Сабақтың тақырыбы Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері



Дата07.02.2022
өлшемі25,58 Kb.
#92950
түріСабақ
Байланысты:
9.1.1.1





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: Қ. Мүсірепов атындағы №20 жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нурова Кабира Алтынбековна

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.1.1 бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгеру;



Сабақтың мақсаты

Бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгерту

Бағалау критерийі

Бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгереді

Тілдік мақсаттар



Радиан, градус, бірлік шеңбер, математикалық тілде оқу
Бұрыштың өлшем бірліктері
Шеңбер оның элементтері

Құндылықтарға баулу



Ынтымақтастыққа, ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен айналысуға баулу

Пәнаралық байланыс

геометрия, сызу пәндерімен байланыстырамын

Алдыңғы білім



Бұрыштың түрлері
Бұрыштың градустық өлшем бірліктері, сәуле




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу «Көршіңді тексер» әдісі бойынша үй жұмысын тексеру. Оқушылар дайын жауаптар арқылы өзін – өзі бағалайды. Дайын жауаптарды тақтаға іліп қоямын. Оқушыларды 3 топқа бөлемін «Сүйір», «Доғал», «Тік» бұрыш топтары. 
Сабақ мақсатына жету үшін бағалау критерийлерімен таныстырамын. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын «Кім жылдам?» әдісі бойынша өткен сабақты еске түсіру арқылы сұрақтар қоямын. Топтар өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жылдам жауап береді.
Бұрыш дегеніміз не?
Бұрышты немен өлшейміз?
Бұрыштың оң және теріс бағыттардағы өлшемдерін қалай анықтайды?
Центрлік бұрыш дегеніміз не?
Бұрыштың түрлерін ата
Оқушылар бір-бірін « Бас бармақ» әдісімен бағалайды.
Ауызша кері байланыс беріп отырамын.

Оқулық, «Мектеп» баспасы қима қағаздар, стикерлер, бағалау парақтары

Сабақтың ортасы
30 мин

Жаңа сабақты «Джигсо» әдісі арқылы 3 топқа бөліп беремін Топтарға мәтін бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды.  Жаңа сабақ туралы мәліметтермен бөліседі және топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Стикерлер арқылы кері байланыс жасаймын «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі
№ 1 тапсырма
Шеңбер бойына белгілеңдер.
1)289° 2)190° 3)100°
4) -20° 5)-110° 6)4200°

Критерий

Дескриптор

Бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгереді

  1. Радианмен өлшеуді үйренеді

2.Бұрыштың градустық өлшемі мен радиандық өлшемінің байланысын түсінеді
қай ширекте тұрғанын анықтайды

№2 тапсырма. , , , 5 /6, 3 , 4 шеңбер бойында сызып, қай ширекте тұрғанын анықтаңдар

Критерий

Дескриптор

Бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгереді

-радиандық бұрыштың анықтамасын біледі
-Берілген бұрыштарды шеңбер бойынан белгілеп үйренеді
-қай ширекте тұрғанын анықтайды
Жауабын жазады

№3 тапсырма топтық жұмыс
Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштарын;
Теңқабырғалы үшбұрыштың бұрыштарын
Тіктөртбұрыштың бұрыштарын радиан арқылы жазыңдар

Критерий

Дескриптор

Бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгереді

1.Фигуралардың сызба-сын сызады
2.Берілген барлық фигуралардың бұрыш-тарын радиан арқылы жазады
3.Жауабын жазады

Топтар бір-біріне «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы баға береді
Оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін білу үшін «Ия –жоқ» деген жауап арқылы пысықтаймын
1. Толық бұрыштың 1/360 бөлігін 1 градустық бұрыш 
деп атайды. и я
2. толық бұрыш 2  радиан ия
3. 1 рад.= Жоқ 
4. 1800= рад. ия 
5. жарты шеңбердің радиандық өлшемі π/2-ге тең жоқ
6. Радиустың ұзындығына тең болатын доғамен 
керілген центрлік бұрышты 1 радиандық бұрыш 
деп атайды. ия 




Сабақтың соңы
5 мин

Кері байланыс «Египет пирамидасы» суреті арқылы аламын.
1.Сіз бұрыннан білетін үш нәрсе
2.Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе
3.Есте сақтау керек маңызды бір нәрсе

Үйге тапсырма: 19. 7 9 бет


Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау, смайлктер арқылы бағалау




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушыларға алдынғы тақырыпты еске түсіру үшін және жаңа сабақтың ашу мақсатында «Кім жылдам?» әдісі арқылы оқушылардың бәсекелестік қабілеті мен жылдам ойлау қасиеттері қалыптасады. «Джигсо» әдісі. Бұл әдісте саралаудың «дереккөздер»тәсілімен оқушылар алдымен жеке орындайды, өз жұмысын жұптасып ақылдасады, топта талқылап көрсетеді. «Ойлан-жұптас-бөліс»  әдісін саралау тапсырма-ларында оқушылардың қабілеттерін ескере отырып және жекелеген оқушыларға қолдау көрсетеу үшін пайдаланамын.

Оқушылар «Басбармақ» әдісі арқылы сыныптасының немесе өз жұмысын нақтылайды. Соған байланысты мен оқушыларды бағалаймын.
«Джигсо» әдісін қорытындылауда қолданамын оқушылар «Басбармақ» әдісі арқылы бағалап отырады.
Тапсырма беру барысында дескрипторларды қолдана отырып, оқушыларды алгоритм арқылы есеп шығаруға дағдыландырамын.
«Ия -жоқ» тәсілі арқылы бүгінгі сабаққа қорытынды жасай отырып, оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін саралаймын

Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау ережесін сақтау . 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?







Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?


1:
2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?


1:
2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет