Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов «Туған өлкем»



Дата08.09.2017
өлшемі21,18 Kb.
#30140
түріСабақ
Шығыс Қазақстан обылысы Аягөз ауданы

«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің

Бастауыш сынып мұғалімі Дюсембаева Гаухар Кабышевна

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов «Туған өлкем»

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға шығарманы, шығарма авторын таныстыру.

2. шығарманы талдай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды өз елін сүюге, жерін қорғай білуге. Отанын құрметтей білуге баулу.

Қолданылған технология: коммуникативтік - ақпараттық (слайд)

Сабақтың көрнекілігі: автор портреті, автор шығармашыларынан көрме, «Аягөз - туған жерім» (слайд)

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақ а)шығарма авторымен таныстыру.

Ә) шығармамен таныстыру.

4. Оқулықпен жұмыс.

5. Көрнектілікпен жұмыс. (Аягөз - туған жерім)

6. Бекіту.(Оқушылар шығармашылығы)

7. Қорытындылау.

8. Бағалау.

9. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын сұрау. (3-4 оқушылардан үй тапсырмасын сұрап, бағалау)

  • Балалар, кәне, естеріңе түсіндіріңдерші, бөлім қалай аталады?

  • Неткен сұлу, неткен көркем.

Осы менің туған өлкем.

  • Дәл осылай деп жырлаған белгілі ақын, жазушы Өтебай Тұрманжановтың өлеңімен танысамыз. Ө.Тұрманжанов 1905 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Жалғыз ағаш деген ауылда туған. Ташкентте №4 жетім балалар үйінде тәрбиеленген. 50-ге тарта кітап шығарды. Балаларға әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, мысалдар мен дастандар жазған. 1978 жылы қайтыс болған. (слайд арқылы көрсету)

Оқулықпен жұмыс.

а)оқушыларға тізбектей оқыту.

ә) оқулықтағы тапсырмаларды орындату. (өз туған жерін туралы не айтасың, сұлулығын қалай жеткізер едің?)

Сергіту сәті. (Аягөз – ару өлеңін тыңдау)

Бекіту:



  1. Экраннан туған жердегі көркем ескерткіштер мен кесенелерді, ғимараттарды көрсету.

  2. Оқушылар шығармашылығы (оқушылар ақын жырының нақышында өз туған жерін жырға қосады)

Қорытындылау:

  • Ия, балалар, сендер ойларыңды өте жақсы жеткізіңдер, мен де өзімнің туған жерім деген перзенттік сүйіспеншілігімді былай жеткізгім келіп тұр.

Қасиетті даласы бар,

Ұлы Абайдай даласы бар.

Елі шалқып, бақыт тапқан,

Мерей мен нарқы тасқан.

Аягөздей мекенім бар,

Тарихы мол, тасқа басқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.



Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.


Каталог: uploads -> doc -> 003d
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
003d -> «ххi-ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны Армысыздар құрметті ұстаздар,ардақты оқушылар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет