Тақырыбы: Математиканың басқа пәндермен байланысы немесе пәнаралық байланыс Мазмұны: кіріспе І бөлім Қазіргі кездегі математика ғылымының теориялық негіздері



бет1/8
Дата22.02.2023
өлшемі140 Kb.
#169756
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
пәнаралық байланыс
Грант тобының кураторлар тізімі, 2 АУЫСЫМ ПЛ, 2 АУЫСЫМ ПЛ, 1олимпиада, ГО 18-1, ~$6b9a18-7feb-4198-a4f3-0e856296a6ec, 5.4, 5.4, Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі, Антивирус, Функция., Антивирустық бағдарламалар, Екі түрлі күнделік, арксинус, жинастыру бөлімі



Тақырыбы: Математиканың басқа пәндермен байланысы немесе пәнаралық байланыс
Мазмұны:


КІРІСПЕ..............................................................................................................3


І Бөлім Қазіргі кездегі математика ғылымының теориялық негіздері

1.1. Қазіргі кездегі математика ғылымының мақсат-міндеттері мен


ғылыми кеңістікте алатын орны.............................................................6

1.2. Математика ғылымының қарастыратын мәселелерінің бастысы–


пәнаралық байланыс тақырыбы.............................................................9


ІІ Бөлім Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі

2.1. Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге


асыру жолдары .......................................................................................13

2.2. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі


бағыттары.................................................................................................17

2.3. Математика ғылымында пәнаралық байланыс арқылы жеке


тұлғаны дамыту шарттары.....................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................26


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................28


КІРІСПЕ
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселерінің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып табылады.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сондықтан пәнаралық байланыс – қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып отыр.
Қазіргі математика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс байланыс мәселесін көптеген ғалымдар педагогикалық-психологиялық жағынан зерттеумен қатар философиялық тұрғыдан қарастырып отыр. Олардың қатарында В.Давыдов, И.Зверев, Р.Лемберг, В.Максимова, В.Малахов, т.б. ғылымдарды атауға болады.
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы құралдардың бірі – пәнаралық байланыс. Пәнаралық байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегіндегі кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде да айқындалады (В.Краевский, и.Лернер, А.Бейсенбаева, И.Зверев, В.Максимова және т.б.)
Кез келген пәнді зерделеудегі мақсат-нақтылы болмысты көрсететін ғылыми білімдер жүйесімен оқушыларды қаруландыру және қоршаған ортаға адамның қатынасы негізінде жатқан жеке тұлғаның әртүрлі сапалық қасиеттерін, дүниетанымын, этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыруға қабілетті ету. Білімді игеру мен оларды тәжірибелік іс-әрекетте қолдануда ғана адам өзбетінше талқылау және әрекет ету іскерлігі мен дағдысын игереді.
Пәнаралық байланыс мәселесін шешуде оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық байланыстарды айқындау әдістері мен жүзеге асыру жолдарын іздеуі керек етеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың объективті және субъективті екі жағын бөліп көрсетуге болады. Объективті жағы оқыту мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. әзірлеу кезінде ескеріледі. Субъективті жағы тікелей оқыту үрдісінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет