Сабақтың тақырыбы Қол күрес Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата20.02.2023
өлшемі14,02 Kb.
#169530
түріСабақ
Байланысты:
Жоспар 1
555338, Термодинамика Кошкинбаев А, HSHEEYYKPZAQ04112023185449, сарбапиева м, рентген


Оқу ісінің меңгерушісі _________ Жүнісбекова Г.




Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім

Жеңіл атлетика

Педагогтың аты-жөні

Айтбаев Дәуіржан

Сынып 9вКүні:01.02.2023






Сабақтың тақырыбы

Қол күрес

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп қатерді төмендету,сондай ақ техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу

Сабақтың мақсаты

Арқан тарту ойынын үйрету. Иілгіштік, икемділік қасиеттерін дамыту.Ұқыптылыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
15-мин

Дайындық бөлімі:Сапқа тұрғызу, рапорт беру, амандасу, тізім бойынша түгендеу.Спорттық киімдеріне назар аудару.Саппен жүру және жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Гимнастикалық құрал жабдықтарды қолдану қауіпсіздік ережелері түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын түсіндіру.
Бір орындағы жаттығулар.
Жүру барысындағы жаттығулар
Дене қыздыру жаттығулары.
Спорттық жүріс, жеңіл жүгіріс, оң иық алда иықты алдыға айналдыру, сол иық алда иықты артқа айналдыру, қол белде аяқты алдыға сермеп, тізені жоғары көтеріп, жай жүріспен тыныс алуды қалыпқа келтіру.
Жалпы дамыту жаттығулары.
Қол белде басты оңға, солға айналдыру, иықты алға, артқа айналдыру,қол белде белді оңға, солға айналдыру т.б.

Жүру және жүгіру жаттығулары,
- тізені көтеріп жүгіру,
- аяқты артқа лақтырып жүгіру,
- аяқты алға лақтырып жүгіру,
- оң және сол жағымен қолды ішке, сыртқа айналдыра жүгіру,
- аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі жағымен жүру
- қаз жүрісімен отырып жүру
- басты солға екі рет оңға екі рет көзді жұмбай айналдырамыз
-қолды иыққа қойып алға төрт рет, артқа төрт рет айналдырамыз
-қолды белге қойып белді солға қарай төрт мәрте, оңға қарай төрт мәрте айналдырамыз
-екі қолды алға соза тұрып сол аяқпен оң қолға, оң аяқпен сол қолға жеткіземіз
-отырып-тұру , секіру жаттығуларын жасатамыз







Сабақтың ортасы
25-мин

Жаңа сабақ
«Арқан тарту» ойыны түсіндіру,ойынының шарты бойынша ойнау.
Ойынға ұзындығы 8-10м екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады. Ойыншылар саны 10 баладан асапағаны жөн. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.




Сабақтың соңы
5-мин

Аяқтау кезеңі
Оқушыларға қозғалыста демалыс жаттығуларын жасатып, сапқа тұрғызу. Оқушылардың ағзасын бастапқы қалыпқа келуін қадағалау .
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Қоштасу.














Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет