Сабақтың тақырыбы: «Менің атым Қожа»



Дата26.08.2017
өлшемі58,58 Kb.
#28622
түріСабақ
Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Миялы селосы

1 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Енбай Анаргүл Жанболсынқызы

Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Менің атым Қожа» Б.Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты: оқушыларды сыни тұрғыда ойланта отырып Қожа бейнесін ашу;
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау; шығарма бойынша кейіпкерге мінездеме бере отырып, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Әр баланың сезіміне ерік бере отырып түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.
3. Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды – жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым - қатынаста бола білуге адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың формасы: топтық
Әдісі:, ой қозғау, талдау, іздену, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, бейнетаспа (фильмінен үзінді), слайд, ассоциативті карта; таратпа материалдар;
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Түстерге байланысты топқа бөлу.
II. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту сатысы.
- Адамның өмір сүру кезеңі балалық шақ, жастық шақ, кәрілік шақ кезеңдеріне бөлінеді. Балалық шақ адам өміріндегі қандай кезең?
Оқушылар ойы тыңдалады.
III. Кіріспе.
- Біз бүгінгі сабағымызда «Балалық шаққа саяхат» деп аталатын жаңа бөлімде балалар әдебиетінің негізін салған, балаларға арнап шығармалар жазған ақын - жазушылардың бірі Бердібек Соқпақбаевтың туындыларының бірі «Менің атым Қожа» атты шығармасымен танысамыз.
Слайд.
Бердібек Соқпақбаев 1924 ж Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген
- Бүгінгі сабақта жазушының «Менің атым Қожа» шығармасының 17 - ші тарауымен танысасыңдар. Бұл тарауды шығарма авторы «Жан сезім құбылысының әр оқушының басында кездесуі ықтимал бір сәтті кезі сипатталады»деп атаған екен.

Менің атым Қожа" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазакфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.
"Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.Фильмнің режиссері Абдолла Қарсақбаев

IV.Оқулықпен жұмыс

мәтінді тізбектей оқыту.(жұпта,жеке оқу)

Зерттеу - ізденушілік.
Оқушылардың шығармашылық жұмысы.(Оқушыларға «Менің атым Қожа» туралы мағлұмат жинап келу тапсырылған, оқушылар ақпараты тыңдалады)
V. Ой толғаныс
Бұл бөлім мына жерден басталады.
(Қожаны әжесінің оятуы. Фильмнен үзінді)

1.Әңгімедегі басты кейіпкер кім? 2.Қожа қандай бала?

VI. Ауадағы сұрақтар тәсілі Шар не доп үлестіріледі.Бір сұрақ ойлап жазады.Екінші топ жауап жазады.Оқушылар бір-бірімен алмастырады.

1.Қожаның өлеңді жаттамау себебі неде? 2. Жантасқа мінездеме бер

VII. Ой қозғау
1 - топ: Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады? Қожаның осы сабақтағы бар үміті неде? Неге сенеді?
2 - топ:Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы.
Қожа Анфиса Михайловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады?

VIII. «Қарлы кесек» ойыны Қағазға сұрақтар жазып, қағазды умаждап, қар кесегін жасап екі топ бір-біріне лақтырады.

1. Қожа қандай бала? 2. Қожадан қандай бала шығады деп ойлайсыңдар? 3. Қожаның жағымды жақтары 4. Қожаның жағымсыз жақтары

IX. Сергіту сәті.
Фильмнің қызықты сәттерінен үзінді
X. Жеке оқушылармен жұмыс.
Сөйлемнің жүйесін тап.
1. Б. Соқпақбаевтың, балаларға, айтулы, арналған, бірі, шығармаларының, Менің атым Қожа.
2. Шығарма, бұл, балалар, қазақ, үлкен, әдебиетінде, бір, болған, белес.
3. Барлық, оқиға, Қожаның, атымен, өз, повестегі, сөйленеді.

XI. Кері байланыс:
1. Өздеріңде осындай Қожаның басында болған сәттер кездесті ме?
2. Егер сен Қожаның орнында болсаң не істер едің?

XII. «Ой тастау»
- Қазіргі кезде Қожа сияқты балалар бар ма?

XIII. Сәйкестігін тап.
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін Анфиса Михайловна
қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім?
2. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? Қожа.
3. Қожаның әдепті жолға түсуіне себепкер болған. Жантас.
4.«Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді Оспан ағай
білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Қоңырау соғылған сәт
Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті.
Ох, шіркін, ай!» мұғалімнің Қожаның аты-жөнін атауы

XIV. Кейіпкерге хат.

1 - топ: Қожаға хат
2 - топ: Жантасқа хат

XV. «Сұрақ конверті» әдісі

Мұғалім конверт сыртына бір сұрақ жазады, мысалы: «Бүгінгі сабақта білгеніңнің ең маңыздысы неде?» немесе «Тақырыптың қай тұсы саған түсініксіз болып қалды?». Оқушылар конверті бір-біріне беріп, әрқайсысы жеке өз жауаптарын парақтарға жазып, конвертке салады. Мұғалім сабақтан соң жазуларды қарап шығып, қорытынды жасайды.




XVI. Қорытынды: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес ғой...» деген екен.
Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін!

XVII. Үйге тапсырма «Менің қиялымдағы Қожа қандай болу керек»
Ой толғау жазып келу

XVIII. Бағалау
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет