Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысы есептер шығару



бет1/2
Дата08.12.2023
өлшемі28,58 Kb.
#195641
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
копия
00014c72-604e1925

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысы есептер шығару



Бөлімі:

Тібектер

Педагогтің аты-жөні:

Қисметова Айкөркем

Күні:

21.11.2022

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысы есептер шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

9.2.3.6 Геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын , сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы арқылы есептеуді шығара алады;
Көптеген оқушылар істей алады : Геометриялық прогрессияның қиындығы жоғары есептерін талдап, түрлендірулер арқылы шеше алады;

Бағалау критерийлері

геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдануды үйренеді

Құндылығы

Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы; n-ші мүшесінің қосындысының формуласы тақырыптарына толық шолу жасайды;
Тақырыпты түсінеді, практикалық жұмыс жасайды, талдайды, бағалайды;
Топпен жұмыс барысында ұйымшылдық қалыптасады;
Бір-бірімен қарым қатынастары жақсарады;
Сабаққа барлық оқушылар қатынасады.

Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.
Өткен сабақты тексеру


5мин.

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
1. Оқушылардың даярлығына көңіл бөлу, қатысуын тексеру. 2.Психологиялық дайындық (Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді) 3.Оқушыларға тілек:- Сендердің өз білімдеріңнің көлемін 1,5 есеге артырғандарыңды қалаймын.
- Сабақта қателесуге, күдіктенуге, бір-біріңнен көмек алуға болатынындығын хабарлаймын.
- Есептер шығаруда шартын түсініп оқуға және әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдануларыңа болатындығын айтамын.
- Есептерді шығарғанда және әрбір кезеңдерден өткенде, әрқашанда да алда болуларыңа тілектеспін, себебі «прогрессия» сөзінің өзі, грек тілінен аударғанда «өрлеу,ілгері қозғалыс» дегенді білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет