Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет4/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,98 Mb.
#33623
1   2   3   4   5   6

Фрактал әртүрлі масштабы бар сәйкес пішіндер жиынтығынаи құрылады. Фракталдың кескіндер математикалық теңдеулерден құрылады. Теңдеулердің коэффициенттерін өзгертіп, тірі және өлі табиғаттың нысандарын бейнелейтін (41-сурет) әртүрлі кескіндер алуға болады.

Фрактал графикасын пайдаланып, Жұмыс үстеліне арналған өрнектер мен фондар, веб-сайттардың текстуралары, компьютерлік ойындардың таңғажайып ландшафтары жасалады. Табиғаттағы фрактал мысалына қар қылауын, ағаштар және ағаш жапырақтарын, адамның қан жүру жүйесін жатқызуға болады. 42-суретте оның компьютерлік моделі берілген.





41-сурет. Бір суреттен шығарылған әртүрлі фракталдар



42-сурет. Фрактал кескіннің мысалы

Бекіту

  • Компьютерлік графика - программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

  • Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар: растрлық, векторлық және фракталдық.

Растрлық графиканың бас элементі - нүкте, векторлық графиканікі - сызық немесе қисық, фракталдікі - математикалық теңдеу.
Үйге тапсырма: Компьютерлік графика түрлері
 Бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасына жауап бергеніне және сабаққа қатысына қарап бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі, блок – схемалар.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: алгоритмнің қасиеттерін, жазу ережелерін түсіндіріп, блок – сызбалармен таныстыру

Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, жеке

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілік: дербес компьютер, оқулық, тапсырмалар.

 

Сабақтың барысы



  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме балалар! Кітап, дәптер, қаламсаптарымызды дайындайық.

Бүгін сабақта кім жоқ?



  1. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

Бүгінгі сабағымызда алгоритмді жазу пішімдерімен, блок схемалармен танысамыз

  1. Үй тапсырманы тексеру

Үй тапсырмасын орындау алгоритмі

        1. Басы

        2. Күнделікті аламыз

        3. Үйге берліген тапсырманы қараймыз

        4. Кітапты аламыз

        5. Бетін ашамыз, тапсырманы табамыз

        6. Дәптерді ашамыз

        7. Тапсырманы орындаймыз

        8. Дәптер кітапты сумкаға саламыз

        9. Бітті

  1. Жаңа сабақ

Алгоритмді әр түрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады.

Алгоритмдер мынадай формалармен ұсынылады:



  • Сөздік формада

  • Графикалық

  • Алгоритмдік тілде

  • Программалау тілінде.

Сіздер орындаған үй тапсырмаларың қандай формада болды?

Алгоритмді ыңғайлы түсіну үшін графикалық әдіс қолданылады. Оны блок – сызба деп атайды.

Блок сызбада әр іс – әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады. Алгоритмнің басы және соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады. Іс – әрекет төртбұрышқа жазылады. Блок – сызбадағы барлық элементтер бір – бірімен нұсқармен (стрелка) байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. Енгізу және шығару мәліметтерді параллелограммға жазылады.

Екі санды қосудың блок – сызбасы



Овал 1


Параллелограмм 2

С = а+в


Параллелограмм 4

Овал 5


  1. Жаңа білімді тиянақтау

Дәптермен жұмыс

Алгоритмді орындағанда не болатынын анықтаңдар.

Басы

Карындашты ал



Шаршылар бойынша диктант жаз: 1Ж,1О,3Ж,2С,3Ж,2О,1Ж,1О,3Т,1Ж,1О,2Т,1С,4Т,2О,1Ж,1О,1Ж,5С,2Т,2С

Алынған суретті аяқта

Қарындашты орнына қой.

соңы


  1.  Қорытындылау

Бүгінгі сабақта біздің білгеніміз:

  • Алгоритм формалары

  • Блок - сызбалар

5.     Үй тапсырмасы

Оқулықтан §9 оқу, 9 тапсырманы орындау



Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға алгоритм түрлерімен, қызметші сөздерімен, жазу ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: ДК, алгоритм түрлерінің блок – сызбалары

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу

Келмеген оқушыларды белгілеу

Сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру.


  1. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау

Бүгінгі сабағымызда алгоритм типтерімен танысып, алгоритм типтеріне блок – сызбалар құруды үйренеміз.

  1. Білімді маңыздылау

  1. Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шыққан?

  2. Алгоритмнің қандай қасиеттерін білесіңдер?

  3. Мысалдар келтіріңдер.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Тест тапсырмасы

  1. Ұсынылғанғандардың ішінен алгоритм формаларына жатпайтынын көрсетіңдер:

  1. Сөздік

  2. Графикалық

  3. Алгоритмдік тілде

  4. Ағылшын тілінде

  1. Блок – сызба алгоритміндегі іс – әрекет дегеніміз:

  1. Эллипс (сопақша дөңгелек)

  2. Тіктөртбұрыш

  3. Ромб

  4. Алтыбұрыш

  1. Блок – сызба алгоритміндегі енгізі – шығару мәліметтері қандай фигурамен беріледі

  1. Эллипс (сопақша шеңбер)

  2. Тіктөртбұрыш

  3. Ромб

  4. Параллелограмм

  1. Блок – сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі:

  1. Эллипс (сопақша шеңбер)

  2. Тіктөртбұрыш

  3. Ромб

  4. Параллелограмм

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Алгоритмнің 3 түрі болады: сызықтық, тармақталған және циклдік.

Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың барлығы басынан аяғына дейін бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын болса, онда ондай алгоритмді сызықтық алгоритм деп атаймыз.

Сызықтық алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады.

басы


соңы

Нәтижелерді шығару

Мәліметтерді енгізу

Орындалатын әрекеттер

Жаңбыр жауып тұр ма?

Қолшатыр ал

соңы

Басы


Терезеге қара

Кейде алгоритм бұйрықтарын орындау барысы шартқа

тәуелді болады. Мысалы, далада жаңбыр жауып тұрса, қол

шатыр алу керек; ал егер жаңбыр жаумаса, онда қолшатыр жоқ

алудың қажеті жоқ. Мұндай алгоритмнің түрлері

Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса, онда мұндай алгоритмді тармақталған алгоритм дейміз.

тармақталған алгоритм деп аталады.

иә

Тармақталу алгоритмінде міндетті түрде шарт қойылады.



Шарт – тексеру нәтижесінде «иә» (ақиқат) немесе «жоқ» (жалған) логикалық мәндерін қабылдайтын логикалық өрнек немесе пікір.

Циклдік алгоритм дегеніміз – іс – әрекеттердің тізбегі бірнеше рет қайталанып отыратын алгоритмдер. Циклдік алгоритмнің блок – сызбасы:

соңы


  1. серия 1

шарт

басы


жоқ

2- серия


иә

  1. Жаңа білімді бекіту (оқулықпен жұмыс)

Тест тапсырмасын орындау

  1. Егер алгоритмдегі іс – әрекет бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалса...алгоритм деп аталады.

  1. Сызықтық

  2. Тармақталған

  3. Толық емес формадағы тармақталған алгоритм

  4. Тармақталған элементтері бар сызықтық алгоритм

  1. Толық және толық емес формадағы алгоритмді не деп атаймыз?

  1. Сызықтық

  2. Тармақталған

  3. Ондай алгоритм жоқ

  4. Таңдау алгоритмі

  1. Тармақталу алгоритмінің блок – сызбасындағы шарттың берілуі қандай фигурамен сипатталады:

  1. Тіктөртбұрыш

  2. Эллипс (сопақша шеңбер)

  3. Алтыбұрыш

  4. Ромб

  1. «Егер сағат кешкі 11 болса, онда ұйықтау керек, әйтпесе кітап оқу керек». Қандай алгоритм?

  1. Сызықтық

  2. Тармақталу алгоритмінің толық формасы

  3. Тармақталу алгоритмінің толық емес формасы

  4. Аралас түр.

  1. Қорытынды.

Бүгінгі сабақта біздің білгеніміз:

  • Алгоритм түрлері, құрылымы, блок – сызба түрлері.

  1. Үйге тапсырма


Каталог: uploads -> doc -> 026b
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
026b -> 8 1 А. Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі мен мысал жанрындағы шығармалары
026b -> Презентациялық көрініс «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай. «Өнер білім бәрі де оқуменен табылған»
026b -> Досанова Балжан Жұмағұлқызы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет