Сабақтың тақырыбы: Батырдың аты өлмейді



бет2/4
Дата05.06.2017
өлшемі0,66 Mb.
#18139
түріСабақ
1   2   3   4

1.Бәйге.(бірінші айналым)

Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар.Жауабыңыз дұрыс болмаса,келесі бала жауап береді.Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпайға ие боласыңдар.Бұл кезеңде 15 сұрақ болады.

 1.Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты?(Т.Әубәкіров)

2.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?(1991ж.16-желтоқсан)

3.Мектептегі ең жоғарғы баға (бес)

4.Сенің әкеңнің шешесі кім болады?(апа)

5.Кекілік құс па,жануар ма?(құс)

6.Қазақтың ұлттық ойындары(арқан тартыс,орамал тастау,асық ойнау т.б.)

7.Қыста түрін өзгертпейтін ағаш(шырша)

8.Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді?(бағдаршам)

9.Жеті күн(апта)

10.Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады?(кереге)

11.Қай баспаның оқулығымен оқып жатырсыңдар?(Атамұра)

12.Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі(көктем)

13.Жылдан құр қалған жануар(түйе)

14. «Кел,балалар ,оқылық»өлеңінің авторы кім?(Ы.Алтынсарин)

15.Қазақстан Республикасының ұлтаралық тілі(орыс тілі)

 Бірінші айналым бойынша әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.

 

2.Тіл өнер.(екінші айналым)

Екінші айналымда 10 сұрақ беріледі.

Берілген сұрақтың жауаптарын қазақша,орысша айтуларың қажет.

Әр сұраққа 10 ұпай беріледі.

1.Денсаулық зор-...(байлық-богатство)

2.Жүз теңгең болғанша,жүз....болсын.(дос-друг)

3.Қабат-қабат  қаттама,ақылың болса аттама.(кітап-книга)

4.Футболшының алаңдағы ойын заты.(доп-мяч)

5.Жеті қазынаның бірі-....,адамды қорып жүретін досы.(ит-собака)

6.Әр адамның шағын отаны.(отбасы-семья)

7.Жесең ащы,

   Көзіңнен шығарар жасты.(пияз-лук)

8.Қанаты бар ұшпайды

   Су астында қыстайды.(балық-рыба)

9.Еңбексіз өмір-сөнген....(көмір-уголь)

10.Сақталады алты ай жаз,

      Сандығымда сары аяз.(тоңазытқыш-холодильник)

 

Сөз кезегі әділқазыларда.Сіздер әр баланың ұпай санын санап,ең аз жинаған 3оқушы ойын тәртібі бойынша ойыннан шығады.



 Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң ,алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім.

Білімдіні сүйерін білем елдің,-

деп ,үшінші айналымды бастаймыз.

3.Қызықты пәндер(үшінші айналым)

Әр пән бойынша 5 сұрақ қойылады.Әр сұраққа 10 ұпай беріледі.

 

                          Математика



 1.1метрде неше мм бар?(1000мм бар)

2.3600:х=9       х нешеге тең?(400-ге)

3.Ұзындығы -3см,ені-3см,биіктігі-3см текшенің көлемі қанша см куб?(27см куб)

4.Қашықтық пен жылдамдық белгілі болғанда уақытты қалай табады?(қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз)

5.1кг мақта ауыр ма,1кг темір ауыр ма?(екеуі тең,салмақтары бірдей)

 

                             Дүниетану



 1.Өсімдіктің жер асты мүшесі.(тамыр)

2.Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады?(компас,тұсбағдар)

3.Жер шарында неше полюс бар?(жер шарында екі полюс бар,оңтүстік және солтүстік)

4.Судың қасиеті.(түссіз,иіссіз,дәмсіз)

5.Ауаны тазартудың ең нәтижелі жолы (көгалдандыру)

 

                           Қазақ тілі



 1.Сөйлем мүшелерін ата.(бастауыш,баяндауыш,тұрлаусыз мүше)

2.Мәтіннің бөліктерін ата.(әңгімелеу,сипаттау,пайымдау)

3.Күрделі сөз дегеніміз не?(Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз.Бозторғай,Сарыарқа т.б.)

4.Қазақ тілінде неше септік бар,атап шық.(7септік,атау,ілік,барыс,

табыс ,жатыс,шығыс,көмектес)

5.Етістіктің шақтарын ата.(осы шақ,өткен шақ,келер шақ)

 

                         Ана тілі



 1.Халық ауыз әдебиетін ата.(ертегі,аңыз,жаңылтпаш,батырлар жыры,бесік жыры,айтыс т.б.)

2.Эпикалық жырлар дегеніміз не?(Батырлар жырлары әдебиетте эпикалық жырлар деп аталады)

3.Мысал дегеніміз не?(Адам бойындағы кемшіліктерді сынап,адалдық,әділдік,қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады)

4.Портрет дегеніміз не?(Көркем шығармада кездесетін адамның сыртқы түрін,кескін-келбетін,жүріс-тұрысын суреттеуді айтады.)

5.Шәкәрім Құдайбердіұлының қандай шығармаларын білесіңдер?(Еріншек,Жаз келер т.б.)

 

    Әділқазылар алқасы аз ұпай жинаған 1оқушыны айтады.Ойыннан шығарылады.



 4.Жорға.(соңғы айналым)

Сендер бұл кезеңде берілген уақытта дайындалған 10 сұрақтың қаншасына

дұрыс жауап берулеріңе қарай ұпай жинай аласыңдар.1сұрақ 10 ұпай болып есептеледі.

 1-оқушы

1.Екі сабақтың ортасында не бар?(үзіліс)

2.Ұзындықтың өлшем бірліктері(мм,см,дм,м,км)

3.Ұлттық тағамдарды ата(бауырсақ,бесбармақ,қазы-қарта т.б.)

4.Аптаның бірінші күні(дүйсенбі)

5.Кім болғың келеді?

6.Көру мүшесі(көз)

7.Ертегінің қандай түрлері бар?(шыншыл,қиял-ғажайып,жан-жануарлар туралы ертегілер)

8.Кімнің?ненің?кімдердің?нелердің?қай септік сұрақтары?(ілік септік)

9. «Арыстан мен тышқан»шығарманың қай түріне жатады?(мысал)

10.Жер неге ұқсайды?(шарға)

 

2-оқушы

1.Бір сабақ неше минут болады?(45 минут)

2.Уақыттың өлшем бірліктерін ата(с,мин,сағ,тәулік,ай,жыл,ғасыр)

3.Ұлттық ойындарды ата(асық,арқан тартыс,ақ сүйек,көкпар т.б.)

4.Бүгін аптаның қай күні?(сәрсенбі)

5.Қазақстан туын көкте желбіреткен  Азиада нешінші жылы болды?(2011)

6. «Бес ешкі»ертегінің қай түріне жатады?(жан-жануарлар туралы ертегі)

7.Құлақ қандай мүше?(есту мүшесі)

8.Кімнен?неден?кімдерден?нелерден?қайдан? қай септік сұрақтары?(шығыс септік)

9.Фариза Оңғарсынова кім?(лирикалық өлеңдер жазған қазақтың дарынды ақыны)

10.Жазық дегеніміз не?(құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын айтады)

 

3-оқушы

1.Үлкен үзіліс неше минут?(15 минут)

2.Масса бірліктерін ата(г,кг,ц,т)

3.Ұлттық аспаптарды ата.(домбыра,сырнай,қобыз,жетіген т.б.)

4.Аптаның қай күні демалыс(жексенбі)

5.Саны азайып бара жатқан аң-құстар енгізілген кітап?(қызыл кітап)

6. «Тасбақаның шөбі»мәтініндегі Қарабала тасбақаның аузындағы шөпті неге алды?(Жазғытұрым жер астынан тістеп шыққан тасбақаның аузындағы шөпті алған кісінің қай қалауы да орындалады деген.)

7.Тері қандай мүше?(сипап-сезу мүшесі)

8.Кімді?нені?кімдерді?нелерді? қай септік сұрақтары?(табыс септік)

9.Баға қоятын кітап(сынып журналы)

10.456.897 санын разрядтық қосылғыштарға жікте.(4жүзд.мың+5онд.мың+6бірл.мың

+8жүзд.+9онд.+7бірл.)

 

*Сөз кезегі әділқазылар алқасында.Әділқазылар сіздер осы оқушыларымыздың ұпай сандарын есептеп,жеңімпазды анықтауға көмектессеңіздер.



Жеңімпаздар айқындалып, «21ғасыр көшбасшысы»анықталады.

1,2 орын алған оқушыларға мақтау қағазы және  басқа қатысқан балаларға сыйлық табысталады.

Көшбасшыға мақтау қағазы және домбыра сынып атынан.

 

Қосымша тапсырма «Өлең есептер»



 1.Ертеңгісін атам,

Екі серкені қорадан қуып еді.

Егіз бөрте лақ ере шықты.

Бөрте лақтардың енесі,

Олармен ере шықты.

Сонда неше ешкі далаға шықты?(5ешкі)

 2.Біз үлкен жанұя,

Ең кішіміз Әлия.

Қалғанымыз мыналар:

Раушан,Болат,Дариға,

Айтжан,Ержан,Даналар,

Гүлжанымыз тағы бар,

Қане,есептеп алыңдар.(10 адам әке-шешесімен қосқанда)

 Сайыс нәтижесін хабарлау.

                                    21-ғасыр көшбасшысы

 

1-айналым «Бәйге»Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.15 сұраққа жауап береді.

 

                                              1   2    3   4    5    6    7     8    9    10     11     12     13    14    15



1.Алтынбаев Нұржан

 2.Солдатхан Жұлдыз

 3.Бесбаев Дихан

 4.Өтепбергенова Әмина

 5.Ыбрай Ақтілек

 6.Садвакасов Асан

 7.Құрбанәлі Мұқасан

 

2-айналым «Тіл өнер»Әр дұрыс жауапқа 10ұпай.10 сұраққа жауап береді.

 

                                                                                    1   2    3   4    5    6    7     8    9    10    



1.Алтынбаев Нұржан

 2.Солдатхан Жұлдыз

 3.Бесбаев Дихан

 4.Өтепбергенова Әмина

 5.Ыбрай Ақтілек

 6.Садвакасов Асан

 7.Құрбанәлі Мұқасан

 

 3-айналым «Қызықты пәндер»Әр пән бойынша 5сұрақ қойылады.Әр сұраққа10ұпай беріледі.



                                                 Математика                                       Дүниетану

                                                 1   2    3   4    5                                1   2     3   4    5   

1.Алтынбаев Нұржан

 2.Солдатхан Жұлдыз

 3.Бесбаев Дихан

 4.Өтепбергенова Әмина

 5.Ыбрай Ақтілек

 6.Садвакасов Асан

 7.Құрбанәлі Мұқасан

 

                                                   Қазақ тілі                                              Ана тілі



 

                                                   1   2    3   4    5                                        1    2     3    4    5    

1.Алтынбаев Нұржан

 2.Солдатхан Жұлдыз

 3.Бесбаев Дихан

 4.Өтепбергенова Әмина

 5.Ыбрай Ақтілек

 6.Садвакасов Асан

 7.Құрбанәлі Мұқасан

 

 4-айналым «Жорға»Әр оқушыға кезек-кезек сұрақтар қойылады.



 

Бұл кезеңде берілген уақытта дайындалған 10 сұрақтың қаншасына

дұрыс жауап берулеріне қарай .1сұрақ 10 ұпай болып есептеледі.

 

 



                                                       1   2    3   4    5    6    7     8    9    10    

1.Алтынбаев Нұржан

 2.Солдатхан Жұлдыз

 3.Бесбаев Дихан

 4.Өтепбергенова Әмина

 5.Ыбрай Ақтілек

 6.Садвакасов Асан

 7.Құрбанәлі Мұқасан

 

 Жалпы ұпай саны:



 1.Алтынбаев Нұржан

 2.Солдатхан Жұлдыз

 3.Бесбаев Дихан

 4.Өтепбергенова Әмина

 5.Ыбрай Ақтілек

 6.Садвакасов Асан

 7.Құрбанәлі Мұқасан

 

 



 

 

 



 

 

 Разработки уроков и мероприятий МО начальных классов



Үлгілік тақырыптық жоспарлар 1,2,3,4 сыныптар 2013-2014 жылғы (барлық сабақтар)

Бастауыш сыныптарға (1,2,3,4 сыныптар) арналған Үлгілік тақырыптық жоспарлар 2013-2014 оқу жылына арналған.


Пәндер: Сауат ашу (оқу жазу) (1 сынып), Математика (1,2,3,4 сынып), Дүниетану (1 сынып), Бейнелеу өнері (1,2,4 сыныптар), Бейнелеу өнері (1,2,4 сыныптар), Еңбекке баулу (1,2,3,4 сыныптар), Қазақ тілі (2,3,4 сыныптар), Әдебиеттік оқу (2,3 сынып), Русский язык (3,4 сынып).

Қазақ сыныптар мен орыс сыныптарға арналған.



4 сынып математика пәні бойынша мемлекеттік аралық бақылауға дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Тестік тапсырмалар «математика» пәнінің білім стандартына сай мазмұнын құрайды. Тапсырмалардың берілуі тақырыптардың мазмұны бойынша орналасқан.

Математика пәні бойнша тест тапсырмалары мынадай оқу тақырыптарын қамтиды:


  1. Натурал сандар қатары, олардың қасиеттері және арифметикалық амалдармен олардың заңдылықтары;

  2. Амалдар реті;

  3. Шама және оның өлшемдері;

  4. Өрнек;

  5. Теңдеу;

  6. Санның квадраты және санның кубы;

  7. Қозғалыстағы есептер;

  8. Тура және кері есептер;

  9. Шамаларға байланысты есептер: баға, саны, құны;

  10. Геометриялық пішіндер және олардың қасиеттері.

Тақырыптар бойынша берілген тапсырмалар мазмұнының сипаттамасы:

  1. Натурал сандар қатары, олардың қасиеттері және арифметикалық амалдармен олардың заңдылықтары:

  • Натуралды сандарды оқу және жазу, разрядты және жіктелген сандардың ұсынылуы;

  • Натурал сандарды салыстырғанда белгілердің «>», «<», «=» қолданылуы;

  • Көп таңбалы сандарда қосу және азайту амалдарының орындалуы, бір, екі, үш таңбалы сандардың көбейтілуі мен бөлінуінің орындалуы;

  • Есептеулердің дұрыс орындалғанын тексеру;

  • Арифметикалық амалдарды қолданудағы заңдылықтар;

  1. Амалдардың орындалу реті:

  • Санды өрнектерде амалдардың орындалу реті.

  1. Шама және олардың өлшем бірліктері:

  • Уақыттың, массаның, құнның, ұзындықтың, ауданның, өлшем бірліктерінің қолданылуы;

  • Өлшеу бірліктерінің басқа бірлікке ауысуы.

  1. Өрнектер, санды өрнек және әріпті өрнек:

  1. Теңдеу:

  • Белгісіз компонентті компонент әрекеті және оның нәтижесіне байланысты табу.

  1. Санның квадраты және санның кубы:

  • А және а-ның мәнін табу.

  1. Қозғалыстағы есептер, тура және кері есептер:

  • Шамалар арасындағы байланысты ( t v s) және оларды табу.

  1. Есептер, тура және кері есептер:

  • Кері берілген есептердің шарттарны түсіну және есептерді шығаруда дұрыс жол табу.

  1. Шамаларға байланысты есептер: баға, саны, құны:

Тест 20 тапсырмадан құрылғын. Берілген тестік тапсырмалар жабық үлгіде ұсынылып, 4 жауаптың біреуін таңдайды. Ұсынылып отырған тапсырмалар 3 деңгейде берілген:

А- 8 сұрақ;

Б- 10 сұрақ;

С- 2 сұрақ.

Берілген жауап қағазда дөңгелекшені толық боялып, сәйкес пәнге белгіленіп қойылады. Өзара байланысты тапсырмалар әр түрлі нұсқауларда бір орында, бір жерде орналастырылып беріледі. Әрбір тапсырманың дұрыс орындалуына оқушы 1 балл алады. Егерде, тапсырма дұрыс орындалмаса- 0 балл. Бір тапсырманың орындалуының орташа уақыты 4 минуттан аспауы керек.

Математика пәнінен тест жұмысы (4 сынып)

Математика пәнінен тест жұмысы (4 сынып)


1) Егер сөйлемде қате болса, түзет. Пакетте 3 кәмпит бар, оны қандай өлшем бірлігін пайдаланып өлшей аламын
А) метрмен Б) литрмен В) килограммен Д) километрмен
2) Қай қосындыларды көбейтумен алмастыруға болады
А) 5+6+4 В ) 6+6+8 С) 7+7+7 Д) 3+3+6
3) 9*2+24:8 мына өрнектегі амалдардың орындалу ретін тап?
А) Алдымен көбейту амалы, одан кейін қосу мен бөлу орындалады
В) Алдымен көбейту мен бөлу, одан кейін қосу амалы орындалады
С) Қосу амалынан кейін көбейту мен бөлу амалдары орындалады
Д) Алдымен бөлу, одан кейін қосу мен көбейту орындалады.
4)Қалдықпен бөлуді тап 3968:3
А)1320(3 қ) В)3212(1 қ) С)1531(5 қ) Д)1322(2 қ)
5)Теңдеуші шеш:24032:B=4
А)5080 В)5008 С)6802 Д)6008
6)Ұзындығы 12см,ені 6см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең?
А)84см В)93см С)72см Д)37cм
7)Шебер 4 күнде 48 уық жасады.Ол 96 уақытты неше күнде жасайды?
А)4күн В)6күн С)8күн Д)9күн
8) Өрнектің мәнін тап:4769*3
А)15620 В)14307 С)16520 Д)12480
9)Ұзындығы 4см,ені 3см,ал биіктігі 2см қораптың көлемін тап
А)42см В)30см С)30см Д)24см
10) Жаяу адам 3 сағатта 15 км жол жүрді. Жаяу адамның жылдамдығын тап. A) 5 км/с 45 км/с C) 5 км D) 17 км/с
11). Велосипедшінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал жаяу адамның жылдамдығы 6 км/сағ.
A) 6 есе 2 есе C) 18 есе D) 72 есе
12). Тыныќ мұхиттың ең терең жері 11000 м, ол Солтүстік Мұзды мұхитқа қарағанда 6000 м-ге артық. Солтүстік Мұзды мұхиттың ең терең жерін көрсет.
A) 5000 м 17000 м C) 66000 м D) 500 м
13)1 күні 24км, 2-күні 30км. Барлық жолға 9 сағат жұмсады . Егер олар бірдей V-пен жүрсе әр күні жолда неше сағат болған?
А.4сағ, 5сағ В.3сағ,3сағ С.4сағ,6сағ Д.5сағ,4сағ
14). Бірінші кластың 55 бірлігі және екінші кластың 115 бірлігі – бұл...
A) 550115 115055 C) 115550 D) 55115
15). 48409 санында бірінші кластың қанша бірлігі бар?
A) 409 48 C) 9 D) 8
16). 35 • 220 өрнегін ауыстырғанда мағынасы өзгермеген жазбаны көрсет.
A) 35∙(200∙20) 7∙5+11∙20 C) 35∙(11∙20) D) 35∙200+20
17)Километрдің 1/4 бөлігі неше метр болады?
A) 25 м 250 м C) 2500 м D) 500 м
18) Әр бөлігінің ұзындығы 3 см-ге тең 8 бөліктен тұратын сынықтың ұзындығын көрсет.
A) 11 см 24 см C) 27 см D) 30 см
19). 6 •4 арқылы қандай фигураның ауданын табуға болады?
A) қабырғасы 6 см шаршыныœ
қабырғасы 4 см шаршыныœ
C) қабырғалары 6 см және 4 см тіктөртбұрыштың
D) қабырғалары 6 см, 4 см и 4 см тіктөртбұрыштың
20). Бір таңбалы саннан тұратын өрнектің қатарын тап.
А) 80 * 7 В)80 *60 С)800*73 Д)8000*17
Рет саны Жауабы
1 В
2 С
3 В
4 Д
5 Д
6 С
7 С
8 В
9 Д
10 А
11 В
12 А
13 А
14 В
15 Д
16 В
17 А
18 С
19 В
20 С

Источник: http://бастауыш, математика, тест, 4 сынып



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет