Сабақтың тақырыбы Графикалық редактордың құрал жабдықтары (1 нұсқа)


Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі313,81 Kb.
#119624
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1 АКТ 3 сынып 4Бөлім Графикалық редактордың құрал жабдықтары 1 нұсқа Сабақ жоспары
Акпарат, Акпарат
Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


0-6


  1. Ұйымдастыру кезені

Оқушылармен амандасып олардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

  1. Білімді жүйелеу

Мәселе тудыру
Жұптық жұмыс. Оқушылар проблемалық тапсырма ретінде екі суретшінің құралдарын салыстырады.
Нәтижелерді талқылау. Компьютер көмегі арқылы сурет салу туралы әңгіме құру. Алдыңғы тақырыптармен біріктіру үшін суретті құрастыратын (дигитайзер) құрылғысына назар аудару қажет.



  1. Мақсатты тұжырымдау

Оқушылар пайымдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды.

Презентация


1 слайд
Қосымша 1

Сабақтың ортасы


7-15 минут
16-18 минут

19-34 минут


35-38 минут



  1. Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.

Оқушылар он-лайн ресурсымен жұмыс жасайды:
- «Қарапайым графикалық редактор» сабағын қарап шығады.
- Интерактивті жаттығуларды орындайды.


Сергіту сәті
Мұғалім оқушыларға өздерін графикалық редактор рөлінде көруің ұсыңады. Мұғалім қолданушы ролін атқарады. Мұғалім командаларды атайды, ал оқушылар оны орындайды.
1.Сол қолыңыздағы қылқалам арқылы гүлдің суретін салыңыз.
2. Оң қолыңыздағы өшіргіш арқылы суретті өшіріңіз.
3. Оң қол жанға, қолыңызда қарындаш, шеңбердін суретін салыңыз, 360 градуска бұрыңыз.
4. Мәтіндік ақпарат қосамыз. Жұмыс аймағын белгілейміз: әркім өз есімдерін баспа әріптері арқылы көзбен жазба жасайды.


5. Практикалық жұмыс
Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі.


Дескрипторларды талқылау:

  1. геомериялық фигураларды салу үшін «Фигуралар» тобының құралдары қолданылады;

  2. суретті бояу кезінде «Кұю» құралы қолданылды;

  3. «Жиек» және «Сызықтың жуандығы» құралдарының параметрлерін қолданылды»;

  4. суреттің белгілі бір бөлігін өшіруге «Өшіргіш» құралы қолданылды.

Ұсынылған тізімді тағы да қандай дескрипторлармен толықтыруға болатының оқушылармен талқылаңыз. Мысалы, «ұқыпты орындау» және т.б.

Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі. Саралау мақсатында тапсырмалар күрделенеді өсу тәртібімен реттеледі.


Дескрипторлар арқылы өзара бағалау.
Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym-grafikalyq-redaktor - «Қарапайым графикалық редактор» интерактивті сабақ



Сабақтың соңы
39-40 минут

Рефлексия
«Қолмен сигналдар» техникасы
«Қолмен сигналдар» техникасы
(маған бәрі түсінікті – бас бармақ жоғары қарап тұр, менде түсінбей қалған сұрақтар бар – бас бармақ төмен қарап тұр).
Бармақтарын жоғарыға қаратқан оқушыларға сұрақ (бәрі түсінікті): "Не түсіндіндер?", бармақтарын төмен қаратқан оқушыларға: "Не түсініксіз? Қай жерде қиындық туындады?".






Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Практикалық тапсырма орындау кезінде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасының қадамы бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді.
Барлық оқушылар:
• графикалық редактордын тағайындалуын түсіндіреді; өмірде оның қолдануына мысал келтіреді;
• геометриялық фигураларды және әр түрлі құралдарды қолданып компьютерде сурет салады;
• 1 Тапсырма бойынша бірнеше геомериялық фигура құрады.
Оқушылардың көбісі:
• құрған суреттерін сақтайды;
• «Жиек» және «Сызықтың жуандығы» құралдарының баптауларын қолданады
• қүйю құралын қолданып әр түрлі геометриялық фигуралардың суретің салады.
Кейбір оқушылар:
• «Саяжайдағы үй» тақырыбына сурет салады.

Бағалау сабақтың әр кезеніңде жүзеге асырылады:
- қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауптарын қадағалау (жұптық жұмыс)
- теориалық материалды түсінуін бағалау кезенінде интерактивті тапсырмалар қолданылады;
- практикалық жұмысты орындау кезінде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады..
- өзін-өзі реттеу мақсатыңда, кері байланыс ретінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды.



Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, физминутка қарастырылған.
Компьютермен жұмыс жасап отырған кезінде оқушылар дене мүсінінің дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көніл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды.
Практикалық жұмыс орындаған кезде «Математика» пәнімен байланысады. Оқушылар геометриялық фигуралардың түрлерін еске түсіреді.


Қосымша 1

Қосымша 2
Практикалық жұмыс
«Графикалық редактордың құрал саймандары»


Мақсаты: сурет салу барысында графикалық редактордың құрал саймандарың қолдану.


1 Тапсырма.
Графикалық редактордың әр түрлі құралдарын қолданып, жиек пен құю құралдарын баптап фигуралардың суретін салыңыз.



2 Тапсырма.
Графикалық редакторда келесі суретті салу үшін қолданылатын құралдарды атаңыз.

Осы суретті графикалық редакторда салыңыз.
Суреті бөлшектермен толықтырыңыз.
Дайын суретті компьютерде сақтаңыз.


3* Тапсырма.
Графикалық редактордың құралдарын қолданып «Саяжайдағы үй» тақырыбына сурет салыңыз.

Суретті толықтырыңыз. Компьютерде сақтаңыз.
Дескрипторлар:
- геометриялық фигуралардың суретің салуға «Фигуралар» тобының құралдары қолданылды;
- суретті бояу үшін «Құю» құралы қолданылды;
- «Жиек» және «Сызықтын қалындығы» құралдарының баптаулары қолданылды;
- өшіру үшін «Өшіргіш» құралы қолданылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет