Сабақтың тақырыбы: Көпір жасау Мақсаты: Көпір жасау жаттығуларын меңгерту. Міндеттері



Дата18.06.2017
өлшемі224,68 Kb.
түріСабақ
Дене шынықтыру сабағының жоспары
Сыныбы: 6 «б» Уақыты: 16:05

Сабақтың тақырыбы: Көпір жасау
Мақсаты: Көпір жасау жаттығуларын  меңгерту.
Міндеттері:
А) Білімділік – Көпір жасау әдістерін көрсету, үйрету;
Ә) Дамытушылық :Оқушылардың икемділігі мен ептілігін дамыту;
Б) Тәрбиелік:Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтар: Гимнастикалық төсеніш, ысқырық, секундомер;
Байланысы: волеология пәні

Сабақтың жоспары:

  1. Кіріспе дайындық бөлімі (15 мин)

  2. Негізгі бөлім (25мин)

  3. Қорытынды бөлім (5 мин)

Сабақтың барысы:
1. Кіріспе дайындық бөлімі
1. Сапқа тұру. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын айту. Саптағы жаттығулар. Оңға! Солға! Айнал!(Нұсқау: Оқушылардың сабаққа дайындығына спорт киіміне көңіл бөлу).
2. Денені қыздыру: жүріс, жүгіру арқылы.

1.1.  Жүріспен орындалатын жаттығулар:


а) қол жоғарыда аяқтың ұшымен;
ә) қол желкеде аяқтың өкшесімен;
б) қол белде табанның сырт жақ қырымен;
в) қол белде табанның ішке қырымен;
г) қол алдыда жартылай отырып жүреміз;

ғ) аяқ, қолды сілку.



(Нұсқау: Басты, денені, қолды түзу ұстап жүрулерін қадағалау).

2.2  Жүгіруде орындалатын жаттығулар:


а) қол белде оң жақ бүйірмен тіркеме адыммен;
ә) қол белде сол жақ бүйірмен тіркеме адыммен;
б) қол алдыда тізені жоғары көтеріп жүргізу;
в) қол екі жанда төменде аяқты артқа сілтеп жүгіру;
г) қол артта аяқты артқа сілтеп жүгіру;
ғ) залдың оң жақ қабырғасынан жылдамдықпен жүгіру;
д) арқамен алдына қарап жүгіру;
е) жүріс пен демалысты қалпына келтіру.

(Нұсқау: Денені тік, қолдарын дұрыс қойып ұстауларын, дұрыс демалуын қадағалау).

Жұппен жасалатын жаттығулар жиынтығы:



І.  Бастапқы қалыпта қол ұстап, бір-біріне қарама – қарсы тұрады (2-4 рет):
1. Қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артқа ұстау;
2. Бастапқы қалыпқа келу екінші аяқпен де осылай жасау, осы жаттығуды кезекпен орындау.

(Нұсқау: денені түзу, жаттығуды сан арқылы орындау).

ІІ. Бастапқы қалыпта қолдарын төмен ұстап бір – біріне арқаларымен тұрады: «Б», «А»-ның қолының басынан ұстайды. (2-4 рет):
* Сол аяғының ұшымен жанға қояды, оң қолды жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді;

* Бастапқы қалыпқа келу. Екінші жаққа да осылай жасау.



ІІІ. Бастапқы қалыпта қолдарын бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама – қарсы  тұрады, аяқтарының арасы алшақ ұсталады (Нұсқау: Қолды құшақтау арқылы денені барынша созу):
* Алға қарай серпіле түрде еңкею;
* Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасау, осылай істеу.

ІҮ.  Бастапқы қалыпта қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-бірлеріне арқаларын беріп тұрады(Нұсқау: Денелері тік қолдарын көтеріп иілу арқылы аттау):

  1. Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю;

  2. Бастапқы қалыпқа келу. Екінші аяқпен де осылай жасау.

Ү.  Бастапқы қалыпта қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру (Нұсқау: Арқалары тік бірдей отырып тұру):
1. Жартылай отыру;
2. Бастапқы қалыпқа келу.

ҮІ.  Бастапқы қалыпта табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстап, еденде қарама-қарсы отырады. (Нұсқау: Бір-бірінің көмегімен аяқты жоғары созу).

  1. Сол аяқты жоғары көтеріп, созып ұстайды;

  2. Бастапқы қалыпқа келу. Оң аяқтан осылау жасау.

ҮІІ.  Бастапқы қалыпта табандарын тіреп, аяқтарын алшақ қойып, бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады (Нұсқау: Жаттығуларды алма кезек орындау):

  1. Біреу алға еңкейсе, екіншісі шалқаяды;

  2. Бастапқы қалыпқа келу;

  3. Екінші жаққа еңкейіп, шалқаю.

ҮІІІ.  Бастапқы қалыпта «А» тізерлеп отырып, сол қолын алда, оң қолын жоғары ұстайды; «Б» оған қарама-қарсы оң аяғын алға салып тұрады, оң қолымен «А»-ның сол қолын ұстайды; 1-2 артқа қарай шалқаю, 3-4 бастапқы қалыпқа келу (Нұсқау: Жаттығулардағы сақтандыру: қолды дұрыс ұстауы, барынша).

ІІ. Негізгі бөлім.

Статистикалық қалыптарды  –  көпір жасау, баспен тұру, шатқа жартылай және толық отыруды үйрену оқушылардың бір-біріне көмек беру арқылы іске асады. Бұл тәсілдерді меңгергеннен кейін, оларды әрқайсысы өз беттерімен орындауларына болады. Көпір жасап тұру үшін екі аяқты алшақ қойып, жамбасты ілгері жіберіп шалқайғанда, бас пен екі қолды артқа қарай қатар иіп, қолды жерге тіреліп тұру керек.



Жіберілуі мүмкін қателіктер: қол мен аяқтың бүгіліп кетуі, қол мен дене аралығы 1800-тан кем болуы, қол мен аяқтың арасы иық кеңдігінен не кең, не тар болуы, бастың артқа толық иілмеуі және т.б..

Көпірде 3 секунд тұру керек.



ІІІ. Қорытынды бөлім.

  1. 1. Сапқа тұру. Сабақты бағалау. Үйге тапсырма беру. (Нұсқау: Оқушылардың сабақта жіберілген қателіктерін айту, салыстыру).

  2. Дем алысты қалпына келтіру.. Музыка ырғағымен 16-сандық жаттығуды орындау.


Дене шынықтыру сабағының жоспары

Күні: 22.10.2012ж Сыныбы: 7 «Г» Уақыты: 15:10

Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. Жинақталып, алға домалап.

Сабақтың мақсаты: 1. Жинақталып алға домалап түсуді үйрету.

2. Арқанға үш тәсілмен шығуды дамыта үйрету.

3. Оқушыларды әдемілікке баулып, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Өтетін орны: мектептің спорт залы.

Өтетін күні:

Құрал-жабдықтары: арқан, гүимнастикалық төсеніш, гимнастикалық бөрене, ысқыруық.

Сабақтың бөлімдері

Оқу материалдары

Уақыты

Методикалық нұсқау

1

Дайындық бөлімі.

Негізгі бөлім.

Қорытынды бөлім

2

1. Сапқа тұрғызу.

2. Сәлемдесу.

3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

4. Саптағы жаттығулар.

«Оң-ға!»


«Сол-ға!»

«Арт-қа!»

«Сол-ға!»

5. Жүру.


А) аяқтың ұшымен жүру.

Б) өкшемен жүру.

В) тізені жартылай бүгіп жүру.

6. Жүгіру.

А) жай жүгіру.

Ә) ирек жүгіру.

Б) екі лекпен жүгіру.

В) екі жақ қатарда жүгіру.

7. Сынып зал ортасынан төрт тізбекпен алға бас.

8. Ырғақты жаттығулар.

9. –Сынып солға!

-Бірінші қатарға жинақтал!

-Сынып бастауыштың артынан алға бас!

Сапқа тұру.

1-ші, 2-шіге саналу.

Екі қатарға тұру.

10. І топ. Ұлдар акробатикаға

ІІ топ ұлдарыарқанға

І топ қыздары акробатика

ІІ топ қыздары гимнастикалық төсенішке.



1. Акробатика.

а) таянып отырған бастапқы қалыптан артқа жартылай домалап түсіп, қайтадан қалыпқа келу.

ә) таянып отырған бастапқы қалыптан артқа толық домалып түсу.

б) Б.қ-тік тұру. Отырып екі қолыңмен жер тіреп ілгері еңкейіп, басыңнан асып түсу.



2. Өрмелеу.

Үш тәсілмен өрмелеуді дамыта үйрету.



Бірінші әдіс: арқанды екі аяқпен қысып, екі қолмен алма-кезек тартырып шығу.

Екінші әдіс: аяқтарынды жазып, арқанмен тартылып екі шыңтағынды бүгесін.

Үшінші тәсіл: Арқанды аяқтарыңмен қатты қысып, қолдарыңды кезек босатып, арқанның жоғарғы жағынан ұстай.

3. Тепе-теңдік жаттығулары.

А)аяқтың ұшымен жүру.

Б) қырынан жүріп келіп, секіру.

В) жартылай отырып жүру.

4. Б.Ж

-Қолды сол жаққа тигізу.



-Б.ж

Тізе бүгіп,блин, жоғары шапалақ соғу.

Б.ж.н.т. жаттығуды секіріп орындау.

1-2 қол белде

3-4 қол иықта

5-6 қол жоғары көтеру

7-8 қолдарды бастан жоғары ұстап

2 шапалақ жасау.

9-10 қолдарды иыққа апару

11-12 қолдарды белге қою

13-14 қолдарды түсіру

14-15 қолмен санға шапалақ жасау.

Б.ж. аяқ алшақ

1-2 қолды екі жақтан баяу жоғары көтеру (демді алу)

Сапқа тұру.

Сап түзе, тік тұр!

-Сабақ аяталды

Сау болыңдар!

Үйге тапсырма беру.


3

5мин


25мин

10мин


5мин

4

Түзу тұру.


Біркелкі орындау, денені тік ұстау.

Қол белде қол желкеде, денені тік ұстау.
Қолды артқа созып сілкілеу.

Қолды жанға қарай сілкілеу.

Қол белде, түзу жүру.

Біркелкі.

2-шілер 1-шінің алдына.

Топ жетекшісін сайлау.

Әдемі жасау.

Арқанды аяқтарыңмен қысып ұстағанда. (үшінші әдіс)

Тізелеріңмен емес, аяқтың алқымымен қысыңдар.
Қол жанда

Қол белде.


Денені тік ұстау.

5-6рет


2-3рет



Дене шынықтыру сабағының жоспары

Күні: 23.01.2013 Уақыты:14:15 Сыныбы: 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Баскетбол ойынының техникалары- допты оң және сол қолмен алып жүру және лақтыру әдістері.

Жоспары:

1. Баскетбол ойынында допты оң және сол қолмен алып жүру және торға лақтыру әдістерін жетілдіру, үйрету, дағдыландыру.

2. Білім, іскерлік, дағдыларын баскетбол ойынында жетілдіру, пайдалану.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Баскетбол ойынын ұйымдастырғанда допты оң және сол қолмен алып жүру әдістерін түсіндіру, меңгерту және торға лақтыру әдістерін жетілдіре отырып іскерліктерін арттыру, дене шынықтыру көлемінде арнайы білімдерін жетілдіру.

2. Дамытушылық: Меңгерген білім, іскерліктерін ойын барысында қолдану дағдыларын арттыру, оқушыларды жылдамдыққа, шыдамдылыққа, ептілікке, төзімділікке шақыра отырып, дене мүшелерінің сымбаттылығын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Ұйымшылдық, жігерлік, төзімділік қасиеттерді қалыптастыру, салауатты өмір салтына шақыру, денсаулықтарын нығайту.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жаттығу, топтық жұмыс

Өткізілетін орыны: Спорт зал

Керекті құрал жабдықтар: Доптар, ысқыруық, фишкалар.




Сабақтың мазмұны



Жүктеме мөлшері


Әдістемелік нұсқаулар

І

ІІ

ІІІ

Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру:

«Шаттық шеңбері»

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

А) Орнында саптағы жаттығулар

Оңға, солға, шұғыл бұрылу.

Б) Жүру жаттығулары.

Аяқтың- ұшымен, өкшемен, сырт жағымен.

В) Жүгіру жаттығулары.

Тізені көтеріп жүру

Аяқты артқа сермеп жүгіру.

Оң және сол аяқпен секіру.

Оң және сол жақ жанымен секіру.
Жалпы дамыту жаттығулары

Б.қ- аяқ, иық көлемінде қол белде

1-4 санға басты оңға айналдырамыз

1-4 солға айналдырамыз

Б.қ- аяқ, иық көлемінде қол иық үстінде

1-4 санға иықты алдыға айналырамыз

1-4 артқа айналдырамыз

Б.қ- аяқ, иық көлемінде қолды жартылай бүгіп кеуде тұсында ұстаймыз.

1-2 жартылай бүгіп артқа сермейміз

3-4 толық жазып сермейміз

Б.қ-аяқ, иық көлемінде сол қол белде, оң қол жоғары

1-2 солға иілеміз

3-4 оңға иілеміз

Б.қ- н.т


1- дегенде қолды жоғары көтереміз

2- дегенде қолды аяқтың ұшына тигіземіз

3- дегенде қолды алға созып отырамыз

4- дегенде б.қ.


Б.қ- аяқ, иық көлемінде қолды алдыға созып

1-дегенде оң аяқты сол қолға тигіземіз.

2-қ

3-де сол аяқты оң қолға тигіземіз



4-б.қ

Б.қ- н.т секіріп тұрып

1-оң қол белде

2-сол қол белде

3-оң қол иық үстінде

4- сол қолиық үстінде

5-6 қолды жоғары көтереміз

7-8 қолды шапалақтаймыз. Артқа қарай қайталаймыз.



Негізгі бөлім

1. Оқушыларды үш топқа бөліп:

а. Допты оң қолмен алып жүру әдісін жетілдіру

б. Допты сол қолмен алып жүру әдісін үйрету

в. Допты оң және сол қолмен алып жүру әдісін үйрету

2. Оқушыларды екі топқа бөлу:

а. Екі адым жасап допты оң қолмен алып жүріп торға тастау.

б. Екі адым жасап допты сол қолмен алып жүріп торға тастау.

3. Үйренген тәсілдерді ойын үстінде пайдалану.

Қорытынды бөлім.

Оқушыларды сапқа тұрғызу

Сабақты қорытындылау, кемшіліктерін айту, бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Зейін қою ойыны

Қайтару.




10-15 мин

4 рет


4 рет

4 рет
4 рет


3 рет

4 рет


2 рет

25-30 мин

3-5 мин


Сапқа тұруын қадағалау.


Спорттық киіміне көңіл бөлу.

Саптық жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау.


Дұрыс тыныс алуын қадағалау.

Басты толық айналдырамыз


Алдыға екі шынтақ тигіземіз, артқа жауырынды

Оңға, солға толық иілу

Жаттығуды дұрыс жасау.
Аяқ түзу, тізені бүкпейміз.

Дұрыс секіруді қадағалау

Жаттығуды дұрыс орындау.

Серіктесіне допты дұрыс беруін қадағалау.


Допты торға лақтырғаннан кейін саптың артына тұру.


Ережемен ойнау.
Сапқа тез тұруын талап ету, жақсы қатысқан оқушыларды дұрыс бағалау, оқушылармен жұмыс жасау.



Дене шынықтыру сабағының жоспары.

Күні: 07.12.2012ж. Уақыты: 16:55 Сыныбы: 7 «г»

Сабақтың тақырыбы: Бір мезгілде бір адымды жүріс.

Сабақтың мақсатты:

1. Оқушының оқу процесінде органның шынықтыруын жүзеге асырады және оған гигеналық білімімен дағдылары туралы түсінік беру.

2. Денсаулық сақтау, сауықтыру жөнінде оқушының әр жақты дене бітімін жетілдіру.

3. Тәрбие беру сауықтыру және тәрбиелеу міндеті. Сабақтың бүкіл процесінде пайдаланып отырады.

Сабақтың өткізетін орны: шаңғы алаңы.

Керекті құрал-жабдықтар: шаңғы, секундамер.


р/с



Сабақтың мазмұны


Уақыт мөлшері



Әдістемелік нұсқау

І

ІІ

ІІІ

Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру.

Сапқа тұрғызу

Рапорт беру.

Амандасу. Сабақтың мақсатын айту.


Орында бұрылу жаттығулары: оңға солға, шұғыл бұрылу.
Бастаушының артынан оң иықтан алға жүру.
Спорттық жүріс жеңіл жүгіру.

Аяқты қолға тигізу.



Ж.Д.Ж

1. Б.қ аяқ иық мөлшерінде екі қол белде басты 4-санға оңға, 4-санға солға айналдырамыз.

2. Б.қ аяқ иық мөлшерінде екі қол иықта 4-санға алға, 4-санға артқа айналдырамыз.

3.Б.қ аяқ иық мөлшерінде қолды жанға созамыз 4-санға білезікті, 4-санға шынтақты,4-санға иықты айналдырамыз, осылайынан артқа қайталаймыз.

4. Б.қ аяқ алшақ оң қол жоғарыда сол қол белде, солға қарай иілу, сол қол жоғарыда, оң қол белде оңға қарай иілу.

5. Б.қ аяқ алшақ екі қол белде, белді оңға қарай 4 рет, солға қарай 4 рет айналдыру.

6. Б.қ аяқты алшақ қою екі қолды біріктіріп 1-ден оң аяққа тигізу.

7. Б.қ екі қолды жерге қойып оң аяқты артқа созып кезек-кезек отыру.

8. Б.қ екі қолды екі тізенің үстінде тізені ішке 4-рет, сыртқа 4-рет айналдырамыз.

9. Б.қ екі қол алды да, 20 рет отырып тұру.

10. Б.қ екі қол белде оң аяқпен 4-рет, сол аяқпен 4 рет, қос аяқпен 4-рет секіру.


Негізгі бөлім.

1. Жүрістің бұл түрінде екі таяқ қатар, екі аяқ кезек-кезек серпіліп отырады.

2. Шаңғымен бір мезгілде бір адымды жүрісті жазықтау төбелерден түсу арқылы үйренеді.

3. Жаттығуларды санау арқылы орындап үйренуге болады.

4. Бір адымдап таяқты шаншу. Екі қолмен итеру, үш аяқты бірге ұстау.
Қорытынды бөлім.

1. Сапқа тұрғызу.

2. Бағалау.

3. Үйге тапсырма беру.

4.Сау болыңдар.

5. Қайтару.



10-15мин


3-4 мин

3-4 мин
2-3 мин


3-4 мин


2-3 мин
3-4 мин
3-4 мин

2-3 мин
20-25мин

3-5мин


Бір сызық бойымен сапқа тез тұрғызу. Тыныштық сақтау. Біркелкі амандасуын талап ету.
Бұрылу кезінде денені тік ұстауын қадағалау. Бастаушының артынан қатардан шықпауын қадағалау.

Дұрыс істеулерін қадағалау.


Бір мезгілде істеу.

Басты толық айналдыру денені тік ұстау.

Иықты толық айналдыруын қадағалау.

Жаттығуды дұрыс істеуін қадағалау.

Жаттығуды сол жағынан бастауын қадағалау.


Толық істеуін қадағалау.
Жаттығуды толық істеуін қадағалау.

Алға, артқа дұрыс істеуін қадағалау.

Тізені толық айналдыру.

Дұрыс отырып тұруларынқадағалау. Жаттығуларды сол аяқтан бастауын қадағалау.


Жаттығуларды дұрыс жасауын қадағалау.

Тез тұруларын қадағалау.

Бағаны дұрыс қою.

Бір кісідей сау бол айтуларын қадағалау.




Дене шынықтыру сабағының жоспары

Күні: 17.11.2012ж. Уақыты: 15:05 Сыныбы: 6 «в»

Сабақтың тақырыбы: Алға, артқа 2-3 рет аунап түсу жаттығулары.

Сабақтың мақсаты:

1. Алға, артқа домалау әдістерін көрсету, үйрету, дағдыландыру.

2. Оқушылардың икемділіктерімен, ептіліктерін дамыту.

3. Салауатты өмір салтын сақтауға, денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенің түсіндіре отырып тәрбиелеу.

Сабақтың өткізілетін орны: Спорт зал.

Керекті құрал-жабдықтар: мата, ысқыруық.





Сабақтың мазмұны.




Уақыты


Әдістемелік нұсқау

І

ІІ

Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру.

Сапқа тұрғызу

Рапорт беру.

Амандасу. Сабақтың мақсатын айту.


Орында бұрылу жаттығулары: оңға солға, шұғыл бұрылу.
Бастаушының артынан оң иықтан алға жүру.
Спорттық жүріс жеңіл жүгіру.

Аяқты қолға тигізу.



Ж.Д.Ж

1. Б.қ аяқ иық мөлшерінде екі қол белде басты 4-санға оңға, 4-санға солға айналдырамыз.

2. Б.қ аяқ иық мөлшерінде екі қол иықта 4-санға алға, 4-санға артқа айналдырамыз.

3.Б.қ аяқ иық мөлшерінде қолды жанға созамыз 4-санға білезікті, 4-санға шынтақты,4-санға иықты айналдырамыз, осылайынан артқа қайталаймыз.

4. Б.қ аяқ алшақ оң қол жоғарыда сол қол белде, солға қарай иілу, сол қол жоғарыда, оң қол белде оңға қарай иілу.

5. Б.қ аяқ алшақ екі қол белде, белді оңға қарай 4 рет, солға қарай 4 рет айналдыру.

6. Б.қ аяқты алшақ қою екі қолды біріктіріп 1-ден оң аяққа тигізу.

7. Б.қ екі қолды жерге қойып оң аяқты артқа созып кезек-кезек отыру.

8. Б.қ екі қолды екі тізенің үстінде тізені ішке 4-рет, сыртқа 4-рет айналдырамыз.

9. Б.қ екі қол алды да, 20 рет отырып тұру.

10. Б.қ екі қол белде оң аяқпен 4-рет, сол аяқпен 4 рет, қос аяқпен 4-рет секіру.


Негізгі бөлім.

1. Денені жинап, жиырылып алып аударылып түсу.

2. Жиырылған денені уақытынан бұрын жазу.

3. Домалап түсудің бастапқы кезінде қолды алға таман жылжытып жіберу.

4. Домалап түскеннен кейін аяқты жазып, көсілу.
Қорытынды бөлім.

1. Сапқа тұрғызу.

2. Бағалау.

3. Үйге тапсырма беру.

4.Сау болыңдар.

5. Қайтару.



10-15мин


3-4 мин

3-4 мин
2-3 мин


3-4 мин


2-3 мин
3-4 мин
3-4 мин

2-3 мин


20-25мин

3-5мин



Бір сызық бойымен сапқа тез тұрғызу. Тыныштық сақтау. Біркелкі амандасуын талап ету.
Бұрылу кезінде денені тік ұстауын қадағалау. Бастаушының артынан қатардан шықпауын қадағалау.

Дұрыс істеулерін қадағалау.


Бір мезгілде істеу.

Басты толық айналдыру денені тік ұстау.

Иықты толық айналдыруын қадағалау.

Жаттығуды дұрыс істеуін қадағалау.

Жаттығуды сол жағынан бастауын қадағалау.


Толық істеуін қадағалау.
Жаттығуды толық істеуін қадағалау.

Алға, артқа дұрыс істеуін қадағалау.

Тізені толық айналдыру.

Дұрыс отырып тұруларынқадағалау. Жаттығуларды сол аяқтан бастауын қадағалау.


Жаттығуды дұрыс жасауларын қадағалау.

Тез тұруларын қадағалау.

Бағаны дұрыс қою.

Бір кісідей сау бол айтуларын қадағалау.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет