Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»



Дата27.02.2020
өлшемі25,2 Kb.
#57473
түріСабақ
Хамзина Армангүл Серікқызы.

Горячкин негізгі жалпы білім беретін мектебі.

Ақжайық ауданы. Батыс Қазақстан облысы.

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда».

Сабақтың мақсаты: Ақиық ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын

таныту.


Білімділігі: М.Мақатаев поэзиясының өміршеңдігін таныту, поэма идеясын ұғындыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың өлеңге деген ынтасын арттыру. көркемсөз оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды Отанды сүюге, адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Көрнекілігі: М.Мақатаев фотосуреттерінен слайд

Сабақтың барысы:

І Қызығушылықты ояту.

І топ «Алғырлар» « Мұқағали кім?»

ІІ топ «Тапқырлар» « Егер мен ақын болсам...»

ІІІ топ «Ойшылдар» «Көлдің сәні- аққулар»

(жауаптарын біріктіріп, қорытындылау)

ІІ Мағынаны тану

Қазынам бар,

Қисапсыз шектеледі.

Қызғанады біреулер, жек көреді.

Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін,

Алам десең, алдымен, зерте мені-деп жырлап кеткен Мұқағали

Сүлейменұлы Мақатаев 13 наурызда (куәлікте 9 ақпан деп жазылған) Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты- Мұхаметқали. Бірақ «пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп есептеген ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелетіп атап кеткен. Үйдің тұңғышы болғасын ба, Мұқағали Тиын әжесіне табиғи болып, анасын жеңге есебінде санаған.

Әже, сен бірге жүрсің меніменен,

Өліге мен өзіңді телімегем.

Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,

Ақ кимешек жоғалса ... нені көрем?- деп өзі жырлағандай, өр мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген. Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Ол өлең боп өмір сүрді, өлең боп өмірден өтті. 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған.

Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған

Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.

Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,

Себебі ол үйімізден тірі аттанған-

деп жырлаған. (Анасының суреті көрсетіледі)



«Шешем менің – иілген сұрау белгі,

Сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді.

Қалай ғана қалпына келтірерсің,

Дауылдар майыстырған мынау белді...»

Қаршадайынан белі қайысып, ауыр бейнет тауқыметін тартқан.

Есімде жоқ,

Бала болып өсіп пе едім?!

Болсам неге жылы сөз есітпедім?!

Есімже тек,

Білемін жеңіс- құстың

Біздің жаққа бір апта кешіккенін.

Осылай өскенмін

Мен- солдаттың жандырып кеткен жалыны,

Сөнбедім де өшпедім,

Мен отыз бестемін- деген екен ақын бір өлеңінде.(ақын туып өскен қоржын там макеті көрсетіледі)



Назарымызды ақын туралы айтқан топтау пікірлерге аударайық.

«Ғажайып даналықтың бір көзі- Мұқағали поэзиясы» Әбділда Тәжібаев

«Мұқағали асып- тасып, арнасынан төгіліп жүрмесе, артында қалың жұрт сүйіп оқитын өлеңдері қалмас па еді... Ақынды түсіну қиын»

Бибігүл Төлегенова

«Мұқағали жалғандықты, мүләйім жағымпаздықты, әдебиеттегі саудагерлікті, жалақорлықты, бәлеқорлықты жан- тәнімен жек көрген ақын»

Шерхан Мұртаза

«Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия»



Фариза Оңғарсынова

«Мұқағали поэзиясы талай жүрекке от берді, бозбаланың жыры, бойжеткеннің сыры болды»

Мұхтар Құл-мұхаммед

(Слайдтан фотосуреттер көрсетіледі)

Ақынның көптеген өлеңдеріне ән жазылған. Мысалы: «Дариға, домбырамды берші маған», «Сәби болғым келеді», «Бақыт деген», «Аңса жаным», «Есіңе мені алғайсың», «Күрең күз» т.б. Поэмалары:



  • Райымбек! Райымбек!

  • Бала шақтан – болашаққа

  • Аққулар ұйықтағанда

  • Алтай – Атырау

  • Мұзбалақ

  • Досыма хат

  • Ару ана

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы халықтың наным- сенімін, әдет- ғұрпын жаныңмен ұғып, санаңа сіңіруді көздеген туынды. Ақын бұл поэмасын бір түнде жазып, ертеңіне Ғабит Мүсіреповке келіп, оқып беріпті. Ғабит Мүсірепов поэманы мұқият тыңдап, Мұқағалидың арқасынан қағып: «Өте жақсы»,- деп бағасын беріпті, ақынға алтын қалам сыйлапты. Ендеше осы қасиет пен қасіреттің белгісіне айналған поэмамен танысаыйқ! (Қысқаша мазмұны түсіндіріледі)

ІІІ «Ой толғаныс»



  1. Поэманың өзіңе ұнаған тұсы.

Аққудың рең әсемдігін бейнелейтін жолдар;

2.Аққуды атқан ана қандай өасіретке душар болды?

Аққудың жарасымды қылықтарын бейнелейтін жолдар;

3.Қазіргі заманда жылқышы қарт сияқты табиғат жанашырлары бар ма?

Жараланған аққудың мүшкіл халін суреттейтін жолдар

ІҮ ВЕНН диаграммасы

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен М.Мақатаевтың «Аққулар

ұйықтағанда» поэмасын салыстыру.




Азаматтың Бала, ана

туған жерге деген ПОЭМА махаббаты

махаббаты




Сүйген жары үшін МАХАББАТ Бала үшін

Ү Поэзия минуты. Поэмадан үзінді оқу мәнерлеп.

«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады.

ҮІ Сабақты қорытындылау.

Сабақты қорыта келгенде, «Өлді деуге бола ма айтындаршы, Өлмейтұғын артында із

қалдырған»- деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік

бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі-

шектеулі өмір. Екіншісі- мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні

батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.

ҮІІ Бағалау.

ҮІІІ Үй тапсырмасы

1. «Мұқағали әлемі» шығарма


2. Поэмадан үзінді жаттау
3. Поэма желісі бойынша сурет салу.
Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет