Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді Сарыұлы «Балаларыма өсиет» өлеңі Оқу мақсаты



бет3/3
Дата10.01.2020
өлшемі334,29 Kb.
#55646
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
8 сынып
5-класс каз яз

Қысқа мерзім жоспары


Бөлім тақырыбы:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы



Мектеп: №211 орта мектеп

Күні: 19.09.2019

Мұғалімнің аты -жөні: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Оқу мақсаттары

О8.2.3.1 - мақала, аннотация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Сөздің мағынасын анықтайды

Бағалау критерийі

Мақала, аннотацияның құрылымын анықтап, тілдік қолданыста пайдаланады.

Бастапқы білім

Жазудың маңызы мен қызметі, жинақы мәтін туралы бастапқы білімдері бар

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту:

Оқушылар сабақтың тақырыбына қатысты сөздерді естерінде сақтап, берілген кестені толтырады.

Кестені жылдам толтырған топ мүшелері «Гол» деген белгі береді. Кестедегі сөзді дұрыс әрі уақытты тиімді пайдаланған топ өзара бағалау арқылы анықталады.



Сабақ ортасы

1-тапсырма.


Мәтінмен жұмыс кезеңі

Оқушылар мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап береді(жұптық жұмыс).

Ескі жазба дәстүр әр түрлі даму кезеңдерін бастан кешіріп, өзінің жалғасын тауып, халқымыздың тарихын танып, білуде үлкен рол атқарады. Осыған зер салсақ, қазақ халқы мен қазақ тілінің даму тарихында араб пен латын алфавитінің ролі айрықша болғаны белгілі. Біріншісі – қазақ жазба тілінің қалыптасуындағы алғашқы басқышы еді. Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзі де, көркем шығармалары да араб алфавитімен жазылып, жарық көрді. Екіншісі - Совет үкіметінің елді жаппай сауаттандыру шараларын іске асыру арқылы қазақ халқының жалпы мәдениетін , әдебиетін, тілін дамытудағы үлкен құралы болды. 1940 жылы қабылданған қазіргі қазақ алфавиті орыс графикасына негізделіп жасалды. Осы күнгі алфавитіміз қазіргі қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктерін толық қамтитын графикалық жүйе болып қалыптасты. Қазақтың қазіргі алфавиті мен орфографиясы әдеби тіліміздің жаңа сатыға көтерілуіне, сан алуан стильдік тармақтарының дамуына ықпал етті.Ол дамыған ұлтымызға қалтықсыз қызмет ететін дәрежеге көтерілді.



А.Аманжолов «Түркі филологиясы және жазу тарихы»

  1. Халқымыздың тарихын танып, білуде не көмектеседі?

  2. Қазақ тіліндегі алғашқы газет –журналдар қандай алфавитпен жазылды?

  3. 1940 жылы қабылданған қазіргі қазақ алфавиті қандай графикаға негізделді?

2-тапсырма.


Алдымен оқушыларға аннотация туралы білім беріледі.

Аннотация – кітаптың, мақаланың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.

  • Аннотация туралы ақпаратпен танысып, жұптық тапсырманы орындағаннан кейін, оқушылар төмендегі ғалымдардың пікірі туралы ой бөліседі.

3-тапсырма.


Оқушылар А.Аманжоловтың «Түркі филологиясы және жазу тарихы» туралы жоғарыдағы мақаласымен танысып, талдау жүргізгеннен кейін, осы мақала туралы аннотация жазады.

Аннотация жазу барысында төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алу керек:

  • мақаланың жазылу тарихы немесе уақытын қамту;

  • автор туралы мәлімет келтіру;

  • мақаланың қандай мақсатта жазылғанын көрсету;

  • деректерге сілтеме жасау;

  • мақаланың құндылығы, кімдерге арналғанын айту;

  • мақалаға баға беру.

Дифференциация:

Кейбір оқушылар ғылыми мақалаға жазылған аннтацияны іздестіріп, талдау жүргізеді.



Сабақтың соңы


«Бес бармақ» тәсілі арқылы төмендегі сұрақтарға ойланып жауап бер
Бас бармақ- басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек –ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек –көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Дананың сөзі - ақылдың көзі

Мектеп: 211

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Йасауи «Даналық кітабы»

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар

8.Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні


Сабақ мақсаты

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау

Бағалау критерийі

  • әдеби шығарманың жанрын, сюжеттік желісін,

эпилог, прологтарды анықтайды.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Сабақтың басы



Қызығушылықты ояту

Ой қозғау

1-тапсырма. Суреттер мен өлең шумағының бір-бірімен байланысын табыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

Бұл сәулет өнерінің ортағасырлық ескерткіші қай өңірде?

Өлеңде сөз болатын дариялар қазір қалай аталады?

«Киелі, қасиетті» деген сөздер қандай ой тастайды?

Этномәдениетіміздің тарихынан сыр шертетін ғимарат туралы не білеміз?

Ғимарат кімнің құрметіне тұрғызылған?

Ел арасында Ахмет Йасауи мен тарихи ескерткіштің бой көтеруі туралы қандай аңыздар мен әңгімелер бар?

Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,

Түріктер бұл екеуін дария дейтін.

Киелі сол екі су жағасында

Табасың қасиетті бабаң бейітін.

2-тапсырма. ББТЗО кестесін толтыр. (Жауап беруді талап ететін сұрақтарды жазу)

Б

Б

Т

З

О

А.Йасауи туралы мен не білемін?

А.Йасауи туралы нені білгім келеді?

А.Йасауи туралы ақпаратты мен қайдан таба аламын?

А.Йасауи туралы нені зерделеу керек?

Одан әрі не істеу керек?
















Сабақ тақырыбы мен мақсатын болжап айтады, бағалау критерийлерін бірлесіп құрастырады.


Сабақтың ортасы


1-тапсырма. Оқушыларға «Даналық кітабынан» өмірдің мәні, ақиқат туралы тұжырымдары бар  үзінділер таратылады. Оқушылар жұппен үзіндіні оқып, негізгі ойды, сюжеттік желісін анықтайды.

А тобы жанры мен мазмұнына қысқаша шолу жасайды.

В тобы сұрақтар қояды:

1.Ахмет Йасауи хикметтерінің тақырыбы қандай?

2. Қандай ой айтылған ?

С тобы шығарманың сюжеті мен құрылымдық ерекшелігіне түсінік береді.

D тобы қорытынды ой айтып, сараптама жасайды.
2-тапсырма. Ахмет Йасауидің «Даналық кітабы» туралы берілген мәліметтермен танысып, түйінді сөздерді пайдаланып, шығарманың эпилогын өсиет түрінде жазады.

Топтық бағалау.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Әдеби шығарманың жанрын, сюжеттік желісін,

эпилог, прологтарды анықтайды



Суреттерді үзіндімен ұштастырады

Сұрақтарға жауап береді.

ББТЗО кестесін толтырады

Шығарма мазмұнына шолу жасайды

Шығарма сюжетіне мен құрылымындағы ерекшеліктерге түсінік береді

Өсиет түрінде хикметтің эпилогын жазады.



Сабақтың соңы


Рефлексия

Байқағаным.............. Білгенім................... Түйгенім...................



Үй тапсырмасы

  • Ахмет Йасауидің өмірі мен шығармашылығын зерттеп оқыңыз;

А.Йасауидің «Даналық кітабынан» 9-хикметтің мазмұнына талдау жасаңыз.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Дананың сөзі - ақылдың көзі Мектеп: №211

Күні: 07.10.19 Мұғалімнің аты-жөні: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатысқандар саны: 26 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақтамберді жырау«Күлдір- күлдір кісінетіп» өлеңіндегі тілдік қолданыстар

Оқу мақсаты

8.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

* Ақтамберді жыраудың шығармашылық сарындары ерлікке, батырлыққа үндеу екенін пайымдай алады, толғау мазмұны мен мағынасын аша отырып, болашақ ұрпаққа айтар насихатын ұғынады.



Оқушылардың басым бөлігі:

* Ақтамберді өмір сүрген заманды, халық арманын, жаугершілік заман кезеңіне автор атынан талдау жасай алады.



Кейбір оқушылар:

* Автордың арман-мүддесінің жырдағы көріністеріне баға бере алады, тілдік қолданыстарға талдау жасайды.



Бағалау критерийі

  • Шығарманың тілдік құрылымын жан-жақты талдай алады;

  • Үзінділерден психологиялық синтаксистік параллелизмді, теңеулерді ажырата алады;

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы


Қызығушылығын ояту

Пікір алмасу сұрақтары:

  • Толғау туралы ойыңыз қандай?

  • Тыңдағаныңыз бен оқығаныңызды қалай байланыстырар едіңіз?

  • Қандай әсер алдыңыз?

Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Сабақ

тың ортасы


3. Мағынаны тану (кітаппен жұмыс )

3-тапсырма дәптерге жазады

«4 – 3 – 2 – 1» әдісі

Әр топ шығармадан үзінді таңдап алып, сол үзінділерге тақырып қояды.Оқушылар топтың таңдаған нақты тақырыптарын дәптерлеріне жазып алады. Әр топ таңдаған шығарма үзіндісін өңдеп газет бетіне жариялайтын мәлімет жазады.

1. Кейбіреуі: «Қосымша» әдісі арқылы кітаптан үзіндінің біреуін алып, жұппен сөздік құрады (жырдағы сөз тіркестерінің мағынасын ашатын) сөздік қор ұсынуы керек.

2.Көпшілігі: Құрған жоспарлары бойынша шағын әңгіме құрастырып, топта тыңдайды, автор атынан талдау жасай алады. Ақтамберді жырау сұрай арнау сияқты көркемдік тәсілді ұтымды пайдаланған. Оның "Күлдір-күлдір кісінетіп" толғауынан:


Күлдір-күлдір кісінетіп ,     


Күреңді мінер ме екенбіз... 
Күдеріден бау тағып,

 Кіреуке тон киер ме екенбіз?!



Төтелеп жүріп жол салып,

Қолды бір бастар ма екенбіз?!

деген жолдар арқылы өлеңнің әсерлілік қуатын күшейткен, әрі "к" дыбысын қайталай қолдану нәтижесінде өлеңнің саздылығын үдеткен. Жыраулар психологиялық синтаксистік параллелизмді де шеберлікпен қолданған.


3. Барлығы:Үзіндіден болашақ ұрпаққа айтар насихатын түсіндіреді.

4. Жырау заманындағы азат ел болу жайлы арманы мен бүгінгі қазақ елінің дамыған ел қатарына қосылып, «тәуелсіз ел» атануын салыстырып жаз.

Топ мүшелері бір жұмысты сынып алдына шығарады. Әр топтан бір оқушы өз әңгімесін оқиды. Сынып оқушылары ең үздік әңгімені «4 – 3 – 2 – 1» әдісіне сүйеніп газет бетіне жариялауға таңдап алады.Таңдалған жұмыс сынып бөлмесінің қабырғасына ілінеді.



4-тапсырма. "Күлдір-күлдір кісінетіп" толғауы

«Кадроплан» тәсілі

Оқушылар алдыңғы бөлінген топтарымен отырады. Әр топқа тапсырма нұсқасы таратылады. «Кадроплан» әдіс-тәсілі бойынша жұпқа үлестірме қағаздағы «1, 2, 3» сандары беріледі. Төртінші оқушыға сан берілмейді. Ол оқушы топтың спикері болады. Спикер тапсырманың орындалу барысын қадағалап, топ мүшелерінің айтқан ойларын жазып алып отырады.

«1» нөмірлі жұп толғау үзінділерінен оқырманға ой туғызатын «тірек сөздерді» теріп жазады.

«2» нөмірлі жұп толғау үзінділерін тарихи оқиғалармен байланыстырып, толғау үзіндісін өз сөзімен әсерлі сипаттап жеткізеді.

«3» нөмірлі жұп толғаудың өзіне ұнаған тұстарын өңдеп, қарасөзбен жазады.

Топ спикерлері «Сіздердің пікірлеріңіз бойынша» тәсілі негізінде топ мүшелерінің тапсырмаларын сараптап, тақырып бойынша қорытынды ойларын айтады.



Қабілеті жоғары оқушылар топ спикері болып сайланады, мұғалім спикерді өз тобындағы қабілеті орташа оқушыларға көмектесуге бағыттайды.

5.Салыстыру

5- тапсырма

«Сурет бойынша болжа» әдісі

Оқушыларға толғау үзінділері таратылады.Үзінділерді суреттермен сәйкестендіпу арқылы автордың ойын анықтайды, шығарма үзінділерімен байланыстырады. Суретке байланысты туған жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашады.



6.Бағалау

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»



Сабақтың соңы


7.Кері байланыс: «Стикер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазып тақтаға апарып іледі:

  • Мен нені үйрендім?

  • Маған не жеңіл болды?

  • Маған не қиын болып көрінді?

  • Менің келесі сабақта нені білгім келеді?



Күні: 24.10.19

Мұғалімнің аты-жөні: А.Тұрсынбай

Сынып: 8-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.

Сабақтың тақырыбы

Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.2.1-әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;

8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.



Сабақтың мақсаттары

Автор көзқарасын анықтап, экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды. Дауыс ырғағының қызметін түсінеді және ажыратады.

Бағалау критерийлері

Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы


Сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийлері түсіндіріледі. Тыңдалымалды кезеңі.

1-тапсырма. Суреттерді басшылыққа алып ойыңды топта талқыла және төмендегі сұраққа жауап бер.

- Адамзаттық құндылықтың қазіргі сипаты қалай деп ойлайсың?

- Болашақта құндылықтар әлеміне қандай үлес қосамын деп ойлайсың?


Сабақтың ортасы


2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап бер.

Тыңдалым мәтіні.

-Жалпы адамгершілік құндылықтар ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін аса маңызды мәнге ие өзекті тақырыптардың бірі.......

- Жалпы адамгершілік құндылықтар жайлы гуманитарлық бағыттағы барлық салалар, яғни философия, психология, мәдениеттану, әлеуметтану, эстетика, этика және педагогика ғылымдары кеңінен қарастырады. Құндылықтарға бейімделу, оны бойына сіңіру жеке тұлғаны қалыптастырушы негізгі факторлардың бірі болып табылады. Әлем сахнасындағы кез келген ұлт пен ұлыстың руханияты, мәдениеті басқа халықтармен салыстырғанда өзіндік ерекшелік пен айырмашылыққа толы құндылықтарға ие. Құндылық, соның ішінде әсіресе рухани құндылық ұғымы үлкен мән мен маңызға ие.



- Қалай ойлайсыз, құндылық мәдениетке жата ма?....

- Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың жеке тұлғасына қатысты тәрбиені жүзеге асырумен қатар, жалпы қоғамның дүниетанымдық көзқарасы мен ұстанымын, ертеңгі күн бағдарын айқындайды.

Рухани құндылық ғасырлар бойына дүниетаным мен дәстүр негізінде үздіксіз қалыптаса отырып атадан балаға, яғни ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде берілетін баға жетпес асыл қазыналардың бірі.

1. Сұхбаттағы автор көзқарасынан нені аңғаруға болады? Неліктен өзекті тақырып ретінде адамгершілік құндылықтарды алып отыр?

2. Сұхбат берушінің экспресивті-эмоционалды сөздерінен нені аңғаруға болады?



3-тапсырма: Тыңдалым мәтінінен басты және пен қосымша ақпараттарды анықта. Үлгі:

Басты ақпарат

Қосымша ақпарат

Адамгершілік құндылық өзекті мәселе

Адамгершілік құндылықтарды барлық сала ғалымдары қарастырады.

-

-

4-тапсырма. БАҚ материалдары, ғаламтор т.б. танымал адамдардың адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті тақырыбындағы айтқан әңгімелерін тауып, сөйлеу барысындағы дауыс ырғағына көңіл бөл. Төмендегі сұраққа жұбыңмен ақылдасып, жауап бер.

1. Айтылған пікірлердің мағыналық және эмоциялық айырмашығына не әсер етті?

2. Сөйлеушінің көңіл күйін, өз көзқарасын білдіруін интонация қалай көрсете алды?


Сабақтың соңы


Рефлексия

Бүгінгі сабақтағы 3 маңызды…

Бүгін біз … туралы таныстық

Біз … сәтті орындай алдық

Біз … жұппен жақсы орындай алдық

Біз ... туралы көбірек білгіміз келеді





Күні: 10.10.2019 Сынып: 8 Тұрсынбай А.


Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика»


Оқу мақсаты

8.2.4.1 Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық







стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу,







сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау







8.3.1.1 Тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар







құру




Бағалау критерийі

Білім алушы







• Мәтіндердің тақырыбын, түрін (әңгімелеу, сипаттау,







талқылау), құрылымын салыстыра талдайды







• Берілген тақырып негізінде тезистік жоспар құрады




Ойлау дағдыларының

Қолдану




деңгейі

15-20 минут




Орындау уақыты





Тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқыңыз.


1-мәтін
«Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі – құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі – құндылық бағдар.
Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі , қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық , өлтіріп кету сияқты келеңсіздіктер толып жатыр. Адамзаттың ең асылы «адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме? Көпшілігі «заманына қарай адамы» деген принциппен өмір суруде. Ал заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден-бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз.
Рухани-адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін-өзі тану» жобасының авторы С . А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті…
2-мәтін

Әдетте құндылық деген сөзді естігенде, ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз. Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады. Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары. Сіздің үйіңіз, материалдық жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында. Болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз – құндылықтың бір түрі. Сонымен қатар іске аспай жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана болу, өмірде өз орныңды табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар...




7

  1. Екі мәтінді салыстырыңыз.

Мәтіндердің стилі қандай? Себебі неде?

Мәтіндердің тақырыбы қандай?

Мәтіндердің түрлері қандай? Неге олай?

Мәтіндердің құрылымы қандай? Неге?



  1. Сіз тәрбие сағатында «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті» тақырыбында баяндама оқығалы жатырсыз. Баяндамаңыздың тезистік жоспарын жасаңыз.


Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіндердің тақырыбын, түрін (әңгімелеу, сипаттау,

талқылау), құрылымын

салыстыра талдайды


1

мәтіндердің стильдерін ажыратады;

1

тақырыбын анықтайды;

1

түрін анықтайды;

1

құрылымын салыстырады;

1

Берілген тақырып негізінде

Тезистік жоспар құрады



2

тақырып бойынша жоспар құрады;

1

тезистік жоспарды талапқа сай құрады.

Сауатты көркем жазады



1

1


Барлығы







7



САБАҚ:


Мектеп: 211

Уақыты: 14.10.19

Мұғалім: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

Осы сабаққа қатысты оқу мақсаттары

Т/Ж 8.1.2. 1 - әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу


Бағалау критерийлері

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

  • Шығармада көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Шығарманы оқиды, тақырыбы мен идеясын түсінеді.

Көптеген оқушылар:

  • Шығармадағы көтерілген мәселелер арқылы заман көрінісін сипаттайды.

Кейбір оқушылар:


  • Мәтінді талдап, ұлттық мүдде тұрғысынан өз көзқарасын білдіреді.

Уақытты жоспарлау

Жоспарланған іс-әрекеттер

Басы

Мұғалім 4 оқушыны таңдап алып тақтаға шығарады. Музыка ойнап тұрады, музыка тоқтағанша оқушылар жылдам өз тобын жинайды. Тақтаға оқушыларды бір-бірден шығарулары керек. Оқушылар сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.

«Миға шабуыл»

Оқушылар жырау мен жыршыға қатысты сөздерді тақтаға кезекпен жазып шығады.

Жырау

Жыршы










Ортасы


Мағынаны тану

1-тапсырма «Еркін жауап» стратегиясы ТЖ.

Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша Шалкиіздің өмірі туралы оқып келеді. Топтар таратылған сұрақтарға ауызша жауап береді.

1-топ.


- Шалкиіздің өмірі туралы не білесің?

- Қай бидің ақылшысы болған?

2-топ.

- Жырау әскери жорықтармен қай жерлерді аралайды?



- Қазақ ордасына қашан оралады?

3-топ.


- Толғау дегеніміз не? Жыраудың би Темірге арнаған неше толғауы бар?

- Жыраудың басқа қандай толғауларын білесіңдер?

4-топ.

- Шалкиіз шығармалары алғаш қағаз бетіне қашан түсті?



- Шалкиіз шығармалары қай тілдерге аударылған?

2-тапсырма Ж.,ЖЖ.



«Есте сақтау» стратегиясы

Оқушылар сөздікпен танысып, есте сақтау үшін бірнеше рет оқиды. Жұбымен жауаптасады.

Сөздік:
Қу – аққу 
Көкшілі – сұңқар
Арабы торы – «асыл тұқымды» дегенді білдіреді 
Алдаспан – наркескен қылыш 
Қағба – мұсылмандардың құлшылық ететін қасиетті орны 
Күлік – сәйгүлік жылқы 
Кепке – бас деген мағынада 
Ғазизлеген – құрметтеген 

Мұғалім толғау жолдарын оқушыларға бөліп береді. Әр топ өзіне берілген үзіндіні төмендегі кесте бойынша талдайды.

3-тапсырма ТЖ.

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

Тақырыбы




Идеясы




Көтерілген мәселелер




Заман көрінісі




Жаңа сөздер




Әр топтан 1 спикер жұмыстарының нәтижесін айтып, өзге топ мүшелеріне таныстырады. Мұғалім таңдап алған 4 оқушы өз топтарының бағалаушысы болып, жұмыстарын бағалайды. Басқалар бағалаушыны бағалайды.



Соңы

Кері байланыс

ПОПС формуласы Ж.

«Менің ойымша, ұлттық мүдде тұрғысынан келгенде, толғаудың идеясы мен пафосы ... ».

«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»




Мектеп: № 211

Күні: 15.10.19

Мұғалімнің аты-жөні:


А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:




Сабақ тақырыбы

«Өмірлік құндылықтар»


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.2.5.1. Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Мәтін бойынша сұрақтар құрай алады
Көптеген оқушылар: Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана алады
Кейбір оқушылар: Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыра біледі.


Бағалау критерийлері

1. Мәтін бойынша сұрақтар құрай біледі.

2. Перифразаның түрлі тәсілдерін орынды қолданады.

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.


Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Басы

Ортасы



Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Аялы алақан»Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып тұрады. Қол алысып амандасады,бір-біріне көздерін қысып ымдасады, қол былғайды . 4-Топқа біріктіру. Әр оқушыға оқытушы түрлі – түсті қағаз қиындыларын ұсынады ол қағаз қиындысын құрастырса өмірлік құндылықтар атауы шығады.

Үй тапсырмасын «кубик» әдісі бойынша сұрақ – жауап алу.

Білу және түсіну.Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

1-тапсырма «Сөйлемді толықтыр» әдіс. Әр топ өзінің топ атауын ашу үшін берілген сөйлемдерді толықтырады.

Отбасы....................басталады. (1-топ)

Ер жігітті..................өлтіреді

Қоянды........................өлтіреді (2-топ)

Өнер, білім ....................табылған ,

Сауысқанның .......................табылған (3-топ)

Тоқ ......................., аш ...................ойнамайды (4-топ)
Дескриптор:

--Берілген сөйлемдерді толықтырады.

-- Әртоп толықтыру арқылы перифразалық сөздерді табады.

ҚБ: көгершінмен бағалау


Соңы



2-тапсырма «Сұраққа жетіп ал» әдісі. Мәтін бойынша перифразалық сұрақтар құрастыру.

Кез келген заттың құбылыстың, ұлттың және қоғамның ең бастысипаттарының жиынтығын құндылық деп атаймыз. Ол материалдық , рухани, отбасылық , ұлттық, жалпыадамзаттық т.б құндылықтар болып бөлінеді.Біздің Отанымыз Қазақстанның ең басты құндылығы - ел тәуелсіздігі. Оны көздің қарашығындай сақтау- әр қайсымыздың абзал борышымыз.біздің еліміздің өз рәсімдері бар.Олар: Ту, Елтаңба, Гимн.

Топтар бір-біріне мәтін бойынша сұрақ қойып алмасады , жауабын алады.

Құндылық дегеніміз не?

Жалпы адамдық құндылық дегеніміз не?

Этно – мәдени құндылық дегеніміз не?

Материалдық құндылықтарды ата?

Дескриптор:

- Мәтінен перифразаны таба алады.


  • Мәтін бойынша сұрақтар құрайды.

  • Алмасу арқалы сұраққа жауап береді

ҚБ: көгершінмен бағалау

7-тапсырма. Төмендегі суретке қарап, «Уақыт-баға жетпес құндылық» тақырыбына мәтін құрап жазып келу.






Қазақ әдебиеті


Мектеп: 211

Уақыты: 16.10.19

Мұғалімнің аты: А.Тұрсынбай


Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

Осы сабаққа қатысты оқу мақсаттары

Т/Ж 8.1.2. 1 - әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

  • Шығармада көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Шығарманы оқиды, тақырыбы мен идеясын түсінеді.

Көптеген оқушылар:

  • Шығармадағы көтерілген мәселелер арқылы заман көрінісін сипаттайды.

Кейбір оқушылар:


  • Мәтінді талдап, ұлттық мүдде тұрғысынан өз көзқарасын білдіреді.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Басы


Қызығушылықты ояту

Оқушылар «Қазақ хандығы» киносынан Шалкиіз жыраудың дүниеге келген кезін, сол кездегі заман көрінісін көріп, кинодан алған әсерімен бөліседі. /7-бөлім 10:36 - 14:42/

Топқа бөлу «Менің тобым»

Мұғалім 4 оқушыны таңдап алып тақтаға шығарады. Музыка ойнап тұрады, музыка тоқтағанша оқушылар жылдам өз тобын жинайды. Тақтаға оқушыларды бір-бірден шығарулары керек. Оқушылар сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.

«Миға шабуыл»

Оқушылар жырау мен жыршыға қатысты сөздерді тақтаға кезекпен жазып шығады.



Жырау

Жыршы










Ортасы


Мағынаны тану

1-тапсырма «Еркін жауап» стратегиясы ТЖ.

Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша Шалкиіздің өмірі туралы оқып келеді. Топтар таратылған сұрақтарға ауызша жауап береді.

1-топ.


- Шалкиіздің өмірі туралы не білесің?

- Қай бидің ақылшысы болған?

2-топ.

- Жырау әскери жорықтармен қай жерлерді аралайды?



- Қазақ ордасына қашан оралады?

3-топ.


- Толғау дегеніміз не? Жыраудың би Темірге арнаған неше толғауы бар?

- Жыраудың басқа қандай толғауларын білесіңдер?

4-топ.

- Шалкиіз шығармалары алғаш қағаз бетіне қашан түсті?



- Шалкиіз шығармалары қай тілдерге аударылған?

2-тапсырма Ж.,ЖЖ.



«Есте сақтау» стратегиясы

Оқушылар сөздікпен танысып, есте сақтау үшін бірнеше рет оқиды. Жұбымен жауаптасады.

Сөздік:
Қу – аққу 
Көкшілі – сұңқар
Арабы торы – «асыл тұқымды» дегенді білдіреді 
Алдаспан – наркескен қылыш 
Қағба – мұсылмандардың құлшылық ететін қасиетті орны 
Күлік – сәйгүлік жылқы 
Кепке – бас деген мағынада 
Ғазизлеген – құрметтеген 

Мұғалім толғау жолдарын оқушыларға бөліп береді. Әр топ өзіне берілген үзіндіні төмендегі кесте бойынша талдайды.

3-тапсырма ТЖ.

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

Тақырыбы




Идеясы




Көтерілген мәселелер




Заман көрінісі




Жаңа сөздер




Әр топтан 1 спикер жұмыстарының нәтижесін айтып, өзге топ мүшелеріне таныстырады. Мұғалім таңдап алған 4 оқушы өз топтарының бағалаушысы болып, жұмыстарын бағалайды. Басқалар бағалаушыны бағалайды.


Соңы



Кері байланыс ПОПС формуласы Ж.

«Менің ойымша, ұлттық мүдде тұрғысынан келгенде, толғаудың идеясы мен пафосы ... ».

«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»




Мектеп: №211

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Кәсіп пен еңбек



Күні: 05.11.19

Мұғалімнің ТАӘ: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Кәсіп пен еңбек

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары

8.1.5.1. перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау.

Сабақтың мақсаты

Барлығы:Перифраз түрінде берілген сұрақты түсінеді;

Басым бөлігі: мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, жауап береді;

Кейбірі: мәтіндегі ойды қорытындылап пікір білдіреді.



Бағалау критерийлері


Перифраз тәсілі арқылы берілген сұрақтарды түсінеді.

Сұрақтарға тыңдалым мәтіні бойынша жауап береді;

Мәтіндегі ойға жеке көзқарасын білдіреді.


Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Сабақтың басы

«Құндылықтар спектрі» тапсырмасы.

Спектр үшін жіпті, тақтаны көрсетіп тұратын стрелкаларды пайдаланыңыз; қарама-қарсы қабырғаларға пікірлердің екі ең шеткі нүктелерін орналастырыңыз.

Тұжырым: Бүгінгі заманда жұмысқа орналасу қиын.

Осы тапсырмадан соң, сабақтың тақырыбын анықтайды.

Мұғалім оқушылармен бірге оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірге талқылайды.


Сабақтың ортасы


Тыңдалым/айтылым алдындағы тапсырма.

Мұғалім оқушыларға жұмысқа орналасуға қатысты әрекеттер жазылған бірнеше қима қағаздарды үлестіреді. Оқушылар әрекеттерді дұрыс ретімен орналастырып, үдерісті әңгімелеп береді.



1-тапсырма.

Жұмысқа орналасу үшін жасалатын әрекеттерді дұрыс ретімен орналастырып, үдерісті әңгімелеп беріңіз.




Жұмыс берушімен сұхбаттасу

Жұмыс іздеу


Түйіндеме жазу

Тәжірибеден өту



Жұмысқа қабылдану

Құжаттарды жинау


Кадр бөліміне хабарласу


Тыңдалым/айтылым тапсырмасы.

Мұғалім оқушыларға бейнематериалды қосып, тыңдалым мәтінін тыңдатады. Оқушыларға осы тыңдалым бойынша перифраза арқылы құрылған сұрақтарды береді. Мұғалім перифраз жасаудың тәсілдерін ескеріп, басқа да сұрақтар құрастыра алады.

Оқушылар осы сұрақтарға мәтін бойынша жауап береді.

1-тапсырма.

Бейнематериалды тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Бейнематериалдағы қағидалар кімдерге арналған?

2. Мамандар неліктен бір орында ұзақ тұрақтамауға кеңес береді?

3. Қызметке тұрушы туралы алғашқы көзқарасты не қалыптастырады?

4. Қызметке орналасуда қандай әрекет ең пайдасыз?

5. Жұмыс берушілер қызметкерге зәру екенін көбіне қайда жариялайды?

6. Түйіндемені жіберген фирма бірден хабарласа ма?

7. Қызметке тұруда қандай әрекет жағымды нәтижеге әкеледі?

8. Жұмысқа орналасуға қатысты қандай кеңестер берілді?

2-тапсырма.

Оқушылар тыңдалым мәтінін бойынша ой тұжырымдап, жеке көзқарасын ПОПС формуласы арқылы білдіреді.



Сұрақ:

  • Сіздің ойыңызша, ұсынылған кеңестер жұмысқа орналасуда пайдалы ма? Неліктен?

  • Сіздің пікіріңізше, қай кеңес ең пайдалы?

Шығармашылық тапсырма.

Мұғалім оқушыларға бірнеше комикстердің суреттерін береді. Оқушылар осы комикстерді өздері сөйлетулері керек. Ол үшін тыңдалымдағы ақпараттарды, ұсынылған мақал-мәтелдерді қолданулары керек.



Тапсырма.

Төмендегі комикстерге қарап, «Менің жұмысқа орналасудағы талпынысым» тақырыбында шағын әңгіме құрап, әңгімелеп бер.

Мақал-мәтелдер:


  • Еңбек — ширатады.

Өмір — үйретеді.

  • Күшіңе сенбе,

Ісіңе сен.

  • Еңбек ет те, міндет ет.

  • Ер дәулеті — еңбек.

  • Бір еңбектің — бір рахаты бар.

Дескриптор:

  • Комикстерге сай әңгіме құрайды;

  • тақырыпты ашады;

  • мақал-мәтелдерді орынды қолданады.

Сабақтың соңы


Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия.

Мұғалім тақтаға «нысананы» іледі. Оқушылар сабақ туралы пікірлерін «нысанаға» белгілеп, рефлексия береді.



Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: № 2

Мектеп №211

Күні: 06.11.19

Мұғалімнің аты-жөні: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатысқандар

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

8.1.2.1- әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақтың мақсаты

Шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Жоспарлана

тын уақыт



Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту

«Жорға сұрақтар»



  1. Көркем шығарманың кіріспесі қалай аталады? (пролог)

  2. Ақын қай өлкені «Үш қиян» дейді? (Батыс өлкесін)

  3. «Майлы қиян» қай жер? (Маңғыстау бойы)

  4. Көркем шығарманы қорытындылайтын компонент (эпилог)

  5. Азапқа толы аяқ жетпейтін жер? (қиян)

  6. «Көрші» сөзінің синонимі? (қоңсы)

Сабақтың ортасы


Мағынаны тану

1-тапсырма. Ж.

төмендегі кестені толтырады.

«Дұрыс-бұрыс» кестесін толтырыңыз.



Сөйлемдер

дұрыс

бұрыс

Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға өңірінде туған

+




«Үш қиян» толғау-дастанында ақын «Үш қиян» деп үш өзен салаларын айтады. Олар: Батыс Қазакстан өлкесі, Атырау аңғары, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз өзендерінің айналасы.

+




Мұрат Мөңкеұлы патша үкіметі тарапынан жүргізілген реформаны жақтайды.




+

«Үш қиян» толғау-дастанында ақын Асанқайғы, Қазтуған, Орақ, Телағыс сынды ірі тұлғалардың өскен жерінен айырылғаны туралы айтылады..




+

Өлеңде үш қиянның отаршылдардың колында кеткені, елдің өрісінен айырылып торыққаны жырланады.

+




Оқушылар жауаптарының дұрыс-бұрыстығын тексереді.

2-тапсырма. Ж.,ЖЖ.,ТЖ.

«Ой күмбезі»

«Ой қазығы» - «Үш қиянда» айтылған ойдың негізгі сөзін табыңыздар;

«Ой желісі» - негізгі сөзден өрбитін ой-пікірді жұпта талдап, ментальді карта толтырыңыздар;

«Ой өрімі» - жұптағы оқушылардың пікірлері мен ой түйіндерінтопта жинақтаңыздар.

«Ой күмбезі» - негізгі ойдың маңызы мен мәнін ашып, оның қажеттілігі мен орнына баға беріп, ой күмбезін тұрғызыңыздар.

Топтар жұмыстарын бір-бірінің жұмыстарын алмасып оқып танысады. Сынып барлық топтың жұмысын жинақтап, бір үлкен күмбез тұрғызады.

3-тапсырмаТЖ.«Жағдаятты бірігіп шешу»




Ақынның «заман сүреңін жаратпауының»

мәні неде?




Мәселеге мүдделі тараптар




Әрбір мүдделі тараптардың көзқарастары




Берілген көзқарастардың болжамдары





Берілген көзқарастардың бүгінгі ақиқаты

Бағалау парағы



Бағалау критерийі

Дескриптор


Шығарма идеясымен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Мәселеге мүдделі тараптарды анықтайды;

Әрбір мүдделі тараптардың көзқарастарын ашып көрсетеді;

Берілген көзқарастарға мәтінге сүйеніп болжам жасайды;

Берілген көзқарастардыңбүгінгі таңдағы ақиқатын дәлелдейді.




Сабақ соңы


4-тапсырма.«TeD әңгімелері» ЖЖ.,ТЖ.,Ж.

Сынып оқушылары жұппен «Мен қауіп еткеннен айтамын» тақырыбында екі минуттық шешендік сөз дайындайды. Шешендік сөз жұпта, топта тыңдалады. Топ мүшелері үздік деп таныған оқушы сөзі «Автор орындығында» тыңдалады.





Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары

Мектеп: №211

Күні: 07.11.19

Мұғалімнің ТАӘ: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Жұмыс берушімен сұхбат

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары

8.1.4.1. мәтінде көтерілген мәселені(тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

Тыңдалым мәтініндегі астарлы ойды түсінеді.

Негізгі ойды анықтайды.

Тақырып қояды.




Бағалау критерийлері


  • әңгімелердегі ортақ ұқсастықты жазады;

  • мәтінге тақырып қояды;

  • негізгі ойын анықтайды.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Сабақтың басы


Оқушылар жұпта талқылау сұрақтарына жауап береді.

  • Жұмыс берушімен сұхбаттасу барысында болған қызықты оқиғалар туралы естіп көрдің бе?

  • Арманыңдағы жұмысқа қол жеткізу үшін не істер едің?

Талқылаудан соң, сабақтың тақырыбын анықтайды, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылайды.

Сабақтың ортасы

Мұғалім оқушыларға тыңдалым мәтінін дауыстап екі қайта оқиды. Оқушылар тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындайды.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, кестені толтырыңыз.

Кейіпкерлердің жұмысқа орналасуына не көмектесті?

Скотт Данлап, кәсіпкер


Дэн Холидей, 10 жылдық тәжірибесі бар менеджер


Ричард Вэддингтон








2-тапсырма.

Үш кейіпкердің әңгімесіндегі ортақ ұқсастықты тауып жазыңыз.



3-тапсырма.

«Ойлан-Жұптас-Бөліс»

  • Мәтінге тақырыбып қойыңыз.

  • Мәтін нені мақсат етеді? (Қандай мақсатта жазылған?)

  • Мәтін нені үйретеді?


Тыңдалым мәтіні

Скотт Данлап, кәсіпкер

Дэн Холидей, 10 жылдық тәжірибесі бар менеджер

Ричард Вэддингтон 

Дескриптор:

  • Кейіпкерлердің қалай жұмысқа орналасқанын жазады;

  • әңгімелердегі ортақ ұқсастықты жазады;

  • мәтінге тақырып қояды;

  • негізгі ойын анықтайды.

Оқушылар дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды.

Оқушылар тыңдалым негізінде ереже құрап жазады. Ережелерді маңыздылығына байланысты орналастарады.



4-тапсырма.

  • Кейіпкерлердің оқиғасын негізге ала отырып, жұмыс берушімен сұхбаттасу кезінде орындауға тиіс ережелер құрап көріңіз.

  • Ережелерді маңыздылығына байланысты орналастырады.


1-ереже. Өзің туралы барлық шындықты айтыңыз.




Сабақтың соңы


Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Оқушылар сұрақтарға сүйеніп, кері байланыс береді.





САБАҚ: № 7

Мектеп №211

Күні: 18.11.19

Мұғалімнің аты-жөні: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатысқандар

Қатыспағандар:


Сабақтың

тақырыбы


Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

8.1.1.1- әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарманың сюжеттік желілерін анықтайды.

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы



Қызығушылықты ояту

Ой шақыру

Топтарға Мұрат ақынның бала кезіндегі өлеңдері таратылады. Оқушылар оқып, келешекте Мұрат Мөңкеұлының қандай ақын болатынын сөзіне қарап болжап, кластер құрады.

1-топ


Ағайынға айтқаны

Мұраттың он екі жастағы кезі болса керек. Туыстас ағайынның бір үйір жылқысы ауа жайылып кетеді де, соны тауып келуге Мұратты жұмсайды, еңбегіне тай мінгізетін болады. Шаруаға онша қыры жоқ Мұрат үш-төрт күннен кейін:

– Таба алмадым, – деп қайтып келеді.

Бұған ренжіген ағайын:

– Әй, сорлы бала, сен бұл қырсыздығыңнан жарымассың, сенен күдерімді үздім, – дейді.

Сонда Мұрат қысылмай:

– Аға-еке, бұл баладан күдер үзбе,

Онан да мінгізетін тайыңды ізде.

Инша Алла ризықтан кенде болман,

Келіппін дүнияға қоңыр күзде.

Кесірін қысырақтың айғырдан көр,

Жылқысын қайырмаған сылбырдан көр.

Баланы қуантқаннан кемімессің,

Құдайым қабыл етсін, ақымды бер, – дейді.

Әрі құдайынан қорыққан, әрі Мұраттың сөзінен сескенген ағайыны тай мінгізіп құтылады. «Жылқысын қайырмаған сылбырдан көр» деп отырғаны – жылқыны бақтырып қойғаны әлгі ағайын адамының туған інісі екен.

2-топ


Жеңгелеріне айтқаны

Мұраттың он үш жасар кезі екен. Бірде үйге келсе, былқып піскен етке тап болады. Матай ауылда жоқ болса керек, жеңгелері Мұраттың алдына табақ тартып:

– Ал, қайным, осыған бірдеңе деп жіберші, – дейді. Мұрат жеңгелерінің көңілін қимай:

– Ас берсе Сағира мен Қайша берсін,

Жей алмай май табағын қайта берсін.

Қонағы ат тұяғы жеткен жерде

Аузынан суы құрып айт аберсін, – дейді.

Жеңгелері дән риза болады. Сағира – өзінің туған жеңгесі, Матайдың әйелі, Қайша – көрші жеңгелерінің бірі.



Сабақтың ортасы



1-тапсырма Ж.

        • «Зар заман» дегенді қалай түсінесіздер?

        • «Зар заман» ақындары жайлы не білесіздер?

Оқушылар ББҮ кестесінің алғашқы екі бөлігін толтырады.

2-тапсырма «Ойлан. Жұптас. Бөліс.» Ж.ЖЖ.ТЖ.



  • Оқушыларға зар заман ақындары жайлы Уикипедиядан ықшамдалып алынған ақпарат таратылады. Олар ақпаратты оқып, кестенің үшінші бөлігін тезис түрінде толтырады.

  • Жұпта сұрақтар қойып, өз жауаптарымен бөліседі.

  • Жақсартылған жаңа жауаптарын топта айтады.

Оқушылар дастанды түсіну үшін глоссариймен танысады.

Глоссарий

Інген - қос өркешті түйе.

Қоңсы - көрші.

Шапағат - рақым, мейірім, шарапат.

Нар - жалғыз өркешті, асыл тұқымды ірі түйе.

Қиян - «ит арқасы қиянда» деген афоризмді тіркеспен мағыналас, барыс-келісі азапқа толы аяқ жетпейтін жер.
3-тапсырма Ж.,ТЖ.

Оқушылар «Үш қиян» толғауының 9-сынып хрестоматиясында берілген бөлімдерін (25,26,27,28,30,31,32) оқиды. «Үштік сұхбат» жүргізеді.  

А тобы өлең жанры, мазмұнына қысқаша шолу жасайды

В тобы сұрақтар қояды.



Үлгі:

1.«Үш қиян» толғауының тақырыбы қандай?

2. Толғауда көтерілген басты мәселе не?

3. Автор өлең арқылы қандай идея айтпақ болған?

С тобы түйінді пікір айтып,сараптама жасайды.
Оқушылар тапсырмаға қалыптастырушы бағалау критерийлерін өздері құрастырады және бағалау критерийі бойынша бірін-бірі бағалайды.

 


Сабақ соңы

4-тапсырма Ж.

«Мендік пікір» арқылы шығармадан алған әсерін жеткізеді. «Өзін-өзі бағалау»



Мектеп: №211


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары



Күні: 20.11.19

Мұғалімнің ТАӘ: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Бизнестегі бес қадам







Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары

8.2.5.1. перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Мәтін мазмұнын түсінеді;

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрайды;

  • Сұрақ құрауда перифраз тәсілдерін тиімді қолданады.

Бағалау критерийлері




  • Мәтін мазмұнын түсінеді;

  • Фразаларды қай қадам екенін анықтайды;

  • Сұрақ құрайды;

  • Сұрақты перифраза тәсілі арқылы құрайды.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Сабақтың басы


Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын ұсынады. Оқушылар жұпта талқылап, сұрақтарға жауап береді.

Талқылау сұрақтары:



  • Бизнеспен айналысу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

  • Бизнес жасауда қандай қадамдарды орындау керек?

  • Сенің таныстарыңның арасында бизнеспен айналысатын адамдар бар ма?

Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

Сабақтың ортасы

Оқылым алдындағы тапсырма.

Оқылым алдында мұғалім перифраз жасаудың тәсілдерін оқушылардың естеріне түсіреді.

Оқушылар осы тәсілдерге мысал келтіреді.

1.Сөйлемдегі сөз формасын басқа сөз табына алмастыру. Мысалы: зат есім → етістік, зат есім → сын есім, т.б.

2. Синонимдерді қолдану.

3. Сандар мен пайыздық көрсеткіші өзге формаға ауыстыру.

4. Бірінші жақтан үшінші жаққа немесе үшінші жақтан бірінші жаққа алмастыру (ырықсыз етіске алмастыру).

5. Анықтама берудің әртүрлі құрылымдарын пайдалану.

7. Сөйлем құрлымын өзгерту және байланыстырушы сөздерді өзге түрлерін қолдану.

Оқылым тапсырмасы.

Мұғалім оқушыларға оқылым мәтінін ұсынады. Оқушылар мәтінді оқып, фразалардың бизнестің қай қадамына жататын анықтайды.

Мәтін бойынша перифраза тәсілдерін қолданып, сұрақ құрайды.



Бизнес жасаудағы маңызды қадамдармен таныс.Мәтінді оқып, сөздерді орналастыр.

Бизнес, бизнес-жоспар, бизнес-ой (бизнес идея), бизнес жоспарды құрау,клиентпен жұмыс.

жоспарды құрау,клиентпен жұмыс.

Тапсырма. Төмендегі фразалар бизнестің қай қадамына жататынын анықтаңыз.



  • Мен бәлішті жақсы пісіремін, соны сатсам қалай болар екен?

  • Біздің кәсіпорынның мақсаты – сапалы қызмет көрсету.

  • Бұл жобаны іске асыру үшін 500$ қаржы қажет.

  • Клиенттерге шайхананың теңіз жағасында орналасқаны қатты ұнайды.

  • Бұл бизнес маған лайық, себебі, мен тігін тігуді жақсы көремін.

  • Көп клиенттерді біздегі тиімді баға қызықтырады.

  • Менің бұл жобамнан 1000$ пайда түседі.

  • Бұл жерде адамдар көп жиналады екен, сондықтан офисті осы жерде ашу керек.

  • Ауылдан тері әкеліп, илеп тон тіксем бе екен?

  • Менің үйіме жақын жерде дәріхана жоқ екен, егер мен ашсам...

  • Менің клиенттерім 18-25 жас аралығындағы жас қыздар.

  • Клиенттер біздің мейрамханаға көбіне сенбі, жексенбі күндері келгенді ұнатады.

  • Біздің клиенттерге қызмет көрсету ұнайды.

  • Бұл бизнес жоба 5 жылға созылады.

  • Қазақтың ою-өрнектерін салып, әдемі орамалдар тіксем...

  • Бұл бизнесті жүзеге асыруға қаладағы халық саны кедергі болып тұр.

Тапсырма.

Перифраза тәсілдерін орынды қолданып, мәтін бойынша бес сұрақ құрайды.

«Сұрақтар қобдишасы».

Оқушылар мәтін бойынша құраған сұрақтарды қобдишаға салады, оқушылар шеңбер бойымен отырып, бір сұрақтан суырады және жауап береді.

Дескриптор.


  • Мәтін мазмұнын түсінеді;

  • Фразаларды қай қадам екенін анықтайды;

  • Сұрақ құрайды;

  • Сұрақты перифраза тәсілі арқылы құрайды.

Оқушылар жұпта бірін-бірі бағалап, кері байланыс береді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Мұғалім оқушыларға шығармашылық тапсырма ұсынады. Оқушылар мәтінді негізге алып, жұпта бизнес жоспар жасайды.

Жұпта бірлесе бизнес жоспар құрып көріңіз.



  • Немен айналысу? (нені шығару, ұсыну) (тауар, қызмет түрлері);

  • Кімге шығару?

  • Қанша шығару?

  • Тұтынушылар кімдер?

  • Оларды не қызықтырады?

  • Қанша пайда әкеледі?

Сабақтың соңы


Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия.

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер ұсынылады. Оқушылар осы сөйлемдерді өздері толықтырып, бүгінгі сабаққа кері байланыс береді.

Рефлексия парағы




Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары



Мектеп: №211

Күні: 26.11.19

Мұғалімнің ТАӘ: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатыспағандар саны:


Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Мамандық

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары

8.1.4.1. мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

Мәтін мазмұнын түсінеді;

көтерілген мәселені анықтайды;

мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, тақырып қояды.



Бағалау критерийлері


  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырата алады;

  • соған сай тақырып қояды;

  • тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Сабақтың басы


Мұғалім оқушыларға аспаздың суретін көрсетеді. Сол бойынша осы мамандық иесінің ерекшеліктері туралы ойланып, шағын топта талқылауды ұйымдастырады.

  • Көп уақытын қайда өткізеді?

  • Жұмыс күні неден басталады?

  • Оған қандай талаптар қойылады?

  • Нені өте жақсы жасауы керек?

  • Сырт-келбеті қандай болуы керек?

  • Сенің ойыңша, олар қандай сөздерді өте жиі қолданады?

Талқылаудан соң, сабақтың тақырыбын анықтайды, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылайды.

Сабақтың ортасы


Тыңдалым/айтылым алдындағы тапсырма.

Болжам жасау.

Мұғалім оқушыларға тыңдалым мәтінінің бірінші және соңғы сөйлемін оқиды. Оқушылар мәтіннің не туралы екеніне болжам жасайды.


Тыңдалым/айтылым тапсырмасы.

Мұғалім оқушыларға С.Мұқановтың «Аспаз» әңгімесінен алынған үзіндіні тыңдалым мәтіні ретінде ұсынады. Оқушылар мәтінді тыңдайды, тыңдалым бойынша тапсырмаларды орындайды. Мұғалім мәтінді дауыстап, екі рет оқиды.



Тапсырма.

  1. Мәтінді тыңдап, мәтін бөліктерін ажыратып, тақырып қойыңыз.

    Кіріспе бөлім




    Негізгі бөлім




    Қорытынды бөлім




  2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Мәтін не туралы?

  • Әңгімеде қандай тарихи кезең туралы баяндалады?

  • Бұл тарихи кезеңдегі кейіпкердің рөлі қандай болды?

  • Тыңдалым мәтініндегі төмендегі сөздердің мағынасын, тыңдалымдағы қолданысын түсіндіріңіз.

Тау қараңғысынан тұру, «қазаншы қатын», тың игеру,диірменге үктіру,көзінің шырымын алмау, белуарынан келтіре салу,дәмділігі тіл үйіреді.

  • «Туған жердің топырағына өскен дән өзге дәннен дәмді болады екен» деген кейіпкердің сөзін түсіндіріп көріңіз.

  • Мәтіннің түйінін анықтап, айтыңыз.

Тыңдалым мәтіні.

Тау қараңғысынан тұру Дәметкеннің өмірлік дағдысына айналған еді. Келін кезінен «қазаншы қатын» атанған ол, биыл елу төрт жаста. Осы жиырма тоғыз жылдың ішінде, қандай жағдайда жүрсе де, оның атқарғаны бір ғана аспаздық қызмет. Оны таң қараңғысынан тұруға үйреткен кәсіп осы ғана.

Бүгін де ол дағдылы кезінде оянса, көшедегі қатты гүрілдеген тракторлардың дауысы естілді. Дәметкеннің есіне түсе кетті: тың көтеруге келе жатқан көп трактор, жуық арада осы тұстан өтетін, ол әуелі немересі – Күнжаннан, одан кейін МТС директоры Ержанов Байназардан естіген. Оның қызметі – осы ауылдағы МТС-тың тракторлар ремонтын жасаушыларға ас пісіру.



Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Мұғалім жұптағы оқушыларға тоңазытқыштың суретін ұсынады. Оқушылар осы тоңазытқышқа шикі тағамдардың атауын жазады.

Осы жазбаны келесі жұппен ауысады.

Осы тізімдегі тағамдардан ас дайындайды. Астың дайындалу барысын түсіндіріп жазады.

Ол үшін тыңдалымдағы өздері мәтінін түсіндірген сөздерді орынды қолданады.

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар парақтарын қайта ауыстырады. Бір-біріне кері байланыс береді.

«Аспазға пікір»


  • Тағамың өте дәмді көрінеді

  • Тамағыңды жеуге асықпын

  • Тағамыңа өзгеріс енгізуге кеңес беремін.

  • Менің ойымша, тағамда дәрумендер өте көп

  • Тағамдағы жемістер мен көкөністер маған аса ұнамайды

  • Тағамның тамаша шыққанына сенімдімін.

  • Тағам адам ағзасына өте пайдалы.

  • Мен бұл тағамды кешкі асқа жер едім.

  • Тағамды жеймін, бірақ кей қоспаларды басқамен алмастырар едім.

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия. Шығу парағы



Күні: 12.12.19

Пәні: қазақ тілі

Мұғалімнің есімі: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім

Ғарышты игеру жетістіктері

Сабақтың тақырыбы:

Ғарышты зерттеген астрономдар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж8.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис құрастырып жазу;

ӘТН8.1.1.1- сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату.



Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады: Өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тілдік құралдарды қолданып, тезис жазады.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін анықтайды.


Бағалау критерийлері

Стиль түрлерін ажыратады

Ғылыми және публицистикалық стильдерге тән тілдік құралдарды табады

Қолданылған тілдік құралдарға түсінік береді

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін мәтіннен алынған дәйексөздер мен үзінділер арқылы көрсетеді.



Алдыңғы білім

Болашақ мамандықтар

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс- әрекеттер

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал орнату.

«Қызық екен!» әдісі

Оқушылар ай фазалары жазылған қиындыларды әр топ алып оқиды.

Жаңа Ай

Жаңа Ай- бұл айдың мүлдем көрінбей қалатын кезеңі, бұл кезде кемуші айдан өсуші айға ауысым процесі өтеді. Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия таусылып, потенциал жоғарылайды.



Толған Ай

Толған Ай- бұл айдың дөңгелек шар тәрізді пішіндес тиолықтай жарқырауы, бұл кезде өсуші айдан кемуші айға ауысым процесі өтеді. Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия біршама көтеріліп, керісінше потенциал азаяды.

Өсуші Ай

Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия толып, астралдық информация көбейеді. Бұл кез жақсылықтың бастауы болып табылады.

Кемуші Ай

Бұл кезең ғалымдардың айтуы бойынша адам бойындағы энергия толықтай таусылып, дем алуға жақындауы болып табылады.

Мұғалім оқу мақсаты мен бағалау критерийін таныстырады.

Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

«Динамика», «Статистика» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

-динамика қозғалады;

-статистика жауап береді;

Мұғалім оқу мақсаты мен бағалау критерийін таныстырады.



Сабақтың ортасы

Оқылым алдындағы тапсырма

1-тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.

І-топ: Астрономдар нені зерттейді?

ІІ топ: Ежелгі астрономдар туралы не білесіңдер?

ІІІ топ: Қазіргі ғарыш әлемі туралы қандай жаңалықтар білесің?

-дәйексөздерге сүйеніп, мәселені анықтайды;

-сөз тіркестерін пайдаланады;

Оқылым


Мәтінді оқып, тұжырым жасайды.

Ой түрткі сұрақтар.

1.Неліктен адамдарды «аспан әлемі» қызықтыра бастады?

2.Атақты астрономдардың қандай еңбектерін білесің?

-көтерілген мәселені анықтайды;

-сұрақтарға жауап береді;

Тілдік бағдармен танысу.

Аннотация» латын тілінен аударғанда «annotatie» - «ескертпе» деген мағына береді, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама».

Тезис –белгілі бір мәселе туралы қысқаша түрде баяндалған қағида

Анықтама бұрышына ілу.

Жазылым

5-тапсырма: Мәтінді оқып, сөз тіркестерін тауып жазу.



Дескриптор:

-мәтінді оқиды;

-сөз тіркесін анықтайды;

Сергіту сәті: «Диалогтік ертегі» құрастыру.

ҚБ

Жағдаят: Сіз мектеп бітіргелі отырған түлексіз. Сізге өзіңізбен қатарлас бітіруші түлектерге арнап «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында баяндаманың тезисін жазу.

Дескриптор:

- дәйексөздер мен үзінділерге сүйеніп көтерілген мәселені болжай аламын.

-ақпараттардан тезис құрастырамын;

-сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін білемін;


Сабақтың соңы

Кері байланыс: «3-2-1»

3 негізгі ақпарат.

2 маңызды ақпарат

1 қорытынды




Қысқа мерзімді жоспар





Мектеп: А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп

Күні: 10.01.2020ж.

Мұғалімнің аты-жөні: А.Тұрсынбай

Сынып: 10 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі

Оқу мақсаты:

Т/ЖБ. 10.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану

Сабақ мақсаты:

Көркем шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтау

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың негізгі идеясын анықтайды;

  • Автор қолданған көркемдегіш құралды анықтайды;

  • Шығарманың жанрлық белгілерін анықтай алады.

  • Берілген сөздер мен сөз тіркесіне анықтама береді.

Пәнаралық байланыстар

тарих

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу;

Қызығушылықты ояту:

  • А. Кемелбаева туралы не білесіз?

  • «Шашты» сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Түрікпендер мен қазақтар арсында қандай оқиғаларды тарихтан білесіздер?

  • «Барымта» дегеніміз не? Барымтаға сіздің көзқарасыңыз қалай?

(Мұғалім оқушылар жауабын тарихпен өзі толықтырып отырады)

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы



Мұғалім:

  • Жанр дегеніміз не?

  • Әңгіме жанрының ерекшелігі қандай?

Қосымша дерек:

Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. 

1-тапсырма. Алдымен оқушыларға «Шашты» әңгімесінің мәтіні үзінді бойынша торт топқа таратылады. Әңгіме мазмұнымен «ДЖИКСО» әдісі бойынша жұпта, сосын топта талдайды.

Дескрипторлар:


  • Үзіндіні оқып, мазмұнын түсінеді;

  • Түсінген ақпаратты сыныптасына жұпта және топта талдап айта алады.

2-тапсырма. Топтық тапсырма. Оқушыларға әр топқа тапсырмалар парақшалары ұсынылады:

1-топ тапсырмасы:

Бұл шығарма кім туралы?Әңгіменің негізгі идеясы не? (аргумент арқылы жауап жаз)

2-топ тапсырмасы:

Шығарманың жанрлық белгілерін мысал келтіре отырып анықта.

сюжеттік талдау жаса

3-топ тапсырмасы:

Кейіпкерлерге талдау кестесін толтыр

Кейіпкерлер

Әңгіме желісі бойынша әрекеттері

Менің көзқарасым

Жылқышы шал






Кенжебек






Атажан бай






4-топ тапсырмасы:

Автор аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті жанр ерекшелігін сақтауда қалай қолданған? (көркемдік тіліне талдау жасау)



Дескрипторлар:

  • Жанрлық ерекшеліктер бойынша талдау жасайды;

  • Өзіндік көзқарасын білдіре алады.

(соңында уақыт қалса немесе уақытынан бұрын орындағандарға)

Оқушылар бірін-бірі «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен бойынша екі жақсы қорғалған тапсырманы, бір ұсынысын айтып бағалайды.

Сабақтың соңы

Берілген сөздер мен сөз тіркесіне анықтама бер.

Тіксіну-


Құрық ұстату-

Мес-


Саба-

Шашты-


Барымта-

Жоқтау-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет