Сабақтың тақырыбы Алгоритм Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар



бет1/2
Дата02.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#117125
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
4-ші сабақ Мәтінді форматтау, 9, 1479123880240, 8 наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар мен өлең шумақтары

Күні: 11.11.19ж

Мұғалімнің аты – жөні: Пәні: ақпараттану

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Алгоритм


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар

  1. Алгоритм түрлеріне мысалдар келтіру

  2. Біліп үйренгендерін қолданып, практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындау

Оқушылардың басым бөлігі

Түсінеді, талдайды, білімін қолданады: сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдер құруды меңгереді.

Кейбір оқушылар

Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды: алгоритм түрлеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Бағалау критерийі

Формативті бағалау

Құндылықтарға баулу

Алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілетін және компьютерлік сауаттылығын арттыру, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.


Пəнаралық байланыс

Математика, жаратылыстану, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Алгоритм ұғымы

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
7 минут


5 минут
«Миға шабуыл»

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал. «Тілек айту» Әріпке байланысты қасындағы оқушыға тілек айту.

Сынып оқушыларын сурет қиындыларын біріктіру арқылы топқа біріктіру

1-топ «Робот»

2-топ «Компьютер»

Бағалау парағын тарату.

« Кубик» ойыны. Оқушылар кубикты лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді.

1.Үй тапсырмасын тексеру


  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмнің орындаушысы

  3. Алгоритмнің жазылу формалары

  4. Алгоритмнің қасиеттері

  5. Алгоритм қай ғалымның есімімен байланысты?

  6. Алгоритмге мысал келтір

Бағалау парағымен топ басшысы бағалайды.

Слайд № 4

Маркер,стикер, А3 форматты қағаздар,

бағалау парақшалары






Сабақтың ортасы
Сабақты түсіндіру

8 минут

Сабақты бекіту

Топтық жұмыс

«Ойлан, жұптас,талқыла»
7 минут

Сергіту сәті

2 минут

2 минут


3 минут

Қорытынды

7 минут


Алгоритм терминімен біз таныспыз. Алгоритм – қажетті нәтижеге жеткенге дейін орындалуы тиіс әрекеттер т ізбегі. Басқаша айтқанда орындалуы, алға қойған мақсатқа жетуде қандай ірекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқаулар. Алгоритм орындалуына байланысты әр түрлі болып келеді. Алгоритмнің 3 түрі бар.

  • Сызықтық алгоритм

  • Тармақталған алгоритм

  • Циклдік алгоритм

Сызықтық алгоритм қарапайым қадамдар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің бірінен кейін бірі тізбектеле орындалуы сызықтық алгоритм деп аталады.

Б утерброд дайындау алгоритмі

Басы:

Нанның бір тілімін кесемін

Май жағамын

Ірімшіктің бір тілімін кесемін

Нанның бетіне қоямын

соңы
Мұнда алгоритм қадамдары бірінен кейін бірі тізбектеле орындалады.

Тармақталған алгоритм – белгілі бір логикалық шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайды.

Тармақталу алгоритмде егер, онда, әйтпесе (болмаса) тірек сөздері қолданылады.



Ауа райына қарай киіну алгоритмі

Басы:

Егер сыртта жаңбыр болса,

Онда етік киемін,

Болмаса туфли киемін



соңы




Егер алгоритмде бірнеше рет қайталанатын қадамдар болса, мұндай алгоритмді циклдік деп атаймыз.


Тапсырма №1

Берілген мәтін және сурет бойынша: топтар тапсырманы орындап, топта талқылау арқылы постер құрады және қорғайды.

1-топ. «Көшет отырғызу» алгоритмі

2-топ. «Компьютер сөндіру» алгоритмі






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет