Сабақтың тақырыбы Мен және менің Отаным Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/35
Дата11.09.2023
өлшемі152,56 Kb.
#180710
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
1-сынып 1-2-3-4 тоқсан 472б







Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетов Б.

Бөлімі.

Өзім туралы.

Білім беру ұйымы.

«Қосағаш» жалпы орта білім беретін мектеп.

Педагогтің аты- жөні

Мамырова Аширкул Кузеновна.

Күні

25.09.2023ж.

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен және менің Отаным

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

        1. есту қаблетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану;


Сабақтың мақсаты

Отан, туған жер туралы түсінік алады және түсіндіреді, «Менің Отаным» әнінің бірінші шумағын мұғалімнің берген талаптары бойынша үйренеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

(МК.Ұ ОТ)
1-тапсырма. Тыңдау. Талдау.
Оқулықтың «Өзім туралы» бөліміндегі тақырыптар оқушыларға өздерінің күнделікті болып жатқан тіршіліктермен байланысын көрсетуге бағытталған.
(М) Бірінші тақырып әр оқушыға Отанына, туған жеріне құрмет көрсету, сүйіспеншілік білдіруге бағытталған. Балаларды өз халқына, Отанына еңбек ету үшін – оқу, жақсы білім алу қажет деген сезімге жеткізу керек.
Балалар ақыны Рахат Наурызбаеваның өлеңін мәнерлеп оқып берді, одан кейін оқушылармен бірге мазмұнын талдайды. Мысалы,
«Отаныма сүйікті, Еңбегімді арнаймын», - деген сөздердің мәніне балалардың назарын аудару қажет. Олар сұраққа берген жауабын мектеп, оқу, білім алумен байланыстырғаны жөн.
(М\О) Бейнетаспа көру. «Менің туған жерім – егемен Қазақстан» деген бейнетаспаны көріп болған соң, мына сұрақтарды қойған жөн:
-Бейнетаспада қандай көріністер бейнеленген?
-Сенің туған өлкеңе қандай көрікті жерлер бар?
-Қазақстанның астанасы қалай аталады?
2-тапсырма. Орындау.
Еліміздің құрметіне сыныппен бірге халқымыздың басты әні – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін (әнін жазған: Ш.Қалдаяқов, өлеңін жазғандар: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев) үнтаспаға қосылып, салтанатты, көркем орындау.

Сабаққа қатысу, партада отыру, жауап беру және т.б. тәртіпке қатысты мұғалімнің айтқанын тыңдайды, орындайды.

Мұғалімнің тақырыпқа қатысты әңгімесін тыңдайды, бейнетаспаны көреді, қойған сұрақтарға жауап береді.

Үнтаспаға қосылып, «ҚР Мемлекттік Гимнін» орындайды.





«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы,
Фоно-
хрестоматия

Менің туған жерім – егемен Қазақстан


ҚР Мемлекеттік Гимні 1,49 мин



Ортасы

(МК. Ұ. ОТ)
3-тапсырма. Суырыпсалма.
«Танысу» (қысқа қайырым)
Ойын шарты.
(М) Оқушыларды ойын шартымен таныстырады.
1. Мұғалімнің сұрағына жауап бергенде, өз есімін қалаған әуенге салып, әндетіп айту керек (Үлгі оқулықта берілген).
2. Шеңбер құрып тұрады, қалаған ұрмалы аспабымен (асатаяқ, қоңырау, даңғыра) сүйемелдеп, өз есімдерін әндетіп айтады. Ал партада отырған сыныптастары шапалақ соғып қайталайды.
(МК. Ұ. ОТ)
4-тапсырма. Әнді үйрену.
«Менің Отаным» (Өлеңін жазған: Б.Ысқақов, әнін жазған: Ө.Байділдаев)
(М) Ән үйрету әдістемесі бойынша оқушыларға әнді үйретеді (ән және авторларымен таныстыру, орындап беру, әңгімелесу, талдау, бірінші шумағын үйрету).
1. Отан – менің ата-анам,
Отан – досым, бауырым.
Отан – өлкем, астанам,
Отан – Туған ауылым.
2. Бақыт елі – бұл Отан,
Бәріне мен иемін.
Біздің Отан – ұлы Отан,
Ұлы Отанды сүйемін.
Тапсырмалар:

  1. Әнді мұғалімнің орындауында мұқият тыңда.

  2. Ән мазмұнынан түсінгеніңді айт.

  3. Әннің бірінші шумағын мұғалім көмегімен үйрен.

«Танысу» (қысқа қайырым) ойынының шарты бойынша «сұрақ-жауап» түрінде есімдерін әндетіп айтады, бір-бірімен танысады.
«Менің Отаным»
Әнін мұғалім айтқан талаптар бойынша үйренеді.
Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.




«Музыка» оқулығы
Нота хрестоматиясы
Фоно- хрестоматия
Отаным
(Өлеңін жазған: Б.Ысқақов, әнін жазған: Ө.Байділдаев)

Соңы

(МК. Ұ. ОТ)
(М.О) Бірінші тоқсанда әліппені жаңа бастап, оқу мен жазды білмеген бірінші сынып оқушыларының алған білімдерін «Бағдаршам» әдісі негізінде бағалауға болады.
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары – сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл – сабақта барлығын түсіндім.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.




«Бағдаршам» әдісі туралы

Оқу ісінің меңгерушісі; Оразымбетов Б.



Бөлім

Өзім туралы

Білім беру ұйымы:

«Қосағаш» жоббм.

Педагогтің аты- жөні:

Мамырова Аширкул Кузеновна.

Күні:

14.09.2022ж.

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет