Сабақтың тақырыбы: Мен және менің Отаным Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет24/24
Дата04.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#183752
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
1 сынып 1,2 токсан Музыка
Жаратылыстану 3 сынып Фотосинтез жүру үшін не қажет?-emirsaba.org
Музыкалық шаңырақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.3.2 әннің құрылымын ажырату: шумақ, шумақ-қайырма;
1.1.3.6 нота сауаттылығының негіздерін білу;

Сабақтың мақсаты

Барлығы:Музыкалық әрекеттің кез келген түрінде ұжымдық, топтық, жеке белсенділік танытады.
Көпшілігі: «Сыныптық сахналық қойылым» қоюда жыл бойы жинаған тәжірибелерін қолдана алады.
Кейбірі: Музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

«Музыкалық шаңырақ» - оқу жылындағы соңғы тақырып.
1-тапсырма. Зерттеу.
Мұғалім оқушыларға жыл бойы өткен бөлімдердегі шығармалардың суреттік бейнелеріне қарай отырып, ретімен «Музыкалық шаңыраққа», яғни киіз үйге баратын дұрыс жолды көрсетуі керек.

  • Суреттерге қарап, өзің үйренген музыкалық шығармаларыңды есіңе түсір.

Оларды өткен ретіне қарай дұрыс жолын тауып, музыкалық шаңыраққа апар. Мұнда жіп түріне бейнеленген жолдар арасында дұрыс еместері де бар. Балалар оқулықты пайдалана отырып, салыстыруына болады. Келесі тапсырма түрі шатастыру әдісіне құрылған, яғни оқушылар өздеріне таныс ұғымдарға берілгені бұрыс музыкалық анықтамаларды дұрыс сәйкестендіруі керек.

Оқушылар оқулықтағы суретке қарап, «Музыкалық шаңыраққа» (киіз үйге) апаратын дұрыс жолды көрсетеді.
Оқулықтағы бұрыс музыкалық ұғымдардың анықтамаларын дұрыс сәйкестендіріп айтады.




«Музыка» оқулығы

Ортасы

2-тапсырма. Шығармашылық. «Өнер фестиваліне» қатыс.
«Өнер фестиавлі» атты шығармашылық тапсырмада оқушылар жыл бойы үйренген музыкалық шығармаларын орындау арқылы сыныптағы сахналық қойылым ұйымдастырылады. Жалпы бұл сабақты концерт-сабақ түрінде өткізуге болады. Оқулықтағы «фестиваль» ұғымына берілген қысқаша анықтама балаларға мерекелік іс –шаралардың маңызын көре білуіне ықпал етеді.
«Фестиваль – өнердің қай түрінен болмасын, адамдардың жетістіктерін көрсететін мерекелік іс-шара. Сен де жыл бойы үйренген әндеріңді достарыңмен бірге хормен айтып, жеке ән орындап, аспаппен сүйемелдеп, би билеп, сыныптық қойылымға қатыс». Сонымен қатар мұғалім сахналық дайындықтың өздерінің аса зор жауапкершілік пен ұжымдық бірлікті талап ететіндігін ерекше атап өтуі тиіс. «Музыка» оқулығында ұсынылған кішігірім музыкалық-сахналық қойылым сценарийі балалар үшін тек үлгі болып саналады. Сценарийге алынған репертуар мен оқылым материалдары толықтай оқулықтан алынған. Әлбетте ол репертуарлар енді қойылымдық деңгейге көтеріледі.

Оқушылар «Өнер фестивалі» атты музыкалық сыныптық қойылымның сценарийімен танысады, дайындық жасайды.




«Музыка» оқулығы

Соңы

Мұғалім орындаған сахналық қойылымдарын бейнежазбаға түсіріп, сабақтың аяғында оқушылармен бірге қарап шығуына болады. «Егер мен көрермен болсам, нені жақсарта түсер едім?» деген сұраққа оқушылар ой жүгіртсе, артық болмайды. Соңғы жылдық тақырыпты мұғалім өзі немесе оқушыларымен бірге таңдауына ерікті.
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.




«Бағдаршам» әдісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет