Сабақтың тақырыбы: Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталу заңы. Сабақтың мақсаты



Дата04.08.2017
өлшемі86,06 Kb.
#22739
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты:

І. Электрлену құбылысы туралы түсінік беру, денелердің электрлік өзара әрекеттесу қабілетіне ие болуын сипаттайтын электр заряды ұғымын енгізу, тұйық жүйедегі электр зарядының сақталу заңын тұжырымдау.

ІІ. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.

ІІІ. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: электронды оқулық, тірек-сызба, эбонит таяқша, жүн мата, кодоскоп.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту.

Пәнаралық байланыс: химия.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, тест жұмысы, тәжірибе көрсету.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Тараудың қорытындысы

ІІІ. Жаңа сабақ

IV. Бекіту, қорытындылау

V. Үй тапсырмасы

Өтілген тарауды қорытындылау.

Сұрақтар (оқушылар дайындаған)

1. Жылу алмасу жоқ кезінде болатын процесс қалай аталады? (адиабаталық)

2. Табиғаттағы процестердің қайтымсыздығын көрсететін термодинамиканың нешінші заңы? (екінші)

3. Отынның ішкі энергиясының механикалық энергияға ауысуы.

4. Шын мәніндегі жылу машинасындағы үш құрамды бөлікті атаңдар. (қыздырғыш, жұмыстық дене, суытқыш)

5. ПӘК қандай әріппен белгіленеді? (η эта)

6. Қазіргі кездегі жылу қозғалтқыштарының ең көп ПӘК-і қанша? (50%)

7. Жылу машиналары қоршаған ортаға зиян келтіре ме? (иә)

1. Адиабаталық процесс деген не? (жылу алмасу жоқ кезінде болатын процесс)

2. Қарапайым жылу қозғалтқыш деген не? (нағыз кептелген, жоғары-төмен қозғала алатын, поршені бар цилиндр)

3. Алғашқы бу машинасы қашан ойлап табылды? (XVIII ғасырдың 90 ж.)

4. Айдың орташа радиусы. (1738 км)

5. Бірінші болып Айға кімдер және қашан түсірілді? (1969 ж. Н. Армстронг пен Олдрин түсірілді.)

1. Термодинамиканың нешінші бастамасы табиғаттағы процестердің қайтымсыздығын көрсетеді? (екінші)

2. Энергиясы толығымен механикалық жұмысқа айналдыра алатын жылу машинасының жасалуын жоққа шығара ма? (иә)

1. Термодинамикалық жүйе өздігінен жылулық тепе-теңдікке ұмтыла ма?



2. Бөлшектердің, мысалы молекулалардың үлкен жиынтығы қандай жүйе деп аталады?

Жаңа сабақ. Кіріспе

1.

2.

3.



4.

5.

6.



1. Дененің жұмыс жасау қабілетін нақты көрсететін физикалық шама.

2. Желтоқсандық қаһарман қыз.

3. Ұзындықтың өлшем бірлігі.

4. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

5. 1991 ж. 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының ... күні деп жарияланды.

6. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені оның центрімен қосатын кесінді.



Сабақ мақсатымен таныстыру. Электронды оқулықпен түсініктеме беру. Мысалдар келтіру.

Пластмасса тарақты, қаламды киімге үйкегенде қағаз қиындыларын өзіне тартады. Құрғақ шүберекпен сүртілген айна, шыны тозаңды, ұсақ бөлшектерді өзіне тартады. Киімді шешкенде шытырлаған дыбыс естіледі, қараңғыда жарқыл да байқалады. Бұл неліктен? Ертедегі гректер құрғақ, қатты шайыр күйдегі сары янтарь («электрон» деген грек сөзі) өндірген. Оның ерекше қасиетін байқаған. Янтарьды теріге, жүнге үйкегенде ол біраз шашты, жапырақты, талшықты өзіне тартқан. Осы шайырды электрон, оған қатысты құбылысты денелердің электрленуі деген.

Дененің өзіне басқа денені тарту қабілетіне ие болуы оның электрленуі болып табылады. «Электрон» сөзінен «электр» деген термин шықты. Электрлену барысында электрлік күштер әрекет етеді. Денелердің электрлену құбылысы түрлі текті екі дене жанасқанда байқалады. Денелердің электрленуі үйкеліс арқылы, соқтығысқанда және жарылыс кезінде байқалады. Электрлену кезінде түрлі заттардан жасалған денелер электрлік өзара әрекеттесу қабілетіне ие болады. Осы қасиетін электр заряды деп аталатын физикалық шамамен сипаттайды.

Электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуы денелердің электрленуі.

Үйкеліс нәтижесінде электр заряды пайда болады. Қарама-қарсы зарядтардың бірдей мөлшері пайда болады.

Зарядтың екі тегі оң және теріс. Аттас зарядтар (таңбалары бірдей) бір-бірінен тебіледі. Әр аттас зарядтар бір-біріне тартылады.



Жүнге үйкелген эбонит таяқшада не янтарьда пайда болған зарядтар шартты түрде теріс (-), ал жібекке не теріге үйкелген шыны таяқшадағы зарядтар оң (+) деп аталған.



Дененің электрленуі қандай жағдайда пайдалы?

Бояу жаққышы жоқ бояушы. Конвейермен келе жатқан сырланатын детальдарды, айталық, автомобиль корпусын оң зарядпен зарядтайды, ал бояудың бөлшектерін теріс зарядтайды, сонда олар теріс зарядталған детальға қарай ұмтылады. Оның бетінде жұқа, тығыз және біркелкі бояу қабаты пайда болады. Расында да, бояғыштың аттас зарядпен зарядталған бөлшектері бірін-бірі тебетіндіктен, сырланатын қабат біркелкі болып шығады. Электр өрісінен қашқан бөлшектер бұйымға қатты соғылатындықтан, бояу тығыз түседі. Бояу детальға ғана қонатындықтан, оның шығыны азаяды. Осы күні біздің елде бұйымдарды электр өрісінде бояу әдісі кең қолданылады.

Электрмен ыстау. Ыстау дегеніміз – азық-түліктерге ағаш түтінін сіңіру. Түтін бөлшектері азық-түлікке жақсы дәм беріп, қана қоймайды, сонымен қатар, оны бұзылудан сақтайды. Элекрмен ыстаған кезде ыстау түтінінің бөлшектерін оң зарядпен зарядтайды, ал теріс электродтың міндетін, мысалы, тұтас балық еті атқарады. Түтіннің зарядталған бөлшектері тұтас етке қонады да, оның біразы сіңеді. Бұрын ыстау ұзақ процесс деп саналатын болса, электрмен ыстау бар болғаны бірнеше минутқа ғана созылады.

Электрлік түк. Электр өрісінде қандай да болсын бір материалдың бетіне түкті қабат жасау үшін материалды жермен жалғастыру керек. Оның бетін желімдейтін затпен сырлап, осы беттің үстіне орналасқан зарядталған металл тор арқылы тиісті мөлшерде түк өткізіледі. Түк талшықтары электр өрісінде тез бағытталып, біркелкі таралады да, желімге барып, тігінен қонады. Осылайша, замышқа немесе барқытқа ұқсас жамылғыларды шығарады. Белгілі мөлшерде әр түсті түктерді және бірнеше үлгілерді күні бұрын дайындап алады да, электрмен түк жасау кезінде олармен кезек-кезек бұйымдардың жеке бір бөліктерін жауып тұрып, түрлі түсті өрнек шығарып алу оңай. Көп түсті кілемдер осылай жасалады.

Тозаңды қалай ұстайды? Таза ауа тек адамға ғана емес, ерекше дәл өндірістерге де керек. Машиналардың барлығы шаңның әерінен тез тозады, ал оларды ауамен салқындатып тұратын каналдар бітеліп қалады. Сонымен қатар, көбінесе шығып жатқан газдармен ілесіп ұшып кететін тозаңдар бағалы шикізат болып саналады. Қазір өнеркәсіп газдарын тазарту қажеттігі туып отыр. Ал оны электр өрісі жақсы атқара алатыны іс жүзінде дәлелденді.

Заттарды араластыру. Егер бір заттың ұсақ бөлшектері оң зарядпен, екіншісінікі теріс зарядпен зарядталған болса, онда бөлшектері бір қалыпты орналасқан олардың қоспасын шығарып алу оп-оңай. Мысалы, осы күні нан заводтарында нанды илеу үшін үлкен механикалық жұмыс жасау қажет емес. Оң зарядталған ұнның ұлпасы ауа ағынымен камераға жіберіледі, камераның ішінде олар ашытқысы бар, теріс зарядталған су тамшыларымен кездеседі. Ұн ұлпасы мен су тамшылары бірін-бірі тартып бірігеді де, біртекті қамыр жасалады.

Бекіту сұрақтары.

№1. «Электрон» сөзі қандай сөзден алынған? (янтарь)

№2. «Электрон» сөзінен қандай термин шыққан? (электр)

№3. Денелердің басқа денелерді өзіне тарту қабілетіне ие болуы. (электрлену)

№4. Денелердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуын сипаттайтын физикалық шама. (электр заряды)

№5. Модулі өзара тең, бірақ таңбасы қарама-қарсы зарядтардың қосындысы ... . (0-ге тең)

№6. q1 + q2 + … qn = const. (электр зарядының сақталу заңы)

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында».Н.Ә.Назарбаев



Қорытындылау. Бағалау.

Үйге тапсырма: §28, №1-тапсырма.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет