Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»



Дата27.05.2018
өлшемі141,7 Kb.
#40901
түріСабақ
Пәні: Әдебиет сыныбы :7

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»

Сабақтың мақсаты: а) қазақ әдебиетінің классигі, сөз өнерінің алыбы Ғабит Мүсіреповтің

«Ананың анасы» әңгімесін талдау арқылы ананың құдіретті күшін насихаттау

ә) Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сөз байлығын, өмірге деген көзқарасын

қалыптастыру. Әңгімені композициялық құрылымына талдау.

б)әділдікті, қайырымдылықты, шыншылдықты, адамгершілік қасиеттерді

оқушылардың бойларына сіңіру.

Сабақтың түрі: білімді бекіту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасы: «Ананың анасы» әңгімесінің мазмұнын сұрау.

Ғ.Мүсіреповтің өмірі және шығармашылығы туралы сұрақтар қою.

1. Ғ.Мүсірепов -1902-1985 жылдар арасында өмір сүрген.



Жылдар

Оқиғалар

1902 жылы 22 наурызда

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңажол» ауылында дүниеге келген.

1958 жылы

Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.

1974 жылы

Социалистік Еңбек Ері

1984 жылы

Қазақстанның Халық жазушысы атақтары берілді.

1916 жылы

Екі кластық ауылдық орыс мектебінде бір жыл, одан кейін төрт жыл орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітіреді.

1923 жылы

Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфакқа ) түсіп, онда үш жыл оқиды. С.Сейфулинмен танысады.

1926 жылы

Рабфакты бітіріп, Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында 1 жыл оқып, 1927-1928 жылдары Бурабай техникумында оқытушылық қызмет атқарады.

1927 жыл

Тұңғыш шығармасы «Тулаған толқында» повесін осы тұста жазады.

1945 жылы

Ұлы Отан соғысы жылдарының соңында «Қазақ батыры » повесін кейін «Қазақ солдаты» романын жазды.

1953 жылы

«Оянған өлке» романын жазды.

1968 жылы

«Кездеспей кеткен бір бейне » кітабы үшін қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алған.

1974 жылы

«Ұлпан» повесін жарияланған.

1984 жылы

«Оянған өлкенің» заңды жалғасы «Жат қолында» романы арада ширек ғасырдай уақыт өткен соң оқырманға ұсынылған.

1935 жылы

«Қыз Жібек » операсының либреттосы халық эпосының сарынында жазылған.

1970 жылы

«Суреткер парызы» еңбегіне және

«Заман және әдебиет » атты кітаптарына Жазушының қоғамдық, публицистік , журналистік , сыншылдық еңбектері енген.

1982 жылы

Талдау жұмыстары

«Ананың анасы» неліктен аңыз деп аталады?



Дәлел: 1. Әйтілес аңызға айналған адамдардың басынан өткен уақиғаны әңгімелеуі.

1.    Шығармада оқиға  кімнің атынан әңгімеленеді?


2.    Әйтілес қарттың әңгімесін тыңдаушылар кімдер?
3.    Бала бидің батыры кім? Оның шабуға  барған елі?
4.    Ергенекті елінен бірінші рет жеңілгенде Жалпақ балуан нешеде еді?
5.    Ергенекті  елінде  Жалпақ балуанның қандай  құнды  дүниесі бар деп ойлайсыздар?
6.    Жалпақ балуанның қасында  қанша  жігіт бар еді?
7.    Батырдың тілегі не? Байдың тілегі не?
8.    Жылқының бір шетін төңкеріп, қиқулап келе жатқанда барымташыларға кім кездеседі?
9.    Тұтқынға түскен қызды бірінші болып кім қуып келеді? Оның халі не болды екен?
10.    Қырық жігіт пен Жалпақты  тізе  бүктірген қандай  күш, нендей құдірет?
11.     Жалпақ балуан сіздердің ойыңызша  кім?
-Әділетсіз қара күш иесі.-Өмірде  адасып жүрген адам.

-Адамгершілігін, мейірімін сақтаған адам.


Салт-дәстүрлер: құл бастаған, күң бастаған тоғыздар, барымта, сауға.

2.Кейіпкерлер бейнесі:

Жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес қария,Рамазан, Жанай балуан , ана, қыз т.б

Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау.
Шығарма авторы: Ғ. Мүсірепов.
Тегі, түрі: проза (әңгіме)
Тақырыбы: Қазақ анасының ұлттық бейнесін жасауы.
Идеясы: Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету.


3. Шығарманың композициялық құрылысы:



Композициялық

элементтер

Композициялық

жоспар

Суреттеу тәсілдері

Шығарманың экспозициясы (дайындық)


Әйтілес қарттың «Оқыңдар шулап!» деп қойып, молда мен саудагер Рамазанға ертеде өткен оқиғаны жаңңғыртып айтатын әңгімесі.


Баяндау


Оқиғаның басталуы

Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы.


Әңгімелеу



Байланысы


Тезек теріп келе жатқан қызды аттарына міңгестіріп әкетуі.

Әңгімелеу



Шиеленісі

Жылқышының мерт болуы, қыз анасының әңгімесі.

Диалог

Шарықтау шегі


Кейкінің үкімі, күңдікке алып кетуі.





Оқиғаның шешімі

Жалпақ балуанның ана мен қызына бостандық беруі.






4.Мәтінмен жұмыс:
Әдеби теориялық ұғымдар:

теңеулер: сабасындай,тымақтай, етектей сақалы,жауырыны қақпақтай, оқтаудай ойнап , ұршықтай ойнап.т.б

эпитеттер: шаңқай түс,найза бойы, құлан тұяқ,тобылғы торы т.б
Дисфемизмдер: Қар қатынның,байым өліп,елсізде туғыр Бала би, т.б
Көнерген сөздер:жабағы, күпі,тоқым,құл, күң,сауға, құн,барымта т.б
Соның суық ызғары табынымнан, қара таңбасы маңдайынан әлі кеткен жоқ.

Білектің күшін, найзаның ұшын не күші теңдеске, не иығы теңдеске жұмсаған жоқсыңдар.

Жағаласқан жау емес, жалбарынған сор емес пе еді?

Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмаймын.

Сен көзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың. (т.б)

5.Сабақты бекіту.

Венн диаграммасы




Аңыздағы ана

Ұқсастығы

Бүгінгі ана

Өз еркіндігі, бостандығы жоқ, баласын қорғауға мәжбүр, әділеттілікті қалайды, өз тағдырын қызының қайталағанын қаламайды, бостандақты аңсайды.

Ана

Әйел


Өз баласының қамқоршысы, жанашыры

Өзінің еркіндігі, бостандығы, білімі бар, баласын, өзін қорғауға құқылы, баласына еркін тәрбие бере алады, ешкімге тәуелсіз.

Отбасының ұйытқысы.




6.Ой толғау

«Ана – сарқылмас күш »



Үйге тапсырма :«Мен анамды сүйемін», « Анам үшін мақтанам»

1.    Шығармада оқиға  кімнің атынан әңгімеленеді?


2.    Әйтілес қарттың әңгімесін тыңдаушылар кімдер?
3.    Бала бидің батыры кім? Оның шабуға  барған елі?
4.    Ергенекті елінен бірінші рет жеңілгенде Жалпақ балуан нешеде еді?
5.    Ергенекті  елінде  Жалпақ балуанның қандай  құнды  дүниесі бар деп ойлайсыздар?
6.    Жалпақ балуанның қасында  қанша  жігіт бар еді?
7.    Батырдың тілегі не? Байдың тілегі не?
8.    Жылқының бір шетін төңкеріп, қиқулап келе жатқанда барымташыларға кім кездеседі?
9.    Тұтқынға түскен қызды бірінші болып кім қуып келеді? Оның халі не болды екен?
10.    Қырық жігіт пен Жалпақты  тізе  бүктірген қандай  күш, нендей құдірет?
11.     Жалпақ балуан сіздердің ойыңызша  кім?



Композициялық

элементтер

Композициялық

жоспар

Суреттеу тәсілдері

Шығарманың экспозициясы (дайындық)


Әйтілес қарттың «Оқыңдар шулап!» деп қойып, молда мен саудагер Рамазанға ертеде өткен оқиғаны жаңңғыртып айтатын әңгімесі.


Баяндау


Оқиғаның басталуы

Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы.


Әңгімелеу



Байланысы


Тезек теріп келе жатқан қызды аттарына міңгестіріп әкетуі.

Әңгімелеу



Шиеленісі

Жылқышының мерт болуы, қыз анасының әңгімесі.

Диалог

Шарықтау шегі


Кейкінің үкімі, күңдікке алып кетуі.





Оқиғаның шешімі

Жалпақ балуанның ана мен қызына бостандық беруі.






Аңыздағы ана

Ұқсастығы

Бүгінгі ана

Өз еркіндігі, бостандығы жоқ, баласын қорғауға мәжбүр, әділеттілікті қалайды, өз тағдырын қызының қайталағанын қаламайды, бостандақты аңсайды.

Ана

Әйел


Өз баласының қамқоршысы, жанашыры

Өзінің еркіндігі, бостандығы, білімі бар, баласын, өзін қорғауға құқылы, баласына еркін тәрбие бере алады, ешкімге тәуелсіз.

Отбасының ұйытқысы.





Жылдар

Оқиғалар

1902 жылы 22 наурызда

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңажол» ауылында дүниеге келген.

1958 жылы

Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.


1974 жылы

Социалистік Еңбек Ері


1984 жылы

Қазақстанның Халық жазушысы атақтары берілді.


1916 жылы

Екі кластық ауылдық орыс мектебінде бір жыл, одан кейін төрт жыл орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітіреді.

1923 жылы

Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфакқа ) түсіп, онда үш жыл оқиды. С.Сейфулинмен танысады.

1926 жылы

Рабфакты бітіріп, Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында 1 жыл оқып, 1927-1928 жылдары Бурабай техникумында оқытушылық қызмет атқарады.

1927 жыл

Тұңғыш шығармасы «Тулаған толқында» повесін осы тұста жазады.


1945 жылы

Ұлы Отан соғысы жылдарының соңында «Қазақ батыры » повесін кейін «Қазақ солдаты» романын жазды.


1953 жылы

«Оянған өлке» романын жазды.

1968 жылы

«Кездеспей кеткен бір бейне » кітабы үшін қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алған.


1974 жылы

«Ұлпан» повесін жарияланған.

1984 жылы

«Оянған өлкенің» заңды жалғасы «Жат қолында» романы арада ширек ғасырдай уақыт өткен соң оқырманға ұсынылған.

1935 жылы

«Қыз Жібек » операсының либреттосы халық эпосының сарынында жазылған.


1970 жылы

«Суреткер парызы» еңбегіне және

«Заман және әдебиет » атты кітаптарына Жазушының қоғамдық, публицистік , журналистік , сыншылдық еңбектері енген.


Әдеби теориялық ұғымдар:

теңеулер: сабасындай,тымақтай, етектей сақалы,жауырыны қақпақтай, оқтаудай ойнап , ұршықтай ойнап.т.б

эпитеттер: шаңқай түс,найза бойы, құлан тұяқ,тобылғы торы т.б
Дисфемизмдер: Қар қатынның,байым өліп,елсізде туғыр Бала би, т.б
Көнерген сөздер:жабағы, күпі,тоқым,құл, күң,сауға, құн,барымта т.б

Пәні: Әдебиет


Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы»шығармасындағы «Менің атым - әйел» ана бейнесі.
Сабақтың мақсаты:1. Ғ. Мүсірепов шығармаларынан алған білімдерін шыңдай отырып,ана бейнесін ашу, әдебиет теориясының ұғымдары бойынша көркем шығарманы талдау.
2.Шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен зерттеу, ізденуге жетелеу, әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыру.
3.Өз халқының салт-дәстүрін білу, анаға құрмет көрсету, үлкендерді сыйлау, сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері:сұрақ-жауап,әдеби пікірталас, зерттеу, салыстыру, талдау.


Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем шығарма, жазушы суреттері, слайд, интерактивті тақта, көркем әдебиеттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу,оқу-құралдарын алғызу, психологиялық даярлық.
ІІ.Үй тапсырмаларын тексеру
1. Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгіменің мазмұны.
2. Әдебиет теориясы. (ұғымдар)
3.Іздену, зерттеу жұмыстары,тест тапсырмалары.
Үй тапсырмасын мазмұндау кезеңдері:
а) Шығармаға жуық әңгімелеу;
ә) Сұрыптап, теріп әңгімелеу;

- Әйтілес кім?


- Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?
- Әйтілес қандай әңгіме айтты?
- Бала би Жалпақ балуанға не деді?
- Бидің тілегі қандай, батырдың тілігі не?
- Сауға деген не?
- Жылқының жатқан жерінен жарты көш шыққан кезде бір қара көрінді..
- Тағы бір мезгілде артқа қарасақ , тұйғындай түйіліп,жұлдыздай ағып біреу келеді..
б) Еркін әңгімелеу;(рөлге бөліп әңгімелеу)
в) Өзіңе ұнаған, ұнамаған эпизодты баяндау;

III.Жаңа сабақтың мақсатын айту(слайд)


«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек» З. Қабдолов.
Жазушы туралы мәліметтер, хронологиялық кесте.
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов- 1902 жылы 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.
1916 жылы 14 жасында -Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне окуға түседі.
1923-26 жылдары -мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебін, жұмысшы факультетінде (рабфак) оқып, ауыл шаруашылық институтында оқиды.
1929-30 ж «Қос Шалқар»«Талпақ танау», «Ана туралы новеллалар», «Автографиялық әңгіме», «Көк үйдегі көршілер», «Күсен»,«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқты», «Аманкелді», «Қынаптан қылыш т.б, «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Оянған өлке», «Кездеспей кеткен бір бейне»

1931-44 ж Шекспирден: «Антонин мен Клеопатра», Шота Руставели және оның поэтикасы, М. Горькийдің «Өлімді жеңген ана» , «Адамның анасы» шығармаларын аударды.


1958 ж Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне, КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.
1962,1972,1974 ж 3 мәрте Ленин,1975 ж 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту,1982 ж «Халықтар достығы» медальдары.
1970 ж Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алды.
1977 ж Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық алды.
1974 ж Кеңес әдебиетін өркендетуде сіңірген еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді.
1985 ж дүние салды.
1985 ж Алматы қаласының Қарасай батыр көшесінен мұражай, Астана қаласында көше, Балалар мен жасөспірімдер театры ашылып, ескерткіш мүсін қойылған.

Сабаққа кіріспе.


Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.
«Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.(Үзінді тыңдау)
IV. Сабақты пысықтау:

1.Сюжеттің басталуы: Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады.


2.Сюжеттік байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуы,жылқыны барымталауы,қызды олжалап , мінгестіріп алуы.
3. Шиеленісуі: Қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, ананың барымташылардың алдын орап алуы, тоқтатуы.
4.Шарықтау шегі:Кейкінің үкімі, қызды шешесімен күңдікке алу.
5.Шығарманың шешімі: Сөзден жеңіліп,тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық береді.
6.Шығармадағы кейіпкерлер: Жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес қария,Рамазан, Жанай балуан , ана, қыз т.б
7.
V. Жаңа сабақты бекіту:
Әңгіме оқиғасының ең тиімді, өзекті мәселелеріне хабарлама жасау.
Әңгімедегі негізгі оқиғалар.
Кейіпкерлер тағдыры.
Жазушының көркемдік әдісі, тілі.
Ананың негізгі қасиеттері: өткір, батыл, қайратты, намысшыл,ақылшы, көпшіл,тұрақты т.б
VI.Сабақты қорыту, бағалау
Тест тапсырмалары:
1. Қорытынды тест.
2. Мәтіндік тест.
3. Сынақ тест. Жауаптарын тексеру.
VII. Үй тапсырмасы: Үзіндіні жаттау ,«Ана-сарқылмайтын күш», «Ана-көзді бұлақ» тақырыптарының біріне ойтолғау жазу, Әдебиет теориясы ұғымдарын оқу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет