Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» Жалпы мақсаты



Дата14.12.2021
өлшемі20,12 Kb.
#126917
түріСабақ
Байланысты:
ПР9.Қасым Аманжолов ҚМЖ


Практика№9


  1. Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын оқыту




 

11-сынып

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»

Жалпы мақсаты:

 Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру. Ақынның өзіндік мұратын таныту. «Ақынның өлімі туралы аңыз» поэмасының негізін ашу. Бас кейіпкер туралы толық мағұлмат беру.

Оқу нәтижелері:

Мәтінмен танысты,түсінді,мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренді,оқушының сыни ойлауын дамытты

Түйінді идеялар:

Оқушының тақырыпты түсіну деңгейін анықтау түсінігін толықтыру.

Сабақ кезеңдері

Кіріспе

Уақыты: 3мин

 

 



Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Шаттық шеңбері    Аудиоматериалдан ән тыңдату балалардың көңіл-күйін көтеру, ынтасын арттыру


Тұсаукесер

Уақыты: 10мин

 

 



 

 

 



 

Топтық жұмыс

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Оларға тақырыптар ұсынылады. Топқа бөлу (жасыл, қызыл, сары )

Топтың ережесі: Жұмысқа белсенді қатысу.

2. Бір-бірімізді бөлмей тыңдау.

3. Бір-бірімен кеңесе отырып жұмыстану.

4. Сөйлеушінің (айтушының) пікірін құрметтеу.

Оқушылар бір-бірінің жауаптарын "Басбармақ"  әдісі арқылы бағалайды.

«Ойланайық, пікірлесейік»

Кім жылдам? 5 мин

1. Ғабит Мүсіреповтың аудармалары?

2. Ғабиттің жазушылық мәнеріназамыттық тұлғасын танытқан батыл шығармасы қандай?

3. Ғабит Мүсіреповтың «Ананың арашасы» атты аудармасы қай жылы жазды?

4. Ғабит Мүсіреповтың өмір сүрген жылдар?

5. Ғабит Мүсіреповтың ұстазы кім?

6. 1926 ж жұмысшы факультетінен кейін Ғабит Мүсірепов қандай академияда оқыды?

7. Ақынның қандай поэмалары бар?

8. Ақынның сезім қылын шертіп, әдемі күлкі мен әсем әзіл беретін шығармасы?

9. Ақынның күрделі әлеуметтік – психологиялық трагедиясы?

10. «Қазақ солдаты» романы қай жылы жазылды?

Жауаптары: 1) «Ананың анасы», «Ашынған ана» «Ананың арашасы», «Адамның анасы» 2) «Шұғыла» 3) 41933ж4) 1902 – 1985ж.ж 5) Қазақтың белгілі ақыны Бекет Өтетілеуов

6) Омбы қаласындағы ауыл шаруашылығы академиясы 7) «Қыз жібек», «Амангелді» «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан сері – Ақтоқты» «Қазақ солдаты» «Ұлпан», «Кездеспей кеткен бір бейне» т.б. 8) «Талпақ танау» 1933 9) Қозы Көрпеш – Баян сұлу 10) 1949ж

Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсету.

І  Топ:. Қасым Аманжоловтың өмірбаяны

ІІ   Топ: Қасым Аманжоловтың шығармаларының негізі

ІІІ    Топ: Әдеби шынжыр. 2 мин

19111955192730393843

Жауаптары:

1911 –қазан айында Қарағанды облысында дүниеге келген.

1955 -17 қаңтарда ұзақ науқастан қайтыс болады.

1927 – 1930 – мал дәрігерлік техникумында оқиды.

1939 – «Құпия қыз» «Бурабай толқындары» өлеңдерін жазады.

1938 – «Өз елім» «Жамбыл тойында» «Дауыл» шығармаларын жазады.

1943 – «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэмасын жазады.



Негізгі бөлім

Уақыты: 27 мин

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Кітаппен жұмыс 3 мин

1. топ   Бас кейіпкерді суреттейтін жолдарын тауып мәнерлеп оқу, Шығармадағы бас кейіпкердің ерлігі суреттелген тұстарын тауып, мәнерлеп оқу

2.топ  Әдеби теориялық ұғым. Поэмадан үзінді беріледі, үзіндінің ішінен метафора, кейіптеу, теңеу, эпитет, анафора.

3.топ  Поэманың сюжеттік-композициялық құрылымы

“Жоғалған әріптер” ойыны. 2 мин

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру. Қасым Аманжоловтың шығармасынан үзінде беріледі тиісті әріптерді орнды орнына қояды. «Ақынның өлімі туралы аңыз» поэмасынан үзінді

Ө…ір гү..ін жан..ып, тап…п,

Ша..тан сүй..еп махаб…атты

Жер..м..зде жындай қа..тап,

Най…аға іліп а.. – ұятты –

Келе жат..ы сұм жен..еттер


Қорытынды

Уақыты: 5 мин

 


Тест сұрақтары

 Тест жауабы:

1 – В, 2 – Д, 3 – С, 4 – Е, 5 – В,

6 – А, 7 – В, 8 – Е, 9 – Е, 10 – В

Бағалау көрсеткіші:

“5” – ке 9 – 10 сұрақ

“4” – ке 6 – 8 сұрақ

“3” – ке 3 – 5 сұрақ



Рефлексия. Оқушылардан  парақша арқылы кері байланыс алынады.

Үйге тапсырма. Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» шығармасынан оқып келу. Басты кейіпкерді суреттеген тұстарынан үзінді жаттап келу.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет