Сабақтың тақырыбы Электр тогы, ток күші, кернеу тақырыбына есептер шығару Мақсаты



бет2/3
Дата12.09.2020
өлшемі21,38 Kb.
#78117
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
электр тогы

Күтілетін нәтижелер

  • Оқушылар электр тогы, ток күші, кернеу туралы білімдерін өз бетінше ой-қорытындылар жасай білу негізінде тереңдетеді.

  • Электр тогы, ток күші, кернеу тақырыбына есептер шығару арқылы оқушылар өз дүниетанымына сенімділік орнатады.

  • Оқушылар топтық жұмыс жасау және бірін- бірі әділ бағалау арқылы ынтымақтастық, достық қарым-қатынас жасауға дағдыланады.

Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта, компьютер, оқулық, үлестірмелі материалдар, құрал жабдықтар

Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Сұрақ-жауап

  • Формула құрастыру

  • Есептер шешу

  • Графикалық тест

  • Практикалық жұмыс

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру


Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу.

- Тақырыпқа байланысты «Ток күші», «Кернеу», «Кедергі» болып 3 топқа бөлу

- Оқушылармен бірге 5 «Т» ережесін және өздерінің «Алтын ережесін» еске түсіру.

- Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылар түзу, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қойып, аяқтарын айқастырмай отырады, Баяу музыка жіберіледі.

«Хрустальная грусть» А.Захаренко

-Бағалау критерилерімен таныстырып, бағалау парақшасын тарату.


Мұғаліммен амандасады, кезекші жоқ оқушыларды айтады, топқа бөлінеді, оқу құралдарын дайындайды. Сабақ мақсатымен, жоспарымен, бағалау критерийлерімен танысады.


Сұрақ-жауап


Әр топ ағылшын және қазақ тілінде 10 сұрақ құрастырып, қарама-қарсы топқа қояды

1 топ: электр тогы, ток көздері тақырыбына

2 топ: Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері тақырыбына

3 топ: Ток күші, кернеу тақырыбына



Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіреді. Әрбір топ өздеріне қойылған сұрақтарға қысқа және нақты жауып беруге тырысады. Көрші топтардың жауаптарын мұқият тыңдайды, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Бағалау бетшесін толтырады. Әр дұрыс жауап – 1 балл





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет