Сабақтың тақырыбы: Ауа және оның қасиеті Пәні: Дүниетану Сабақтың атауы: дүниетану



Дата17.04.2017
өлшемі77,86 Kb.
#14076
түріСабақ
Атырау облысы Құрманғазы ауданы

Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Бекбаева Маншук Мұқсенқызы
Сабақтың тақырыбы: Ауа және оның қасиеті

Пәні: Дүниетану



Сабақтың атауы:

дүниетану

Ауа және оның қасиеті

Мақсаты:

Күтілетін нәтиже:

Оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру. Ауаның қасиетін еске түсіреді және атап шығады.

 Олардың ойлау дағдысын қалыптастырады, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру. Тіл байлықтарын, ойлау қабілетін, қиялдарын дамытады.
Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, оны қорғай білуге тәрбиелейді. Ауаның қасиеті туралы оқушының көзқарасын кеңейтеді. Қоршаған ортаны таза ұстауға, ауаны ластамауға тәрбиелейді.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сызба, сарамандық жұмыс

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: шар, су құйылған стақан, колба, сюжетті суреттер

Ауаның әр түрлі қасиеттерін біледі, тәжірибе арқылы дәлелдей алады,табиғатты қорғайды.



Психологиялық ахуал

Бүгінгі сабаққа сәттілік тілейміз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу.

Оқушылар түстеріне қарай топқа бөлу




Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Топ басшысын сайлап, бағалау бетшелерін тарату

I. «Кезбе тілші» әдісі

1.Дене деген не? 2.Дене нешеге бөлінеді? 3.Табиғи денені атап шық?

4. Табиғи дене нешеге бөлінеді? 5.Жасанды денені ата 6.Тірі денелерді атап шық. 7.Өлі денелерді ата. 8. Табиғат құбылыстары деген не?

Ағаш өседі,құлайды,шіриді. Жан-жануарлар да өседі, көбейеді,өледі. Ертеңгілік күн шығып, жарық болады, кешке күн батады, қараңғылық болады. Аспандағы бұлт торлайды,жаңбыр жауады,найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел соғады,қар ериді,су тасиды.Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады.
II. Жаңа сабақ

«Көрінбейтін сиқыршы »
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

Бөлмеде не бар?


Сарамандық жұмыс

1)Балалар алақанымызды аузымыздың қасына апарып,алақанымызға демалайық.(Демалғаннан алақан жылыйды,енді ауамен демалып тұрғанымызды көрдік.)
2)Қолымызбен,аузымызбен,мұрнымызды жауып дем алмай тұрайық, қиын ба? Байқадыңдар ауа жоқ болса біз тұншығамыз. Ауамен тыныс аламыз. Ауа өсімдікке, жануарларға, бүкіл тіршілік иелеріне қажет. (сусыз 1 апта, ал ауасыз 1 секундта өмір сүре алмаймыз)
3.Екі қолыңды екі жаққа соз,суда жүргендей жүз,ауа мұхитында жүзіп жүрсің,ол бізді қоршап тұр.Сонда ол адам,өсімдік,жануарлар үшін қажет.(Ауаны көреміз бе? –Жоқ. Неге? –Себебі ол-түссіз,мөлдір айналадағы заттарды көре аламыз)

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. ДЖИКСО әдісі

Мәтінді абзацқа бөліп оқыту, түсіндіреді, талдайды

Ведио көрсету, талдау

Жер шарын жан-жағынан біртұтас, ауа қабаты қоршап тұрады. Ауа қабаты атмосфера деп аталады. Атмосфера – жердің ең сыртқы, беткі қабаты. Ауа дегеніміз – әр түрлі газдардың қосындысы. Көлемі бойынша ауада 78% азот, 21% оттек, 1 % көмірқышқыл газ және басқа газдар. Ауа кез-келген затта, топырақта, суда тіпті біздің денемізде де бар.



Ауа- барлық тіршілік дүниесінің тыныс алатын нәрсесі.Онсыз бәрі тіршілігін жояр еді. Ауа кеңістігі бүкіл жер бетін алып жатыр.Ол біздің айналамызда,жердің беткі қабатында,суда,барлық бос жерлерде,тіпті қатты денелердің құрамында да кездеседі.Біз ауа кеңістігінің ең төменгі қабатында өмір сүреміз. Атмосфера Жерді Күн радиациясынан қорғайды. Ол болмаса, жердегі су әп сәтте қайнап, ал Күн сәулесі тіршілік атаулыны тұтас күйдіріп жіберер еді.Табиғатта ауа үнемі бір орыннан екінші орынға ауысып тұрады. Ауаның қозғалысы жел деп аталады.
Ауа - физикалық дене. Физикалық дене - заттардан тұрады. Ауа - газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де және иісі болмайды. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.
Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Жердің Күннен қашықтығы Айдың қашықтығымен бірдей. Онда неге Айдың беті +100-170 градусқа дейін ысып, -200 градусқа дейін салқындайды? Ал Жердің бетінде ондай өзгерістер болмайды? 
Жауабы: Себебі, ауа қабығы Жер бетін қорғайды, ал Айда ауа қабығы жоқ. Адамдар, жануарлар, өсімдіктер бесінші ауа мұхитының түбінде өмір сүреді.

Сергіту сәті

Би әуенімен

Ой сергітеді,шашағандары басылады

Ой толғаныс

Мұғалім сөзі: балалар, ауа айналаның бәрінде бар екен дәлелдейміз.

Топпен жұмыс
1. Стаканға су құйып, оған бір түйір топырақ тастаңдар.Су бетіне шыққан көпіршіктер нені дәлелдейді? Кез кезген заттың бойында ауа бар.
2.Стақанға су құйып, қозғамай қойып қойыңдар

3.Шыны ыдысқа су құйып, стаканды төңкеру. Стаканға су кірмейді. Неліктен? Себебі стакан ішінде ауа бар, ол орын алып тұр.



(талдау)

Ұжыммен жұмыс (бағалау)

Шарды үрлеп, сонан соң оның желін шығарады. –Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті? Ауа, яғни ол орын алады. 


Ол шарға қайдан келді?-Ішімізден,яғни адамда ауа болады. 
-Ол қалай келеді?Дем алу арқылы. Ауаның пішінін салыстыру

Топпен жұмыс

1-тәжірибе.Доптың екі бүйірін қыссаң, қабысып ішіне кіреді. Жіберіп қалсаң, серпіліп қайтадан өз орнына келеді. Неліктен? Шарды үрлеп, бүйірінен қысу - бұл ауаның сығылуы. 

2-тәжірибе. Екі ұртынды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды бас. Не байқадың?Дәмсіз

3-тәжірибе Допты еденге ұру,қайтара ыршуы - бұл серпілуі. 
Үш шырақты жағайық.Оларды стақанмен, банкамен, төбесі ашық банкамен  жабамыз.Қайсысы алдымен сөнеді? Неге? 
Стақанмен жабылған сөнеді. 
Банкамен жабылған ұзақ жанып сөнеді,себебі ауа көптеу. 
Төбесі ашық шырақ жана береді,оны ауа толық қоршап тұр. Олай болса, ауа жанғыш. 
Шыны ыдысқа су құйып, стаканды төңкеру. Стаканға су кірмейді. Неліктен? Себебі стакан ішінде ауа бар, ол орын алып тұр.

Бекіту

1-топ: Бес жолды өлең жазу

    1. Не? Ауа.

2. Қандай ?Түссіз, мөлдір.

3. Не істейді? Сығылады, серпіледі, көрінбейді.

4. Сөйлем: Ауа бізді қоршап тұр.

5. Синонимі: Оттегі    

2-топ: «Ауаны қорғандар!» мағынасын ашу

Дем алу үшін қажет. От жағу үшін қажет 


Суға жүзу үшін қажет. Жылуды сақтау үшін қажет 
3-топ. Бөлмеде таза ауа болу үшін не істеуге болады? Топта ментальды карта жасап талқылайды.

Ауа тіршілік үшін өте қажет. Айналамызда жасыл өсімдік неғұрлым көк болса, ауада соғұрлым таза болады. Таза ауада демалсақ, спортпен айналыссақ, денсаулығымыз зор болады.



Ауа- тіршілік көзі. «Ауа- өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған.

Үйге тапсырма

Түсініктерін айту,оқу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

10-12ұпай- «5», 9-7 ұпай- «4», 6-3ұпай «3»



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

1.Мен сабақ қызықты қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.Мен сабақта:көп нәрсені үйрендім үйренгенім аз болды.

3.Мен басқаларды мұқият зейінсіз тыңдадым.

4.Мен пікірсайыстарға жиі сирек қатыстым.



5.Мен өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын білдіретін сөздердің астын сызады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет