Сабақтың тақырыбы Бөлім: «Ұлттық және отбасылық құндылықтар» «Ұл ұлт болашағы, қыз-ұлт намысы»



бет1/2
Дата19.10.2022
өлшемі38,07 Kb.
#153893
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
11.10. Ұл-ұлт болашағы





Сабақтың тақырыбы

Бөлім: «Ұлттық және отбасылық құндылықтар»
«Ұл – ұлт болашағы, қыз-ұлт намысы» . БЖБ №2

Мектеп: №132 гимназия
Сынып: 6 «Ә»

Мұғалім: Калиева А.Ж.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

  • 6.2.5.1. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру.

  • 6.4.2.1. Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні,ой екпіні, дыбыс екпіні) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Берілген мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады.

Оқушылардың басым бөлігі:мәтінді толық түсініп, мазмұнын әдеби тілде жеткізе алады және жоспар құрады




Кейбір оқушылар:

Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні,ой екпіні, дыбыс екпіні) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдана алады.










Тілдік мақсат



Оқушылар:




Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ата,әже, ана,әке,бала,аға,іні, қарындас,бауыр,немере, шөбере,шөпшек,немене,отбасы, ұл, қыз т.б.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
қара шаңырақ, үлкен үй,туыс бауыр,дастарқан басы,үлкенді құрметтеу,жеті ата,кіші ұл т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Ұл неліктен ұлттың болашағы деп айтылған?
2.Қыз неліктен ұлттың намысы болмақ?
3.Отбасындағы қыз бен ұлдың тәрбиесі қалай жүрмек?

Бағалау критерийі

Құттықтау, мінездемені жанрлық, стильдік ерекшелігіне сай құрастырып жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, құрметтеу;

Пәнаралық байланыс

Өзін өзі тану

Алдыңғы оқу:

Отан отбасынан басталады

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы
5мин

Ұйымдастыру бөлімі
Тренинг.
Барлығы шеңберге тұрады. Әсем әуенмен бір-бірінің қолдарын ұстайды. Көздерін жұмып тұрып, ата-анасының өзіне айтқан тәрбиелік тағлымының ең есінде қалғанын есіне түсіреді. Әуен тоқтағанда, Ата-анам маған......... –деді, деп бір-біріне айтады.

Нақыл сөздердің қиындылары арқылы топқа бөлу.


«Қыз өссе елдің көркі», «Ұл ұятымен, қыз қылығымен көрікті», «Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, Ұл атадан үйренбей сапар шекпес»
І топ ІІІ топ
ІІ топ
Берілген нақыл сөздерді талдай отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі



Қағаз қиындыларына жазылған нақыл сөздер





Ортасы
25 мин




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет