Сабақтың тақырыбы Мен және менің Отаным Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет4/35
Дата11.09.2023
өлшемі152,56 Kb.
#180710
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
1-сынып 1-2-3-4 тоқсан 472б

Менің сүйікті ойыным

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.1.1 музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу;

Сабақтың мақсаты

Халық әні, би, күй туралы жалпы түсінік алады, жұмбақ әнді ұжыммен бірге айтады, биші қыз билегенде аққудың бейнесін қандай қимылдар арқылы сала алғандығымен түсіндіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

(МК.Ұ.ОТ)
1-тапсырма. Талдау.
(М) Сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың назарын өздерінің өмірінде ойын қандай орын алатынына аудару қажет. Күнделікті сабақтарды бірге оқып жүрсе де, ойынның орны бөлек екендіггі мәлім. Балалар сабақта алған білімдерін бірге меңгерсе де, ойындарға бірге қатысу керек деген ойға келу керек. Себебі жақсы мазмұнды ойын оларды қызықтырады, көңіл күйін көтереді, білімдерін кеңейтеді. Ал тәрбие жағын алатын болсақ, бір-бірін тануға, достыққа апарады. Алдыңғы сабақтардағы ойындарды еске түсіріп, жаңа сабақтың тақырыбына көшуге болады.
Тапсырма мен сұрақтар:
-Қайдай ойындарды ұнатасың? Атап бер.
-Оқулықта берілген сурет атауларының басқы әріптерін қосып, ойынның атын тауып ал. (Жауабы: Жұмбақ шешу)

Мұғалімнің «ойын» туралы берген мәліметтерін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Оқулықта берілген суреттерге қарап, ойынның атын табады.




«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия

Ортасы

(МК.Ұ.ОТ)
1-тапсырма. Талдау (жалғасы)
(М.О) Бұл тапсырманы ойын түрінде өткізуге болады. Мысалы: оқушыларды үш топқа бөліп, бір-бірімен жарыстыру. Көп ұпай жинаған топқа бірінші орын беріледі, қалған топтар ретімен орналасады.
Жұмбақ:
-Ауыл сыртында сайда жатыр бір айна. (Жауабы: көл)
-Орманда сайрайды, Сайраудан талмайды. (Жауабы:бұлбұл)
-Кезекті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (Жауабы: түйе)
-Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Жауабы:Күн)
(МК.Ұ.ОТ)
3-тапсырма. Тыңдау. Талдау.
(М.О) Оқушылар «Аққу» биін (Н.Тілендиевтің күйі) бейнетаспадан тамашалайды.
М. «Аққу» күйін- атақты күйші, композитор Нұрғиса Тілендиев жазған. Композитор күй музыкасы арқылы көл бетіндегі аққуды суреттеген. Ал осы күйге билеген алты жасар, сендердің құрдастарың Софи Манасян би арқылы аққудың әдемілігін көрсетуге тырысқан.
(О) Сұрақтар:
-Биші қыз аққуды көрсете алды ма?
-Биге қарап, көз алдыңа не елестеттің?
Халық әні – халық арасында кең таралған ән. Әнді шығарған адамның есімі ұмыт болған.
Күй – домбырада орындалатын музыкалық шығарма.
Би – дене қимылымен музыкалық ырғаққа сай көрсетілетін өнер.

Жұмбақ шешеді.


Бейнетаспа көреді. Өз пікірлерімен бөліседі.


Мұғалімнің көмегімен сабақта кездесетін жаңа сөздер туралы түсінік алады.


Оқушылар сабақтың соңында бірінші тақы



Смайлик арқылы бағалау

«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно – хрестоматия
Балалар әлемі: Жұмбақтар
Табиғат туралы жұмбақтар.

Жұмбақтар жауабымен: Табиғат құбылыстары.



Соңы

(МК.Ұ.ОТ)
(М.О) Бағалау:
-«Жұмбақ саусақ» әнін қалай орындадым?
-Әнді орындағанда қандай қиындықтар болды?
-«Аққу» биін түсіне алдым ба?
Рефлексия. «Бағдаршам»
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.

Қойылған сұрақтарға өз ойларын айтады.




«Бағдаршам» әдісі



Оқу ісінің

Меңгерушісі: Оразымбетов Б.

Бөлімі:

Менің мектебім.

Білім беру ұйымы:

« Қосағаш» жоббм.

Педагогтің аты- жөні

Мамырова Аширкул Кузеновна.

Күні

05.10.2022ж.

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет