт жәшігіне қарағанда осынша артық.

4 (а) есепті өзіндік жұмыс ретінде беруге болады.



  1. 140 : 7 = 20 (кг) - сәбіз

  2. 140 - 20 = 120 (кг) - картоп артық.

8 - геометриялық конструктор.

Үй тапсырмасы: №4 (ә), №7.

Сабақтың тақырыбы:Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты: балалардың есептеудің жазбаша тәсілдері, геометриялық шама туралы түсініктері мен оларды өлшеу бірліктері туралы білімін бекіту.

Сабақтың барысы

Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.

Ауызша есепке мына жаттығуларды қосыңыз:

  • 204 саны қандай санның бөлігін құрайды? (816)

  • 56 саны қандай санның бөлігін құрайды? (448)

  • 560 санының бөлігін тап (80).

  • 792 санының бөлігін тап (88).

120 м тас жолды жөндеу қажет. Жолдың бөлігі жөнделді.

Енді жолдың неше метрін жөндеу қажет?(30м)

№3 есепте аспазға 8 адамға құймақ пісіруге қажетті азық-түлік саны көрсетілген. 4 адамға құймақ пісіру үшін аспазға қанша азық-түлік қажет? 16 адам үшін ше?

  1. адам үшін 2 есе кем азық-түлік жұмсалады: 1 жұмыртқа, шаи қасық ас содасы; шаи қасық тұз, стақан кант, литр сүт және стақан ұн. 16 адам үшін 2 есе артық жұмсалады: 4 жұмыртқа, 2 шай қасық ас содасы, 1 шай қасық тұз, 1 стақан қант, 1 литр сүт, 2 стақан ұн.

Алғашқы бекіту.

Оқулық бойынша жұмыс.

-№1 тапсырмадағы есептеулер қалай орындалғанын түсіндіріп беріңдер. Бұл мысалдардың бұрын өткендерден айырмасы қандай? (Бөліндіні жазған кезде ортасы мен соңында нөл жазылған). Бөлуді қателеспеу үшін қалай орындау кажет? (Бөліндіні жазған кезде цифрлардың санын алдын ала анықтап алу қажет).

№2 тапсырманы дәптерге және тақтаға, түсіндіре отырып орындау қажет.

Өткен материалмен жұмыс.

№5 есепті сыныптағы балалармен бірге талдап, өз бетінше жазуға болады.

  1. 1260 : 28 = 45 (м.) - өнімділік

  2. 45 • 20 = 900 (м.) - дайындалады

Есептің шешуін өрнек түрінде жазуға болады: (1260 : 28) • 20 = 900 (м.)

№4 жаттығуға берілген кесте бойынша теңдеу құрастырып, оны шешеді. 1-бағанды сыныппен бірге, калғандарын әркім өз бетінше орындайды (1-нұсқа - 2, 3-баған, 2-нұсқа - 4, 5-баған).

Фигуралардың ауданын есептеу үшін (№7) екі түрлі тәсілді пайдалануға болады:

1) Үлкен тіктөртбұрыштың ауданын тауып, содан соң одан қиып алынған бөліктің ауданын алып тастау;

10 • 9 - 5 • 4 = 70 (м2)

2) Фигуралардың ауданын есептеп, нәтижелерін қосуға болатындай етіп тіктөртбұрыштарға бөл.

= 10 • 5 + 5 • 4 = 70 (м2) S2 = 20 • 15 + 30 • 18 = 840 (дм2)

Үй тапсырмасы: №6. Шығармашылық деңгейге арналған I тапсырма: түрлі бағандардағы берілгендерді пайдалана отырып, №5 кесте бойынша теңдеу құр жөне оларды шеш.

Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері. Қалдықпен бөлу

Сабақтыц мақсаты: балаларды екі таңбалы санға қалдықпен бөлу тәсілімен таныстыру; оқушылардың есептеу дағдысы мен өткен есеп түрлерін шығару қабілетін жетілдіру.

Сабақтың барысы

Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.

Ауызша тапсырмаға №6,7 есептерді қосыңыз.

Бұл сабақта «Иә-жоқ» деп аталатын математикалық диктант алып, тексеруге болады.

  • 29 бен 3-тің нәтижесі 87-ге тең.

  • 5 санын 19 есе арттырдьқ. 85 деген сан пайда болды.

  • 17 мен 5-тің қосындысын 4 есе арттырдык, 98 деген сан шықты.

  • 56-ның жетіден бір бөлігін 12 есе арттырдық, 96 саны шықты.

  • Бірінші көбейткіш 25-тің бестен бір бөлігіне, екінші көбейткіш 11-ге тең. Сонда нәтиже 55-ке тең.

  • 12 мен 8-дің көбейтіндісі 100-ден кем.

  • 57 мен 37-нің айырмасын 4 есе арттырдық. 90 саны пайда болды.

  • Бөлінгіш 72-ге, бөлгіш 20 мен 11-дің айырмасына тең. Сон­да бөлінгіш 9-ға тең болады.

  • Бірінші көбейткіш 37 мен 4 сандарының қосындысына, екінші көбейткіш 2-ге тең. Көбейтіндінің мәні 82-ге тең бо­лады.

Тексеруге арналған дәптерді пайдаланыңыз.

Ауызша жаттығуға №8 тапсырманы қосыңыз: оқулықтағы тапсырманы орындап, берілген сызба бойынша бірнеше осындай жаттығулар құрастыру.

а) Көбейтінділері олардың бөліндісіне тең болатындай екі сан ойлап тап.

□ •□ = □:□ 1 және 1; 2 және 1;

ә) Көбейтіндісі олардың қосындысына тең болатындай үш сан ойлап тап.

□ •□•□ = □ + □ + □



1+2 + 3 = 1• 2•3;

б) Екі санның көбейтіндісі көбейткіштердің біреуіне, әрбір көбейтіндіге тең болуы мүмкін бе?

□ •□ = □ □ •□ = □



егер көбейткіштердің бірі 1-ге немесе О-ге тең болса;

егер көбейткіштердің екеуі де 1-ге немесе 0-ге тең болса.

Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындау мақсатында №1 жаттығуды орындаңыз.

Бөлінгіш

Бөлгіш

Бөлінді

Қалдық

425

20

21

5

812

90

9

2

723

8

90

3

2450

80

30

50

6308

10

630

8


- Қалдықпен бөлген кезде қандай ережені есте сақтау қажет? (Қалдық әрқашан бөлгіштен кем).

Жаңа материалмен танысу.

Оқулық бойынша екі таңбалы санға қалдықпен бөлу тәсілімен танысу. Есептеулерді қарап шығыңдар, (№2 а).

Бұл мысалдардың өткен сабақтарда шығарылған есептерден айырмасы ңандай? Қалдықты бөлгішпен салыстыр. Қалай тексереміз? (Бөліндіні бөлгішке көбейтіп, нөтижесіне калдықты қосамыз).

Алғашкы бекіту.

2 (ә) тапсырма түсіндіріле отырып орындалады.



Өткен материалмен жұмыс.

3 (а) есеп талдана отырып шығарылады.

3750 : 15 = 250 (км/сағ) - 1-пойыздың жылдамдығы

5880 : 21 = 280 (км/сағ) - 2-пойыздың жылдамдығы

280 - 250 = 30 (км/сағ) - 2-пойыздың жылдамдығы осынша артық.

3 (ә) есепті - баға қойылатын өзіндік жүмыс ретінде береміз.



  1. 2520 : 84 = 30 (сағ) - жолдағы уақыт.

  2. 72 • 30 = 2160 (км) - бірінші пойыздың жолы.

  3. 2160 + 2520 = 4680 (км) - пойыздар арасындағы қашықтық.

4а есепті (екі айырма бойынша белгісіз санды табу) сыныппен бірге шығаруға болады.

5 есепке нұсқау. Көлемі 8 м х 6 м х 4 м болатын тікбұрышты параллелепипед пішіндес бөшкеге жиырма литрлік неше канистрдің суы сыяды?



Есепті шығару үшін ара қатынасты қайталау керек:

1 л3=1 дм3

Үй тапсырмасы. №4ә. Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: №7 кестеде берілген бойынша бірнеше есеп құрастыру.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет