Сабақтың тақырыбы: Координаталық түзуде екі нүктенің арақашықтығы Оқу мақсаты



Дата18.02.2022
өлшемі76,02 Kb.
#132393
түріСабақ
Байланысты:
2.11.20.
Документ Microsoft Office Word (2)

Сабақ жоспары
Бекітемін:

Мұғалімнің аты-жөні:




Пән/Сынып:

6 сынып

Күні:

2.11.20.

Тарау немесе бөлім атауы:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Сабақтың тақырыбы:

Координаталық түзуде екі нүктенің арақашықтығы

Оқу мақсаты:

6.1.2.14 рационал сандарды азайтуды орындау;

Бағалау критериі:

-Координаталық түзудегі екі нүктенің арақашықтығы берілген нүктелердің координаталары айырмасының модуліне тең болатынын,
-Арақашықтықтың оң санмен өрнектелетінін, екі санның айырмасының модулінің мәні ондағы азайғыш пен азайтқыштың орындарын ауыстырғаннан өзгермейтінін үйрену
-Координаталық түзуде кесіндінің ұзындығын таба алады;



Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату

Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

2 минут



Ұйым
дастыру

Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Координаталық түзуде екі нүктенің арақашықтығы тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:
- Координаталық түзудегі екі нүктенің арақашықтығы берілген нүктелердің координаталары айырмасының модуліне тең болатынын, арақашықтықтың оң санмен өрнектелетінін, екі санның айырмасының модулінің мәні ондағы азайғыш пен азайтқыштың орындарын ауыстырғаннан өзгермейтінін үйрету.









Whatsapp месенжерін қолдану.



8 мин

Жаңа сабақ

Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап

  • - 12 + ( - 24 ) - 36

  • Кез-келген теріс сан оң саннан кіші

  • а кез - келген теріс сан нөльден a < 0

  • Қарама – қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең

  • Координаталық түзу бойында -3,2 саны -3 тің Сол жағында

Жаңа сабақ. Видео сабақ.
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.
Мысалы: А(-4)пен В(3) нүктелерінің арасындағы қашықтық: АВ =3-(-4) =7 яғни 7 бірлік кесінді.
Шығармашылық есеп
Бірлік кесінді ретінде 1 см кесіндіні алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойынан А(-2) және В(1) нүктелерін белгілеңдер. А нүктесі В және С нүктелерінен бірдей қашықтықта. С нүктесініңкоординатасын және АВ ара қашықтығын табыңдар.
“ Математикалық амалдарды пайдалану” ойыны
КО+ОР+ДОР -ОР+ИНАС-С+ТА+ЛЫП-П+Қ= КООРДИНАТАЛЫҚ 
ТҮС — С+ЗП-П+У= ТҮЗУ
Сөздікпен жұмыс 
Координата-координата-coordination 
Түзу-прямая-straight 
Координаталық сәуледе салыстыру.
Мыс: 2,4 пен 3,1 А (2,4); В (3,1)




Сұрақтарға жауап береді


Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады





Презентация
Слайд

15
минут



Бекіту тапсырмасы

Тапсырма:
№1.Координаталық түзудегі АВ, СD, EF, KL кесіндісінің ұзындығын табыңдар:
а) А(-7); B(2) б)E(-6); F(-2)
AB= 2-(-7)=2+7=9 EF= -2-(-6)=-2+6=4
ә) C(-5); D(1) в)K(-4); L(0)
CD= 1-(-5)=1+5=6 KL= 0-(-4)=0+4=4
2.Табиғатпен байланыс “Ойлан, тап!” ойыны
1. Есептей отырып, белгісіз құс атауын табыңдар

  • - 379 + 948 =

  • - 0,81 + 0,66 =

  • - 7,6 + 19,2 =

  • - 2,6 – (- 1,4) =

  • 3,2 – 6,28 =

  • - 1408,7 + 408 =

  • -817 + 817 =

  • - 13,25 – 11,05 =

  • 569

  • - 0,15

  • 11,6

  • -1,2

  • - 3,08

  • - 1000,7

  • 0

  • - 24,3

Жауабы: Фламинго
Логикалық сұрақтар:

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса,оның салмағы қанша? (3кг)

  2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

  3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

  4. Наурыз тойы кезі. Ат жарысы өтуде. Үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады? (60 км)



№3.Координаталық түзуде қосуды орындаңдар: 
« Теріс сандар» «Оң сандар» «Қарама-қарсы сандар» 
-6 + (-2) -7 + (-3) -4 + (-3) 
-3 + (-3)-4 + (-4) -3 + (-6)-3+ (-8) -2 + (-5)-1 + (-7) 
№4. Координаталық түзуде А(-5) және В(3) нүктелері берілген. С, D және Е нүктелері АВ кесіндісін өзара тең АС, СD, DЕ және ЕВ кесінділеріне бөледі. Координаталық түзуде АВ кесіндісін салып, С, D және Е нүктелерінің координаталарын табыңдар 
Жеке жұмыс. №457

Оқулықтан № 456 /1,2,3/, №458






Дескриптор:

-Координата лық түзуде кесінді ұзындығын таба алады.


Таңбалар ережесін қолданады.
Дескриптор:

Тақырыпқа қатысты есептер шығарады, талдайды



Дескриптор:
-Таңбалар ережесін пайдаланып, өрнектің мәнін табады.


Слайд




10мин

Жеке жұмыс

Online-mektep

Тапсырманы орындайды

Мониторинг




5 минут




Бүгінгі сабақта:
- Рационал сандарды азайтуды білді;
-Координаталық түзуде кесіндінің ұзындығын табады;


Рефлексия
Бас бармақ» әдісі арқылы тақырыпты қорытындылау.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Үйге тапсырма. №456 /4,5,6/, №459

Тақырыпты меңгергенін анықтау







Презентация


Whatsapp месенжерін қолдану






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет