Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы



бет4/4
Дата28.06.2017
өлшемі0,59 Mb.
#20303
түріСабақ
1   2   3   4

1. Әсет Найманбаев туралы кестені жазу.

3. Шығармашылығынан әндер тыңдау.

V Қорытынды:

Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып халқымызбен бірге жасасып келеді. Жүрегін ән тербеген бабалардан қалған асыл мұра бүгінгі заманымызға жетіп отыр.

Әсет - нағыз сегіз қырлы өнерпаз. Ол ақындық өнердің өрен жүйрігі, суырып салма - импровизатор, ақпа ақын. Табиғи тума таланты күшті, дарынды ақын қолына домбыра алғанда, қолма-қол нөсерлете жыр төксе, домбырасымен қоса, қағаз бетінде қаламы да қатар жүйткитін сауатты саңлақ ақын болған.

VІ Бағалау

VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:

1. Әсет Найманбаев шығармалары туралы мәліметтер жинау.

2. Әсет Найманбаевтың әндерін іздеу, айтуға дайындалу.

VІІІ Қолданылған әдебиеттер: А. Жұбанов, «Замана бұлбұлдары», «Бес ғасыр жинайды» жинағы, «Жеті ғасыр жинайды» жинағы, «Ай, заман-ай, заман-ай» жинағы

Күнделікті сабақ жоспары

Сыныбы: 10 «А» Күні: 3- мамыр Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Әсет Найманбаевтың ән-өлеңдері

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Әсет Найманбаевтың ән-өлеңдері бойынша жаңа білім беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: ӨӨӨ----- Оқушыларды халқымыздың тарихи тұлғаларын білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау. зерттеу Сабақтың көрнекілігі: Әсет Найманбаевтың ән-өлеңдері туралы кесте

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылық жолы

Үй тапсырмасын тексеру жоспары:

1. Әсет Найманбаевтың өмірі

2. Шығармашылық жолы

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Әсет Найманбаевтың өлеңдері

2. Әсет Найманбаевтың әндері (Әндерін тыңдау)

Әсет Найманбаевтың ән-өлеңдері

Реті


Әсет Найманбаевтың шығармашылығы

1.

Әсет - нағыз сегіз қырлы өнерпаз. Ол ақындық өнердің өрен жүйрігі, суырып салма – импровизатор, ақпа ақын. Табиғи тума таланты күшті, дарынды ақын қолына домбыра алғанда, қолма-қол нөсерлете жыр төксе, домбырасымен қоса, қағаз бетінде қаламы да қатар жүйткитін сауатты саңлақ ақын болған.



2.

Әсет - асқақ әнші, дарынды халық композиоры. Арқаның Ақан Сері, Біржан Сал, Құлтума, Жарылғапберді, Үкілі Ыбырай т.б. әнші - композиторларының тамаша дәстүрі Әсеттің орындаушылық өнеріне, композиторлық шығармаларына зор ықпал еткен. Қоянды жәрмеңкесіне барып, Рысжанмен айтысқан сапарында Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді әндерін естіген. Осы бір өнер сапарының нәтижесінде Әсет үлкен шығармашылық толғанысқа түсіп, «Шама», «Әсет», «Майда қоңыр», «Мақпал», «Қайшақбай», «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Еркем - ай», «Қаракөз» сияқты әндерін шығарған.

3.

Әсет ойға жүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын. Тегі әншілік өнеріне ден қойғанынан болу керек, өзінің ақындығына көп мән бермей келіп, ақыры өлер алдында «кейінгі ұрпаққа Абайша сөз қалдырмадым деп қатты өкінеді. Әсеттің тағы бір ерекшелігі күрделі сюжетті поэмалар жазуды да машықтаған. Қай шығармаларын алсақ та оның үлкен өнер иесі болғандығы көрініп тұр.



4.

Әсет мұралары – өлең-жырлары, әндері, айтыстары, дастандары баршылық. Мәселен, атақты Кемпірбай, Бақтыбай ақындармен һәм Ырысжанмен, Мәликемен, Сәмет төремен айтыстары аян.

5.

Әсет - әнші, сазгер. Әсет — нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын; ол тілге бай, алғыр ойлы, бөгелмей жүйткитін айтыс өнерінің де ерен жүйрігі; ол алысқа алқынбай сілтейтін жүйрік, бай оқиғалы поэма, дастандар жазған ақын. Әсеттің атақты «Қызыл табан - ағаш ат» поэмасы Шығыс ертегі әңгімелерінің әсерімен жазылған, «Мың бір түн» сияқты өз уақытына жазылған екі жастың арасындағы махаббатқа құрылған ғылыми-фантастикалық поэма. «Салиха-Сәмен» поэмасы да бас бостандығы үшін, махаббат үшін, кұрбан болған жандар туралы. Олар өз заманының қатал заңының құрбандары.



Осы кесте бойынша жаңа сабақты түсіндіру:

ІV Дәптермен жұмыс:

1. Әсет Найманбаев туралы кестені жазу.

3. Шығармашылығынан әндер тыңдау.

V Қорытынды:

Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып халқымызбен бірге жасасып келеді. Жүрегін ән тербеген бабалардан қалған асыл мұра бүгінгі заманымызға жетіп отыр.

Әсет - нағыз сегіз қырлы өнерпаз. Ол ақындық өнердің өрен жүйрігі, суырып салма - импровизатор, ақпа ақын. Табиғи тума таланты күшті, дарынды ақын қолына домбыра алғанда, қолма-қол нөсерлете жыр төксе, домбырасымен қоса, қағаз бетінде қаламы да қатар жүйткитін сауатты саңлақ ақын болған.

VІ Бағалау

VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:

1. Әсет Найманбаев шығармалары туралы мәліметтер жинау.

2. Әсет Найманбаевтың әндерін іздеу, айтуға дайындалу.

VІІІ Қолданылған әдебиеттер: А. Жұбанов, «Замана бұлбұлдары», «Бес ғасыр жинайды» жинағы, «Жеті ғасыр жинайды» жинағы, «Ай, заман-ай, заман-ай» жинағы

Күнделікті сабақ жоспары Сыныбы: 10 «А» Күні: Пән аты: Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы бойынша шығарма Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы бойынша алған білімдерін жүйелеу. 2. Дамытушылық: Оқушылардың еркін жазу дағдыларын ұштау. 3. Тәрбиелік:ӨӨӨ----- Оқушыларды нші-сазгер ақындар шығармашылығын бағалай білуге тәрбиелеу Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, талдау Сабақтың көрнекілігі: Әнші-сазгер ақындар туралы қосымша мәліметтер. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, зейіндерін аудару. ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы бойынша шығарма жазу

Шығарманың тақырыбы:

Қазақ сахарасын теңдесі жоқ сазымен тербеген дала жұлдыздары

Шығарманы жазу:

1. Шығарма еркін жазуға беріледі;

2. Белгілі бір әнші-сазгер ақын туралы жазуға болады;

3. Жалпы әнші-сазгер ақындар туралы жазуға болады.

ІV Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:

Әнші-сазгер ақындар шығармашылығын қайталау

Күнделікті сабақ жоспары

Сыныбы: 10 «А» Күні: Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Әдебиеттің тегі мен түрлері.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Әдебиеттің тегі мен түрлері бойынша жаңа білім беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: ӨӨӨ----- Оқушыларды әдебиеттің тегі мен түрлерін білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау. зерттеу Сабақтың көрнекілігі: Әдебиеттің тегі мен түрлері туралы кесте

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Әдебиеттің тегі мен түрлері

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Әдебиет теориясы туралы түсінік

2. Әдебиеттің тегі мен түрлері

3. Әдеби шығарма түрлері

Әдебиеттің тегі мен түрлері

Реті

Әдебиеттің тегі мен түрлері



1.

Әдебиеттану ғылымы

Әдебиеттану ғылымы әдебиеттің көркемдік сипатын, қоғамдық мәнін, тәрбиелік маңызын айқындайды.

Әдебиеттану ғылымының салалары:

Әдебиет тарихы

Әдебиет теориясы

Әдебиет сыны

Әдебиет тарихы әдеби кезеңнің тарихын, олардың өзіне тән ерекшеліктерін зерттейді.

Әдебиет сыны көркем шығарманы жан-жақты зерттеп, ол туралы сын, пікір айтады,

2.

Әдебиет теориясы



Әдебиет теориясы сөз өнерінің жалпы заңдылықтарын, әдеби шығарманың көркемдік болмысы мен білімін, сыр-сипатын, мән-мағынасын зерттейді, оны дұрыс түсінудің, талдаудың ұстанымдары мен әдістерін зерттейді.

3.

Әдебиеттің тегі:



Эпос

Лирика


Драма

4.

Әдеби шығарма түрлері:



Әңгіме

Повесть


Роман

Баллада


Поэма

Комедия


Трагедия

4.

Эпостық шығармалар:



Ертегілер

Аңыздар


Әңгімелер

Новеллалар

Повестер

Романдар


Эпикалық поэмалар

Көркем очерктер

5.

Лирикалық шығармалар:



Лирика – кейіпкерлердің көңіл күйін, сезім сарайын, жан дүниесін суреттетін ерекше жанр. Кез келген толғаныс лирика тудырмайды. Лирикалық шығарма үшін әлеуметтік, қоғамдық, философиялық мәні бар тақырыптар керек. Лирикалық шығарманың басты кейіпкері –ақынның өзі.

Лириканың негізгі түрлері:

Азаматтық лирика

Табиғат лирикасы

Махаббат лирикасы

Философиялық лирика, т.б. (арнау, ода, пастораль, сонет, элегия, эпиталама, эпитапия, эпиграмма, идиллия)

6.

Драма:


Өмір құбылыстары

Адамдар арасындағы қарым-қатынас

Шиеленіскен тартыс кейіпкерлердің әрекеті арқылы бейнеленеді. Драмалық шығармалар сахналық қойылымға арналып жазылады.

Драмалық шығармалардың түрлері:

Қаһармандық

Саяси-әлеуметтік

Тарихи-ғұмырнамалық

Осы кесте бойынша жаңа сабақты түсіндіру:

ІV Дәптермен жұмыс: Әдебиет теориясы туралы кестені жазу.

V Қорытынды: Әдебиеттану ғылымы әдебиеттің көркемдік сипатын, қоғамдық мәнін, тәрбиелік маңызын айқындайды. Әдебиеттану ғылымының салалары: әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны.

VІ Бағалау

VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:

1. Әсет Найманбаев шығармалары туралы мәліметтер жинау.

2. Әсет Найманбаевтың әндерін іздеу, айтуға дайындалу.

VІІІ Қолданылған әдебиеттер: А. Жұбанов, «Замана бұлбұлдары», «Бес ғасыр жинайды» жинағы, «Жеті ғасыр жинайды» жинағы, «Ай, заман-ай, заман-ай» жинағы

Күнделікті сабақ жоспары

Сыныбы: 10 «А» Күні: Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Талдау жұмыстары

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Әдеби шығармалардың тілі мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау.

2. Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдылары мен талдау жұмыстарырын орындауға дағдылату. 3. Тәрбиелік: ӨӨӨ----- Оқушыларды әдебиеттің тегі мен түрлерін білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау. зерттеу

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

Әдебиеттің тегі мен түрлері

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Әдебиет теориясы туралы түсінік

2. Әдебиеттің тегі мен түрлері

3. Әдеби шығарма түрлері

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу

Фигура – сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру.

Фигураның ( айшықтау) бір түрі -қайталау- сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды,ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу.

Аллитерация-бірыңғай дауысыз дыбыстарды қайталау

Ассонанс- бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау.

Анафора (әдепкі қайталау)- өлеңнің әр жолының бір сөзден басталып отырылуы.

Ұйқыдан соң- жапырақпын

Жаңбыр шайып жаңарған.

Ұйқыдан соң- құспын.

Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған.

Ұйқыдан соң – көк айдынмын,

Мөлдіеген шайқалып.

Ұйқыдан соң – ну орманмын.

Желбіреген жайқалып

Эпифора- (кезекті қайталау)- өлеңнің әр жолының соңындағы бір сөздің бірнеше қайталанып отыруы.

Күншілдер өледі

Көңілін от қарып.

Батырлар өледі

Борышын атқарып.

Бұзықтар өледі

Пышаққа құлшынып.

Сұлулар өледі

Құшақта тұншығып.

Арғымақ өледі

Артында шаң қалып.

Ақындар өледі

Бәріне таң қалып.

Еспе қайталау- Алдыңғы ұғымның аяғы соңғы ұғымның басынада қайталанып келуі.

Сарыарқаның бір тауы бар,

Бір тауы бар сымбатты.

Сол таудан сен сыр тауып ал,

Сыр тауып ал, қымбаттым.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!

Ел қорыған мен едім.

Мен де айрылдым елімнен

Көл қорыған сен едің,

Сен де айрылдың көліңнен

Осы кесте бойынша жаңа сабақты түсіндіру:

ІV Дәптермен жұмыс: Әдебиет теориясы туралы кестені жазу.

V Қорытынды: Әдеби тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшықтай білу қажет. Сонда ғана көркем шығарма әсерлі де ажарлы болады.

VІ Бағалау

VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:

1. Әсет Найманбаев шығармалары туралы мәліметтер жинау.

2. Әсет Найманбаевтың әндерін іздеу, айтуға дайындалу.

VІІІ Қолданылған әдебиеттер: А. Жұбанов, «Замана бұлбұлдары», «Бес ғасыр жинайды» жинағы, «Жеті ғасыр жинайды» жинағы, «Ай, заман-ай, заман-ай» жинағы

Күнделікті сабақ жоспары

Сыныбы: 10 « » Күні: Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:Әдебиет танытушылар

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:.Әддебиеттану пәні мен әдебиет танушылардың қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі мен қосқан үлестері туралы мәлімет беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдылары мен талдау жұмыстарырын орындауға дағдылату. 3. Тәрбиелік: ӨӨӨ----- Оқушыларды әдебиеттің тегі мен түрлерін білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау. зерттеу

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

Әдебиеттің тегі мен түрлерінен өткенді сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу

-Әдебиеттану – көркем әдебиеттің шығу тегі, даму жолдары, әдеби ағымы мен әдеби үрдістерді, сөз өнерінің көркемдік ерекшеліктері мен жалпы заңдылықтарын және ақын – жазушылардың шығармашылық ғұмырнамасын зерттейтін ғылым саласы.

- Әдебиеттану ғылымының жетістіктерін , әдебиқұбылыстарды , көркем шығарманы жүйелі зерттеуде әдебиеттану әдісі көмекке келеді.

- әдебиетті зерттеудің әдіс – тәсілдері, жолдары сан қилы болғандықтан, әдебиеттану саласындағы әр кезеңдік зерттеу әдістері сол кезеңнің талаптарына сай әр түрлі дәрежеде көрініс тауып отырады.

- Қазақ халқының көркем әдебиетін, халықтық әдебиеттің жиналуы мен зерттелуі ХІХ ғ. І жартысында басталды.

Қазақ әдебиетін алғаш зерттеген ғалым Ш. Уәлиханов ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар Жанақ, Шөже, Орынбай сияқты эпик ақындар жөнінде ой – пікірлерін айтып кеткен.

«Қазақтың халық өлеңінің түрлері туралы» ғылыми еңбекте өлең түрлеріне тоқталып өтсе, басқа да шығармаларында құнды пікірлерайтыпкеткен.

Ы. Алтынсарин 1879 ж. жазған «Қазақ хрестоматиясы» негізінен Абырайдың төл шығармаларынан құралып, оның сыншы – ғалым болғаны еленбей келеді.

1926 ж. А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі әдебиет туралы жазылған –құнды еңбегі болған

1927 ж. М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы» атты еңбегі қазақ әдебиет тарихын зерттеуге арналған оқулық кітабы болды.Оқулық 7 бөлімнен тұрды.

1. Сыршылдық салт өлеңдер

2.Батырлар әңгімесі. Кіші батырлар

3.Ел поэмалары

4. Тарихи өлеңдер

5.Ертегілер

6. Айтыс өлеңдер

7. ХҮІІІ-ХІХ ғасыр ақындары.

1928 ж. Қ. Досмұхамедовтің «Қазақ халық әдебиеті» атты еңбегі жарық көрген.

С. Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегі әрі оқулық, әрі ғылыми – зерттеу еңбектің бірі болды.

М. Жолдыбаев, М. Қаратаев, Ә. Қоңыратбаев «ХХ ғ. мен ХХ ғ. басындағы әдебиет»

1934 ж. М. Жолдыбаев, М. Қаратаев, Ә. Қоңыратбаевтың «Қазақ хрестоматиясы» дәуірге бөлінбегенімен, ақын – жазушыларды оқыту өмір сүрген кезеңіне байланысты хронологиялық тәртіппен берілген еді.

Әдебиет сласында кезінде өз үлесін қосқан С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, С. Мұқановтар да болды.

1941 ж. Е. Ысмайыловтың «ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті»,

1942 ж. Қ. Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті» еңбектері болды.

1948 ж. М. Әуезовтің басшылығымен «Қазақ әдебиеті » тарихының І томы ,

1949 ж. Қ. Жұмалиевтің «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» ұжымдық зерттеулері болды.

Әдебиетті зерттеп, танытуға үлес қосқандар: М. Ғабдуллин, Е. Ысмайылов, Б.Кенжебаев. Қ. Жұмалиевтың еңбектері көп.

60- жылдары «Қазақ әдебиеті тарихы » атты алты кітаптан тұратын үш томдық зерттеу жұмысы жарық көрген,

70-080- жылдары Т. Сыдықов, Ә. Марғұлан, Р. Бердібаев, Х. Сүйіншәлиев, М. Мырзахметов М. Жолдасбаев, А. Қыраубаеваның еңбектері жарық көріген.

ІV Дәптермен жұмыс: Әдебиттанушылар туралы мәлімет жазу.

V Қорытынды: Әдебиет –өз заманына лайықты сипатқа ие болуға тиіс . Ал тарих өткенің тәжірибесін білмей , болашақты жасауғаболмайтын пән .Сондықтан әдебиет пен тарихты бірге қарастыруымыз қажет

VІ Бағалау



VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:

1 Конспект жазу
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет