Сабақтың тақырыбы «Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болады?»



Дата18.06.2022
өлшемі131,59 Kb.
#146734
түріСабақ
Байланысты:
5 сынып пароль
металдар бейметалдарды алу

зақ мерзімді жоспардың тарауы:
«Интернеттегі қауіпсіздік»

Мектеп: Мұнайлы №2 орта мектеп




Күні: 

Мұғалімнің аты-жөні: Муринова Айсулу Тайлекеновна




Сынып: 5

Қатысқандар: 11

Қатыспағандар: 0




Сабақтың тақырыбы

«Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болады?»




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Білу, түсіну, қолдану




Сабақтың мақсаты

5.4.2.2 Құжатқа құпия сөз орнату.




Бағалау критерийі

• Құпия сөздің қолданылу себебін түсінеді.
• Құжатқа құпия сөзді орнату әдісін сипаттайды.
• Компьютерге құпия сөзді орнатады




Тілдік мақсаттар

Құжатқа және компьютерге құпия сөз орнату жолын түсіндіре алады.
Терминдер: құпия сөз, шифрлау
Құпия сөз-пароль-password
Шифрлау-шипрования-encryption




Құндылықтарға
баулу

Қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілікте болу.




Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, орыс тілі, бейнелеу




Алдыңғы білім

Оқушылар нені біледі;
Біреудің жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын біледі.




Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
3 мин
3 мин
5 мин

Оқушылардың сабаққа қатысуын, кітап құралдарының бар, жоғын бақылап, оқушы зейінін сабаққа аудару.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Балалар сабағымызды бастамастан бұрын барлығымыз көзімізді жұмып, мектепте өткізген ең қызықты, көңілді сәттерімізді көз алдыларымызға келтірейікші.
- Жақсы жарайсыңдар балалар, ендеше балалар сабағымызды бастайық.
«Топтастыру» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу
Оқушылар өлең жолдарын жалғастыру арқылы 2 топқа бөлінеді. Әр оқушы өзі таңдаған өлең жолдарын дауыстап оқып, өзінің тобын табады. (Әке туралы жыр, Ана туралы)
«Сиқырлы конверт» әдісімен үй тапсырмалары сұралады. Топқа сұрақтар жазылған конверт ұсынылады.
Құжатқа құпия сөз орнату (Бейне жазба арқылы сыни тұрғыдан ойландыру)

Оқулық, карточкалар, стикерлер
Конверт
АКТ

Сабақтың ортасы
7 мин
7мин
2 мин
7 мин

1-тапсырма. (жұптық жұмыс)
Оқулыққа қарап, құжатқа және компьютерге құпия сөз орнатудың себебін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- құжатқа құпия сөз орнатудың себебін жазады;
2-тапсырма. (Жеке жұмыс)
Берілген үлестірмелі қағаздағы суретке қарап құжатқа құпия сөз орнату ретін
көрсетіңіз.
1._______ 2.________ 3._________
4._______ 5.________ 6._________


A


B



C



D


E


F

Дескриптор Білім алушы
- құжатқа құпия сөз орнату әрекеттерінің ретін дұрыс жазады
Сергіту сәті
Ән тыңдау арқылы жаттығу жасау. Интерактивті тақтадан көрсетілген бейнероликтегі қимылдарды оқушылармен бірге қайталау.
3-тапсырма. (топтық жұмыс)
2 топ өздеріне берілген тапсырмамен жұмыс жасайды
1-топ «Компьюте

рге құпия сөз орнатуды компьютерде орындаңыз»


2-топ «Құжатқа құпия сөз орнату командаларын компьютерде орындаңыз»
Дескриптор Білім алушы
- Топпен жұмыс жасап біледі
- Құпия сөз орнату қадамдарын біледі және компьютерде орындайалады

Оқулық, Компьютер, үлестірмелі материалдар
Үлестірмелі қағаздар
АКТ, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың соңы
3 мин
3 мин
2 мин

Рефлексия: «SMS» әдісі.Қағаздан жасалған ұялы телефондарға оқушылар сабақтың қалай өткенін және қаншалықты жемісті болғанын досына SMS – арқылы жазып білдіреді

Қалыптастырушы бағалау (смайликтермен)

Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу

Қима қағаз
Ұялы телефон
Рефлексия
Қима қағаз
Бағалау парақшасы
дескриптор


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет