Сабақтың тақырыбы Электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, Кулон заңы тақырыптарынаесептер шығару


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс – әрекеті



бет2/2
Дата15.11.2022
өлшемі24,47 Kb.
#158274
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, Кулон заңы тақырыптарына есептер шығару тықырыбында ашық сабақ жоспары. 10-сынып
Молекулалы – кинетикалық теорияның (МКТ) негізгі теңдеуіне есептер шығару.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс – әрекеті



Уақыты



Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

10 мин

І. Кіріспе.
Ұйымдастыру.
Психологиялық ахуал орнату.



  • Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

  • «Сағат бойынша достар» тренинг

Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.
Тренингке қатысады.



12 мин

Үй тапсырмасын сұрау.

Топқа бөлу.



Үйге берілген тапсырма бойынша «электр өрісі» тақырыбына «менталды карта» құру.

«Мозайка» әдісімен топқа бөліну





Өткен тақырыптар бойынша әр топ менталды картасын құрып, оны қорғайды, үй жұмысының есептерін топта өзара тексереді, қатесін жөндейді.

2 мин

ІІ. Тұсау кесер
Қызығушылықты ояту.



Бейнеролик. «Топтық жұмыстың күші»

Оқушылардың ойланады, өз пікірлерін ортаға салады.

15 мин

ІІІ. Негізгі бөлім.

Топтарға берілген есептерді шығарады. Әр топтан 1 оқушыға маршруттық карта арқылы есеп шығарады.

2 мин

IV. Қорытынды.
Рефлексия.

«Шығу картасы»

Оқушылар сабақ процесінде өзінің қалай жұмыс істегені туралы ойын түйеді, таратылған парақшаларға жазады.

3 мин

V. Бағалау.



Бағалау парағындағы критерийлер бойынша жиынтық бағалау жасайды.

Топ басшылары бағалау парағындағы критерийлер бойынша топ мүшелеріне ұпайын қояды, жұмысына баға береді.

1 мин

VІ. Үйге тапсырма.



3.61; 3.62

Формулаларды қайталайды, есептерді шығарады.


Қосымша:
1) Деңгейлік тапсырма.
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі, Кулон заңы тақырыптары бойынша
А тобы (2 ұпай)

  1. Өрістің қандай да бір нүктесінде 2 нКл зарядқа 0,4 мкН күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті табыңдар.

  2. Электр өрісінің кернеулігі 2 кВ/м-ге тең нүктесінде орналасқан 12 нКл зарядқа қандай күш әсер етеді?

Б тобы (3 ұпай)

  1. 2*10-8 Кл зарядтан 2*10-2 м қашықтықтағы өрістің кернеулігі қандай?

  2. Кернеулігі 3,7*106 Н/Кл өрісте 8,6 мкКл зарядтың осы өрістен қашықтығы қандай?

С тобы (4 ұпай)

  1. Нүктелік заряд электр өрісін туғызады. Осы зарядтан 12 см қашықтықтағы өрістің кернеулігі 345 кН/Кл болса, ол зарядтан 3 см қашықтықтағы өріс кернеулігі қандай?

  2. Кернеулігі 4*105 В/м болатын біртекті электр өрісіндегі электронның үдеуін және оған әрекет ететін күшті табыңдар.


Рефлексия. «Шығу картасы»

  1. Маған оңай болды __________________________________________________________

Мен өзімді _________________________________________________ мақтай аламын.

  1. Мен топтағы кластастарымды ____________________________________________________________мақтай аламын.

  2. Меніңойымша ___________________________________________орындайалмадым,


  3. себебі ___________________________________________________________.

  4. Келесіде­________________________________________________________ ескеремін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет