Сабақтың тақырыбы: Достық өлкесінің заңы



Дата28.06.2017
өлшемі30,18 Kb.
#20495
түріСабақ
Пәні:Ана тілі

Күні:------------------

Сабақтың тақырыбы:Достық өлкесінің заңы
Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға тапсырмалар орындату, мәтінді оқыту, мазмұндауға қалыптастыру.

Б) Ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, қызығушылығын, шапшаңдығын, логикалық ойлауын дамыту.

В) Сауаттылыққа, жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дамытушылық.

Сабақтың типі: Аралас.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: а)Интерактивті тақтадан:

1.Тақырып мазмұнына сай көрініс;

2.Телекөпір(М.Шахановпен)

3.Сөздік жұмысы;

4. «Отанды сүю-иманнан»тақырыбындағы телебағдарламадан

үзінді;


ә) Оқулық, нақыл сөздер, суреттер, кестелер.

Сабақтың формасы: Жеке, ұжымдық,топтық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа сабақ.



1)Интерактивті тақтадан сюжетті көрініс:
Мұхтар:-Досым, менің нағашы атамның үйіне барып келейік! Үйінде ойыншықтар өте көп.Ойнап қайтамыз.

Досы:-Жарайды.Барсақ, барайық!

(Үйіне келіп, сәлемдеседі.)



Әжесі:-Келіңдер, төрлетіңдер.Ойнай қойыңдар.

(Досы ойнап отырып,теледидардың үстіндегі көзәйнекті алып киіп көремін деп сындырып алады.)



Мұхтар:-Енді,қайттік.Әжем өте қатал кісі.Ұрсатын болды ғой.

Досы:-Түу,байқамай қалдым.Енді, қайттік.

Мұхтар:-Әжеме көзәйнекті мен сындырып алдым деп айтайын.Сен ештеңені уайымдамашы.Жарай ма?

Досы:-Жарайды.

Сынған көзілдірікті көрген әжесі:

-Қане,қайсың көзілдірікті сындырған.Алдыма кел.Жазаларыңды берейін.



Мұхтар:-Әже,кешіріңізші мен сындырдым.

Әжесі:-Бір жолға кешірдім.Сенің мұндай жаман ісіңді көрмеп едім.

Інісі:-Әже,оған сенбеңіз. Көзілдірігіңізді Мұхтардың досы сындырды.

Әжесі:-Сен мені алдап тұр екенсің ғой.Жүр, бері. Атаңа айтып ұрғызайын.

Атасы:-Қой,әжесі.Ол досын қорғады ғой.Ер жігіттің досын қорғағаны жаман ба екен?

Қиын кезде досын сатқан адам ,Отанын да сатып кете алады.Менің жиенім нағыз азамат екен!


2)Телекөпір

-Балалар, мен Мұхтар Шаханов аталарыңмын.Бүгінгі ана тілі пәнінен өткелі отырған ашық сабақтарыңа сәттілік тілеймін.Көріп отырған көріністерің менің балалық шағымда басымнан өткен оқиға еді.Осы оқиғаны «Достық өлкесінің заңы» деп аталатын өлеңімде жырладым. Менің бұл өлеңімді оқи отырып,достарыңа адал,қамқор,Отансүйгіш азамат болатындарыңа сенемін.


3)Оқулықпен жұмыс.

-Балалар,оқулықтарыңнан «Достық өлкесінің заңы» деп аталатын М.Шаханов аталарыңның өлеңін тауып,назар аударайық.

(Мұғалім оқып береді)

4)Топпен жұмыс

І топ Рөлге бөліп оқу.

ІІ топ Қара сөзбен әңгімелеу.

ІІІ топ Сахналау,суретін салу.


5)Өлеңнің соңғы шумағымен жұмыс.

Достық деген ізгіліктің алаңы

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Қиын шақта досын сатқан адамдар,

Отанын да сатып кете алады.
«Жаман жолдас» әңгімесін айтып беру.

(Екі шығарманы салыстыру)

-Балалар,біздің Мұхтар атамыз қандай дос екен?

-Досына адал.

-Мұхтар аталарың,кішкене кезінен досына адал, қамқор бола білгендіктен,Отанын сүйетін азамат болды.Қазіргі таңда еліміздің тілін дамытуға, жерін қорғауға атсалысып жүр.

Оны мына теледидар арқылы берген «Отанды сүю –иманнан» деп аталатын сұқбатынан байқауға болады.(Телебағдарламадан үзінді)


6) Сергіту сәті

Ән тыңдау. Жан досым.



7)Топпен жұмыс.

І топ «Дос»қандай болу керек.

ІІтоп Достық туралы мақал-мәтел айту.

ІІІ топ «Менің досым» өлең немесе әңгіме жазу.


8)Авторға хат жазу.
9)Бағалау.Тілек айту.
ІV.Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқу.Өлеңнің соңғы шумағын жаттау.



VІІ. Сабақты қортындылау.

Сабақты аяқтау.
Каталог: uploads -> doc -> 0201
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0201 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ халқының кесте өнері «Шебер» үйірмесінің мұғалімі: Досмағанбетова Алмагүл Тұрғазықыз
0201 -> Сабақ жоспары Пәні. Күні, айы Қазақ әдебиеті. 8-сынып. Тақырыбы
0201 -> Сабақтың технологиялық картасы (жоспары) Топ Күні 1 негізгі фо-1 03. 03


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет