Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыштар түсінігі. Төртбұрштар мен көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы



Дата06.02.2022
өлшемі4,6 Mb.
#81335
түріСабақ
Байланысты:
Көпбұрыштар презентация
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Сабақтың тақырыбы:
Көпбұрыштар түсінігі.
Төртбұрштар мен көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы
2019-2020 ж.ж
Сабақтың мақсаттары:
8.3.1.1 көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтерінің анықтамаларын біледі;
8.3.1.2 көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қорытып шығарады;
1) Бұрыш дегеніміз не және оның түрлері?
2) Сыбайлас және вертикаль бұрыштар дегеніміз не?
3) Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы неге тең?
Қайталау сұрақтары
Анықтама:
n төбесі бар көпбұрышты n бұрышты көпбұрыш
деп атаймыз.
Бұл фигуралар көпбұрыш бола алады ма?
Неліктен төменде көрсетілген фигура көпбұрыш бола алмайды? Жауаптарыңызды негіздеңіздер.
Төмендегі фигуралардың қайсысы көпбұрыш/көпбұрыш емес? Жауаптарыңызды негіздеңіздер.
Анықтама:
Егер көпбұрыш оның кез келген қабырғасы арқылы өтетін түзудің бір жағында, яғни бір жарты жазықтықта ғана жатса, онда мұндай көпбұрыш дөңес көпбұрыш деп аталады.
Мысалы, ABCDE көпбұрышы ДӨҢЕС, себебі
C, D және E төбелері АВ қабырғасының бір жағында жатыр;
A, D және E төбелері ВC қабырғасының бір жағында жатыр;
A, B және E төбелері CD қабырғасының бір жағында жатыр;
A, B және C төбелері ED қабырғасының бір жағында жатыр;
B, C және D төбелері АE қабырғасының бір жағында жатыр.
KLMNOP – ДӨҢЕС ЕМЕС көпбұрыш,
себебі K төбесі мен L, M, N төбелері OP түзуінің екі жағында жатыр, сонымен қатар O төбесі мен L, M, N төбелері KP түзуінің екі жағында жатыр.
Төменде көрсетілген фигуралардың қайсысы
a) дөңес
б) дөңес емес?
Төменде көрсетілген фигуралардың қайсысы
a) дөңес
б) дөңес емес?
1
2
3
4
5
6
Теорема 1
Дөңес n-бұрыштың қосындысы – 180°(n – 2).
Дәлелдеуі.
Дөңес n-бұрыш бір төбесінен шығатын диагональдар мен үшбұрыштарға бөлінеді. Ал үшбұрыш бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең болғандықтан, n-бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы – 180°(n – 2).
Мысал. ABCDE 5-бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы:
∠ABC + ∠BCA + ∠BCD + ∠CDE + ∠DEA = 180°(5 – 2) = 540°.
Теорема 2
Дөңес көпбұрыштың әр төбесінен бір-бірден алынған сыртқы бұрыштарының қосындысы 360°-қа тең.
Дәлелдеуі.
Көпбұрыштың әр төбесіндегі сыртқы және ішкі бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең. Ал оның барлық төбелеріндегі осындай ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы – 180°n. Көпбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы 180°(n – 2). Онда сыртқы бұрыштарының қосындысы – 180°n – (n – 2)180° = 360°.
Теорема дәлелденді.
Ұжым болып шығарыңыздар
Қосымша 2 Жұптық жұмыс
Қосымша 3 Жұптық жұмыс
Үй жұмысы:

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет