Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Сабақтың мақсаты



бет2/2
Дата08.07.2018
өлшемі76,04 Kb.
#48776
түріСабақ
1   2

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: дұрыс, бұрыс, емес сөздерінің қолданысын меңгерту; оларды ауызекі және жазба тілде пайдалану жолдарын түсіндіру; Тудағы символикалардың мәнін ашу.

Дамытушылық: сөздік қорын байыту; оларды ауызекі тілде қолдана отырып, қазақша сөйлей/сөйлесе алу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, оқыту, аудару, жазу, ойлау, жаттау, сөйлесу.

Көрнекілігі: ҚР мемлекеттік рәміздері, автопортреттер, тірек-сызбалар, сөздік және өлең жазылған плакат.

Түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу: -Сәлеметсіңдер ме?! (Сәлеметсіз бе?!)

ә) Түгелдеу.

- Бүгін сыныпта кезекші кім?

- Бүгін қазанның нешесі? (Қазанның жиырма екісі)

- Аптаның қай күні? (Сейсенбі)

- Сабақта кімдер жоқ?

б) Ауызекі сөйлесу.



  • Балалар біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

  • Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет)

  • Мемлекетіміздің елбасысы кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

  • Мемлекетіміздің елордасы қай қала? (Астана)

  • Еліміздің мемлекеттік тілі қандай тіл? (қазақ тілі)

  • Ал ресми тілі қандай? (орыс тілі)

  • Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? (қазақ, орыс, татар, өзбек, ұйғыр, кәріс, түрік, беларус, украин, неміс, т.б.)

  • Ал олардың барлығы қай тілде сөйлеседі? (орыс тілінде)

  • ҚР-ның мемлекеттік рәміздері қандай? (елтаңба, ту, әнұран)

  • Өткен сабақта басты рәміздердің бірі әнұран жайында тақырып болды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (1-жаттығу, 36 бет)

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы тексеру:



  • Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы, 7 қаңтар)

  • Әнұранның сөзін жазған кімдер? (Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).

  • Ал әнін жазған кім? (Шәмші Қалдаяқұлы Қалдаяқов).

  • Жақсы, балалар бүгін басты рәміздеріміздің бірі – ту.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Кіріспе әңгіме. Тыңдалым.

ҚР-ның Мемлекеттік Туының ресми бекітілген анықтамасымен таныстыру:

  • ҚР Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері алтын түстес.

  • Аспан – көк түс – қазақтың ұлттық бояуының реңі.

Жан жылуы, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы ашықтық пен адалдық, жақсылыққа сену тәрізді ұлттың менталитетін құрайтын қасиеттер де аспан көк түске байланысты образдар бойына қапысыз сіңірілген. Мемлекеттік тудың түсі геральдика тілінде Қазақстанның жер шарының күн шығысында орналасқандығына, тамыры тереңде жатқан Шығыс мәдениетінің өкілі екендігін мегзейді.

  • Күн образы – байлық пен берекенің белгісі, нағыз өмір символы.

  • Қыран – бүркіт бейнесінің нышандық мәні бақыт пен берекеге, өркениет биіктеріне ұмтылған ел мұратын, халық аңсарын аңғартады.

  • Қазақ ою-өрнектерінің пішімі мен түр-түсі, бүкіл болмысы халықтың өмірге деген көзқарасын, өршіл рухын, поэтикалық танымын танытады.

  • Алтынмен айшықталып, көз жауын алардай әдемі зерленген рәміздік жеке белгілерін бояуы Мемлекеттік тудың шымқай зерен көк реңімен әдемі үйлесім тапқан.

  1. Сөздікпен жұмыс. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.

а) Жаңа сөздердің айтылуын меңгерту үшін тізбектей және жекелей оқытып шығу. Қазақ тілінің төл дыбыстарының айтылуына, интонацияға баса назар аудару.

ә) Жаңа сөздердің дұрыс жазылуын қадағалай отырып, сөздік дәптерге көшіріп жазу:

ортасында-в центре

бейнеленген-изображен

бейбітшілік-мир

төменгі жағында-внизу

қыран-орел

бостандық-свобода

қазақтың дәстүрлі өрнегі-казахский традиционный орнамент


  1. Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Аударылым. Сөйлесім. 1-жаттығу.

а) Мәтінді оқып, аудару.

ә) Тұйық буыны бар сөздерді теріп жазу.

б) Сұрақ-жауап жүргізу.

а) Мәтіннің аудармасы: Флаг государства Казахстана голубого цвета. В центре флага изображено солнце. Солнце – знак мира. Внизу под солнцем изображен орел. Орел – знак свободы. На левой стороне есть казахский традиционный орнамент. Автор флага – художник Шәкен Ниязбеков.

ә) Мәтіндегі тұйық буыны бар сөздер: ортасында, өрнегі, авторы.

б) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:



  • Тудың ортасында не бейнеленген?

  • Тудың ортасында күн бейнеленген.

  • Күн ненің белгісі?

  • Күн – бейбітшіліктің белгісі.

  • Күннің төменгі жағында не бейнеленген?

  • Күннің төменгі жағында қыран бейнеленген.

  • Қыран ненің белгісі?

  • Қыран – бостандықтың белгісі.

  • Тудың сол жағында не бар?

  • Тудың сол жағында қазақтың дәстүрлі өрнегі бар.

  • Тудың авторы кім?

  • Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.

  1. Тыңдалым. Оқылым. 2-жаттығу.

а) Оқу, мәнерлеп оқу.

ә) Төл дыбыстардың астын сызу.

б) Жаңа сөздерді таныстыру, игерту.

Қазақстан жалауы.

Көк байрағы бабамның

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке, баланың



Қазақстан жалауы.

Е. Өтетілеуұлы

байрағы бабамның-знамя предков

ұрпақ-поколение

алауы-пламя

тірегі-опора



  1. Тыңдалым. Айтылым. 3-жаттығу. Дұрыс/бұрыс, емес сөздерінің қолданысын меңгерту. Оқушылар берілген сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын анықтайды, айтады.

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көк түсті. (дұрыс)

  2. Тудың ортасында шаңырақ бейнеленген. (бұрыс)

  3. Күн – бейбітшіліктің белгісі. (дұрыс)

  4. Қыран – бостандықтың белгісі. (дұрыс)

  5. Тудың оң жағында қазақтың дәстүрлі өрнегі бар. (бұрыс)

  6. ҚР Мемлекеттік Туы 1991 жылы қабылданды. (бұрыс)

  7. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. (дұрыс)

  1. Оқылым. Айтылым. Жазылым. 4-жаттығу.

а) Мәтінді оқу, аудару.

ә) Мәтіндегі жаңа сөздерді таныстыру, игерту.

б) Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.

а) Мәтіннің аудармасы: Флаг Республики Азербайжан три цвета: синий, красный, зеленый. На красном цвете есть полумесяц и восьмиконечная звезда.

Государственный флаг Республики Киргизии красный цвет. В центре изображено солнце. Солнце – золотого цвета.

ә) Мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру:

жарты ай-полумесяц

сегізбұрышты жұлдыз-восьмиконечная звезда.

б) Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.

Үш (три) – неше?

Жұлдыз (звезда) – не?

Қызыл (красный) – қандай?

Күн (солнце) – не?

Алтын (золото) – не? Алтын түсті (золотистый) – қандай?



ІҮ. Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап жүргізу.

Қойылған сұрақтарға оқушылар дұрыс/дұрыс емес деп жауап береді.

1. Мемлекеттік тудың түсі жасыл. (дұрыс емес)

2. Тудың авторы Шәмші Қалдаяқов. (дұрыс емес)

3. Тудың түсі екі түсті. (дұрыс)

4. Күннің астында торғай бейнеленген. (дұрыс емес)

5. Қыран-бейбітшіліктің белгісі. (дұрыс емес)

6. Күн- бейбітшіліктің белгісі. (дұрыс)



Ү. Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

2-жаттығу, 37 бет. Жаттау.



Жаңа сөздер 37-38 бет. Оқу.
Каталог: uploads -> konspekt -> nach-shkola
nach-shkola -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: акт, сто әдістері, Миға шабуыл, Ой қозғау, Мен саған, сен маған, топтастыру. Ойын элементтері
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
nach-shkola -> Сабақ түрі: Аралас сабаќ Сабақтың әдіс-тәсілдері : түсіндіру,сұраќ-жауап,ойын,тілін дамыту
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Минералды сулар Жалпы мақсаты
nach-shkola -> 3 орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәніне арналған тоқсандық тест жинағы
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанды әлемге танытқан спортшылар
nach-shkola -> Сан есім. Имя числительное. Күн тәртібі. Режим дня. (3 класс)
nach-shkola -> Күні: Әдебиеттік оқу Тексерілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет