Сабақтың тақырыбы: Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары Сабақтың мақсаты



Дата20.06.2018
өлшемі22,38 Kb.
#43644
түріСабақ

25.04.2017 ж 7 «а»

Физика №4 кабинет

Сабақтың тақырыбы:

Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары

Сабақтың мақсаты:

  • Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары жайлы мағлұмат беру

  • Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергияларын күнделікті тұрмыста және

формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

  • Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту

Күтілетін нәтиже

  • Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары жайлы мағлұмат алады

  • Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергияларын күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

Сабақтың әдіс – тәсілі:

Пікірталас,топтық жұмыс,жеке жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта,оқулық, денелердің потенциалдық және кинетикалық энергияларына арналған слайд және видеоролик, тест, сұрақ-жауаптар, «Физик-бизнесмен» стратегиясы

Тілдік мақсаты:






Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Энергия

Потенциалдық энергия

Кинетикалық энергия

Масса


Жылдамдық

Биіктік

Еркін түсу үдеуі


Энергия

Потенциальная энергия

Кинетическая энергия

Масса


Скорость

Высота


Ускорение свободного падения

Energy

Potential energy

Kinetic energy

Mass


Speed

Height


Acceleration of free fall

Жаңа сабақ:

Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары

Ұйымдастыру кезеңі

1)Амандасу.

2)Сынып тазалығына көңіл бөлу.

3)Оқушыларды түгендеу.

4)Оқушыларды топқа бөлу.

Банк атауларымен топты үшке бөлу.

«Халықбанк», «Нұрбанк», «Альянс банк».

Оқушылар арасынан банк президенті сайланады.Қалған оқушылар-салымшылар


Кезең

Сабақтың өту барысы

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау



  • Есептерін тексеру

29-жаттығу

  • Тест алу (10 сұрақ )

«ZipGrade» программасы арқылы сканерлеу

  • Оқушылар дәптерлерін бір бірімен алмастырып интерактивті тақтада жазылған есептерді дұрыс жауабымен салыстыра отырып үй жұмысын тексереді.

  • Тестке жауап береді (жеке жұмыс)




Жаңа сабақ

білу, түсіну

Интерактивті тақтадан жаңа сабақ тақырыбы мен жоспары жазылады. Тақырыпқа байланысты слайд және

видеоролик көрсетіледі

Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады.

Энергия бірлігі 1 Джоуль=ватт·секунд.

Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі ретінде

1киловатт·сағат=3600000 Вт·с=3600000 Дж

Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады. Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.

Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия деп аталады. Денелердің кинетикалық энергиясы сол денелердің массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді.





Жаңа сабақ барысымен танысады. Дәптермен жұмыс.

«Ойлан, жұптас, талқыла»

«Физик-бизнесмен» стратегиясы арқылы, әр топқа банк атауы береді. Әр банктың тапсырмалары 2 мыңдық,5 мыңдық,10 мыңдық бейнеленген ақшалы карточкаларға жазылады.


  • 1-Тапсырма

2 мыңдық бейнеленген ақшада оқушының міндетті деңгейіне байланысты,яғни жеңіл тапсырмалар беріледі. Сапалық есеп:тақырыпқа байланысты суреттерге қарап сипаттама береді және сурет есеп құрастырады

  • 2-тапсырма

5 мыңдық бейнесінде сәл күрделі тапсырмалар. Энергия тақырыбы бойынша есеп шығару

  • 3-тапсырма

10 мыңдық бейнесінде қиындығы жоғары тапсырмалар береді. Ағылшын тілінде берілген есепті шығару


І- топ: «Халықбанк»

І І - топ : «Нұрбанк»

ІІІ – топ: «Альянсбанк»


  • 1-Тапсырма

Суреттермен танысады, топта талқылайды.

Пікірлеседі, ортақ түйін жасайды.

Топта талқылап содан соң түсіндіреді.


  • 2-тапсырма

1. Көлемі 0,004 м³ болат бөлшектің 2 м биіктіктегі потенциалдық энергиясы қандай? ρ=7800 кг/м³

2. Массасы 4000 г дененің кинетикалық энергиясы 800 Дж болса, онда оның жылдамдығы неге тең?

3. Потенциалдық энергиясы 10 кДж, массасы 10 кг дененің нөлдік деңгейден биіктігі неге тең?


  • 3-тапсырма

1. A book with a mass of 2 kg is on the top shelf of a bookcase 2,5 m above the floor. How much potential energy does the book have? (g=10 N/kg)

2. A ball of mass 400 g is thrown upwards at a speed of 5 m/s. What is the ball`s kinetic energy it is released?

3. A cinder block is sitting on a platform 20 m high. It weighs 79 N. The block has potential energy. Calculate it? (g=10 N/kg)


Жинақтау

Венн диаграммасы



Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың сипаттамсы және ұқсастықтарын жазады

Қорытындылау


Сұрақ жауап

Қандай жағдайда дененің энергиясы бар деп айтуға болады?



Оқушылар өз ойларын айтады

Бағалау

1.Сабақтағы белсенділіктеріне қарай мадақтау және бағалау.

2.«Бас бармақ» тәсілі



1.Оқушылардың қолындағы дескриптор парағы арқылы бағаланады.

2.Осы әдіс арқылы оқушылар мұғалімді бағалайды.



Үйге тапсырма

Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары (оқу)

Күннің, желдің энергиясының адамзат үшін пайдасы (қосымша іздену)

30-жаттығу


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазу, алған бағаларын қою.

Рефлексия

«Бүгінгі сабақ не туралы» парақшасын беру

Мен түсіндім...

Маған ұнады...

Маған қиын болды...



Сабақтан алған әсерлері туралы ойланып, парақшаны толтырады

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет