Сабақтың тақырыбы: Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Мектеп: Күні



Дата14.04.2020
өлшемі2,14 Mb.
#62398
түріСабақ
Байланысты:
сабақ жоспары

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Жарық құбылыстары.

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың түзу сызықты таралу заңы.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.5.1.1 – Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар білуі тиіс:

- жарық көздерініӊ түрлерін;

- жарықтыӊ біртекті ортада түзу сызықты таралу заӊын;

- жарық шоқтарыныӊ тәуелсіздік заӊын;

- көлеӊке және жарты көлеӊкеніӊ пайда болуын;

- Күн және Айдыӊ тұтылуын.



Бағалау критерийлері

- жарық көздерініӊ түрлерін біледі;

- жарықтыӊ біртекті ортада түзу сызықты таралу заӊын біледі;

- жарық шоқтарыныӊ тәуелсіздік заӊын біледі;

- көлеӊке және жарты көлеӊкеніӊ пайда болуын біледі;

- Күн және Айдыӊ тұтылуын біледі.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және түсіндіре алулары керек.

Пәнге тән лексика мен терминология: жарық, жарық сәулесі, нүктелік жарық көзі, жарық шоғы, көлеӊке, жарты көлеӊке, нүктелік жарық көзі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді: .......және ..........жарық көздері.

Жарық сәулесі – ..........энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық.

Нүктелік жарық көздері (физикалық модель) – қарастырылып жатырған жағдайда өлшемдері еленбейтіндей ........ көздері.

Жарықтың түзусызықты таралу заңы: жарық біртекті мөлдір ортада ............. бойымен таралады.


Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, өзара ынтымақтастық және өмір бойы білім алу құндылығын дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Күн мен айдың тұтылуын түсіндіргенде жаратылыстану пәнімен байланыс

Бастапқы білім

Күн мен айдың тұтылуы, табиғаттағы құбылыстарды 7 сыныптан біледі.




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

0-3 мин


  1. Ой қозғау.

Төмендегі суреттердің барлығына ортақ не нәрсе?

Оқушылардың жауабынан кейін мұғалім сабақтың мақсатымен тьаныстырады






Сабақтың

ортасы

3-8 мин


8-13 мин

13-18мин


18-23 мин

23-38 мин



  1. Түсіндіру. Оқушылар қандай жарық көздерін білетінін сұраңыз.

Оқушылар топта жарық көздерінің түрлерін талқылайды, ал мұғалім олардың жауаптарына толықтырулар енгізеді.

Оқушылар зерттеушәләк дағдысын дамыту үшін тәжірибелік тапсырма орындайды.



Мақсаты: Жарықтың түзу сызық бойымен таралуын зерттеу

Қажетті құралдар: май шам, 10х10 см болатын 3 картон қағаз, 3 сіріңке қорабы, кнопкалар, түйрегіш

Жұмыстың орындалуы: түйрегішпен картон қағаздардың ортасынан саңылау жасаңдар; картондарды сіріңке қорабына бекітіп суреттегідей орналастырыңдар; май шам жалыны саңылаудан көрінетіндей етіп орналастырыңдар

Сұрақ: Ортаңғы картонды оңға жылжытыңдар.

Сендер май шам жарыған көріп тұрсыңдар ма? Неге?


Оқушылар өз жасаған тәжірибелері бойынша қорытынды жасайды, ал мұғалім оларға кері байланыс береді.



Жарықтың түзу сызықты таралуына мысал ретінде Күн мен айдың тұтылуын қарастыру



3. Сабақты бекіту Оқушылар теориялық материалды

меңгергендіктерін тексеру үшін тапсырмалар орындайды


Мұғалім тапсырманың жауаптарын айтады , ал оқушылар өзін өзі тексереді.

аратпа материал




Сабақтың соӊы

38-40 мин



5. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

6.Үй тапсырмасы:

Физика және астрономия. 8-сынып.



§ 61,62,63. 192-201б.







Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Орташа қабілетті оқушыларға өздік жұмыс барысында бағыттаушы сұрақтар қойып, көмек көрсету.

Оқушылардың материалды игергендіктерін топтық жұмыс пен өздік жұмысты қолданып тексеремін

Тәжірибе жасау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет