Сабақтың тақырыбы: Антонимдер. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға антоним туралы түсінік беру



Дата24.04.2017
өлшемі48,94 Kb.
#14977
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пән аты: Қазақ тілі. Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға антоним туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, Отанды сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:СТО стратегиялары,талдау,салыстыру.іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: кесте

Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. 1. Синоним туралы түсінік.

2.78,79,80 –жаттығулар.
ІІІ Білім тексеру:

Терме диктант

Әдемі үй. Сұлу қыз. Ескі киім. Көне жазу. Асқар тау. Зәулім ғимарат. Адал кісі. Ақылды адам. Жақсы тұрмыс. Оңды іс. Шұғыл жәрдем. Жедел хабар. Шалғай жер. Қашық жер. Қарулы қол. Қуатты двигатель.

ІV Жаңа сабаққа дайындық «Ойқозғау.»Тапсырма беру арқылы ойды жалғастырып,сабақтың мақсатын анықтау.Оқушылар өлең жолдарын оқып,өздері карама - қарсы сөздерді табады.
Жазғытұры

Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер,

Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.

Анамыздай жер иіп емізгенде,

Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.

Жаз


Жоғары –төмен үйрек, қаз,

Ұшып тұрса сымпылдап.

Қыз-келіншек үй тігер,

Бұрала басып былқылдап...

Күз

Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай,



Жастар күлмес,жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал- кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.( Оқушылардан қандай ой түйдіңдер?- деп сұрақ қойылады.)

V. Мағынаны тану кезеңі .Жаңа тақырыпты түсіндіру: 1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіруСлайд көрсету



Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады. Мысал: үлкен – кіші,

суық – жылы, ескі – жаңа, қатты – жұмсақ

антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды болымсыздық мағына бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады:

Антонимдер Болымды – болымсыздық мағыналар

Жақсы – жаман жақсы – жақсы емес

Ал – бер ал – алма

Көңілді – қапалы көңілді – көңілсіз

Антонимдер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің де оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып келе жатқан мақал – мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антоним сөздер жарыса қолданылады.

Антонимдер

Зат есім Сын есім. Есімдік Етістік Үстеу


өмір-өлім жас- кәрі анау-мынау ашу-жабу әрі- бері

жаз-қыс аш-тоқ әне-міне ұшу-қону ерте- кеш

күн-түн кең-тар осы-сол күлу-жылау жоғары- төмен

ұл- қыз ащы- тұщы келу- кету ақырын- тез



VІ Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

        1. Омонимнен антонимнің айырмашылығы неде?

        2. Төмендегі сөздердің антонимдерін тауып жаз.

Суық, қатты, төмен, биік, жоқ.
VІІ . Ойтолғау кезеңі.Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс. І топ

87 ,89 –жаттығуды орындау.

    1. Мәтіндегі тірексөздерді тауып, астын сыз.

    2. Әсем, тез, шебер, зор сөздерінің антонимін тауып жазу


ІІ топ

88,91 – жаттығуды орындау

1.Мәтінен синоним, антоним сөздерді тауып, жеке – жеке жазу


Тапсырма:Екі топқа да беріледі.(Семантикалық карта)

Мысалдар

Сан есім

Сын ееім

Есімдік

Етістік

Үстеу

Жоғары төмен
















Аз көп
















Күн түн
















Қуану ренжу
















Анау мынау
















Ақ қара

















Тапсырма :Жұмбақ шешу.
1.Асты тігілген, үсті сөгілген .

2.Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар.

3.Түнде бар, күндіз жоқ. (Шешімдері:Қап,тасбақа, жұлдыз)



VІІІ . Сабақты қорыту: Нені үйрендік ?(Топтастыру)

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Антонимдер туралы түсінік

2.91,92 – жаттығулар


Каталог: uploads -> doc -> 07d7
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07d7 -> Сабақ Тақырыбы: Халық әндерінің орындалу ерекшеліктері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет