Сабақтың тақырыбы: Жапырақ Сабақтың мақсаты



бет10/11
Дата21.07.2017
өлшемі1,6 Mb.
#21647
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өсімдік жапырағы[өңдеу]

Өсімдік жапырағы белгілі бір заңдылықпен орналасады: 1) кезектесіп орналасу — сабақтың әр буынында дара жапырақ кезек-кезек шығады. Мысалы, жапырақ бір-бірін көлеңкелемеу үшін бір жапырақ сабақтан оңтүстікке қарай, екіншісі солтүстікке, үшіншісі шығысқа, төртіншісі батысқа қарай кезектесе орналасады. Сондықтан жапырақ тақталары қанша үлкен болғанымен, жарықтың түсуіне кедергі болмайды (астық тұқымдасы, емен, т.б.); 2) қарама-қарсы орналасу — сабақтың әр буынынан екі жапырақ бір-біріне қарама-қарсы өсіп шығады да, үстіңгі жапырақтар төменгілерін көлеңкелемейді (үйеңкі, қалампыр, жалбыз, сирень, т.б.); 3) топтанып орналасу — сабақтың бір буынында үш не одан да көп жапырақтың болуы (сары ағаш, қарғакөз, т.б.).

Жапырақ алдымен ұшынан өседі, 30-40 күннен кейін өсуі тоқталады, тек қырыққұлақ пен вельвичияның жапырақтары қурап қалғанша өсе береді. Жапырақтың тіршілік ету ұзақтығы бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Мысалы, кәдімгі қарағайда 2-3 жыл, Кавказ самырсынында 9-13 жыл, шыршада 5 жыл, т.б. Ал ашық тұқымдылардың жапырақтары бірден түспей кезектесіп түсетіндіктен мәңгі жасыл болып көрінеді.

Жапырақтың түсуі[өңдеу]

Жапырақтың түсуі — өсімдіктің эволюциялық дамуында әртүрлі қолайсыз жағдайға бейімделуі, яғни күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде тамырдан өсімдікке келетін ылғалдың азаймауынан және қыста қалың қар жауғанда өсімдік бұтағының сынып кетпеуінен сақтайды. Күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде жапырақтағы фотосинтез процесі бірте-бірте әлсірейді. Жапырақ пен сабақ арасындағы зат алмасу тоқтайды. Жапырақ сабағы түбіндегі жасушалар ыдырап, ажырау қабаты пайда болады. Бұл кезде жапырақ сабаққа әрең ілініп, өзінің салмағынан, жел, жауын әсерінен үзіліп түседі. Көптеген өсімдіктердің (салат, капуста, пияз, аскөк, қымыздық, т.б.) жапырақтары тағам, ал кейбір өсімдіктердің жапырағы мал азығы ретінде пайдаланылады. Жапырақтан эфир майы алынады, медицинада пайдаланылады.[2]



Жапырақтың түрөзгерістері[өңдеу]

Түрін өзгерткен жапырақтар: тікен, мұртша, қабыршақ, шырынды жапырақтар əртүрлі қосымша қызметтер атқарады. Мысалы, түйетікен мен шағыртікеннің жапырақ тақтасының жиегіне жеткен жүйелерінің ұшы тікенге айналады. Кей жағдайда өсімдіктердің бүршіктері мен жапырақтары да түрін өзгертіп тікенге айналуы мүмкін. Жапырақ тақтасы түгелдей тікенге айналғандарға: сарыағаш, кактус, кəріқыз жатады. Жапырақ түктері тікенге айналған өсімдік - итмұрын. Тікенекті жапырақтар малға жем болудан қорғана алады жəне суды аз буландырады.

Мұртшаға айналған жапырақтар.

Асбұршақ, үрмебұршақ мұртшалары əлсіз сабақтарының жарыққа қарай көтеріліп өсуіне сүйеніш.

Қабыршаққа айналған жапырақтар.

Бүршіктердің сыртындағы қабыршақтар, тамырсабақтағы қабыршақтардың барлығы түрін өзгерткен жапырақтар. Бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан, улы газдардың зиянды əсерінен қорғайды. Орамға айналған жапырақтар жүгері собығының сыртын орап тұрады.

Шырынды жапырақтар.



Пияз, қырыққабат өсімдіктерінің жапырақтары қоректік заттарды қорға жинайтындықтан қалың, шырынды. Құрғақшылық болғанда шырын, қор заттарын пайдаланып, тіршілік етеді.

Əлсіз жетілген жапырақтар.

Ылғал жетіспейтін шөлді, шөлейтті, құмды жерде өсетін өсімдіктер мен паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің жапырақтары жетілмейді немесе мүлде болмайды. Мысалы:сексеуіл, жүзгін, қылша, арамсояу, сұңғыла жəне т.б.[3]

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу



Ақжелкен



кәдімгі ақжелкен

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:

Өсімдіктер

Бөлімі:

Гүлді өсімдіктер

Табы:

Қос жарнақтылар

(unranked)

Asterids

Сабы:

Apiales

Тұқымдасы:

Apiaceae

Кіші тұқымдасы:

Apioideae

Тайпасы:

Apieae

Тегі:

Petroselinum
Hill



түрлері

17 түрі белгілі

Ақжелкен , петрушка (лат. Petroselinum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық өсімдік. Отаны — Жерорта теңізінің маңы. Жабайы түрлері Испанияда, Грекияда және Алжирде кездеседі.

Жапырағынан көктей салат жасалады және бұқтырылған ет тағамдарға тұздық ретінде қосылады. Ақжелкенді косметикада пигменттік дақтарды, сепкілді кетіру үшін, медицинада бүйрек, жүрек ауруларына, асқазан, ісік және көздің көру қабілетін сақтау үшін профилактикалық зат ретінде кеңінен пайдаланады. Ақжелкен С, А, В1, В2, РР витаминдеріне және жұпарлы майға өте бай. Ақжелкеннің екі тобы бар: тамырлы және жапырақты және олар бір-бірінен жапырақ саны мен тамырдың даму ерекшеліктері арқылы ажыратылады. Қазақстанда Ақжелкеннің 5 түрі өседі.[1]



Галерея[өңдеу]







Көктерек

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:

Өсімдіктер

Бөлімі:

Гүлді өсімдіктер

Табы:

Қос жарнақтылар

Сабы:

Malpighiales

Тұқымдасы:

Талдар

Тайпасы:

Saliceae

Тегі:

Populus
Карл Линней



Үлгілік түрі

Populus tremula

түрлері

115 түрі белгілі

Каталог: uploads -> doc -> 0271
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0271 -> 4 Ауыз әдебиеті үлгілерінің зерттелуі және олардың тәрбиелік мәні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет